Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСабақ жоспары әдебиеттік оқу Абай "Қыс"

Сабақ жоспары әдебиеттік оқу Абай "Қыс"

Скачать материал

Күні:  23.12.2016ж

 

Әдебиеттікоқу  3 «Е»сынып                   

Мұғалімі:  Кембаева Ләззат

Сабақ тақырыбы:

Абай «Қыс»

 

Сілтеме

Әдебиеттік оқу 115-116 бет

 

Жалпы мақсаттары:

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

 Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

 

Оқу нәтижесі

Автор жайлы біледі.

Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсінеді..

Өлеңді мәнерлеп оқып, өз ойларын еркін айта алады.

 

Негізгі идеялар

Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады

 

Тапсырма көздері

·         Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары

·         Сыни тұрғыда мәтінді талдау

·         Ашық сұрақтар беру

 

Сабақтың көрнекілігі

Суреттер,жұмбақтар,оқулық, смайликтер

 

Сабақтың түрі

Аралас  сабақ

 

Әдіс - тәсілі

баяндау, сұрақ- жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, ой қозғау.

 

Мотивациялық кезең

Сәлемдесу, түгендеу

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.

Құрал –жабдықтарын түгендеп сабаққа әзірліктерін байқау.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Барлығымыз көзімізді жұмып:

Мен сабақта мектептемін

Менің зейінім тұрақты

Мен жақсы ойлап отырмын- дейміз.

 

Үй тапсырмасын сұрау

«Ол ақын болар ма еді?» Мәтінді түсініп оқу

    Ер есімі-ел есінде әңгіме жазу

«Кім біледі?» ойыны

Мәтінде кім туралы әңгімелейді?

Ел басынан қандай кезең өтті? Бұл қашан болған? Неге автор Қайратты тірі қалса ақын болар ма еді деп ойлайды?

 

Жаңа сабақ

. «Ой қозғау» стратегиясы. Сөзжұмбақ шешу.

қ

а

р

т

а

м

ш

ы

 

с

у

 

1.Қыста ғана болады

Ұстасаң , қолың тоңады.

 

2.Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.                     

 

3.Жылт –жылт еткен,

Жырадан өткен.

 

Балалар, бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана, кемеңгер, ұлық ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «қыс» атты өлеңімен танысамыз.

V. Мен сендерге үй тапсырмасы ретінде Абай туралы ізденіп, мәлімет жинап келуді тапсырған едім.

І топ. Ақынның өмірбаяны

ІІ топ. Ақынның өлеңдері, шығармалары.

ІІІтоп. Абайдың сазгерлігі.

ІV топ. Абайдың қара сөздері.

Әр  топтан бір–бір топтан тұрып, өз жазғандарын оқиды.

VІ. Поэзия минуты.

Әр топтан бір оқушыға өлең оқытып, соған байланысты топтың атын қою. «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры».

ИзображениеОлай болса, балалар, біз Абай атамыз  туралы білетінімізді байқадық.. Абай  атамызды бүкіл әлем таныды дедік, енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі? Абай атамызды танытқан жазушы Мұхтар Әуезов. Қандай шығармасы арқылы? «Абай жолы» романы арқылы.

VІІ. Сұрақ жауап әдісімен.

1.Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма?

2.Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?

3.Қыста дала қандай  болады?

4.Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер?

Балалар сендер өз ізденістеріңді сабақ барысында көрсете білдіңдер.

Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Дұрыс, балалар,енді сабағымызды әрі қарай Абайдың «Қыс » өлеңімен сабақтастырайық.  Бұл өлең жазылған екен. Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқып беремін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

VІІІ. Өлеңді оқу.

ІХ. Сөздік  жұмысы.

Соқыр-  мылқау -түк көрмейтін.

Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп қию.

Шидем – жұқа тоқылған сырт киім.

Ұмпа –жеңіл, жұқа қар.

Бұрқ -сарқ-қатты дауыл, боран.

Алты қанат ақ орда-алты керегелі үлкен үй.

Х.Өлеңмен жұмыс.

Әр топ бір-бір шумақтан оқиды.

І шумақ- І топ, ІІ шумақ –ІІ топ, ІІІ шумақ –ІІІ топ, ІV шумақ-  ІV топ,

ХІ. Сергіту сәті.

Мынау менің- жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған

Мынау менің- оң қолым.

Мынау менің- сол қолым

Барлық істі атқарған.

ХІІ. Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ- жауап арқылы ашу.

1.Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға,кәрі шалға)

2.Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)

3.Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар,қатқан мұз)

4.Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)

5.Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр,мылқау адам сияқты)

6.Соқыр мылқау дейтін себебі не ? (Ол ештеңені көрмейді,аямайды,бәрін тоңдырады)

7.Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)

8.Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер ? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).

 Толықтыру .

            Ақын қысты жанды адам бейнесіндей с уреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген.Абай атамыз қыстың қатты болатынын, үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен.Мал баққан қазақ даласының тіршілігі мен бейнесін суреттеген.

ХІІІ. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. «Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу

Изображение 0012- топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал- мәтелдер, таным- сенімдер айту.

 3- топ. Өлеңді аяқтап жазу.

...............................даламыз

............................... баламыз

................................ шанамыз

................................. боламыз.

4- топ. «Қыс келбеті» сурет салу.

 

Қорытынды

ХІV. «Топтастыру» стратегиясы.

                                   Ақын

Ойшыл

данышпан                                           сазгер

 

Овал:   Абай
 

 


сыншы табиғат

суретшісі                                                аудармашы

 

 

 


                                     кемеңгер

 

 

әкесі Құнанбай                                                    анасы Ұлжан

 

 

 

 


әжесі Зере                                                          азан шақырып

                                                                            қойған аты Ибрагим

 

            Балалар , ұлы адамдардың   көбі ата-әжелерінің тәрбиесінде болған. Мыс: Аьай әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Әжесі оған «абай бол, балам »деп  кішкентай кезінде көп айтқан екен, содан Абай аталып кеткен. Оның шын аты Ибрагим.

 

Бағалау

Бүгінгі сабақта үйренгеніміз...

Маған өте қиын болғаны...

Маған ұнағаны... (ауызша рефлексия)

 

Үйге тапсырма

«Қыс» жаттау   Суретін салып көр.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары әдебиеттік оқу Абай "Қыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 221 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.06.2017 2544
    • DOCX 154.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кембаева Ләззат Әбдірәсілқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кембаева Ләззат Әбдірәсілқызы
    Кембаева Ләззат Әбдірәсілқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 172225
    • Всего материалов: 77

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 392 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе