Инфоурок Биология Другие методич. материалыСабақ жоспары "Біратомды спирттер"

Сабақ жоспары "Біратомды спирттер"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Біратомды спирттер.

 

Сабақтың мақсаты:

 

а) білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы көмірсутектерді қайталау, сондай-ақ спирттердің құрамын, жіктелуін, құрылысын, номенклатурасын, физикалық және химиялық қасиеттерін, метил және этил спирттерінің ағзаға әсерін түсіндіру барысында тірек—сызбалар, тәжірибелер және сыни-тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын қолдана отырып бекіту.

 

ә) Дамытушылық: Спирттер жөніндегі негізгі мәселелерді жүйелеп, ойларына нықтау.

Б)Тәрбиелік: Студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденімпаздыққа, шапшандыққа, белсенділікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтына баулу.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Жарыс сабақ

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қолдану, жаңа сабақты меңгеру

 

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: Ойын, тірек-сигналдар арқылы оқыту, оқумен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

 

Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық түсіндірмелі- иллюстративті.

 Пәнаралық байланыс: Биология, қазақ тілі, математика, валеология, медицина, халықтық педагогика

 

Сабақтың көрнекілігі: Телевизор, электрондық оқулық, тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар.

 

 Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру бөлімі:

Мұғалімнің алғы сөзі: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабақтан сәл өзгешелеу болып өткелі отыр. Бүгінгі біздің сабағымыз «Ұпайлы алаңдар» деп аталатын 4 алаңда «Жалын» және «Жігер» деп аталатын екі топ арасындағы  жарыс түрінде өткелі отыр. Алдымен мен сіздерді қысқаша бұл алаңдарментаныстырып өтемін.

 

І. Ұпайлы алаң. Қайталау алаңы

Ұстанымы: Ойын-ойлануға жетелейді. Мұнда түрлі дидактикалық ойындар арқылы көмірсутектер туралы білімдеріңді көрсетіп, ұпайға ие боласыңдар

 

 ІІ. Ұпайлы алаң.   .Білім-жаңалық алаңы

Ұстанымы: Жаңа технология-заман талабы

Мұнда «Бір атомды спирттер» - тақырыбын ұғыну үшін қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияның мүмкіншіліктерін электрондық оқулық, оқытудың жаңа технологияларын, соның ішінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтерін пайдаланамыз.

ІІІ Ұпайлы алаң «Бекіту алаңы».

Ұстанымы: «Қайталау –оқу анасы»

«Шеңбер» ойыны арқылы  жаңа сабақ қайталанады

ІV ұпайлы алаң. «Сыйлық»алаңы. Жеңімпаз топ марапатталады. Жекелеген студенттер бағаланады. Сонымен, іске сәт деп І ұпайлы алаңға келеміз.

1 –ойын.

Блиц –футбол.

«Жалын» тобына.

1.       Органикалық химия пәні нені зерттейді?

2.       Ғылымға алғаш рет «органикалық химия» ұғымын ұсынған кім?

3.       Гидрлеу реакциясы деген не?

4.       Табиғи газдың негізгі құрамдас бөлігі?

5.       Бензолдың құрылымдық формуласын  ұсынған кім?

6.       Егер көмірсутек ан жұрнағымен аяқталса, молекуласында қандай байланыс болады?

7.       Егер көмірсутек  диен жұрнағымен аяқталса молекуласында қандай байланыс болады?

8.       Каучукты вулканизациялау деген не?

9.       Алкиндердің маңызды  өкілі?

10.   Бастапқы 4 алканның агрегаттық күйі?

 

«Жігер» тобына

1.       Органикалық заттардың басты қасиеті?

2.       Химиялық құрылыс теориясының негізін қалаған кім?

3.       Химиялық құрылыс теориясының 1 –ші қағидасын айт?

4.       Дегидрлену реакциясы деген не?

5.       Табиғи газдың артықшылығы?

6.       Бензолды алғаш ашқан кім?

7.       Мұнайдың айдалмайтын бөлігі

8.       Мұнайдың қара түсті өнімі

9.       Егер көмірсутек «ен» жұрнағымен аяқталса, молекуласында қандай байланыс болады.

10.    Егер көмірсутек «ин» жұрнағымен аяқталса молекуласында қандай байланыс болады?

 

2- ойын

Сандар сөйлейді

1    2    3    4    5    6

Осы сандарды қарастыра отырып өткен тақырыптар бойынша сөйлем құрау.

3-ойын

көңілді эстафета

«жалын тобына»                                                                    «жігер» тобына

2 метил 3,4 диэтил гексен-1                                        3 этил пентан

2 метил пентан                                                            3,4 диэтил пентен-1

3 метил 4 этил пентен -1                                             3 метил бутин 1

бутадиен 1,3                                                                гексадиен 2,4

 

  4 –ойын.

Байқап –қал!

Мұнда экранда көрсетілген төмендегі формулалар студенттерге 1 минут көрсетеді де, сөндіріп тастайды. Топтар естерінде қалған формулаларды жазады, яғни, екі топтың есте сақтау қабілеттері ескеріледі.

СН4,  С2Н6,   Н 2SO4,  Н 2 ,  O4, С6Н6,  С2Н6, СН3, С2Н4,  С2Н5,  С2Н2, СН = СН,  Н2 О, КОН

 

  5 –ойын.

Химиялық шытырман

 

СН ≡ СН

+Cl2

СН 2= СН2

HBr

СН2Cl2

СН4

+Br2

С5Н3

+H2

K2SO4

K2O

+H2

KOH

+Cl2

 

С6Н6

H2O

СН3Cl

H2SO4

СН3 –СН3

 

ІІ.  ұпайлы алаң

Бұл алаңды мынадай бір жұмбақ өлеңмен бастайық.

Рухы деп шараптың

Әлемге аты тарапты

пайдалы да, зияны

адамзатты  қанапты.

Әрине жұмбақтың шешуі «Спирт»

Сонымен бүгінгі жаңа тақырыптың аты: «Біратомды спирттер»

Балалар  осыған дейін біз тек қана көміртегі және сутегінен тұратын көмірсутектерді ғана оқып келдік. Ал бүгіннен  бастап құрамына осы С, Н  тен басқа О де кіретін қосылыстармен танысамыз. оларды оттекті органикалық қосылыстар деп атайды, оларға  спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары, жай және күрделі, эфирлер, көмірсулар жатады. Соның ішінде бүгінгі біздің танысатынымыз «Спирттер»

Топтастыру

 

 


                                                            спирт

 

 

Спиттерді қандай жоспармен оқимыз деп ойлайсындар?

 

 


                                                         спирт

 

 

 

1.       Анықтамасы, жалпы формуласы

2.       Жіктелуі

3.       Атауы. Гомологтық қатары

4.       Спирттерді алу жолдары

5.       Физикалық және химиялық қасиеттері

6.       Метил және этил спирттерінің ағзаға әсері

7.       Қолданылуы

Жүзім шырыны ашығанда түзілетін шарап спиртін адамдар өте ертеден пайдаланды.

«Спирт» сөзі латынның «шараптың рухы» деген сөзінен шыққан. Шарап спирті не этил спиртіінің формуласы С2 Н5 ОН  жүзімнің, қанттың, крахмалдың ферменттік ашуы нәтижесінде түзілетін бұл затты тұрмыста жай ғана спирт дейді. Ал XVIII ғ бастап «спирт» деген сөзбен қатар, «алкоголь» деген қолданыла бастады.

Молекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан ОН гидроксил тобы бар заттар – спирттер деп аталады.

Жалпы формуласы: R-OH

Спирттердің жіктелуі.

Жіктеудің бірнеше түрі бар:

гидроксил тобының санына байланысты: біратомды, көпатомды

көмірсутек радикалына байланысты: қаныққан, қанықпаған, ароматты

көміртек атомының табиғатына байланысты: біріншілік, екіншілік, үшіншілік.

Гомологтық қатары

СН3 ОН  метил спирті –метанол

С2 Н5 ОН  этил спирті – этанол  

С3 Н7 ОН  пропил спирті – пропанол

С4 Н9 ОН  бутил спирті – бутанол

С5 Н11 ОН  пентил спирті – пентанол

                        2                     1

Н3С – СН – СН2 – СН – СН3

              

           С2Н5    СН3   ОН                                                 

 

                                                        3 метил 4этил пентанол – 2

спирттерді алу жолдары

1.  қаныққан біратомды спирттерді өнеркәсіпте көмірсутектердің гологен туындыларын сілті қатысында гидролиздеп алады.

С2Н5Сl + Na OH          C2H5 OH + Na Cl

2.  СН2 = СН2 + НОН   СН3  - СН2 ОН

Бұл гидротация реакциясы деп аталады

3.   құрамында қанты бар заттар ашығанда этанол түзілетіні белгілі. Ата бабаларымыз сақ заманынан бері қымыз ашылып, айран ұйтқан. Ашыту үрдісінің екі түрін игерген. Ол ерте заманнан күші бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Спирттік ашу астық тұқымдастар не картоп құрамындағы қантты заттар.

Ашыту бактериялары нәтижесінде ашу процесінің жүруі.

Қысқаша былай жазуға болады

С6Н12О6                     5Н5ОН+ 2СО2

Бұл процесс шарап өндірісінде пайдаланылады.

Физикалық қасиеттері. Қалыпты температурада С10 –ға дейінгі спирттер сұйық заттар. С11 – ден бастап қатты заттар алғашқы үшеуі сумен кез келген  мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай спирттердің суда ерігіштігі нашарлайды, өздеріне тән иістері болады.

Спирттердің ең маңызды өкілі этил спирті молекулалық формуласы С2Н5ОН

Химиялық қасиеттері:

Гироксил тобындағы сутек арқылы жүретін реакция:

2Н5ОН +2Na           2С2Н5ОNa +H2

                                  Натрий этилаты

Күрделі эфирлер түзіледі.( этерификация реакциясы )

С2Н5ОН+ НООС – СН3                     С2Н5О-OС-CH3+H2O

                                 Сірке қышқылының этил эфирі

Гидроксил тобында жүретін реакциялар

Гологенсутектермен әрекеттесуі.

С2Н5ОН+ НBr              С2Н5 Br  +H2O

                                        бромэтан

Дегидратация реакциясы

                                  Н2 С H2+H2O

                        Этилен.

Жай эфирдің түзілуі.

С2Н5ОН+ ОН С2Н5                       С2Н5 O –С H3

Жануы.

С2Н5ОН+3О2    2С О 2+3Н2O+Q

Жеке өкілдері.

Метил спирті (метонол)  СН3ОН –түссіз сұйықтық, спиртке тән иісі бар. Метанол өндірісте формальдегид, полимерлер, бояғыш заттар, еріткіштер ретінде кеңінен қолданылады. Өте улы, оның 5-10 мл суқараңғы соқыр етеді, ал  30 мл адамды өлтіреді.

Этил спирті –этанол С2Н5ОН –өзіне тән иісі бар түссіз сұйықтық, этанол дәрі –дәрмек  жасауда, тұрмыста, медицинада зарарсыздандырғыш зат есебінде қолданылады. Сондай –ақ химия өндірісінде, бояу, лактар, синтездік каучук т.б. алу үшін қолданылады.

Бұрын адамзат ішімдікті білмеген. Египетте жүзімді ашытып шарап жасай бастады.

Араб елдерінде VI –VІІ ғасырда жүзімнен таза спирт алуды үйретті. Осылайша спирт  барлық  елдерге таралды. Кейіннен  спиртті сұйылтып арақ жасады. Арақ қоғамға тек қасірет әкелетіндіктен, қасірет суы деп те аталып жүрді. Спирт қанға жылдам өте отырып, жасушааралық сұйықтықта еріп, ағзаның барлық бөліктеріне енеді. Ғалымдардың есептеулері бойынша спирт жасушаның қызметін бұза отырып, олардың тіршілігін бұзады.

100 г. шарап ішкенде 500 , 100г. арақ ішкенде 7500 ми жасушалары  тіршілігін жояды.

Алькоголь қан айналымы арқылы жүйке жүйесіне  еніп, мидың жоғары бөліктерінің қызметін бұзады. Мишық қызметінің бұзылуы салдарынан   адамның жүріс –тұрысы бұзылып, іс –қимылы бұзылады.

Спирттің әсерінен адамның байқампаздығы тежеліп, мінез құлқында әдепсіздік, желөкпелік,дөрекілік пайда болады жол апатының болуын  60% ке көбейтеді, 1күн ішкенарақтың 21 күнге дейін зияны кетпейді. Қылмыс, тонау, өлтіру, зорлық-зомбылық жасау мас адамға тән.

Ассоциация құра отырып түгел тақырыпты бірлесе талдау

                                                             Спирт               

Химиялық диктант

1. Спирт жанған кезде _________ және _________түзіледі.

2.Спирт Na мен қосылып натрий_______________түзеді.

3. Заттан су молекуласы бөліне жүретін реакция_______реакциясы деп аталады.

4. Дегидратация реакциясының нәтижесінде этил спирті___________________айналады.

5. Спирттер өзара қосылып____ _____ _____түзеді.

6. Спирттерді этиленге_________________қосылып алады.

5 жолды тұжырым

Зат есім.

Сын есім

Сан есім

Етістік

Тақырыптық синонимі.

 


Кубизм

Атаңыз

Жүйеленіз

Есептеңіз                    

 

 

Н3С – СН – СН2 – СН – СН3

                            

        С2Н5    СН3   ОН

 

Спирт             Спирт             Спирт            

Есеп.

Кім тез?

184г этанолды дегидраттағанда этиленнің қандай көлемі (қ.ж) түзіледі

ІІІ. Ұпайлы алаң.

«Шеңбер ойыны»

Екі топ шеңберлене отырып, жаңа тақырып бойынша 1 сөйлемнен айтады.

ІV. Ұпайлы алаң.

«Сыйлық  алаңы»

Ұстанымы: «Не ексең, соны орасын.»  Жеңген топты марапаттау.

Жекеленген студенттерді бағалау. Үйге тапсырма беру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Біратомды спирттер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 1767
    • DOCX 67.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Науризбаева Гулмира Елеусиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9851
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе