Инфоурок Биология КонспектыСабақ жоспары "Денсаулық-зор байлық" (6-сынып)

Сабақ жоспары "Денсаулық-зор байлық" (6-сынып)

Скачать материал

Мектеп: Атығай жалпы орта білім беретін мектеп

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық

Мұғалім: Альжанова Салтанат Асылбековна

Сынып:        Оқушылар саны: 12

Құндылықтар: Ішкі тыныштық     Қасиеттер: төзімділік, адалдық, пәктік

 

Мақсаты: - оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы

                     түсінік беру.

Міндеттері:

- оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

- оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

- өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері

Сәлеметсіңдерме, оқушылар. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын, әдеттегідей өлеңмен бастайық:

Дені сау адамға өмір – жұмбақ,

Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.

Кеуденің сәулесіндей көз жанары,

Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.

Тыныштық сәті

Баяу мызыка ойнап тұрады.

Ыңғайлы және еркін отырыңыздар. Көздеріңізді  жұмыңыздар. Өздеріңізді орманда жүрмін деп есептеңіздер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сіздің жаман көңіл - күйіңіз кетсін. «Иә» менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі жаңа ашылған раушан гүлі сияқты. Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс береді. Баяу көздеріңді ашыңдар. Демалғандарыңды сездіңдер ме?

Үй тапсырмасын тексеру

I топ – «Кока-коланың пайдасы мен зияны»

II топ – «Сағыздың пайдасы мен зияны»  туралы шағын презентация әзірлеу.

 

 

Дәйексөз

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір».

                                                                                                   Әйтеке би

1)    Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді барлығымыз бірге қайлап айтайық, содан соң дәптерге жазып алыңдар.

 

 «Көп жасау, дені сау, бақытты болу – адамның өз қолындағы іс» демекші, өз денсаулығымызды бағалай білуді үйренейік, денсаулықтың қадірін сақтай біліңдер. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік».

 

«Бақыт құшағында» атты бейнесюжетке назар аударайық.

 

Әңгімелеу (мәтінмен жұмыс)

Мына бір аңыз-әңгімеге құлақ салыңдар.

     Ертеде бір шаһарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті.Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шаһарға темекі алып келіпті. Шаһар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді жапырлап қоршап алады.Саудагерлер:

-         Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады! Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! – деп жар салады.

Дана қарт адам басын айналдыратын осы бір өсімдікті жақтырмай қалады. Ол жиналып қалған қауымға:

-         Алыңдар! Бұл «құдіреттің» басқа да пайдалары бар: темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді, ит қаппайды және де ол ешқашан қартаймайды,- депті.

Саудагерлер қуана кетіп:

-         Айтқаныңыздың бәрі рас. Бірақ «құдіретті» жапырақтың мұндай қасиеттері бар екенін сіз қайдан біліп қойдыңыз?! – деп, таң қалады.

-         Темекі шегетін адамның үйіне ұры түспейді, өйткені ұрылар түнде тыныш болғанын жақсы көреді. Ал темекі шегетін адам түнімен күркілдеп жөтеліп, ұйықтамайды. Көп ұзамай темекі адамның денсаулығын әлсіретеді де, адам тез қартайып, таяқпен жүруге мәжбүр болады. Таяқпен жүрген адамға қай ит жоласын?! Ол адам ешқашан қартаймайды, себебі жасына жетпей көз жұмады...

Аңырап қалған жұрт ойланып қалады...

Талдау сұрақтары:

-         Өзгелерге зиянды заттарды  ұсынатын адамдар үнемі  шындықты айта ма?

-          Кейбір адамдар неліктен  темекіге,ішімдікке әуес болады?

-          Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?

-          Зиянды заттардың адам  денсаулығына қаншалықты  қауіпті екенін білесіңдер ме?

 

1-тапсырма

Нақыл сөздерді өз ойларыңмен толықтырыңдар:

-         Тәртіп пен еңбек - ... кепілі.

-         Жақсы күлкі - ... сенімді белгісі.

-         Әдемілік - ... жемісі.

-         Сергек әрі жайдарман көңіл-күй - ... ең жақсы шипалы дәрі.

-         Ден шынықтыру ойындары ... жәрдем етеді.

 

 

2-тапсырма

1.     Темекі зақымдайтын адам ағзасының мүшелерін жазып суретін салыңдар.

 

Үй тапсырмасы:

Денсаулықтың он құпиясын талдау.

1-                                 6-

2-                                 7-

3-                                 8-

4-                                 9-

5-                                 10-

Қорытынды бөлім.

Түйіндеме

Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес:

-         Ұстанымың – салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай сақта;

-         Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;

-         Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды бол, мазасыздық пен әбіржу жүрекке күш түсіреді;

-         Жақындарыңды құрметте, ақыл-кеңестеріне құлақ сал, - олар сенің өміріңдегі басты құндылықтар;

-         Өзіңе қызықты, рухани жақтан қанағаттандыратын іс-әрекеттерді таңдап ал;

-         Таза ауада көбірек болуға тырысып, дене еңбегімен шұғылдан,

-         Уайым-қайғыға берілме, көңіл-күйіңді түсірме;

-         Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс нәрсе – зиянды;

-         Жаның мен тәніңді мұқият тыңдай біл, оны сезін, зертте, сырына үңіл, үніне құлақ сал.

 

«Жүректен жүрекке» шеңбері

Сабағымызды жүрекжарды тілектерімізбен аяқтайық. Барлығымыз шеңберге тұрып, шын жүректен бір-бірімізге денсаулық тілейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Денсаулық-зор байлық" (6-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2016 4703
    • DOCX 46 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альжанова Салтанат Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11823
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 324 человека

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе