Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "Қазақтың Қайымы"

Сабақ жоспары "Қазақтың Қайымы"

Скачать материал

Тақырыбы: Қазақтың Қайымы

Мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай еңбектерін насихаттау, өмір жолын үлгі ету

Түрі: телебағдарлама

Көрнекіліктер: слайд, бейнефильмдер, портрет, кітаптар.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта

 

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші

Армысыздар, ағайын! Эфирде «Орта толсын» бағдарламасы.

1-жүргізуші

Бағдарламаны жүргізетін  Шалқар ...

2-жүргізуші

Және менің әріптесім Альбина Нұрланқызы

1-жүргізуші

Туған ел – алтын бесік, ұшқан ұям,

Көз жұмылмай тұрғанда қайтіп қиям?!

Тарта гөр Семейімнің топырағы,

Төстіктей жеріңе мен еркін сыям! –

-деп кезінде жырлап өткен халқымыздың беткеұстар ұлдарының бірі, абайтанушы, ғалым, ұстаз, әдебиетші және ақын Қайым Мұхамедханұлының дүниеге келгеніне биыл  100 жыл толып отыр!

2-жүргізуші

 Иә, Альбина.  Әрқашан  ұлыларды ұлықтай білген дана халқымыз  бұл жолы да өз дәстүрінен тайған жоқ. Қайым Мұхамедханұлын  бүкіл алаш елі боп ардақтауда!

1-жүргізуші

Ендеше, құрметті көрермендер бүгінгі бағдарламамызда  Қайым Мұхамедханұлының үлгі тұтарлық өмір жолы мен шығармашылығына тоқталмақпыз.

Егер осынау ұлы адам туралы  сұрақтарыңыз болса, бағдарлама барысында сұрақ қоюларыңызға болады

2-жүргізуші

Бүгінгі бағдарламаға ұлы тұлғаның өмірі және шығармашылық жолы туралы мәлімет беретін арнайы қонақтарды шақырдық. Таныс болыңыздар, филология ғылымының докторы, профессор Дариға ...қызы  және тарихшы, доцент  Еркебұлан Нұрланұлы.

 

1-жүргізуші

Дариға ...қызы, Еркебұлан Нұрланұлы, бағдарламамызға қош келіпсіздер! Алтыннан қымбат уақыттарыңызды қиып келгендеріңізге үлкен алғысымызды білдіреміз! Алдымен сөзімізді бастамас бұрын, мына бейнебаянға назар аударсақ.

(Қайым Мұхамедханов туралы видео көрсетіледі)

1-жүргізуші

Дариға ...қызы , біз Қайым Мұхамедхановтың әдебиетке зор үлес қосқанын білеміз. Бұл туралы не айтар едіңіз? Сөз кезегі өзіңізде.

филология ғылымының докторы, профессор

Қайым Мұхамедханов әдебиет саласының дамуына  жан-жақты үлес қосқан. Бұған дәлел ретінде ол кісіні біз қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, қоғам қайраткері, ақын,  педагог ретінде танимыз.

2-жүргізуші          

Еркебұлан Нұрланұлы,  сізге қоятын сұрағым, тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Қайым Мұхамедханұлының өмірі туралы не айтасыз, тарихшы ретінде қандай баға берер едіңіз?

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:

жалпы, тарихтан белгілі, Қайым Мұхамедханұлының өмір сүрген кезеңі дәл Кеңес Үкіметінің дәуіріне сәйкес келеді. Алайда уақыты тұспа-тұс келсе де, ұлы ғалымның алған тәрбиесі басқа бағытта еді. Олай дейтін себебіміз, Қайым Мұхамедханұлының әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы өз шаңырағына Алаш көсемдерінің басын жиі қосып, олардың ат басын тірейтін үлкен үйлері ретінде, кеңес құратын ордалары ретінде белгілі болған. Осындай үлкен бас­қосулар танымал ақындар мен әншілердің де өз өнерлерін сынайтын, танылатын жері болған. Қазақтың халық ауыз әдебиетінің мол мұралары күні-түні жырланып, әні шырқалып жатқан қа­сиетті ортадан жас Қайымның алар тәлім-тәрбиесі де мол болды. Мұхамедхан Сейітқұлұлы­ның шаңырағында Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Бай­тұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтан­мах­мұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов жиі келіп, оты­рыс­тың мәнділігін арттыратын. Қайым Мұ­ха­мед­хановтың өмір жолындағы ұлтжандылық, нағыз ұлтшылдық бағыттың қалыптасуына осындай мағыналы басқосулардың да себебі болғандығын ғалым естеліктерінен білеміз.

1-жүргізуші

Еркебұлан Нұрланұлы, сөзіңіздің жалғасы ретінде   бейнебаянға кезек берсек.

(Бейнебаян көрсетіледі)

1-жүргізуші

Құрметті көрермендер, сұрақтарыңыз болса, қоюларыңызға болады.

( ... қолын көтереді)

2-жүргізуші

Сізді тыңдап тұрмыз?

№1 сұрақ қоюшы:

Сәлеметсіздер ме! Менің аты-жөнім ...Сіздерге қоятын сауалым: Қайым Мұхамедханұлын абайтану саласының ең білгірі дейді. Ол кісінің бұл салаға қатысты қандай еңбектері бар?

1-жүргізуші

Сұрағыңызға рахмет! Дариға ...қызы,  сіз не айтар едіңіз?

филология ғылымының докторы, профессор:

Қазақ әдебиетінде  абайтану саласын Қ. Мұхамедханов еңбекте­рінсіз елестету мүмкін емес.

Осы орайда ғалымның қазақ әдебиеттану ғылы­мын­да­ғы іргелі мектеп болып саналатын Абай­дың ақын­дық айналасына арналған «Абай айна­ласындағы ақындар» (1950ж.) атты мо­но­графиясы, «Абайдың ақын шәкірттері» (1993-1997) деген ғылыми-зерттеулері әдебиет тарихы ғы­лымының жаңа бір беттері болып ашылды. Абай мектебінің талантты өкілдері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет және тағы басқа қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығар­маларының жиналып, баспаға дайындалуына және іргелі ғылыми-зерттеулердің нысанына айналуына Қайым Мұхамедхановтың тікелей ықпал еткені рас. 
Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қар­саңында атқарылған ірі-ірі ғылыми-зерттеу­лер мен абайтану саласындағы тың жаңалықтар да Қайым Мұхамедханов есімімен байланысты. 1995 жылы Абай шығармаларының екі томдық академиялық жинағы текстологиялық жағынан дұрысталған нұсқасымен шығуына да ғалым аға өз үлесін қосты. Осы жылы жарыққа шыққан «Абай» энциклопедиясының редакциялық алқасын басқарған Қайым Мұхамедханов бұл басылымның да мағыналы, мәнді болуы үшін көп тер төкті.

2-жүргізуші

Көремендеріміздің қоятын тағы бір сұрағы бар екен.

1-жүргізуші

Иә, сізді тыңдап отырмыз.

№2 сұрақ қоюшы:

Атым ... Сіздерге қоятын сауалым: Қайым Мұхамедханұлы тек қана ғалым емес, сонымен қатар өнегелі  ұстаз екен. Ол кісінің шәкірттері туралы айтып берсеңіздер!

2-жүргізуші

Сұрағыңызға рахмет! Еркебұлан Нұрланұлы,  сөз кезегі өзіңізде.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:

Өте орынды сұрақ. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы дегендей», Қайым Мұхамедханұлының өзінің ізін басқан атақты шәкірттері  аз емес. Ерекше атап айтатынымыз: Әзілхан Нұршайықов, Тұрсын Жұртбай, Кәмен Оразалин, Несіпбек Айтов, Қинаят Шаяхметұлы, Рабиға Сыздық, т.б. сияқты ақын-жазушы, ғалымдар, Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаздар бар.

1-жүргізуші

Осы орайда көрермендердің назарына мына бір бейнежазбаларды ұсынсақ. Назарларыңыз  көгілдір экранда болсын.

(Бейнефильм көрсетіледі)

2-жүргізуші

Өкінішке орай бағдарламамызға берілген  уақыт аяқталуға  тақап қалыпты. Дегенмен де бізді мазалап отырған соңғы бір сұрақ: Қайым Мұхамедханұлының 100 жылдық мерейтойы өз деңгейінде өтіп жатыр ма? Қандай іс-шаралар өтті және алдағы уақытқа қандай жоспар құрып отырсыздар?

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:

Абай атындағы кітапханада 2016 жылдың 5 қаңтары күні Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасы ұйымдастырылды.

Аталмыш шараларға Құхамедхановтың балалары, қаланың зиялы қауым өкілдері, мәдени мекемелердің қызметкерлері, Шәкәрім атындағы университеттің оқытушылары, Құхамедхановтың шәкірттері, ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

филология ғылымының докторы, профессор:

Шаралар топтамасы «Ғалым, тұлға, қайраткер» тақырыбында экспозициаланған кең көлемді көрменің ашылу салтанатымен басталып, «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық Қорының құрастыруымен Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы аясында және Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласынан қазақ және орыс тілінде 1000 дана басылыммен жарық көрген «Қайым Мұхамедханов: хаттар сөйлейді» кітабы мен кітапхана сайтындағы «Ғалым, тұлға, қайраткер» тақырыбында ашылған  виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесерлерімен жалғасты.

1-жүргізуші

Дариға ...қызы, Еркебұлан Нұрланұлы, арнайы уақыттарыңызды бөліп, бағдармаға келіп Қайым Мұхамедханұлы туралы деректермен бөліскендеріңізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Қызметтеріңізге  шығармашылық табыстар тілейміз! 

2-жүргізуші

Альбина, кезекті Қайым Мұхамеханұлына арналған өлеңдерге  берсек.

1-жүргізуші

Олай болса ортаға ақындарды шақырамыз!

1-оқушы

Сағынамыз жыл өткен сайын біздер

Толқын жуып, қаншама шайылды іздер...

Бұл күндері Семейге келген адам

Ең алдымен елеңдеп Қайымды іздер.

2-оқушы

Іздемеске бола ма бұл ағаны –

«Бар Семейді жеке алған» ғұламаны.

Қайым десе, кең дала дүбір салып,

Құлағыңа келеді бұлақ әні.

 

3-оқушы

Бірде шарт-шұрт, ал бірде жарқын күліп,

Шартарапқа қиялын талпындырып,

Тарих кенін қазады тыным алмай,

Ауыр жүкті мойнына артып жүріп.

 

4-оқушы

Үңілгеннің өткенге көзі жетпек,

Надан болсаң кімдерге сөзің өтпек.

Академия бір өзі Семейдегі –

Өзі музей,

Өзі архив,

Өзі мектеп.

 

5-оқушы

Кәкең дейміз сұраса – ақын кім деп,

Кәкең дейміз сұраса – батыл кім деп.

Елу жыл ғылым-дүкен көркін басып,

Ой көмірін жағады, - отын үрлеп.

 

6-оқушы

Ол жазғанда кетеді заман сөйлеп,

Ол жазғанда кетеді бабам сөйлеп.

Соны танып, соны оқып Кәкеңдейін,

Мол бергім кеп тұрады сараң сөйлеп.

7-оқушы

Біздің Кәкең – халықтың қаһарманы,

Дей салар біреу емес қатардағы.

Басынан алтын құйсаң артық емес,

Абайшыл жолаушы ол сапардағы.

 

8-оқушы

Терең ой, ерен биік, даңғыл жаны,

Кәкең сынды бола алмас жанның бәрі.

Жол тауып мың сандардың жүрегіне,

Дарыған тарауықтай тағылымдары.

 

1-жүргізуші

Осымен бүгінгі бағдарламамыз тәмамдалды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

1-жүргізуші

Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Қазақтың Қайымы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 554 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.06.2016 1054
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерғалиқызы Әйгерім Ерғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ерғалиқызы Әйгерім Ерғалиқызы
    Ерғалиқызы Әйгерім Ерғалиқызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46378
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе