Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары әдебиеттік оқу пәнінен 3-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары әдебиеттік оқу пәнінен 3-сынып

библиотека
материалов

Күні: 26.02.2016ж.

Мектеп: №2 Қорғасын орта мектебі

Сыныбы: 3

Мұғалім: Жұматаева А.

Машықкер: Қуанышбекова Гүлсая

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Отан сүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, математика, дүниетану

Көрнекілігі: суреттер, оқулық, дәптер.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Әдебиеттік оқу сабағы.-Оқушылар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін бізге әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткелі жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

-Ендеше, бүгінгі сабақта көңіл-күйлеріңіз қандай?

Көңіл күй сипаты:

Орташа- 1 шапалақ;

Жақсы- 2 шапалақ;

Өте жақсы- 3 шапалақ;

Үй тапсырмасын тексеру:

1- қатар: «Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел»
2-қатар: Ертегіні сахналау
3-қатар: Алауыздық сөзіне кластер


Үй тапсырмасын бекіту:

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

-Ертегі не жайлы?

-Неліктен құстар айтысы деп аталған?

-Негізгі ойы қандай?

-Қандай құстар айтысты?

-Осы сабақтан біз не түйдік?

Жаңа сабақ

Қызығушылығын  ояту. Рахмет, өте жақсы! Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ендеше қазір барлығымыз, көзімізді жұмып, барлығымыз әсем ән тыңдайық. «Ана» өлеңін тыңдату

  • Ән ұнады ма?

  • Осы өлеңде не жайлы айтылған?

  • Ана дегеніміз кім?

  «Күн шұғыласы» ойын өткізу.

өмір сыйлаушы           ақылшы               сырласың        

 

     тәрбиешің                   Ана                отбасының берекесі

 

             ұстазың                             досың

Тарихта қалған аналарымыз

Домалақ ана - Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған Абыз аналардың бірі. Ол 660 ж өмірге келген. Немересі Үйсіннің "ұлысбегі" болған Дулат (723-816) Бұхарадан ұста алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған.

Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматықаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (29.12.1917 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік ауылында дүниеге келген - 2008 жылы қайтыс болды) Қазақ қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш рет игерген және қазақтың халық суретшісі атағын да бірінші болып алған кескіндемеші-суретші. 

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин Атырау облысы 21 мамыр 2008, Алматы қаласы) —Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы

Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996).Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы бірінші қаңтарда туған. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, Әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар менстуденттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Камшат Байғазықызы Дөненбаева (15.09.1937 жылы, Қостанай облысы,Ұзынкөл ауданы, Ленин совхозы) — ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері (1975).

Жиенқұлова Шара (Гүлшара) Баймолдақызы (18.8. 1912, Алматы — 5.1991, Алматы) — биші, педагог. Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі). 1929 — 30 ж. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады.

Бөкеева Хадиша (21.02.1917 - 31.01.2011, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталовка ауылы) — актриса. Қазақстанның халық артисі (1957), КСРО халық артисі (1964), профессор (1974). Актрисаның туған жерінде музей ашылған, бас көшеге есімі берілген. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (8 наурыз 1919 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған -26 қыркүйек 2006 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті) – театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі(1965).

Фарида Шәріпова 1936 жылғы 16 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келді. Қытай киностудиясы түсірген “Хасен-Жәмила” көркем фильмінде басты рөлді орындап, өнерімен танылған ол 1955 жылы атамекені Қазақстанға оралды. Аса дарынды актриса, көрнекті өнер қайраткері Фарида Шәріпованың жарқын бейнесі халықтың жадында әрдайым сақталады.

- Ана – бәріміздің ақылшымыз, қамқоршымыз екен.
- Ана деген қасиетті сөз екендігіне келісесіңдер ме? Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. Бала – ананың бауыр еті дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни, барлық адамзат
баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.

-Қалай ойлайсындар неліктен біз ана туралы айтып жатырмыз?

-Дұрыс, өйткені біз бүгін Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңімен танысамыз?

Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты. –дей отыра М.Шахановтың өмірдерегіне назар салайық.

Мағынаны тану

Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.

Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

-Өз анасынан басқа әр адамда тағы қандай аналары болады?

-Дұрыс, яғни туған тілі, туған жері, салт-дәстүрі, тарихы.

-Қалай ойлайсындар неліктен біз оларды анаға теңейміз?

-Іштей оқу

-мәнерлеп оқу

-топппен оқу

Дәптермен жұмыс.

-Ендеше барлығымыз дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазамыз.

-Қарашаның жиырмасы. Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Сөздік жұмыс

Ғұмыр-өмір бойы
Жебеп жүрер- қорғау, қамқор болу
Тағдырыңның тынысы – өмір сүруі

Тарихи оқиғалар

550- қазақ хандығының құрылғаны

170-Абай Құнанбайұлының туғанына

20-ассамблеяның құрылуына, Ата заң

70-Ұлы жеңіске

4- маусым рәміздер күні

16-желтоқсан тәуелсіздік күні

22-қыркүйек тілдер күні

Қорытындылау

-Өте жақсы!

-Сонымен біз бүгін қандай ақынның шығармасымен таныстық?

-Мұхтар Шаханов кім?

-Қандай өлеңімен таныстық?

-Ол не жайлы?

-Әр адамда өз анасынан басқа тағы неше анасы бар?

Сызбамен жұмыс



Бағалау.

Үйге тапсырма: Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттау.


Мұғалім:

Баға:


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров678
Номер материала ДБ-068516
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх