Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ жоспары. Бүршіктер (3 сынып)

Сабақ жоспары. Бүршіктер (3 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы Бүршік Б.Әдет

Сабақтың мақсаты;   Мәтіннің мазмұнын түсініп оқуға ,кейіпкер туралы ой айтуға мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтижелер;Оқушылардың ой өрісін,дүниетанымын  табиғат құбылыстары арқылы кеңейту.Ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін арттыру. Туған табиғаттың керемет құбылыстарын бақылау арқылы туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

 

Қажетті жабдықтар: смайлдар (қуанған, мұңайған, жайбарақат, ренжіген, шаршаған, қатты қуанған адам), ағаштың макеті, түрлі-түсті жапырақтар,

Басталуы:

Сабаққа кіріспе.

-Саламатсыздар ма, балалар! Көңіл күйлерің қалай? Жақсы ма? Сабақ бастауға әзірсіңдер ме?

-Алдарыңдағы смайлдардың ішінен өздеріңнің көңіл күйлеріңді көрсететін смайлды тауып көтеріңдерші?

-Бәрекелді! Сонымен бәріміздің көңіл күйіміз жақсы екен?

 

Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген мәтінді оқып, түсінгенімізді айту керек болатын, қәне бәріміз ортаға шығып, сабақ айтуды бастайық. Бірінші тұрған оқушы бастайды, әрі қарай жалғастыру үшін, екінші баланың алақанына алақанын қояды. Сол кезде екінші бала жалғастыруы тиіс. Егер екінші бала жалғастыра алмаса, алақанын үшінші баланың алақанына қояды, сол кезде үшінші бала оған көмектесіп, әрі қарай жалғастыруы тиіс.

Сонымен, балалар, сабақ айтып тұрғанда біз не істедік? Бір-біріміздің алақанымызды ұстап тұрдық? Оның қандай көмегі болды? Сабақты ұмытып қалғанның өзінде біз қасымызда достарымыздың бар екенін, олардың көмек беретініне сенімді болдық!

 

Сергіту, сабаққа қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабағымызды бастамай тұрып, сұрақ қояйын. Ұйқыдан тұрғанда бірінші кімді көресіңдер? Аналарыңды ма? Аналарың сендерді қалай оятады? Аналарың еркелетіп оятқанда қандай сезімде боласыңдар? Әрқайсың айтып шығыңдаршы, сені анаң қалай еркелетеді? Аналарың оятқанда сендер ренжисіңдер ме? Неге ояттың деп?

 

-Ал, жақсы, алайда өмірде ешқандай жақсы сөз естімеген, жападан-жалғыз, қасында жақын ешкімі жоқ жандар болады деп ойлайсыңдар ма?

Ортасы

Мәтінмен жұмыс, оқу барысында кестені толтыру.

Олай болса, кітабымыздың ... бетін ашайық. «Бүршік» деген мәтінді оқи бастайық.

Дүниетану сабағын еске түсірейікші. Өсімдіктің көбеюі деген тақырыпты өткен едік. Сол арқылы балалардың көз алдына бүршіктің не екенін елестету, бүршік өсімдіктің көбею мүшесі ғана емес, біздің мәтіндегі бүршік –ерекше бүршік, ол біздің бүгінгі кейіпкеріміз.

Алдарыңда кесте бар. Кесте екіге бөлінген: бірінші бағанға күлімсіреп тұрған адамның, екінші бағанға мұңайып тұрған адамның беті салынған. Әңгімені оқу барысында  осы кестені толтыратын боламыз.

Балалар кезекпен, бір сөйлемнен оқи бастайды. Біз қандай кейіпкермен таныстық? Оның қазіргі күйі қандай? Қане алдарыңдағы көңіл күй смайлын көтеріңдер? Көңілсіз.

Олай болса, кестенің көңілсіз смайл тұрған бағанына көңілсіздікті көрсететін сөздерді тауып жазайық.

Көңілді смайл

Көңілсіз смайл

 

Аяз, тітіркенді, шіміркенді, көзін аша алмады, бүрісіп жатты, жасыды, жалғызсырады, бей-жай, бейхабар, қыс, қырау

 

Бейхабар деген сөзге дейін оқып болғасын, мұғалім:

Ал осы мәтін бөлігін қалай деп атауымызға болады? (бүршіктің аянышты халі)

Әрі қарай оқиық. 

Көңілді смайл

Көңілсіз смайл

Жылынып, әдемі ағын, рақат, дүбір, жүрегін соқтырғандай, көктем, жып-жылы, алуан үндер, жап-жарық дүние, таныс, ыстық, жасыл әлем, гүл, сәби, шаттық

Аяз, тітіркенді, шіміркенді, көзін аша алмады, бүрісіп жатты, жасыды, жалғызсырады, бей-жай, бейхабар, қыс, қырау

 Кестеге назар салайықшы. Осыған дейін біз тек көңілсіз адамның халін сипаттағанбыз. Кілең жағымсыз сөздер жазғанбыз. Енді не өзгерді? Кестеге жағымды сөздер жазатын кез жетті ме?

 Ал мәтін қандай сөйлеммен аяқталды? Неліктен соңына леп белгісі қойылған?

Сөздік жұмысы. Бүршіктің жағдайының жақсаруына не себеп болды? Көктем, дұрыс айтасыңдар.

Сыбыр, күбір, дүбір.

Мына сөздерге назар аударыңыз. Осылардың реті дұрыс па? Ең дыбысы жайы қайсысы? Сыбыр. Қане біріміз бір-бірімізге сыбырлап «көктем» деп айтайықшы. Енді күбірлеп, кішкене дауысты шығарыңқырап айтайық. Енді дүбірлетіп тұрып айтайық. Сонымен дүбір деген сөзді қатты дауыс дегенді білдіреді екен. Ал мәтінде біз көктемнің дүбірін қандай сөздерден байқаймыз? Мәтінді оқығанда қандай дауыстарды естиміз?

(Құстардың әнін, сәбидің күлкісі

Ал сол көктемнің келгенін көрсететін сөздерді таба аласыңдар ма? Олардың ішінде қай сөз

«Ағашты безендіру» тапсырмасы. Енді тақтаға көз салыңдаршы? Мұнда қу ағаштың суреті тұр, ағаш бұтағында жалғыз бүршік қана бар? Енді оны жалғызсыратпау үшін  алдарыңдағы парақ қағазға мәтіннің ішінен бүршікті қуантатын сөздерді жазыңдар. Неліктен осы  сөздерді таңдадыңдар? Алдарыңдағы түрлі түсті жапырақтарға сол сөздерді жазыңдар: оларды тақтадағы қу ағашқа іле берейік: Сонымен ағашымыз әдемі болды ма? оған біз қандай жапырақтар ілдік? Бұл ағашты қалай атауға болады (шаттық ағашы, көктем ағашы) (мұны орындап жатқан кезде, мықты оқушыларға келесі тапсырманы беру):

 

Кімді (нені) аядым?              Кімге (неге) риза болдым?              Мені ойландырған нәрсе: 

1....................................    2..............................................              3.......................

 

Мәтінді толығымен оқып болдық. Мәтінді оқып болғанда алдымыздағы қандай смайлды таңдайсыңдар? Неліктен?

Синквейн толтыру.

Осы мәтін бізге не үйретті? Қандай қорытынды жасауымызға болады?

1.       Бүршік.

2.       Қандай?.....жалғыз............., ................................, .................................,

3.       Не істеді?.....тітіркенді................, оянды.............................................., .........................

4.       Осы мәтінді қорытындылап тұрған сөйлемді тауып, дәптерімізге жазып алайық:

Жарық дүние дейтін жақсы екен ғой, шіркін!

.....................................................................................................................................

5.       Бір сөзбен: Бүршік -................өмір, табиғат, көктем.

 

Жарық дүние дейтін жақсы екен ғой, шіркін!

Бұдан бұрын осы сөзді кімнен естідіңдер? Ата-әжелеріңнен, ата-аналарыңнан естідіңдер ме? Сендер үшін жарық дүние деген не? Жарық дүниелеріңде кімдер бар?

Ой бөлісу. Қазір бәріміз көзімізді қатты жұмайық. Қараңғы ма? Ештеңе көріп тұрған жоқсыңдар ма? Ал енді көздеріңді ашып қалғанда бірінші кімдерді көргілерің келеді?   

Тапсырма. Сөйлемді толықтыру.

..........................................................шіркін!

Әрқайсыңның алдында, шіркін деген сөзбен аяқталатын бос жол берілген. Осы бос жолға сөйлем құрап жазайық, осы өмірде сендер үшін не жақсы? Соңын шіркін деген сөзбен аяқтап, өз ойларымызды айтып көрейік!

Мысалы, Жазғы демалыс тезірек болса ғой, шіркін! Анам бүгін бауырсақ пісіріп қойса ғой, шіркін!

Шіркін деген сөздің осы мәтінде туысқан сөздері бар ма, оның мағынасын толықтырып тұратын (рақат, шаттық, керемет).

Аяқталуы

Жылу шеңбері. Керемет, балалар! Мәтіннің басында бүршік жалғыз еді, қалай ойлайсыңдар, бүршіктің анасы бар ма? Оның анасы кім болуы мүмкін (Жер-ана, көктем). Жер ана тек бүршіктің ғана анасы ма? Қалай ойлайсыңдар енді бүршік жалғыз бола ма? Әлде оның жанашырлары, достары пайда бола ма?

Кімдер (Сәби, жыршы құс, жер-ана)

Ал енді бүршік көктемде оянғанда қандай сезімде болды? Бәріміз сол сезімге бөленейік, өзімізді ұйқыдан оянған бүршік сияқты елестетейік. Қазір бәріміз ортаға шеңбер құрып тұрамыз? Ертең аналарың ұйқыдан оятқанда, аналарыңа қандай жақсы сөз айтасыңдар? (анашым, мен сені жақсы көремін, алақай, мен ояндым, менің бүгін көңіл күйім жақсы, анамды құшақтаймын, анама жарық дүниені сыйлағаны үшін рахмет айтамын, т.б.)

 

Үйге тапсырма аламыз ба? Кімнің үйге ерекше тапсырма алғысы келеді?

Үйге тапсырма:

1)      Бәріне –мәтінді оқып, кестеге тағы ұмыт қалған сөздерді жазып, толықтыру

2)      (Ерекше тапсырма сұрағандарға – мына парақ таратылады:

                                      Ерекше тапсырма

Таңдағаныңды орында:

1)      бүршікті суретке, фотоға түсіріп алу (егер ағаштарда бар болса немесе үй өсімдіктерінен);

2)      бүршік туралы мультфильм ойлап келу;

3)      бүршікке арнап өлең жазу (4 жол);

4)      бүршікте әрі қарай өзгерістер пайда болды, соны ойластыру

 

 

 

Сонымен, балалар, бүгінгі оқыған мәтініміз ұнады ма? Басында көңіліміз түсіп кеткенімен, соңында көтерілді. Сен бүршікпен бірге қуандың ба? Сені не қуантты? Жалпы көктем келгенде табиғаттағы жанды-жансыз нәрселермен қатар, тағы кімдер қуанады? Адамдар, дұрыс.

Мәтін мазмұнын Наурыз мейрамымен байланыстыру. Біздің халқымыз көктемде қандай мерекені тойлайды? Наурыз! Наурыз біздер үшін қандай мейрам? Жаңа жыл, жаңа күн мейрамы. Олай болса, мәтіндегі бүршік сөзі –нені білдіреді? Жаңа өмірді, жаңа күнді, жаңа жылды көрсетеді екен. Олай болса, көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды әнмен аяқтауға бола ма? Қандай ән айтамыз? Көңілсіз бе, әлде көңілді ме? Әрине, көңілді (Наурыз немесе көктем туралы ән айту) сабақтың соңына 2-3 минут қалғанда.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары. Бүршіктер (3 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 508 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2016 1314
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елеусинова Жазира Жолдығалқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1408
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 102 человека

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек