Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Дамытып оқыту технологиясы"

Сабақ жоспары "Дамытып оқыту технологиясы"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні ____________ тобы______________


Пәні: педагогика


Тақырыбы: Дамытып оқыту технологиясы

Мақсаты: 1.Оқыту технологиясы туралы түсініктерін пысықтау, жаңа материалды меңгерту, дамытып оқыту технологиясымен таныстыру;

2. Ойға шабуыл, ассоциация стратегиялары арқылы сыни тұрғыдан ойларын дамыту;

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу, таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын кеңейту.

Түрі: аралас

Әдістері: СТО стратегиялары, КСО

Көрнекілік: кесте


Сабақ барысы


1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу.

2. «Миға шабуыл» , кезекші оқушы жүргізеді..

-Технология қай тілден енген сөз?

-Мағынасы қандай?

-Технология дегеніміз не?

-Оқыту технологиясы дегеніміз не?

-Әлеуметтік технология мен өндірістік технологияның қандай ұқсастықтары мен айырмашылығы бар?

-қандай оқыту технологияларын білесіңдер? Т.б.

3. Ашық-тест. Өзін-өзі тексеру.

4.Үй тапсырмасын тексеру.

Жоспар бойынша ауызша сұрау

5.Жаңа материалмен жұмыс. (қосымшада)

Жоспар:

1.Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік.

2.Л.В.Занков жүйесі.

3.Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытуды салыстыру.

4.Топпен жұмыс

1-топ. Бесжол өлең стратегиясы

2-топ. Эссе жазу

3-топ.Тест құрастыру

4-топ.Сөзжұмбақ құру.

5. Топ жұмыстарын көру, тыңдау

6.Бекіту.Сұрақ-жауап әдісі арқылы «Телекөпір» ойыны.

-Дамыта оқыту дегеніміз не? Т.б.

7.Үйге тапсырма: мәтінді дайындау, Венн диаграммасын құру.

8.Бағалау.


hello_html_372d205c.jpg

Дамыта оқыту. Дамытаоқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшіреді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды. (ЛүВ.Занков).

Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгертуге мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).

Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігі,оның маңызындәлелдейді. Дамытаоқу арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғарысыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.

"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес псиологы Л.аыготский (1896-1934! Оқыту мен дамудың байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды дейді.

Өзекті даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны-жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлеу алуы-актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап"жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптермен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.

"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережелермен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.

Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-рй жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші-әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.

Дамыта оқытудың мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.



Л.В.Занков жүйесі.

Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

  • Оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

  • Теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстырады, заңдылықтарды ашу;

  • Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы;

  • Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімен деп сезінеді. Материал қайткенде есіиде жақсы өқалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;

  • Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтамақта дамиды.

Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.

Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.

Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты жалпы баланы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдейді.

Занков жүйесінің басты міндеті-баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудың сенімді негізгі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін тұлға. Олай болса, мақсат-баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л.В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.

Л.В.Занков жүйесіндегі бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесіндеэкскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.

Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгенін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарам-өайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сұрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушының өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.

Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудың жетекші нысаны-сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын бюолып келеді Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталу мүмкін. Дәстүрлі оөытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мұғалім баланың өз ойын, өз бақлауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.

Оқытудың ұйымдастырудың маңызды нысаны-экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет.Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес.Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланыңбайқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.

Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.

Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В.Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалр кім"озат", кім"үлгермеуші" екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.

Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындайтын кеінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар-сыншыл.

Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияқты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия – өзінің психикалық жағдай туралы ойлануы, өзінің толғаныстыратын талдай білуге бейімділік. Бала өзінің ммінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады.Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.


Енді дамыта оқытуды дәстүрлі оқытумен салыстырайық:


Дәстүрлі оқыту жүйесі


1.Мақсат: білім беру, іскерлікке үйрету, дағдыландыру. Оқушыны қоғамда жұмыс істеуге әзірлеу. Оқыту жеке тұлғаны тікелей, стихмялы түрде дамытады.

1. Баланың өзінің жеке басын дамыту үшін өзінің сөзі мен ісіне талдау жасауы, өз жұмысын жоспарлауы, өз бетімен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйренуі, жақсы болуға ұмтылуы: " Оқушы мектепке барып мұғалімнің айтқанын екі етпейтін, үй тапсырмаларын мұқият орындайтын ғана адам емес, ол өзін-өзі жетілдіретін тұлға " (Д.Б. Эльконин)

2. Дәстүрлі оқыту баланың соңынан ілініп келе жатады.

2. Оқытуда мұғалім баланың білетіндеріне сүйенеді. Баланың білімі, мәдениеттілігі, ойы, сезімі, бір нәрсені анық түсінуі оған өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар кейде ересектердің көмегенсіз де тапсырмаларды орындай алады. Ал олар үшін қиын тапсырмаларды ересектердің бағыт берумен өздері орындай алады Бүгін жұмыс істеп үйренген оқушыға ертең өмірде ондай болады.

3. Бала-оқыту объектісі. Барлық жұмысты істейтін мұғалім, ал бала-тыңдаушы.

3. Бала-оқу субъектісі, мұғалімнің бағыт берумен өзін оқытатын жеке тұлға.

4.Мұғалім сабақ түсіндіруші, оқушы түсінгенін қатайлап айтып беруші.

4. Бала сабақ үстінде тек бір тақырып бойынша көптеген жұмыстар істейді.

5.Мұғалім оқу ақпараттарын хабарлаушы, оларды қайта айтып беруге жаттықтырушы. Мұғалімнің ең басты жұмысы білімді оқушының есінде сақтату, іскерлікке үйрету, дағдыландыру.

5. Жұмысты істеуге оқушылардың өздерін үйрету. Қарапйым зертеулер арқылы оқушының теориялық білімінің қалыптасуы.

6.Мұғалім оқытушы, оқушы үлгі бойынша есептер шығарады, жаттығулар жазады.

6. Оқушы мен мұғалім бірге жұмыс істейді. Мұғалім оқытпайды, қайта тақырыпты түсіну үшін оқушыларды жұмыс істетеді.

7.Сонымен дәстүрлі оқытудың міндеті белгілі бір білімдерді түсіндіріп, есте сақтау. Оқушылардың іскерлікке үйрету, дағдыландыру негізінен сөз, жаттығу, практикалық әдістері арқылы жүреді. Мұнда ұғым- абстрактілі, тек сөзбен тұжырымдалған.

7. Дамыта оқытуда білім, ұғым қатар жүреді. Дамыта оқыту мазмұнның негізгі бөлігі ұғымдармен жұмыс істеу. Ұғымның мәні заттармен жұмыс істеу арқылы ашылады.

Мысалы: Шама ұғымдағы негізгі іс-әрекет өлшеу жұмыстары. Матеметика курсында сандарды оқып үйренбестен бұрын түрлі өлшемдер арқылы шамалар өлшенеді.

8. Негізгі әдістер түсіндіру, көрсету

8. Дамыта оқытуда балалардың жұмысын ұйымдастыратын әдістер қолданылады.

9. Дәстүрлі мектепте көбіне сабақ, тәрбиелік шара өтеді. Әуелі материал даңдалады, содан кейін оқушы онымен жұмыс істеу керек.

9. Дамыта оқытуда оқушылардың алдына оқу міндеттері қойылады. Пән мазмұнында оқушы істейтін жұмыстар көптеп құрастырылады. Оқыту мақсаты оқушыны өзгерту, дәлірек айтсақ жұмыс істей алатын жеке тұлға.

10. Дәстүрлі оқытуда сабақ, жаттығу мақсаттары жоғарыдан қойылады. Мақсатты ересектер қояды. Оқушының пікірімен санасу жағы аз.

10. Дамыта оқытуда мұғалім өзінің балалар алдына қойған міндеттерін олардың қабылдауына к.ш салады. Үлгі- объектінің ішкі құрылымын белгілеу құралы. Ол оқушыға жұмыс тәсілдерін таңдауға, оқу міндеттерін жаңа варианттармен орындауға көмектеседі.

11. Дәстүрлі оқытуда жаппай, жеке, топтық жұмыс түрлері қолданылады. Бұл әдістеме негізінен технологияландырылған, себебі оқушы алгоритм бойынша жұмыс істейді

11. Дамыта оқытуда ұжыммен де, жеке оқушымен де жұмыс істеледі. Оқу міндеттерін шешу кезінде балалар түрлі жұмыс тәсілдерін қолданса да оларды орындай алмайтын кездері болады. Шебер мұғалім ең болмаса бір оқушынығ міндетті дұрыс шешуіне жағдай жасайды. Диолог оқу міндетін орындауға әкеледі. Ситуация шешу кезіндегі оқушының өз жауабын талдауы, түрлі жорамалдау айтуы оның дамуына себепші болады. Жұмыстың негізгі түрі сұрақ-жауап (диолог). Диолог кезінде оқушылар өз білгендерін ортаға салады, пікірлерін айтады. Дамыта оқытудың дәстұрлі оқытудан түбірлі айырмашылығы да осында. Ол технологияландырылмаған. Егер бала әңгіменің не туралы болып отырғанын түсінбесе, онда оған ойлануға мүмкіндік беріледі. Бірақ оның ойын тиянақтайтын алгоритм берілмейді.

12. Сабақта оқушылардың іс-әрекеті аз.

12. Ұғымдар жүйесін түсіну, есте сақтау үшін оқушылар түрлі іс-әрекет жасайды. Мысалы, дамыта оқыту талаптары тұрғысынан жазылған бастауыштың математика оқулығындағы " тік төртбұрыш қасиеті" деген жаңа ұғым тік тқртбұрыштың қызыл түсті қабырғасын, көк түсті қабырғасын өлшеу, оларды салыстыру, қорытынды жасау арқылы меңгеріледі.

13. оқушы өзінің іс-әрекетін жете бақыламайды. Оқушыны көбіне мұғалім бағалайды.

13.Оқушыны өзін бақылауға үйретеді.

14. Дәстүрлі оқыту оқушының жасын, психологиясын көп елемегендіктен, оның іс-әрекетін ұйымдастыруға да жете мән бермейді. Бұл адам табиғатына қайшы келетін құбылыс.

14. Дамыта оқыту оқушының жас ерекшеліктерін, негізгі атқаратын жұмыстарын есепке алады.

15. Дәстүрлі оытуда өктем педагогика қолданылады, ол бала дамуын тежейді.

15. Сабақта мұғалім мен оқушы ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс істейді. Балалар ынтымақтаса жұмыс істеп жатады. Оқушы өзін-өзі жақсы сезінеді.

16. баланың өзінің жеткен табысына қуанту жағы аз.

16. Оқушылар өздерінің істеген жұмыстарына риза, жан аямай еңбек етеді, өздерін-өздері басқарады. Әр бала өзін жақсы жағынан көрсетеді.



Сонымен, дамыта оқыту, түсіндіру-сипаттау арқылы оқыту түрінің орнына келе жатқан, жаңа, оқушыларды жұмыстандыратын оқыту тәсілі.

Ол жеке тұлғаның барлық сапаларын дамытады.



Дамыта оқыту

1-үлгі: 5-сынып оқушыларын қатыстырып өткізген тіл сабағы

Тақырып: Үй жануарлары

1.Оқыту нақтыдан абстрактіге қарай жүреді.

А) үй тапсырмасы

Ә) сабақтағы жұмыс

Нақты: үйреншікті жағдайда жануарлардың өмірін бақылау.

Абстрактілік-әр түрлі жануарлардың ұқсастықтарын және айырмашылықтарын табу үй жануарлары туралы түсінік қалыптастыру.

А) Оқушыларға үй жануарларын, олардың қылықтарын, не жейтінін, оларды күту жұмыстарын бақылау тапсырылады.

Оқушылардан шағын әңгіме жазу, бақылау материалдарына сүйеніп тақпақ шығару сұралады.

Ә) Мұғалім оқушылар жинаған ақпараттарды жинақтайды және талқы барысында олардың үй жануарлары туралы дұрыс түсінігін қалыптастырады.

ІІ. Жеке факті, оқиға төңірегіне шоғырланатын негізгі идеяны меңгеру.

Негізгі идея-жауарлар өмірімен танысу, жаңа лексиканы меңгеру.

А) Оқушыларға жануарлардың тізімі беріледі, оқушылар одан барлық үй жануарларын бөліп, өз таңдауын негіздейді. Жолбарыс, мысық, сиыр, қоян, ит, ат, кірпі, тасбюақа, арыстан.

Ә) Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қайда мекендейтіні туралы әңгімелеу.

3. Жалпы дидактикалық іскерлікті, атап айтсақ негізгіні бөлу, оқулықпен жұмыс, оқығанын өз сөзімен айту, мәселелі жағдаяттарды шешу іскерліктерді қалыптастыратын материал.

Сынып шағын топтарға бөлінеді, әрқайсысы үй жануарлары шағын мәтін алады.

Міндеттер:

  1. Мәтінге тапсырма беру

  2. Мәтінді айтып беру, құрастыру.

  3. Суретке қарап мәтіннің жалғасын ойлап табу.

4.Өзін өзі тексеруге арналған материалдар.

Үй тапсырмасы, оқушы тексереді.

  1. Лексикалық білімін

  2. Логикалық ойлау іскерлігін.

Кроссворд

5-6.Өздік жұмыс (өз бетімен, шығармашылық, абстрактілі ойлауды дамыту).

Тапсырма: суреттер (7)

  1. Суреттерді ретімен орналастыру

  2. Суретке қарап әңгіме, шағын шығарма жазу.

  3. Суреттерді ретімен қойғанын дәлелдеу

7.Пәнаралық байланыс.

Биология-Білім «Сүтқоректілер» тақырыбында қоданылады.

География-түрлі елдерде қандай үй жануарлары бар?

Орыс тілі немесе қазақ тілі-сөздердің дұрыс айтылуы

Математика-жануарлар өмірі туралы есеп.

Білімді оқу пәнінен тыс жерде қолдану өмірімен байланыс (сыныптан тыс жұмыс)

  1. Үй жануарларын күту

  2. Ит (мысық) көрмесіне бару.

  3. Тапсырма:Әр түрлі тектерді есте-сақтау, сыртқы тұрқына сипаттама беру. Мектепте жануарларды күтуді ұйымдастыру (қаңғыбас, ауру жануарды күту)

Шығармашылық тапсырманы орындау үлгілері. Осыған қарап отырыа, сабақжоспарын құр.


hello_html_152a0a0e.gifhello_html_m1683bbc1.gifhello_html_71fb000a.jpg























1.Дамыта оқыту Л.Выготскийдің қай теориясына негізделеді?

А) жақын даму аймағы;

В) актуальды даму аймағы;

С) жан-жақты дамыту;

Д) іс-әрекет.


2.Оқу іс-әрекеті нені дамытады?

А)қитсынды ойды;

В)репродуктивтік ойды;

С)теориялық ойды;

Д) продуктивті ойды;

3.Оқу арқылы жан-жақты даму міндетін қойған қай ғалым?

А)Л.С.ВВыготский;

В) Л.В.Занков;

С) Д.Б.Эльконин;

Д) В.В.Давыдов;

4.Оқытуды теориялық ой дамыту іс-әрекеті арқылы зерттеген ғалым?

А) Л.В.Занков;

В)В.В.Давыдов;

С)Л.С.Выготский;

Д)Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов;

5. Дамыта оқыту арқылы білім қандай тәсілдермен беріледі?

А)репродуктивтік;

В)жан-жақты "теориялық" іс-әрекет арқылы;

С)алгоритмделген;

Д)шығармашылық.

6.Жақын даму аймағы дегеніміз не?

А) баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары;

В) ересектердің көиегімен істей алатын жұмыстары;

С) өздік жұмыс;

Д) шығармашылық жұмыстары;

7.Л.В.Занков өз экспериментінде қандай әдістерді жиі қолданды?

А) психологиялық;

В) педагогикалық;

С) философиялық;

Д) танымдық;

8.Дамыта оқытудың баланың дамуында жетекші рөл атқаратынын іс-жүзінде дәлелденген, ғалым:

А) Ш. Амншали;

В) В.Ф. Шаталов;

С) Е.Ильин;

Д) Л.В.Занков.

9."Оқыту тиімділігінің көрсеткіші баланың жалпы дамуы"-деген пікірді айтқан кім?

А) В.В.Давыдов;

В) Л.С.Выготский;

С) Е.Ильин;

Д) Л.В.Занков.

10) Л.В.Занков баланың қандай сапаларындамыту міндетін қойды?

А) ақыл-ой, ерік-жігер, сезім;

В) қызығушылық, қабілет;

С) ынта, ықылас;

Д) адамгершілік, мінез


11)Л.В.Занковең басты бала бойындағы қандай сапаны жоғалтпау керек деді?

А) жағымды сезімді;

В) ақыл-ойды;

С) ерік-жігерді;

Д) қабілетті.

12) Л.В.Занков жүйесінде қандай білімніңүлес салмағыкөп?

А) алгоритм арқылы алынатын;

В) проблемалық оқыту арқылы алынатын;

С) сабақ кезінде алынатындар;

Д) экскурсия кезінде алынатындар.

13) Л.В. Занков жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы:

А) факультатив;

В) үйірме;

С) сабақ;
Д) экскурсия.

14) Л.В.Занков жүйесі бойынша сабақты қалай бастау ұсынылды?

А) өткен материалды қайталаудан;

В) бекітуден;

С) мқлдем жаңа материалдан;

Д) үй тапсырмасын сұраудан.

15).Л.В.Занков жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың маңызды формасы.

А) сабақ;

В) экскурсия;

С) факультатив;

Д) үйірме;

16. Қай оқыту түрінде баға басты рөл атқарады?

А) дамыта оқыту;

В) бағдарламаланған;

С) дұрыс жауабы жоқ;

Д) дәстүрлі.
17. Дамыта оқытуда қандай әдістер қолданылады?

А) балалардың жұмысын ұйымдастыратын;
В) түсіндіру, көрсету;

С) жаттығу;

Д) тәжірибелік жұмыстар.

18. Дамыта оқытудағы әдістің негізгі түрі?

А) монолог;

В) түсіндіру;

С) жаттығу;

Д) диолог (сұрақ-жауап)

19. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан түбірлі айырмашылығы неде?

А) технологияландырылмауында;

В) диалогтың қолданылуында;

С) алгоритм бойынша оқытуында;

Д) барлық жұмысты баланың істеуінде.





Күні ____________ тобы______________


Пәні: педагогика


Тақырыбы: Коммуникативті-ақпараттық технологиясы

Мақсаты: 1.Оқыту технологиясы туралы түсініктерін пысықтау, жаңа материалды меңгерту, коммуникативті-ақпараттық технология туралы түсінік беру;

2. Ойға шабуыл, ассоциация стратегиялары арқылы сыни тұрғыдан ойларын дамыту;

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу, таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын кеңейту.

Түрі: аралас

Әдістері: СТО стратегиялары, КСО

Көрнекілік: кесте


Сабақ барысы


1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу.

2. «Миға шабуыл» , кезекші оқушы жүргізеді..

-Технология қай тілден енген сөз?

-Мағынасы қандай?

-Технология дегеніміз не?

-Оқыту технологиясы дегеніміз не?

-Әлеуметтік технология мен өндірістік технологияның қандай ұқсастықтары мен айырмашылығы бар?

-қандай оқыту технологияларын білесіңдер?

-Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік.

-Л.В.Занков жүйесі.

-Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытуды салыстыру.


3. Ашық-тест. Өзін-өзі тексеру.

4.Үй тапсырмасын тексеру.

Жоспар бойынша ауызша сұрау

5.Жаңа материалмен жұмыс. (қосымшада)

Жоспар:

1.Ақпараттық-коммуникативтік технология туралы түсінік

2. Электрондық оқулықтар

3. Интернет технологиясы

4. Қашықтықтан оқыту технологиясы

5. Оқу үрдісіне қолданылатын ақпараттық технология-лардың негізгі түрлері.

6.Интерактивті тақта технологиясы


4.Топпен жұмыс

1-топ. Бесжол өлең стратегиясы

2-топ. Эссе жазу

3-топ.Тест құрастыру

4-топ.Сөзжұмбақ құру.

5. Топ жұмыстарын көру, тыңдау

6.Бекіту.Сұрақ-жауап әдісі арқылы «Телекөпір» ойыны.

-Дамыта оқыту дегеніміз не? Т.б.

7.Үйге тапсырма: мәтінді дайындау, Венн диаграммасын құру.

8.Бағалау.



Оқушының пәнге деген қызығушылығының артуы


Мұғалімнің пед технологияны игеруі

hello_html_5789e2f7.gif


hello_html_2b503db.gifhello_html_1575c7f8.gifhello_html_m64554563.gif

Сабақ уақытын тиімді қолдану

Оқушының өз бетінше ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеуінің артуы


hello_html_m24b15c14.gif

hello_html_m48312614.gif


Білімнің тереңдігі

Жылдамда, тез керекті мағлұматтарды алуы


hello_html_5daa6e72.gifhello_html_6b11c135.gif


Білім, білік, дағды деңгейінің қалыптасуы

Қағазды үнемдеп экологиялық тазалықты сақтауы

hello_html_m77dae311.gifhello_html_m6228d09d.gif

hello_html_3d4e1250.gifhello_html_2cd56c5e.gif

hello_html_m2df47aa7.gif

Тексеру түрлерімен бағалануы

Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі



Практикалық дағдыларды игеруі



















Адамзат ХХІ-ғасыр есігін - әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру»- стратегиясының маңызы ерекше болса, биылғы- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

Ақпараттық – коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қашықтық білім туралы түсінік:
Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға  қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.
Қашықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және  электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
- Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен);
- Жаңа технологияларды қолдану;
- Оқып үйренушілердің  әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
- Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;
- Оқып  үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады.

Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:
- Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс.
- Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек.
- Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
- Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы керек.
- Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.
- Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек.
- Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс.
- Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы тиіс.
- Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және  тиімді болуы тиіс.
- Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы тұғырнамада жұмыс істеуі қажет.
- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс.
- Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс.
- Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс.
- Көпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу керек.
- Жұмыстың тиімділігі. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту керек.

Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары:
1. Оқытудың адамгершілік қағидасы.
Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып,  білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың  басымдылығының қағидасы.
Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.
3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық  технологияларды қолдану қағидалары.
Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.
ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік  білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.
5. ҚОЖ –де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.
Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.
ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс.
7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары.  
Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет.  Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер,  курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. қолданылатын болады.
8. Оқытудың ұтымды қағидалары.
ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер  Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады.
9. Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары.
Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады.
10. Білім берудің алдына шығу қағидалары.
Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар,  қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға  тез бейімделіп, оның сана –сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады. 
 

Қашықтан оқыту жүйесінің типтері:
Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету мүмкін. ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде(оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет.
Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған  шартты жүйесі өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша(екінші) жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін көрсету керек.

ҚО  жүйесінің құрылымы:
ҚО  жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді:
- Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.
- Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады.
- Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т.б.). ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу және телекоммуникациялық байланыс  құралдарымен  дағдысы болу керек. 
- Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып  табылады. Оқытушы- ҚО білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.
- Оқыту әдістері. ҚО түрі: ақпараттық – ереже жиынтығы, репродуктивті(дауыс күшейткішін реттеу), мәселелі мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы мен зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің  барлық  жиынтығын қамтиды.
- Оқыту құралдары. ҚО білім беру  үрдісінде  оқытудың дәстүрлісі  қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.
- Ғылыми – білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына  сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу - әдістемелік материалдардан тұрады.
- Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.

Қашықтан оқыту үлгілері:

Педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б.
- ҚО дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM  дискілерді және т.б. қолданады.  Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады.
- ҚО семинарлары  оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. ҚО семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар  пікірталасқа  оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып,  бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.
- ҚО кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады.
- ҚО зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, имитаторлар(бірдемені мүмкіндігінше дәл қайталайтын аспап), тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. ҚО жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар, имитациялық үлгілеулер және т.б.  қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін мүмкіндігі бар.
- ҚО бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. ҚО өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек.
 

Оқу электрондық басылымдар:
Оқу белгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискетада сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді бақылау және өз бетімен алу үшін оны комплексті қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген  автоматтандырылған оқыту жүйесі.

Компьютерлік оқыту жүйесі:
Компьютерлік оқыту жүйесі-ҚО білім беру үрдісінде кең түрде қолданылатын оқу белгілерінің бағдарламалық құралдары және мынандай жағдайлар туғызады:
- оқыту үрдісін саралау және даралау;
- білім алушы қателерінің  диагностикасымен және кері байланысын тексеру;
- өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық іс-әрекетіне өзіндік түзетулерді қамтамасыз ету;
- компьютердегі көп еңбек сіңіруді керек қылатын есептеулер есебінен оқыту мерзімін қысқарту;
- көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау;
- құбылыстар мен процестерді үлгілеу және боямалау;
- эксперимент пен тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды виртуалды шындық жағдайында жүргізу;
- қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту;
- ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыру;
- танымдық мәдениетін және т.б. жеткізе білу.


Аудио-бейне оқу материалдары және т.б.
Аудио-бейне оқу материалдары магниттік тасымалдауыштарда   жазылады, білім алушыға магнитофонның, бейне магнитофондар немесе CD-ROM лазерлі жинақ-дисктердің көмегімен берілуі керек. Компьютерлік желілер- байланыс каналдарымен қосылған әр алуан түрлі ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын қамтитын оқыту құралдары. ҚО кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық желі INTERNET болып табылады.

  hello_html_520944a3.pnghello_html_520944a3.pnghello_html_520944a3.png

MOODLE ҚАШЫҚТЫҚ БІЛІМ ОРТАСЫ

MOODLE («Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment») қашықтық білім ортасы (ҚБО) – Модульдік нысанды-бағытталған динамикалық оқытушы қабық:  
(ҚБО) MOODLE кез-келген пән бойынша оқу курстарын жасайтын, оларды басқаратын және мектептің немесе ЖОО нақты білім үрдісіне енгізетін жүйе болып табылады. Берілген ортаның жоспарлауда, материалды жасау, өңдеу, орналастыру бойынша құралдардың  үлкен кешенінің барлығын көрсететін WYSIWYG (What You See Is What You Get) визуалды негізін қолдана отырып, оқу материалын орналастыруда кең спектрлі мүмкіндіктері бар екенін ерекшелейік.   

Міндеті бойынша ҚБО MOODLE құралдарының негізгі жіктелуі:
- ақпараттық (түсініктеме, мәтіндік бет, глоссарий, мәліметтер базасы, сұрақ, сауалнама);
- бақылаушы (тест, жұмыс дәптері, бақылау элементтері бар дәріс, семинар);
- коммуникациялық (чат, форум, жан-жаққа жіберу, курсқа қатысушылардың жеке хабарламалары).

ҚБО MOODLE – дің негізгі ерекшеліктері:
- оқытушы үшін де (оқу курстарын жасау және басқару үшін), материалды меңгеруде, берілген бақылаушы тапсырмаларды орындауда және т.б. оқушылар үшін де қолайлы және түсінікті  интерфейс;
- берілген ортада курстың оқытушысы мен оның студенттерінің қатынасу мүмкіндігі барлығын көрсететін ортаның коммуникативтілігі. Осы қатынас чат, форум, Wiki, жеке хабарламалармен алмасу, электрондық поштаға жіберулер сияқты жеке құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Және де студенттердің өзара қатынасу мүмкіндіктері бар. Әрине, сөз болып отырған қатынас оқу-тақырыптық сипатта болуы тиіс және сұрақ-жауап, ұсыныстар, ойлар, тапсырмалар, жаттығулар, берілген тақырып бойынша материалдарға іріктеме жасау, басқа студенттердің жауаптарына түсініктемелер, есептерді шешуде өзгертулер және т.б. түрде болуы мүмкін;
- студенттердің орындаған тапсырмаларын көруге, түсініктеме беруге және бағалауға мүмкіндік берілген курстың оқытушысының бақылау және бағалау жасауға мүмкіндігі. Осы айтылғандар басқа  студенттердің серіктеріне де қатысты орындалады, осылайша өзін-өзі бақылау жүзеге асады. Осы жерде әрбір студент жүзеге асыра алатын өзін-өзі бақылаудың да рөлін ерекшелейік: ол үшін берілген ортаның құралдарының кең шоғыры берілген, мысалы, тестілер немесе сәйкес тақырыптың соңында сұрақтары бар дәріс. 

MOODLE  ортасы екі рөлде бола алады:
1) Қашықтық білімнің оқу курстарын жүзеге асыратын орта ретінде. Осы жағдайда берілген курстың тыңдаушылары немесе студенттері берілген орта шеңберінде толықтай оқу өтеді (олар аумақты өшірулері мүмкін).
2) Мектептің немесе ЖОО-ның оқу үрдісіне қосымша ретінде. Дәстүрлі оқумен қатар MOODLE ортасында да оқу жүретіндігі сөз болып отыр.

Дәстүрлі оқу үрдісі мен MOODLE ортасында қарастырылатын оқудың келесі «бірігулері» болуы мүмкін:
а) оқытушы берілген пәннің бүкіл оқу үрдісін MOODLE ортасына сүйеніп құрады. Берілген орта оқудың блоктік-модульдік принципін беретінін айта кетейік. Осыған байланысты оқытушы бүкіл оқу курсын MOODLE ортасында жүзеге асырады, атап айтқанда оның бөлімдері, тақырыптары және т.б., және де бақылаушы блокты қосады. Осылайша оқытушы бүкіл сабақ үрдісінде жүгіне алатын, бүкіл дәрістік, практикалық материалдар, бақылаушы тапсырмалар MOODLE жүйесінде орналасады;
б) MOODLE жүйесінде бүкіл оқу курсы емес, қандай да бір бөлігі, белгілі бір бөлім жүйесі жүзеге асады;
в) ҚБО MOODLE-декурстың вариативті бөлімі жүзеге асады. Ол жағдайда оқытушы MOODLE –де берілген бөлімге немесе бөлімдерге көңілін аударады және берілген модульдерді өздері оқитынын айтады.  

MOODLE жүйесінде айқан көрінетін дидактикалық принциптер:
1. Оқудың көрнекілік принципі. Оқитын бүкіл материалды оқушылар бірден көре алады. Және де берілген ортамен жеңіл үйлесетін құралдар: тұсаукесерлер, логикалық сызбалар, кестелер, графиктер, аудио- және бейнеофайлдар оқу материалын көрнектірек ете алады.
2. Оқу курсы модульдердің жиынтығын ұсыну арқылы жүзеге асырылған жүйелілік және тізбектілік принципі. Кез-келген сабақтың басында, және де сабақтан тыс уақытта MOODLE жүйесінде курстың сәйкес модуліне кіріп, өткен материалды қайталауға мүмкіндік бар. Берілген жүйе материалды жалпылау және жүйелеу мүмкіндігін болжайды.
Қарастырылып отырған ортаның материалды орналастыру бойынша үлкен мүмкіндіктері бар, атап айтқанда: 
- курсты берудің ыңғайлы құрылымын, және де бүкіл курстың, сондай-ақ оның бөлімдері мен тақырыптарының оқу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес курстың ішінде орналасқан материалды толығымен таңдау мүмкіндігі;
- курстың нақты модулінде MOODLE ортасының нақты керек құралдарын таңдау мүмкіндігі;
- материалды кез-келген пішімде орналастыру мүмкіндігі бар (мәтіндік, графикалық файлдар, HTML пішімдегі файл);
- Интернет желісінің электронды ресурстарына сілтеме қою мүмкіндігі;
- басқа қосымшалардан және басқа қосымшаларға импорт және экспорт жасау мүмкіндігі;
- MOODLE ортасының өзінде оқу материалын құру мүмкіндігі (қандай да бір басқа қолданбалы бағдарламалардың қатысуынсыз).
Егер кез-келген оқу курсын осындай қашықтық ортада орындаса, онда пәнді оқуға уәжі айтарлықтай көтеріледі, берілген пәнді оқуға және  жалпы оқуға деген үлкен қызығушылық пайда болады. Оқу курсын осы ортада техникалық өңдеуге информатикалық цикл пәндері көлемінде оқушылардың өздерін де тартуға болады. Тек қана қашықтық курсын құруға ғана емес, курсты оқу материалымен: теориялық, бақылаушы сұрақтар, тестілік тапсырмалар және т.б., толықтыруға да қызығушылық пайда болады.
MOODLE білім ортасының артықшылықтары:
- достық интерфейс жүйемен жұмыс арнайы білімді қажет етпейді;
- жүйеде курстарды құру икемділігі (курсты құруда, әдістерді, оқыту және бақылау түрлерін таңдауда оқытушының кең мүмкіндіктері);
- курс мазмұнын автоматтандыру;
- көрнекіліктің жоғары дәрежесі (студенттер басқа студенттердің шешімдерін көру, басқа студенттердің жіберген қателіктерін табу және түзеу мүмкіндіктері бар);
- студенттердің өзара және өзіндік бақылау мүмкіндігі. Студент бағаланбайтын тестіні өтуі мүмкін және өзінің жіберген қателіктерін көре алады; сонымен қатар тестіні өтудің белгіленген саны мен тестің берілген сұрағына жауап беру әрекетінің санын ұйымдастыруға болады. Орта өзара бақылаудың да ұйымдастырылуын ескереді: студенттер тапсымаларды орындау және орындалған тапсырмаларды қарастыру, бір бірін тексеру;
- студентке қолайлы кез-келген уақытта оқу мүмкіндігі;
- материалды көп қайтара өту (оқу) мүмкіндігі; өткен модульге әрқашан қайтып оралуға болады.

  hello_html_520944a3.pnghello_html_520944a3.pnghello_html_520944a3.png ЖОБАЛАР ӘДІСІ

«Жобалар әдісі» білім беру  ресурсы:
Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту»
Жобалар әдісінің  мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы  шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Рефлекторлы  ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.

Жобалар әдісі  біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден –   нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға  жетудің  тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық   бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің  интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы. 

Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып,  жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.  Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
- тәжірибелік құндылықтары болуы;
- студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің  болжауы болуы ;
- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;
- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
- студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
- кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
- студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс. 


Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда):
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және  құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Жобалардың түрлері:
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады: 
- Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған  және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған,  шығармашылық);
- Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба;
- Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау);
- байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін;
- жобаға қатысушылардың саны;

- жобаның ұзақтығы.
 

Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері (сипаттаудың мүмкін нұсқалары):
I нұсқа. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады:  іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды. 

Іздеу кезеңі:

- Мәселені іздеу және талдау.
- Жоба тақырыбын таңдау.
- Кезеңдер  бойынша  жобалау іс-әрекетін жоспарлау.
- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.

Конструкторлық кезеңі:

- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.  
- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.
- Дайындау технологиясын таңдау.
- Экономикалық баға беру.
- Экологиялық сараптама жасау.
- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.

Технологиялық кезең:

-Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.
- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.
- Сапаға ағымдық бақылау жасау.
- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.

Қорытынды кезең:

- Жобаның орындалуының сапалық бағасы.
- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.
- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау).


II нұсқа.  Оқушылардың барлық іс-әрекеттері келесі кезеңдерге шоғырланған: дайындалу, жоспарлау, зерттеу, нәтижелер немесе тұжырым, нәтижелер мен үрдістерді бағалау. 

Дайындалу:

- мәселені және одан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
- мәселені шешудің болжамдарын беру;
- зерттеу әдістерін талқылау.

Жоспарлау:

- ақпарат көздерін анықтау;
- ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау;
- нәтижелерді көрсету тәсілін анықтау;
- нәтиже мен үрдісті бағалаудың іс жосығы мен критерилерін орнату;
- топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу.

Зерттеу:

- ақпараттарды жинау;
- аралық тапсырмаларды шешу.

Нәтижелер және қорытындылар:

- алынған көрсеткіштерді талдау;
- қорытындыны тұжырымдау.

Нәтижелер мен үрдісті бағалау:

- соңғы нәтижелерді рәсімдеу;
- қорытынды  жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар.  

Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары:
Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады  (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т.б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық  тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды студенттер орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру тәжірибе жүзінде мүмкін емес.

  hello_html_520944a3.pnghello_html_520944a3.pnghello_html_520944a3.png

© 2005-2010 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020

hello_html_582ffb3d.png

hello_html_67f535a3.png


CASE-STUDY ӘДІСІ  (КЕЙС-СТАДИ)

Кейс әдісі  нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны  қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1)
кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);
2)
негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.
3)
жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.


CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады:
1. Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз  CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолданутоптарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарамақарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.
6. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді.    
Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай  байланысуы мүмкін

Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты:
Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.

Кестеде кейс - әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген.
 

Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі

Оларға сипаттама

Негізгі түрлері

Проблемалық анализ

Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы

1. Жағдайдың проблемалық  мазмұнын талдау.
2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау.
3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.

Жүйелі анализ

Құрылымымен  және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру.

1. Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады.
2. Конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады.

Праксеологиялық анализ

Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру.

1. Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау.
2. Қызметті алгоритимизациялау  және  үлгілеу.

Прогностикалық анализ

Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру.

1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау.  
2. Трендттік модельдер құру арқылы  болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті  прогностикалық талдау.


Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:

Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі,  оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.
 

Кейс-әдісімен үйлескен әдіс

Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты

Үлгілеу

Жағдайдың үлгісін құру

Жүйелі талдау

Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау

Ойша тәжірибе

Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы  алу тәсілі.

Сипаттау әдістері

Жағдайдың сипатын құру

Проблемалық әдіс

Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну.

Жіктеу әдісі

Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру.

Ойын әдістері

Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну.

«Миға шабуыл»

Жағдайға қатысты ойларды  генерациялау.

Пікірталас

Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу.


Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері  кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.


Кейстердің бастаулары:

Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады.  Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады.
Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс - әдіске үйлескен басқа   оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен  міндеттерін анықтайды.
Ғылым  – бұл бейнелік кешен  ретіндегі  кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік  жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады.
Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы  байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады.

Кейстің құрылымы:
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.
Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:
- Жағдайлар  – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.
- Жағдайдың контексті  -  хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.
- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.
- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- Қосымшалар. 

Кейсті құрастыру сатысы:
Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.
Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.
- Жағдай моделін құру немесе таңдау.
- Сипаттауды құру.
- Қосымша ақпараттарды жинау.
- Ақырғы мәтінді даярлау.
- Кейстің тұсаукесері, талқылауды  ұйымдастыру.

Кейспен жұмыс істеуді  ұйымдастыру:
Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз. 
Сабақты  ұйымдастыру сатылары:
Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы. 

Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:
- Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.
- Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және  талқылауға қызығушылығы анықталады.
- Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.
Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: – мәселелені шешуге арналған  іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар  оқытушы  берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы  жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды. 

Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: - кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.

  hello_html_520944a3.pnghello_html_520944a3.pnghello_html_520944a3.png

© 2005-2010 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020

hello_html_582ffb3d.png

hello_html_67f535a3.png Электрондық оқулықтар

Интернет технологиясы

Қашықтықтан оқыту технологиясы

Оу үрдісіне қолданылатын ақпараттық технология-лардың негізгі түрлері.

Интерактивті тақта технологиясы






























АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ



Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияны «Веб-дизайн» таңдау пәнінде қолданамын.

Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған компьютерлендірілген әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.





























Осы мәселеге сәйкес мектебіміздің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс орнату мақсатында 10 сынып оқушылары «Веб-дизайн» пәнінде мектептің сайтын құрастырды




Құрастырылған сайтта мектептің тарихы, түлектері, жетістігі, рейтингісі, жаңалықтары, мектепте өтетін оқушылардың білім жарыстары енгізілген.

Бұл сайтты қолданушы мектебіміздің 70 жылдан астам уақыттағы тарихымен танысып, ерекше лауазымға ие болған, үздік бітірген түлектерді анықтай алатын болады.

Әрбір оқушы мектеп рейтингісі бойынша өзінің білім деңгейі мен жетістігін анықтайды. Оқушының интеллектуалдығын арттыратын, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша құрастырылған инттелектуалдық ойындар арқылы білімдерін тексеріп, жетілдіреді.

Мектептің оқу барысындағы өзгерістер мен жаңалықтары сайттың басты бетінде көрсетілген. Бұл сайт бүгінгі күні өз қолданысын табуда:

- мектепте болатын политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытының онкүндіктеріндегі білім жарыстары http://mektepint.narod.ru сайтына енгізілді;

- мектебімізде болып өткен облыстық білім көрмесінде басқа мектептер ұжымына сайт көрсетілді;

- Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік кешенінің отырысында сайт арқылы шеберханалық зертхана өткізілді.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі– тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру керек. Еліміздің білім беру жүйесінің дамуына ақпараттандыру ісінің, оның ішінде интернет арқылы өздігінен білім алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде интернет желісінде жергілікті аймақтардың зиялы қауымдары туралы мәліметтер жеткіліксіз.

Осы мәселелерге сәйкес, ақпараттық технологияны негізге ала отырып, оқушылардың ұйымдасуымен Р.Қаппасқызының Нығметтану бағдарламасына арналған оқу-әдістемелік кешенін «Веб-дизайн» пәнінде интернет желісіне енгізуді жөн көрдік.

Нығметтанушыларға арналған электрондық оқытушы бағдарламасы қолданушының дербес жұмыс жасауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауына мүмкіндік береді.

Сайттың негізгі беті «Алғы сөз», «Баспагер», «Автор», «Мазмұн» бөлімдерінен тұрады. «Мазмұн» бөлімінде қолданушы теорияны, сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану арқылы толық курсты меңгеріп, тест арқылы білімін тексере алатын болады. Ал мектебіміздің пән мұғалімдері құрастырған математикадан, қазақ тілінен, географиядан берілген тапсырмалары пәнаралық байланысты жандандыра түседі. Көру арқылы қабылданған ақпараттың адамның есінде ұзақ сақталатындығы туралы психологиялық тұжырымдарға негіздеп фильмдер енгізілді. Осы фильмдерде Н.Нұрмақовтың ұрпақтары мен туысқандарының пікірлері табиғи түрде таспаға түсіріліп, өңделді.




Өзінің әмбебаптығымен қатар білім сапасын жақсартудың жаңа жүйесінің бірі болып саналатын, қолданушының отандық-патриоттық санасының қалыптасуына әсері мол сайт, бүгінгі күні оқу үрдісінде пайдаланылуда. Оқушылар Internet желісінде http://nurmakova.narod.ru сайтын қолданады. Электрондық оқытушы бағдарламасы туралы облыстық, республикалық ғылыми конференцияларда пікір алмасып, авторлық бағдарламалардың республикалық конкурсында сайысқа түсті.

Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.

Осы мақсатта «Веб-дизайн» пәнінде «XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» тақырыбында интерактивті әдістемені қолдана отырып, 10 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде сайт құрастырушы жас зерттеушілердің жұмыстары тыңдалып, ақпарат алу көздерінің әр қайсысының өзіндік маңызы зор екеніндігі және

  1. Ақпаратты алудың қандай жолдарын білесіз?

  2. Интернет ақпаратты толық алуға мүмкіндік бере ме?

  3. Ақрататты қандай ақпарат көзінен алған дұрыс деп санайсыз?

  4. Интернеттен қандай ғылымдарға байланысты мәлімет алдыңыз?

  5. Интернеттен алған мәліметті кітаптардан алған мәліметтермен байланыстырып, толықтырасыз ба?

сұрақтары бойынша оқушылар өзара пікір алмасты.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Олай болса, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашағымызға жұмсауымыз керек.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002.

  2. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».

  3. Қ.Р.Қаппасова. Оқу құралы. Нығмет Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Қарағанды, 2005.

  4. Информационная технология. Электронное издание. СТ РК. А.2004

  5. Информатика и образование, 2004, №12



Краткое описание документа:

Пәні:педагогика

Тақырыбы: Дамытып оқыту технологиясы

Мақсаты:1.Оқыту технологиясы туралы түсініктерін пысықтау, жаңа материалды меңгерту, дамытып оқыту технологиясымен таныстыру;

2. Ойға шабуыл, ассоциация стратегиялары арқылы сыни тұрғыдан ойларын дамыту;

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу, таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын кеңейту.

Түрі: аралас

Әдістері: СТО стратегиялары, КСО

Көрнекілік: кесте

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу.

2. «Миға шабуыл» , кезекші оқушы жүргізеді..

-Технология қай тілден енген сөз?

-Мағынасы қандай?

-Технология дегеніміз не?

-Оқыту технологиясы дегеніміз не?

-Әлеуметтік технология мен өндірістік технологияның қандай ұқсастықтары мен айырмашылығы бар?

-қандай оқыту технологияларын білесіңдер? Т.б.

3. Ашық-тест. Өзін-өзі тексеру.

4.Үй тапсырмасын тексеру.

Жоспар бойынша ауызша сұрау

5.Жаңа материалмен жұмыс. (қосымшада)

Жоспар:

1.Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік.

2.Л.В.Занков жүйесі.

3.Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытуды салыстыру.

4.Топпен жұмыс

1-топ. Бесжол өлең стратегиясы

2-топ. Эссе жазу

3-топ.Тест құрастыру

4-топ.Сөзжұмбақ құру.

5. Топ жұмыстарын көру, тыңдау

6.Бекіту.Сұрақ-жауап әдісі арқылы«Телекөпір» ойыны.

-Дамыта оқыту дегеніміз не? Т.б.

7.Үйге тапсырма: мәтінді дайындау, Венн диаграммасын құру.

8.Бағалау.

Дамыта оқыту. Дамытаоқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшіреді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды. (ЛүВ.Занков).

Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгертуге мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).

Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігі,оның маңызындәлелдейді. Дамытаоқу арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғарысыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.

"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес псиологы Л.аыготский (1896-1934! Оқыту мен дамудың байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды дейді.

Өзекті даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны-жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлеу алуы-актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап"жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптермен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.

"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережелермен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.

Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-рй жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші-әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.

Дамыта оқытудың мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.

Л.В.Занков жүйесі.

Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

Оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

Теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстырады, заңдылықтарды ашу;

Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы;

Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімен деп сезінеді. Материал қайткенде есіиде жақсы өқалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;

Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтамақта дамиды.

Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.

Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.

Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты жалпы баланы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдейді.

Занков жүйесінің басты міндеті-баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудың сенімді негізгі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін тұлға. Олай болса, мақсат-баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л.В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.

Л.В.Занков жүйесіндегі бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесіндеэкскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.

Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгенін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарам-өайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сұрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушының өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.

Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудың жетекші нысаны-сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын бюолып келеді Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталу мүмкін. Дәстүрлі оөытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мұғалім баланың өз ойын, өз бақлауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.

Оқытудың ұйымдастырудың маңызды нысаны-экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет.Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес.Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланыңбайқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.

Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.

Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В.Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалр кім"озат", кім"үлгермеуші" екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.

Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындайтын кеінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар-сыншыл.

Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияқты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия – өзінің психикалық жағдай туралы ойлануы, өзінің толғаныстыратын талдай білуге бейімділік. Бала өзінің ммінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады.Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.

Енді дамыта оқытуды дәстүрлі оқытумен салыстырайық:

Дәстүрлі оқыту жүйесі


1.Мақсат: білім беру, іскерлікке үйрету, дағдыландыру. Оқушыны қоғамда жұмыс істеуге әзірлеу. Оқыту жеке тұлғаны тікелей, стихмялы түрде дамытады.

1. Баланың өзінің жеке басын дамыту үшін өзінің сөзі мен ісіне талдау жасауы, өз жұмысын жоспарлауы, өз бетімен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйренуі, жақсы болуға ұмтылуы: " Оқушы мектепке барып мұғалімнің айтқанын екі етпейтін, үй тапсырмаларын мұқият орындайтын ғана адам емес, ол өзін-өзі жетілдіретін тұлға " (Д.Б. Эльконин)

2. Дәстүрлі оқыту баланың соңынан ілініп келе жатады.

2. Оқытуда мұғалім баланың білетіндеріне сүйенеді. Баланың білімі, мәдениеттілігі, ойы, сезімі, бір нәрсені анық түсінуі оған өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар кейдеересектердің көмегенсіз де тапсырмаларды орындай алады. Ал олар үшін қиын тапсырмаларды ересектердің бағыт берумен өздері орындай алады Бүгін жұмыс істеп үйренгеноқушыға ертең өмірде ондай болады.

3. Бала-оқыту объектісі. Барлық жұмысты істейтін мұғалім, ал бала-тыңдаушы.

3. Бала-оқу субъектісі, мұғалімнің бағыт берумен өзін оқытатын жеке тұлға.

4.Мұғалім сабақ түсіндіруші, оқушы түсінгенін қатайлап айтып беруші.

4. Бала сабақ үстінде тек бір тақырып бойынша көптеген жұмыстар істейді.

5.Мұғалім оқу ақпараттарын хабарлаушы, оларды қайта айтып беруге жаттықтырушы. Мұғалімнің ең басты жұмысы білімді оқушының есінде сақтату, іскерлікке үйрету, дағдыландыру.

5. Жұмысты істеуге оқушылардың өздерін үйрету. Қарапйым зертеулер арқылы оқушының теориялық білімінің қалыптасуы.

6.Мұғалім оқытушы, оқушы үлгі бойынша есептер шығарады, жаттығулар жазады.

6. Оқушы мен мұғалім бірге жұмыс істейді. Мұғалім оқытпайды, қайта тақырыпты түсіну үшін оқушыларды жұмыс істетеді.

7.Сонымен дәстүрлі оқытудың міндеті белгілі бір білімдерді түсіндіріп, есте сақтау. Оқушылардың іскерлікке үйрету, дағдыландыру негізінен сөз, жаттығу, практикалық әдістері арқылы жүреді. Мұнда ұғым- абстрактілі, тек сөзбен тұжырымдалған.

7. Дамыта оқытуда білім, ұғым қатар жүреді. Дамыта оқыту мазмұнның негізгі бөлігі ұғымдармен жұмыс істеу. Ұғымның мәні заттармен жұмыс істеу арқылы ашылады.

Мысалы: Шама ұғымдағы негізгі іс-әрекет өлшеу жұмыстары. Матеметика курсында сандарды оқып үйренбестен бұрын түрлі өлшемдер арқылы шамалар өлшенеді.

8. Негізгі әдістер түсіндіру, көрсету

8. Дамыта оқытуда балалардың жұмысын ұйымдастыратын әдістер қолданылады.

9. Дәстүрлі мектепте көбіне сабақ, тәрбиелік шара өтеді. Әуелі материал даңдалады, содан кейін оқушы онымен жұмыс істеу керек.

9. Дамыта оқытуда оқушылардың алдына оқу міндеттері қойылады. Пән мазмұнында оқушы істейтін жұмыстар көптеп құрастырылады. Оқыту мақсаты оқушыны өзгерту, дәлірек айтсақ жұмыс істей алатын жеке тұлға.

10. Дәстүрлі оқытуда сабақ, жаттығу мақсаттары жоғарыдан қойылады. Мақсатты ересектер қояды. Оқушының пікірімен санасу жағы аз.

10. Дамыта оқытуда мұғалім өзінің балалар алдына қойған міндеттерін олардың қабылдауына к.ш салады. Үлгі- объектінің ішкі құрылымын белгілеу құралы. Ол оқушыға жұмыс тәсілдерін таңдауға, оқу міндеттерін жаңа варианттармен орындауға көмектеседі.

11. Дәстүрлі оқытуда жаппай, жеке, топтық жұмыс түрлері қолданылады. Бұл әдістеме негізінен технологияландырылған, себебі оқушы алгоритм бойынша жұмыс істейді

11. Дамыта оқытуда ұжыммен де, жеке оқушымен де жұмыс істеледі. Оқу міндеттерін шешу кезінде балалар түрлі жұмыс тәсілдерін қолданса да оларды орындай алмайтын кездері болады. Шебер мұғалім ең болмаса бір оқушынығ міндетті дұрыс шешуіне жағдай жасайды. Диолог оқу міндетін орындауға әкеледі. Ситуация шешу кезіндегі оқушының өз жауабын талдауы, түрлі жорамалдау айтуы оның дамуына себепші болады. Жұмыстың негізгі түрі сұрақ-жауап (диолог). Диолог кезінде оқушылар өз білгендерін ортаға салады, пікірлерін айтады. Дамыта оқытудың дәстұрлі оқытудан түбірлі айырмашылығы да осында. Ол технологияландырылмаған. Егер бала әңгіменің не туралы болып отырғанын түсінбесе, онда оған ойлануға мүмкіндік беріледі. Бірақ оның ойын тиянақтайтын алгоритм берілмейді.

12. Сабақта оқушылардыңіс-әрекеті аз.

12. Ұғымдар жүйесін түсіну, есте сақтау үшін оқушылар түрлі іс-әрекет жасайды. Мысалы, дамыта оқыту талаптары тұрғысынан жазылған бастауыштың математика оқулығындағы " тік төртбұрыш қасиеті" деген жаңа ұғым тік тқртбұрыштың қызыл түсті қабырғасын, көк түсті қабырғасын өлшеу, оларды салыстыру, қорытынды жасау арқылы меңгеріледі.

13. оқушы өзінің іс-әрекетін жете бақыламайды. Оқушыны көбіне мұғалім бағалайды.

13.Оқушыны өзін бақылауға үйретеді.

14. Дәстүрлі оқыту оқушының жасын, психологиясын көп елемегендіктен, оның іс-әрекетін ұйымдастыруға да жете мән бермейді. Бұл адам табиғатына қайшы келетін құбылыс.

14. Дамыта оқыту оқушының жас ерекшеліктерін, негізгі атқаратын жұмыстарын есепке алады.

15. Дәстүрлі оытуда өктем педагогика қолданылады, ол бала дамуын тежейді.

15. Сабақта мұғалім мен оқушы ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс істейді. Балалар ынтымақтаса жұмыс істеп жатады. Оқушы өзін-өзі жақсы сезінеді.

16. баланың өзінің жеткен табысына қуанту жағы аз.

16. Оқушылар өздерінің істеген жұмыстарына риза, жан аямай еңбек етеді, өздерін-өздері басқарады. Әр бала өзін жақсы жағынан көрсетеді.

Сонымен, дамыта оқыту, түсіндіру-сипаттау арқылы оқыту түрінің орнына келе жатқан, жаңа, оқушыларды жұмыстандыратын оқыту тәсілі.

Ол жекетұлғаның барлық сапаларын дамытады.

Дамыта оқыту

1-үлгі: 5-сынып оқушыларын қатыстырып өткізген тіл сабағы

Тақырып: Үй жануарлары

1.Оқыту нақтыдан абстрактіге қарай жүреді.

А) үй тапсырмасы

Ә) сабақтағы жұмыс

Нақты: үйреншікті жағдайда жануарлардың өмірін бақылау.

Абстрактілік-әр түрлі жануарлардың ұқсастықтарын және айырмашылықтарын табу үй жануарлары туралы түсінік қалыптастыру.

А) Оқушыларға үй жануарларын, олардың қылықтарын, не жейтінін, оларды күту жұмыстарын бақылау тапсырылады.

Оқушылардан шағын әңгіме жазу, бақылау материалдарына сүйеніп тақпақ шығару сұралады.

Ә) Мұғалім оқушылар жинаған ақпараттарды жинақтайды және талқы барысында олардың үй жануарлары туралы дұрыс түсінігін қалыптастырады.

ІІ. Жеке факті, оқиға төңірегіне шоғырланатын негізгі идеяны меңгеру.

Негізгі идея-жауарлар өмірімен танысу, жаңа лексиканы меңгеру.

А) Оқушыларға жануарлардың тізімі беріледі, оқушылар одан барлық үй жануарларын бөліп, өз таңдауын негіздейді. Жолбарыс, мысық, сиыр, қоян, ит, ат, кірпі, тасбюақа, арыстан.

Ә) Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қайда мекендейтіні туралы әңгімелеу.

3. Жалпы дидактикалық іскерлікті, атап айтсақ негізгіні бөлу, оқулықпен жұмыс, оқығанын өз сөзімен айту, мәселелі жағдаяттарды шешу іскерліктерді қалыптастыратын материал.

Сынып шағын топтарға бөлінеді, әрқайсысы үй жануарлары шағын мәтін алады.

Міндеттер:

1.Мәтінгетапсырма беру

2.Мәтінді айтып беру, құрастыру.

3.Суретке қарап мәтіннің жалғасын ойлап табу.

4.Өзін өзі тексеруге арналған материалдар.

Үй тапсырмасы, оқушы тексереді.

1.Лексикалық білімін

2.Логикалық ойлау іскерлігін.

Кроссворд

5-6.Өздік жұмыс (өз бетімен, шығармашылық, абстрактілі ойлауды дамыту).

Тапсырма: суреттер (7)

1.Суреттерді ретімен орналастыру

2.Суретке қарап әңгіме, шағын шығарма жазу.

3.Суреттерді ретімен қойғанын дәлелдеу

7.Пәнаралық байланыс.

Биология-Білім «Сүтқоректілер» тақырыбында қоданылады.

География-түрлі елдерде қандай үй жануарлары бар?

Орыс тілі немесе қазақ тілі-сөздердің дұрыс айтылуы

Математика-жануарлар өмірі туралы есеп.

Білімді оқу пәнінен тыс жерде қолдану өмірімен байланыс (сыныптан тыс жұмыс)

1.Үй жануарларын күту

2.Ит (мысық) көрмесіне бару.

3.Тапсырма:Әр түрлі тектерді есте-сақтау, сыртқы тұрқына сипаттама беру. Мектепте жануарларды күтуді ұйымдастыру (қаңғыбас, ауру жануарды күту)

1.Дамыта оқыту Л.Выготскийдің қай теориясына негізделеді?

А) жақын даму аймағы;

В) актуальды даму аймағы;

С) жан-жақты дамыту;

Д) іс-әрекет.

2.Оқу іс-әрекеті нені дамытады?

А)қитсынды ойды;

В)репродуктивтік ойды;

С)теориялық ойды;

Д) продуктивті ойды;

3.Оқу арқылы жан-жақты даму міндетін қойған қай ғалым?

А)Л.С.ВВыготский;

В) Л.В.Занков;

С) Д.Б.Эльконин;

Д) В.В.Давыдов;

4.Оқытуды теориялық ой дамыту іс-әрекеті арқылы зерттеген ғалым?

А) Л.В.Занков;

В)В.В.Давыдов;

С)Л.С.Выготский;

Д)Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов;

5. Дамыта оқыту арқылы білім қандай тәсілдермен беріледі?

А)репродуктивтік;

В)жан-жақты "теориялық" іс-әрекет арқылы;

С)алгоритмделген;

Д)шығармашылық.

6.Жақын даму аймағы дегеніміз не?

А) баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары;

В) ересектердің көиегімен істей алатын жұмыстары;

С) өздік жұмыс;

Д) шығармашылық жұмыстары;

7.Л.В.Занков өз экспериментінде қандай әдістерді жиі қолданды?

А) психологиялық;

В) педагогикалық;

С) философиялық;

Д) танымдық;

8.Дамыта оқытудың баланың дамуында жетекші рөл атқаратынын іс-жүзінде дәлелденген, ғалым:

А) Ш. Амншали;

В) В.Ф. Шаталов;

С) Е.Ильин;

Д) Л.В.Занков.

9."Оқыту тиімділігінің көрсеткіші баланың жалпы дамуы"-деген пікірді айтқан кім?

А) В.В.Давыдов;

В) Л.С.Выготский;

С) Е.Ильин;

Д) Л.В.Занков.

10) Л.В.Занков баланың қандай сапаларындамыту міндетін қойды?

А) ақыл-ой, ерік-жігер, сезім;

В) қызығушылық, қабілет;

С) ынта, ықылас;

Д) адамгершілік, мінез

11)Л.В.Занковең басты бала бойындағы қандай сапаны жоғалтпау керек деді?

А) жағымды сезімді;

В) ақыл-ойды;

С) ерік-жігерді;

Д) қабілетті.

12) Л.В.Занков жүйесінде қандай білімніңүлес салмағыкөп?

А) алгоритм арқылы алынатын;

В) проблемалық оқыту арқылы алынатын;

С) сабақ кезінде алынатындар;

Д) экскурсия кезінде алынатындар.

13) Л.В. Занков жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы:

А) факультатив;

В) үйірме;

С) сабақ;
Д) экскурсия.

14) Л.В.Занков жүйесі бойынша сабақты қалай бастау ұсынылды?

А) өткен материалды қайталаудан;

В) бекітуден;

С) мқлдем жаңа материалдан;

Д) үй тапсырмасын сұраудан.

15).Л.В.Занков жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың маңызды формасы.

А) сабақ;

В) экскурсия;

С) факультатив;

Д) үйірме;

16. Қай оқыту түрінде баға басты рөл атқарады?

А) дамыта оқыту;

В) бағдарламаланған;

С) дұрыс жауабы жоқ;

Д) дәстүрлі.
17. Дамыта оқытуда қандай әдістер қолданылады?

А) балалардың жұмысын ұйымдастыратын;
В) түсіндіру, көрсету;

С) жаттығу;

Д) тәжірибелік жұмыстар.

18. Дамыта оқытудағы әдістің негізгі түрі?

А) монолог;

В) түсіндіру;

С) жаттығу;

Д) диолог (сұрақ-жауап)

19. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан түбірлі айырмашылығы неде?

А) технологияландырылмауында;

В) диалогтың қолданылуында;

С) алгоритм бойынша оқытуында;

Д) барлық жұмысты баланың істеуінде.

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров6736
Номер материала 274124
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх