Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Сабақ жоспары: "Қазақстандағы негізгі темір кен орындары. Темірдің және оның маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық рөлі.

Сабақ жоспары: "Қазақстандағы негізгі темір кен орындары. Темірдің және оның маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық рөлі.

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы негізгі темір кен орындары. Темірдің және оның

маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық рөлі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ежелден қолданылып келе жатқан
металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы,

қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру. Сын

тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды

өзіндік жұмысқа дағдыландыру, оқушылардың логикалық ойлау

қабілеттерін дамыту. Оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, бірлесіп

жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Көрнекілігі: Периодтық жүйе, слайд, есептер жазылған қиықшалар, ресурстар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Амандасу, кезекші оқушы арқылы оқушыларды түгелдеу, сабаққа әзірлеу.

Оқушыларды топқа бөлу. «Биологтар», «Тарихшылар», «Геологтар», «Географтар»

Қызығушылықты ояту. Ой қозғау. Оқушыларға Қ. Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңі оқылады, өлеңде неше металл-элементтің аты аталатындығын табу керек.)


Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын, 
Менделеев кестесіне қарап тұрып таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.

Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?

Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты да болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті
қорғасын.

Ал орнын сұрама сен айтуға оны ұялам
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан.

элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,
Шылапшындық
мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.

Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған
платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.

Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда бар ма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен
алтын сарғайып.



Жаңа сабақ. Мағынаны тану.

1-топ. Металдардың адам организміндегі биологиялық рөлі.

2-топ. Металдардың табылу кезеңдері.

3-топ. Металл қоры және оны өндіру.

4-топ. Металдардың географиялық таралуы.

Оқушыларға ресурстар үлестіріледі, оқып шығуға уақыт беріледі.


Биолог мамандарға

Тірі организмде ең кем дегенде 10 металдың болатыны анықталған. Олар: темір, мыс, магний, кобальт, мырыш, марганец, молибден, натрий, калий және кальций. Бұларды биогенді металдар деп атайды. Олардың кейбіреулері өте аз, болмашы түрде ғана керек болуы мүмкін, бірақ сол аз мөлшер жетіспесе организмге қиындық туғызады, ауруға себепкер болады. Мысалы, қан құрамындағы гемоглобиннің темірі бар қосылыс – гем және нәруыз – глобиннен тұратыны, ал оттекті тасымалдайтын қан құрамындағы темір екені белгілі. Олай болса, темір – тіршілік элементі деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ магний жүрек, қан тамыры жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге қатысады екен.

  • Натрий хлориді адам тамағы мен жануар азығының қажетті компоненті болып табылады. Калий иондары клетканың ішінде, натрий ионы клеткааралық кеңістікте клетка функциясының процестеріне қатысады. Өсімдік тіршілігі үшін калийдің рөлі үлкен. Калий негізгі қоректік элементке жатады. Ол жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, тұқым өнуін тоқтатады, жапырақтары сарғаяды, сабағы нәзік және жіңішке болады.

  • Мg, Ca элементтері тіс кіреукесінде, жүрек, бауыр, бүйрек, сүйек ұлпаларында кездеседі.

  • Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe3+ катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe2+ катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.

  • Zn – барлық өсімдіктер мен жануарларға қажет, адам ағзасында 20% бұлшықетінде кездеседі. Қалған мөлшері қанның плазмасында, бауырда, эритроциттерде. Мырыш инсулин гормонымен бейорганикалық кешен түзеді, қандағы қанттың құрамын реттейді. Өсімдіктерге мырыш жетіспесе ақуыздың және көмірсулардың алмасуы бұзылады, хлорофилл мен дәрумендер синтезі тежеледі. Ондайда мырыш құрамдас тыңайтқыштар беріледі.



Тарихшы мамандарға

Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Тас ғасырында-ақ алғашқы табылған металдар сом күйіндегі алтын мен күміс болатын. “Металдар ” деген сөздің өзі ертедегі гректің “іздеу”деген сөзінен шыққан. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстардан бөліп алуды үйренді. Мәселен , мыс біздің заманымызға дейінгі IV мыңжылдықта алынса, келесі III мыңжылдықта оның орнына беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп, мыс дәуірінің орнын қола дөуірі басты. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метиориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды.

Металдардың адам тіршілігіне араласуының тарихи кезеңдерін мына кестеден көруге болады.

Металдардың табылу кезеңдері

Металдың пайдаланыла бастаған дәуірі


Алғаш табылған металдар

Біздің заманымызға дейін

Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын

XVIII ғасырға дейін

Мырыш, сурьма, висмут


XVIII ғасырда

Платина


XIX ғасырда

Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, молибден, кобальт, кадмий, иридий

XX ғасырдың бірінші жартысында

Жер қыртысында кездесетін қалған барлық металдар

XX ғасырдың екінші жартысынан осы кезге дейін

Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен алынған металдар



Кестеден жеті металдың б.з.д. дәуірде пайда болғанын көруге болады. Металдар адамзат тарихында аса маңызды рөл атқарды. Біздер тарих пәнінен адамзат тарихында тұтас бір дәуірлер адамдар игерген металдардың аттарымен аталғанын жақсы білеміз, мысалы, мыс, қола, темір дәуірлері.

Қазақстан аумағыннан көптеген металдан жасалған бұйымдар табылды. Бұл Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың металдарды өңдіру мен өңдеу әдістерін жақсы білгендерін көрсетеді. Мысалы тайқазан 1399 ж. Түркістанда құйылған. Тайқазан 7 металдан құйылған: темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс және алтын.

Екінші табылған құнды дүние – “Алтын адам ”. “Алтын адам ” – Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері (б.з.д. Vғ). Оның киімі 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген.

Батыс Қазақстан облысынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған әшекей заттар (II- Ivғғ. б.з.д.) халқымыздың асыл металдарды өңдеу әдістерін жақсы меңгергендерін көрсетеді.

Геолог мамандарға

Қазақстан – металл қоры мен оны өндіру жағынан дүниежүзі бойынша алдыңғы орында. Оның жер қойнауында Д.И.Менделеев кестесінде көрсетілген металдардың барлығы дерлік кездеседі. Жезқазғаннан ең алғаш осы өңірде ғана кездесетін құрамында рений элементі бар джезказганит минералы табылды.

Металл кендерінің молдығына байланысты әйгілі академик Қаныш Сәтбаев Қазақстанды бұрынғы Кеңес Одағы тұсында «інжу-маржан» деп сипаттаған еді.

Қ.Сәтбаев – Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым. Ол Үлкен Жезқазған, Ұлытау мыс-минералды шикізат қорларын тұңғыш рет жан-жақты зерттеді. Ғалымның өлшеусіз еңбегінің құрметіне Қаратаудағы ванадий кенінен табылған бір минерал сатбаевит деп аталды.

Географ мамандарға

Қазақстан жері асыл металдарға бай. Соңғы деректер бойынша Қазақстан алтын қоры бойынша дүние жүзінде 9- орында, ал ТМД елдерінде 3- орын алады. Алтын көп шоғырланған аймақтар Васильев (Көкшетау маңы), Бақыршық (Семей), Ақбақай (Жамбыл обл.), Майқайың (Павлодар). Қазақстандағы күміс қорының мол жері Лениногорск, Зырян, Жезқазған алтай өңірлері. Қазақстан мыс қорын өңдіріп оны қорытатын әлемдегі ірі аймақтардың бірі. Мыс Балқаш, Жезқазған, Бозшакөл, Қоңырат өңірлерінде көп кездеседі. Сынап кендері Семей өңірі (Шар, Қызылжар, Қызылеспе) Жоңғар Алатауында (Салқынбел), Мұғалжар (Аралтөбе) көп кездеседі. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде 1- орын алады. Вольфрам Қараоба Ақшатау кен орындарында кездеседі. Қаратау, Байқоңыр, Жоңғар тауларында ванадий кен орындары, Батыс және Солтүстік Қазақстанда титан кендері бар.

Есептер шығару.

1-топқа. Мыс (ІІ) оксидінен 1,28 г мысты тотықсыздандырып алу үшін, одан неше грамм алады және оған неше литр сутек (қ.ж.) жұмсалады?

2-топқа. Магнетит минералының құрамында 72,4 % темір және 27,6 % оттек бар екенін біле отырып, қарапайым формуласын табыңдар.

3-топқа. 100 г екі валентті металл тұз қышқылымен әрекеттескенде 56 л (қ.ж) сутек бөлінді. Қышқылмен әрекеттескен металл.

4-топқа. Массасы 1,28 г мысты оттегінің ағынында қыздырғанда пайда болған затты мыс (ІІ) сульфатына айналдырған. Түзілген мыс (ІІ) сульфатының массасы.

Ой толғаныс. «Люп» әдісі бойынша сұрақтарға жауап алу.

1.Біздің заманымызға дейін алғаш табылған металдар?


Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын.

Сатбаевит минералы табылған кен орны?


Қаратаудағы ванадий кенінен табылған.

Темір элементі жетіспегенде туындайтын ауру?


Қаназдық немесе анемия ауруы.

Тайқазан қандай 7 металдан құйылған?


Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс және алтын.

Тіс кіреукесінде, жүрек, бауыр, бүйрек, сүйек ұлпаларында кездесетін металл?


Мg, Ca элементтері.

Ертедегі дәуірлер қандай металдардың аттарымен аталған?


Мыс, қола, темір.

Құрамында рений элементі бар минерал қалай аталады?



Джезказганит минералы.

Тірі организмде болатын 10 металды ата?


Темір, мыс, магний, кобальт, мырыш, марганец, молибден, натрий, калий және кальций.

Қазақстан алтын қоры бойынша дүние жүзінде нешінші орында?


Дүние жүзінде 9- орында.

Адам ағзасында 20% бұлшықетінде кездесетін элемент?


Мырыш.

XVIII ғасырда табылған металл?


Платина.

Қазақстандағы Лениногорск, Зырян, Жезқазған Алтай өңірлері қай металдың қорының көп жері?


Күміс

Метеориттің құрамында болатын элемент?


Темір.

XX ғасырдың бірінші жартысында қандай металдар табылды?


Жер қыртысында кездесетін қалған барлық металдар.

«Жеті жұрттың тілін біл». (Химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).



Сабақты қорытындылау. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, тақырып шеңберінде алған білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма:

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.05.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров1336
Номер материала ДБ-061587
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх