Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Логопедия / Конспекты / Сабақ жоспары: Ұ-Ү дыбыстарын ажырату.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

Сабақ жоспары: Ұ-Ү дыбыстарын ажырату.

библиотека
материалов

Сыныбы: 1 ТДО

Өтілген уақыты: ______________

Сабақтың тақырыбы: Ұ-Ү дыбыстарын ажырату

Сабақтың мақсаттары:

а) Білімділік: Ұ және Ү дыбыстарының айтылуы мен артикуляциясын салыстыру және нақтылау, Ұ- ү дыбыстары бар сөздерге фонематикалық анализ және синтез жасау дағдысын дамыту.

ә) Дамыта-түзетушілік: Көру,есту, тактильдік қабылдау. Артикуляциялық және ұсақ моторикасын жетілдіру, естіп-ажыратуын дамыту, айтып ажыратуын бекіту. Дауысы мен дұрыс тыныс алуын жетілідіру.

б) Тәрбиелік: Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге баулу, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: слайд, буындар, сөздер, сөйлемдер, сөз тіркестер жазылған карточкалар, суреттер, күріш


Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі


- Сәлеметсіңдерме! Қазір жылдың қай мезгілі? Қазір қыс мезгілінің қай айы? Ақпан айының нешесі? Бүгін аптаның қай күні? Қазір қай сабақ болады?


II. Артикуляциялық жаттығулар

  1. «Күрекше», орындау тәсілі: күлеміз, аузымызды ашамыз, жалпақ тілді астыңғы ерінге қоямыз. Осы қалпында тілімізді қозғалтпай 1-5 дейін немесе 1-10 дейін ұстап тұрамыз. Жаттығуды орындау кезінде қадағалау қажет: ерінді тым кең созбау, тілді тым көп алдыға шығармау. Тіл тек қана астыңғы ерінді жауып тұру керек. Тілдің екі бүйірі ауыздың екі шетіне тиіп тұру керек.

  2. Сағаттың тілі” - ауыз ашық. Тілді оңға, солға қозғалту керек. Осы қалпында тілімізді қозғалтпай 1-5 дейін немесе 1-10 дейін ұстап тұрамыз.

  3. Тәті шырын” - ауыз ашық. Жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап содан соң төменгі ерінді жалау. Осы қалпында тілімізді қозғалтпай 1-5 дейін немесе 1-10 дейін ұстап тұрамыз.

  4. Ат шауып келеді” - тілдің ұшымен таңдайды тақылдатады. Осы қалпында тілімізді қозғалтпай 1-5 дейін немесе 1-10 дейін ұстап тұрамыз.

III. Тыныс алу жаттығуы


Допты қақпаға кіргізу”


Майшамды өшіру”


IV.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаңылтпаш жаттау.

IV. Жаңа сабақпен таныстыру

Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ.

Оқушылар Ұ-Ү дыбыстарының екінші сабағы өтеміз сол себепті

мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.


  1. Ұ – дыбысы мен Ү дыбыстарын айтып көріңдер?


  1. Қандай ұқсастығы бар: Екеуіде дауысты дыбыстар. Қызыл түспен белгілейміз.


  1. Айырмашылығы бар: Ұ дыбысының жуан айтылуы, ал Ү дыбысының жіңішке айтылуы.

V. Профилмен жұмыс


Ұ дыбысын айтқанда тілдің ұшы төменгі тістерге қарай орналасады, бірақ тістерге тимейді. Ал арқасы жоғары көтеріліп таңдайға тимейді.


Ү дыбысын айтқанда тілдің ұшы төменгі тістерге қарай орналасады, бірақ тістерге тиеді. Ал арқасы жоғары көтеріліп таңдайға тиеді. Шығатын ауаның қысымына байланысты тілдің арқасы таңдайдан ажырайды. Дауыс бар.

Ү немесе Ұ дыбыстарын сөзде дұрыс оқы. Дұрыс тыныс ал.


Ұн құн құз құндыз құрақ

Үн күн күз күндіз күрек

VI. Сергіту сәті


Суреттегі қалаларды оқимыз. Ұ және Ү дыбыстарын ажыратып дұрыс айт.

Қызылорда, Екібастұз,

Сендер қандай қалаларда болдыңдыр? Қаланың аттары бас әріппен жазылады.

Көп нүктенің орнына Ұ,Ү дыбыстарын жаз және оқы. Қысқа сөйлемді бір тыныста айт. Сөйлемді талдап болған соң дәптерлеріңе көшіріңдер.


Кім кінәлі?

  • Кім сызды мына партаны? – деп ...стаз бізден с...рады.

...сен айтты:

  • Мен емес.

...лан айтты:

  • Мен емес.

К...міс айтты:

  • Мен емес.

Б...ған жалғыз кінәлі Қ...рмет ...нсіз т...р әлі.


VIІ. Ұсақ моториканы дамыту

Күрішті қолдана отырып дыбыстардың әріптік таңбасын жазу.


VIIІ. Сабақты қорытындылау.

  • Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

  • Ұ-Ү дыбыстары қандай?

  • Қандай қалаларды білесіңдер?

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

  • бүгінгі сабаққа өте белсенді қатынастыңдар сендерге көп рақмет.

Үйге тапсырма

«Менің сүйікті қалам» атты шағын мәтін жазып келу.

Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Конспекты
Просмотров394
Номер материала ДВ-321107
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх