Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Әдебиеттік оқу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары "Әдебиеттік оқу"

библиотека
материалов

Сыныбы:2




Әдебиеттік оқу

Күні:

Тақырыбы: Бөлімді қайталау.Тест.

Мақсаты: «Атадан қалған асыл мұра » бөлімі бойынша алған білімдерін бекіту

Табыс критерийлері:

- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлерін біледі.
- атадан қалған сөздердің бағажетпес қазына екенін түсінеді

-тілдерін,ой-өрісін және шығармашылығын арттырады

-мәнерлеп оқуға,рольге бөліп оқуға машықтанады

- асыл сөздердің адам өмірінде маңыздылығын ұғынады


Қолданатын әдіс-тәсілдер: тест,түсініп оқу,сипаттау,сахналау


Ресурстар: смайликтер,билер суреті,компьютер,үлестірме парақтар,түрлі-түсті қарындаштар


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

І.Психологиялық ахуал орнату:

«Амандасу»

тренингі










Кұлімдеген жүзбенен

Амандасып алайық

Қарсы отырған көршіме

Қолымызды бұлғайық!

Жылы-жылы сезіммен

Маңдайынан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қысып-қысып алайын


Оқушылар өлең шумақтарындағы сөздеріне қарай қимыл қозғалыстарын көрсетеді.








Мадақтау
















ІІ.Миға шабуыл:













1.«Сұраққа-жауап»

Тренингі

(үй тапсырмасы бойынша сұрақтар тізбегі)









2. Мәнерлеп оқу минуты





3. Рольге бөліп сахналау



4. Суретке сипаттама

1.Біз оқып аяқтаған бөлім қалай аталады?

2. «Атадан қалған асыл мұра » дегенге қандай түсінік бере алар едіңдер?

3. Халық ауыз әдебиетіне не жатады?

4.Бөлімнің соңғы тақырыбы қалай аталады?

1. «Үш арыстың үлгілері» тақырыбы халық ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсы тобына жатады?

2. Сенің ойыңша арыс деген сөздің мағынасы қандай?

3.Үш арыс дегеніміз кімдер?

4.Билердің қандай сөздерін білесіңдер?

Мұғалім оқулықтағы «Үш арыстыңүлгілері» тапсырмасын оқуды ұсынады



3-қатардан 3 оқушыға сахналау ұсынылады



Тақтаға үш бидің суреті ілінеді

Оқушылар мұғалім сұрақтарына өздерінің мүмкін жауаптарын беріп,өз ойларымен бөліседі.





Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына толық жауап беріп отырады.













3-4 оқушылар оқулықтан

Берілген шешендік сөздерді мәнерлеп оқиды.

3-қатардан 3 оқушы шығып сахналайды



Оқушылар үш бидің түр әлпетін сипаттап қасиетін ашады



http://glodealer.com/sites/default/files/styles/lightbox_bigimage/public/sale/4-1/skidki-Vologda-1421315101.jpg?itok=lmZUWXuIБас бармақ арқылы бағалау



Жарайсыңдар!

















Ауызша қошемет





Шапалақ





Мақұлдау

ІІІ. Мағынаны ашу:

Жұптық жұмыс

Мұғалім әр қатарға тапсырмалар ретін береді

Оқушылар жұптасып тапсырмаларды орындап,топтастырады.

1-қатар жұптары-«Ертегілер»

2-қатар жұптары- «Аңыздар»

3-қатар жұптары- «Төрт түлік»

http://s017.radikal.ru/i413/1202/10/771b21b3ffb8.jpg

ІҮ.Сергіту сәті

Музыкалық пауза

Көңілді әуен қояды

Оқушылар әуен ырғағына сәйкес қимылдар көрсетеді

http://www.webdesignhot.com/wp-content/uploads/2010/11/MusicalNoteVectorIllustration.jpg

Ү.Шығармашылық тапсырма

«Ойды аяқта» тренингі

«Атадан мұра боп қалған асыл сөздер өте көп екен. Біз сол үлкендердің сөздерін үлгі....»


Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп ойды аяқтайды.

Ауызша алғыс

ҮІ.Ой қорыту

Тест жұмысы

Мұғалім тарау бойынша тест жұмысын алады

«Атадан қалған асыл мұра»бөлімі бойынша тест тапсырмалары

1.«Аңқау арыстан» ертегісіндегі мұңлы жануар?

а)түлкі

ә)арыстан

б)есек

2. «Байлық пен ақыл» ертегісіндегі кенже ұлдың жауабы?

а)Тек еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат – жігерге толы жүрегім бар

ә)Міне менің байлығым.Кім бай болса сол ақылды

б) Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынған жоқ

3.Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме қалай аталады

а) жұмбақ

ә)жаңылтпаш

б)аңыз

4. «Еңбек байлыққа жеткізеді» деген негізгі ойға құрылған ертегіні ата

а) Қасқыр мен түлкі

ә)Аңқау арыстан

б)Ұр тоқпақ

в) Байлық пен ақыл

5. «Жаңбыр жаумаса жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді кім жазды?

а) Қазыбек би

ә)Әйтеке би

б)Төле би

в) Халық

Оқушылар тест жұмысын орындайды

Мадақтау

ҮІІ. Рефлексия

Видеокөрсетілім



Түйін сөз:


Билер туралы видео





- Алтын ұяң - Отан қымбат,
- Құт берекең атаң қымбат.
- Аймалайтын - анаң қымбат,
- Мейрімді – апаң қымбат.
- Асқар тауың - әкең қымбат,
- Бәрінен де ар мен ұят қымбат.

Билер туралы видеоны көреді


ҮІІІ.Кері байланыс

Мұғалім бағдаршам түстері арқылы көңіл-күйлерін көрсетуді сұрайды

Оқушылар бағдаршам арқылы өз түсініктері мен көңіл-күйлерін жеткізеді

http://mathematics-tests.com/images/stories/matematika/1-klass/matematika_1_klass_zadachi_2_1.jpg

ІХ.Үйге тапсырма

Өлең шумақтарын жаттау

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады




\

Сыныбы:2




Әдебиеттік оқу

Күні:

Тақырыбы: Тіл дамыту .Ана тіл-дана тіл

Мақсаты: Тіл туралы мәтіндер, өлеңдер, мақал-метелдер, нақыл сөздер арқылы сана-сезімдерін оятып, тілді үйрету.

Табыс критерийлері:

- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлерін біледі.
- сөйлеу мәдениеті қалыптасады

-тілдерін,ой-өрісін және шығармашылығын арттырады

- жаттау және мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады

- сөздік қордың маңыздылығын ұғады


Қолданатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдісі.


Ресурстар: смайликтер,билер суреті,компьютер,үлестірме парақтар,түрлі-түсті қарындаштар


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

І.Психологиялық ахуал орнату:

«Амандасу»

тренингі










Мұғалім шеңбердің ішімен

жүреді, бірде ұлға, бірде

қызға кезек-кезек қарап

айтады.

Қолдарын бір-біріне

ұстатады.



.





Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Балалар бір-бірінің

көздеріне қарайды да,

күлімдейді

Мадақтау

















ІІ Поэзия минуты






Мұғалім алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша өлең шумақтарын мәнерлеп оқу жұмыстарын тапсырады




Оқушылар өздері жаттап келген өлең шумақтарын мәнеріне келтіре жатқа орындайды.












Жарайсыңдар!












ІІІ. Мағынаны ашу:

Жеке жұмыс

Мұғалім әр қатарға тапсырмалар ретін береді

1,2,3 қатарға тақырыптық мақал-мәтелдер таратылып беріледі. Мұғалім мақал-мәтелдерді оқып шығуды тапсырады

-іштей оқу

-дауыстап оқу

-мақал-мәтелдің мағынасы ашу

Оқушылар жұптасып тапсырмаларды орындап,топтастырады.

1-қатар «Еңбек» туралы мақал-мәтелдер

2-қатар «Достық »туралы мақал-мәтелдер

3-қатар «Отан» туралы мақал-мәтелдер

Оқушылар берілген мақал-мәтелдерді оқып мағынасын ашып айтады


ІҮ.Сергіту сәті

Музыкалық пауза

Көңілді күн

Оқушылар әуен ырғағына сәйкес қимылдар көрсетеді

http://www.webdesignhot.com/wp-content/uploads/2010/11/MusicalNoteVectorIllustration.jpg

Ү.Шығармашылық тапсырма

Еркін жазу стратегиясы


Сюжетті суреттер арқылы жазба жұмыстарын орындату

Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп ,сурет бойынша жұмыс жүргізеді,мәтін құрайды,


ҮІ.Ой қорыту


1-тапсырма:Айтылған ойдың мағынасын түсініп, керекті сөздерді тауып, көп нүктенің орнына қойыңдар.

Керекті сөздер: қиыны, күрделісі, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, жаны, алғыр. өгей ұлдары, сөз, ой, жанды, қасиеті, өгей ұлдары.

1. Ана тілін тек… … ғана менсінбейді, … … ғана аяққа басады.
 (Ғ.Мүсірепов.)

 2. Тіл қаруы — … , сөз қаруы — … . Ақыл-ды ой, … сөз адамның ең жоғарғы… .
 (Ғ.Мұстафин.)

3. Тіл — ұлттың … . Тіл — идеяның, сезімнің, ойдың, … көрінісі.
 (Толстой.)

 4. Өз тіліңді… … тұрып, … — … сүйе алмайсың.
 
(Паустовский.)

5. Сөз өнері — өнер атаулының ең … да… .
 (Бальзак.)

2-тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді аяқтаңдар.

Керекті сөздер: құлақ, мәдениеттілік, мылжың боласың, алтын, бос сөз, у, атылған, бұтаққа, ойлап сөйле, ауырмай өледі, айнасы.

1. Тіл — адам ойының … .

2. Аңдамай сөйлеген… … .

3. Ойнап сөйлесең де, … … .

4. Тисе терекке, тимесе… .

5. Айтыл-ған сөз — … оқпен тең.

6. Бал тамған тілден… тамар.

7. Көп сөз — … … .

8. Көп сөз — күміс, аз сөз — … .

9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде… … .

10. Таза сөйлеу — биік… .

11. Көңілсіз… — ойға олақ.




Оқушылар тапсырмалармен жеке жұмыстар жүргізеді.


ҮІІ. Рефлексия





Түйін сөз:


Тіл-қатынас құралы

Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Халқымыздың өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды.

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Халықтың тарихта қалуы тіліне тікелей байланысты.

Дәлірек айтқанда, тіл — халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті.


Тіл туралы нақыл сөздерді оқып мағынасын ашады.


ҮІІІ.Кері байланыс

Бағдаршам түстері арқылы көңіл-күйлерін көрсетулерін талап етеді.

Оқушылар бағдаршам арқылы өз түсініктері мен көңіл-күйлерін жеткізеді

http://mathematics-tests.com/images/stories/matematika/1-klass/matematika_1_klass_zadachi_2_1.jpg

ІХ.Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады




\





Сыныбы:2




Әдебиеттік оқу

Күні:

Тақырыбы: Қайталау.Өткен тақырыптар бойынша қайталау

Мақсаты: Тараулар бойынша алған білім-білік дағдыларын бекіту

Табыс критерийлері:

- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлерін біледі.
- сөйлеу мәдениеті қалыптасады

-тілдерін,ой-өрісін және шығармашылығын арттырады

- жаттау және мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады

- сөздік қордың маңыздылығын ұғады


Қолданатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдісі.


Ресурстар: смайликтер,билер суреті,компьютер,үлестірме парақтар,түрлі-түсті қарындаштар


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

І.Психологиялық ахуал орнату:

«Амандасу» тренингі













Қайырлы таң!

Ормандар мен далалар.

Қайырлы таң!

Достасқан бар балалар.

Қайырлы таң !

Біздің балабақшамыз.

Қайырлы таң!

Жора-жолдас, ұл мен қыз!




(қолымызды жоғары созамыз)

(қолымызды жанымызға созамыз)

(алға еңкейеміз)

(бетін шеңберге беріп, қол шапала

Мадақтау

















ІІ «Кім жылдам?» тренингі

Жаттап алу минуты






Мұғалім берілген тапсырмалар бойынша өлең шумақтарын жаттап айту жұмыстарын тапсырады




Оқушылар берілген өлеңдерді жаттап алады










Жарайсыңдар!












ІІІ. Мағынаны ашу:

«Сұраққа-жауап» тренингі

Мұғалім оқулық бойынша өткен тақырыптар аясында құрастырған сұрақтарын қойып , тиісті жауаптарын алады

1.Адамға білім не үшін қажет?

2.Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?

3.Ата-енең қартайса тіреу болар бұл оқу... жолдары қай өлеңнен алынған ? Авторы кім?

4.Үйші тапқан малын қайда жұмсаушы еді? Қай мәтін? Авторы кім?

5. «Мектеп біздің анамыз» өлеңінің авторы кім?

6.Қырман деген сөздің мағынасы?

7.Тұңғыш әліппе оқулығының авторы кім? Қандай мәтінін оқыдың?

8.І.Жансүгіров шығармасы қалай аталады?

9.Оқулық өлеңінің авторы?

9.Кітап оқу мәтіні қалай басталады? Авторы кім?

10.Қазақтың ұлы ғалымы кім? Ол туралы не білесің?

11.Білімділік жақсы, мансапқорлық деге жаман емес пе? Қай шығармадан кімнің сөзі?

12.Ақылшың кім?

13.Қазақ халқының ұлы ақыны?

14.Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер? Жатқа айтып көр

15.Күз туралы қандай өлеңмен таныстық? Авторы кім?

16.Нанға байланысты оқыған шығарманы еске түсір.Нан туралы мақал-мәтел айт

17.Ең алғашқы бөлім қалай аталды? Неге?

18.Абай атаның қандай өсиетін білесіңдер?

19.Фариза Оңғарсынова өлеңі?

20.Ауызша жеткен халық шығармалары туралы бөлім қалай аталды?

21.Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлерімен таныстың?

22.Мұңлы жануар қай ертегі кейіпкері еді?

23.Еңбекпен мұратына жеткізген қай ертегі?

24.Сөз тасып сыпсыңдау сияқты жаман қасиет туралы қай ертегіден білдің?

25.Жаман заттың адал қолда болғаны жақсы заттың арамза қолға түскенінен әлдеқайда артық Қай ертегіден алынған үзінді?

26.Ұрлық түбі-қорлық екенін жеткізген қай ертегі?

27.Төрт түліктерге нелер жатады?

28.Төрт түлік пайдасын әңгімелеп бер

29.Аңыз дегеніміз не?Қандай аңыз әңгімелерді білесіңдер?

30.Шешендік сөздердің иелері кімдер? Қандай сөздерін жатқа айта аласың?

Оқушылар өздері оқып,қайталап келген тақырыптары бойынша мұғалім сұрақтарына толық және тиісті жауаптарын айтады.

Ауызша мадақ


ІҮ.Сергіту сәті

Музыкалық пауза

Көңілді күн

Оқушылар әуен ырғағына сәйкес қимылдар көрсетеді

http://www.webdesignhot.com/wp-content/uploads/2010/11/MusicalNoteVectorIllustration.jpg

Ү.Шығармашылық тапсырма

«Ойды аяқта...»

стратегиясы


«Әдебиеттік оқу пәніндегі барлық тақырыптар маған қатты ой қалдырды. Әсіресе...»

Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп , ойларын жинақтап тараулардағы тақырыптардың ұнағаны жөнінде ойларын жинақтап, басталған ойды аяқтайды.

Аралап құптау сөздерін айту

ҮІ.Ой қорыту

Түйін сөз:




Тіл-қатынас құралы

Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Халқымыздың өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды.

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Халықтың тарихта қалуы тіліне тікелей байланысты.

Дәлірек айтқанда, тіл — халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті.


Тіл туралы нақыл сөздерді оқып мағынасын ашады.

Мадақтама сөздер

Өте жақсы!

Жарайсың!

Тамаша!

Керемет!

Жарадың!

ҮІІІ.Кері байланыс

Бағдаршам түстері арқылы көңіл-күйлерін көрсетулерін талап етеді.

Оқушылар бағдаршам арқылы өз түсініктері мен көңіл-күйлерін жеткізеді

http://mathematics-tests.com/images/stories/matematika/1-klass/matematika_1_klass_zadachi_2_1.jpg

ІХ.Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады




\















Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров894
Номер материала ДВ-530408
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх