Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Сабақ жоспары: "Ө дыбысы мен әрпі"

Сабақ жоспары: "Ө дыбысы мен әрпі"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:



Абдраманова Бақытгул Жадырасыновна

Жабасақ орта мектебінің мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі




Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларды Ө дыбысымен таныстыру.Ө дыбысының сөздегі орнын ажырату.Сөздерді оқу мен жазуға үйрету .Ойын арқылы оқушылардың дүниетанымын,шығармашылық қабілеттерін,топпен жұмыс жасауға ,ой-өрісін ,тілін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгендеу,сабаққа әзірлеу

Психологиялық дайындық жасау.

-Қане балалар ,қазір қай сабақ болады?

-Қазір сауат ашу сабағы.

Бүгінгі сабақ ашық сабақ,қонақтар келіп отыр.Қонақтармен амандасайық.

Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде екі топқа бөлеміз.

-Балалар ,сендер мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Түлкіні

-Бұл түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен.Үйіне барайын десе,барлық аңдар жолына тұрып алыпты.

-Балалар түлкіге көмектесемізбе?

-Иә

Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындауларың қажет.

  1. «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы.

-Буындардан сөз құрау ойыны.

2. «Жолбарыстың тапсырмасы»

Ребус шешу. Инелік,қазына

3.«Пілдің тапсырмасы» .Әріпті жазып үйренеміз,тақтаға жазу,ауада жаздырту.

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Әдемі етіп жазайық.

Жұмбақ шешу.

Өмірде өткен өрікті,

Өмірсерік көріп тұр

Сөйлемде бұл қай әріп

Бірнеше рет келіп тұр. (Ө)

-Сандықтан Ө дыбысын алып көрсету.

Балалар,біз бүгін Ө дыбысы мен әрпімен танысамыз.

-Қане бәріміз бірге айтайықшы.

-Ө дегенде не естіліп тұр?

-Дыбыс

Аузымызды дөңгелек етіп алға созамыз,тіліміз ашық,тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз.

-Осы дыбыс қалай айтылып тұр?

-Созылып.

-Олай болса, бұл қандай дыбыс?

-Дауысты дыбыс

4. «Қасқырдың тапсырмасы»

Жұмбақ:

Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді білмеймін

Қай жеміс?(өрік)

-Өрік сөзіне дыбыстық талдау жасату,текшелермен жазу.

-Ө әрпі қай әріпке ұқсайды?О әрпінен қандай айырмашылық бар?

5. «Қорбаңбай аюдың »тапсырмасы.

Ө дыбысына сөз ойлау.

Сергіту сәті.

Ойын: «Кім жылдам»

О-Ө дыбысының орнын ауыстырып оқу.

Соз-сөз, тор-төр

Қол-көл, от-өт

Жон-жөн , он-өн

6.«Қоянның тапсырмасы»:

Ө дыбысы мен әрпін қатыстырып сөйлем құрау.

Сабақты қорытындылау.

-Бүгін біз қай әріппен таныстық?

-Ө дыбысы қандай дыбыс?

-Қандай текшемен белгіленеді?

Үйге тапсырма беру.

Бағалау.




hello_html_m1c7a7182.jpg





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров209
Номер материала ДВ-484230
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх