Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сабақ жоспары Дүниетану "Егіншілік пен мал шаруашылығы"

Сабақ жоспары Дүниетану "Егіншілік пен мал шаруашылығы"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:









Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы

Сабақтың түрі: аралас.

Мақсаты: егіншілік пен мал шаруашылығы жайлы түсіндіру.

Міндеттері: 1) Егін шаруашылығы және мал шаруашылығы туралы ұғым қалыптастыру, дәнді дақылдарды ажырата білуді, егін шаруашылғы және мал шаруашылығы мамандарының еңбегін бағалауды үйрету.

2) Танымдық белсенділікті, ұжымда жұмыс істеу, өз бетімен мәтінмен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап табы дағдасын дамыту.

3) Өзге адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға баулуға ықпал ету.

Күтілетін нәтижелер:

пәндік: егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсінік алу; дәнді дақыл түрлері жән мал шаруашылығы салаларының атауларын білу;

жеке тұлғалық:адам еңбегіне құрметпен қарау;

жүйелік-әрекеттік: ақпаратты талдай және жүйелей білу; танымдық, зерттеу , жобалау және шығармашылық қабілеттерін көрсете білу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру сәті. Психологиялық көңіл күй.

II.Білімді өзектендіру.

  • Қандай нанды жақсы көресіңдер?

1.«Тізбекті қалпына келтір» ойыны. Нан қайдан келді?

Карточкаларда мамандықтардың атаулары жазылған (агроном, комбайыншы, диірменші, наубайшы, сатушы). Екі-үш карточка бос болады. Оқушылардың міндеті – дәнді дақылдарды өсіру және халықты нанмен қамтамасыз ету іс-әрекеттерінің дұрыс кезектілігін қалпына келтіру. Бос карточкалар оқушылар тапсырманы талқылаған кезде пайда болуы мүмкін қосымша мамандықтардың атауын жазуға арналған.

  1. «Mind map». Оқушылар екі топқа бөлініп, «Егіншілік» (өсімдіктер) пен «Мал шаруашылығы» (жануарлар) тақырыбында оссоциациялық карта (mind map) құрады.

III. Сабақ мақсаттары мен міндеттерін белгілеу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

IV. Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар өз бетімен оқып, дәптерлерінде кесте толтырады.

V. Оқушылардың білімін бекіту.

Өзекті сұрақ: «Фермерлік шаруашылықты қалай ұйымдастыруға болады?»

Топта жұмыс істеу.

Оқушылар 3-4 адамнан топтарға бөлінеді. Олардың міндеті- ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бизнес-жоспар құрау. Топтар фермерлік шаруашылық жоспарын құрады. Дәптерге орындайды.

  • Фермерлік шаруашылық немен айналысады? Неге?

  • Шаруашылық қалай аталады?

  • Бизнесті ұйымдастыру үшін не қажет (үй-жай, көлік, жабдық, және т.б.)?

  • Қандай мамандар қажет? Жалпы қанша қызметкер жұмыс істейді?

  • Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

Топтар өз жобаларына презентация жасайды және сыныптастары мен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

VI. Қорыту.

«Ыстық попкорн» ойыны.Оқушылар сабақта нені білгені туралы кезек-кезек тұрып айтады. Оқушылар бір уақытта сөйлемеіге және бір сөйлемнен артық айтпауға тиіс.

VII. Рефлексия.

1.Мен бүгін ... (істей, ойлай, жасай, түсіне және т.б.) алдым.

2.Мені ... таңғалдырды.

3.Маған ... ұнады.

4.Мен өзімді ... үшін мақтай аламын.

5.Келесіде мен ...

VIII. Үй тапсырмасы туралы ақпарат.

  • Ересек адамдардың жергілікті жерде мал шаруашылығының қандай түрлері дамығандығы туралы сұрап біліңдер. Біздің жерде қандай ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріледі?

Олардың өнімі қалай пайдаланылады?


























































































Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров247
Номер материала ДВ-369817
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх