Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСабақ жоспары Ч дыбысы мен әрпі 1 сынып

Сабақ жоспары Ч дыбысы мен әрпі 1 сынып

Скачать материал

Бекітемін:

Күні: 07.12.2015ж

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: ч дыбысы мен әрпін меңгерту, сөз ішінде ч дыбысының орналасуын білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, дыбыстық талдау жасау;

ә) тәрбиелік: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу;

б) дамытушылық: ақыл-ойын, таным белсенділігін арттыру, шығармашылығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер. чемпиондардың суреттері.

 Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

                                      Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіріп, пысықтау.

-Ц дыбысы қандай   дыбыс ?

Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.

-Ц  әрпіне қатысты  сөздер жазғызу.

Клоунның сыры жатқа сұрау.

ІΙΙ. Жаңа сабақ:

-         Барлығымыз тақтаға назар аударайықшы. Суретте нені көріп тұрсыңдар?

      -     Чемодандар, сөмкелер.

-         Ия, балалар, қыздар дүкенге келіп, чемодан сатып алғалы жүр. ЧЕМОДАН сөзін барлығымыз бірге айтайық.

-         ЧЕ – МО – ДАН

-         Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

-         Ч дыбысы.

-         Біз бүгін сендермен ч дыбысы және әрпімен танысамыз.

-         Балалар, ч дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі. Сонымен,  чемодан деген не? Оны қайда пайдаланады?

-         Чемоданға киімдерімізді саламыз. Алысқа жол жүруге жиналғанда мамаларымыз заттарды чемоданға салады.

-         Төменде берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайықшы, балалар:

Сара Сәуле  дүкен сөмкелер чемодандар барды  алды  сатып  көп

-         Сара мен Сәуле дүкенге барды. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Қыздар өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды.

-         Балалар, қазір біздер «Дүкенде» ойынын ойнаймыз. Мұнда қарай қойыңдаршы? Сендер не көріп отырсыңдар?

-         Чипсы, чупа-чупс, чак-чак, чебуреки, кетчуп «Чили», чеснок, чечел ірімшігі.

-         Мен дүкенші боламын, сендер сатып алушысыңдар. Менен өздеріңе ұнаған затты сатып алу үшін сұрақтарға жауап бересіңдер. Әрбір дұрыс жауапқа сатып алған заттың чегін беремін.

Сұрақтар:

1.     Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.     Жуан дауысты дыбыстарды ата.

3.     Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?

4.     Сенің есімің қандай әріптен басталады?

5.     А дыбысына сөз ойла.

6.     Болашақта сен кім боласың?

 Оқулықпен жұмыс.

      Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер?

 

-         Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр.

-         Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?

-         «Болашақ чемпиондар».

-         Балалар, чемпиондар деген кімдер?

-         Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.

-         Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға – апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? (Экранда Лондон – 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)

-         Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. 

-         Мына өлеңдегі балалар да осы аға – апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық.

Болашақ чемпиондар

Сырғанайды екеуі,

Мұзайдынға кеп бірге.

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге.

 

Бақыты боп бар елдің,

Алар талай байрақ та.

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда.

Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын бірге талдайды. Оқушыларға тізбектей оқытады.

 

    

Сергіту сәті.

Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.

 

Дәптермен жұмыс.

Бас әріп элементтері: оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша.  Ч  Ч

Кіші әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген қармақша. ч ч

 

IV. Сабаққа қорытынды жасау.

 

Сонымен, балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-         Ч дыбысымен таныстық.

-         Ч дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық?

-          Чемодан, чемпион, чемпионат, чек, чех, чуваш.

-         Осымен сабағымыз аяқталды.

Үйге тапсырма. Болашақ чемпиондар жаттау.

 Бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, жұлдызшалар тарату.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары Ч дыбысы мен әрпі 1 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 026 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.12.2015 4612
    • DOCX 168.5 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Агибетова Айгерим Кенжекуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17383
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 143 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека