Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Дүниетану" 4класс

Сабақ жоспары "Дүниетану" 4класс


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2ead8dc8.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_2ead8dc8.gifhello_html_40473d75.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_351cb48b.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m50783803.gifhello_html_3cb1253f.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_5667f096.gifhello_html_3cb1253f.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m50783803.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_2ead8dc8.gifhello_html_2ead8dc8.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifБекітемін________________

Еңбекке баулу

Мерзімі___________ Сыныбы:______

53, 54 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жазық бетте жіпті керу

Сабақтың мақсаты:

  1. Жазық бетті жіппен өрнектеу арқылы әдемі өрнек шығара білуге үйрету, изонить өнерімен таныстыру.

  2. Ине, жіппен дұрыс жұмыс жасау дағдыларының артуына ықпал ету.

  3. Әдемілік пен әсемдікті сезінуге үйрету, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Қажетті құрал – жабдықтар: қатырмағаз, түрлі түсті жіптер, ине, жіптен керіліп жасалған бұйымдар.


Сабақтың барысы:

1. Сабақты Толымбек Әбдірайымның «Ине мен жіп» ертегісінен бастауға болады.

Ине мен жіп бұрыннан бері дос еді. Олар әдемі қобдиша ішінде түйме, түйреуіш, оймақ – бәрі жұптары жазылмай, тату тәтті тұратын.

Бір күні екеуі сөзге келіп қалды.

  • Әй, ине! – деді жіп ашуланып, - Босат мені! Сенімен қосақталып жүре беремін бе? Шаршадым ... Тәуелсіздік алып, жеке – дара өмір сүрейін. Ойлап отырсам, дос болып жүретіндей жан емессің. Денең сыпа, бойың бәр қарыс, аштан қатқандай әлжуазсың. Мына маған қарашы. Зат біткеннің сұлуымын. Өмір бойы адамға қызмет жасап келемін. Үзілген түймелерді қадап, жыртылған киімдерді тігемін. Шалбар, жиде аталуының сөгілген тігісін бәз баяғы қалпына ұқсатып, ым – жымын білдірмей қалпына келтіремін. Басым жетпейтін бір нәрсе, неге адам бізді қосақтап қойған. Осыған қайран қаламын. Еңбегім еш, тұзым сор. Сен болсаң менің арқамда күн кешіп жүрсің. Айтшы, әйтпесе кімге, не үшін қажетсің? Алда – жалда адамның қолына кіріп кетсең, зар қақсатасың... Қорқыныштысың. Керек болса жексұрынсың...

Ине жіптің сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдады да, былайша жауап қайтарды:

  • Досым, сен өйтіп тәкаппарлық жасама! Шынын айтқанда түймені қадайтын да, жыртықты жамайтын да, сөгілген тігісті бұрынғы қалпына келтіретін де мына мен болам. Менсіз не істер едің? Еш кәдеге жарамай шұбатылып, босқа жатар едің... Ал адамдар саусағына шаншып алмауы үшін абайласын! Сақ болсын! Қажет десе оймақ кисін! Өзім барып ешкімге соқтықпаймын! Қойған жерінен табылам.

  • Айтқаң уәжің орынды. Расында екеуміз бірімізсіз – біріміздің күніміз жоқ екен... Кешірім өтінем... Қателігімді түсіндім... – Жіп ұялып төмен қарады.

  • Бұдан былай достығымызға сызат түспесін! Кел, төс қағыстырайық!

Жіп инені құшақтады.

Ертегідегі негізгі ойды анықтау. Бірлік пен достықты насихаттау.

2. Жазық бетте жіпті көру жайлы көрнекіліктер арқылы мұғалімнің түсіндіруі. Керу жұмысын жүргізу үшін симметрия сақталу керек екені, жіптерді үйлестіру, дұрыс белгілеп тігу жайлы түсіндірме жұмысы жүргізіледі.

1 – сабақта жіпті керу жұмысы 76 – беттегі үлгі бойынша жүргізіледі.

2 – сабақта тұмарша жасап үйренеді.

3. Оқушылардың жұмысы талданып бағаланады.











Бекітемін__________________

Еңбекке баулу

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

57, 58 – сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ ойыншықтар.Тасбақа тігу


Сабақтың мақсаты:

  1. Қалың матадан тасбақа тігуді үйрету.

  2. Өлшеу, пішу, кесу, тігу дағдыларының артуына ықпал ету.

  3. Ұқыптылыққа, шебекрлікке баулу.


Қажетті құрал – жабдықтар: тасбақа жасайтын үлгі плакат, сетнемейтін қалың мата, жуандау сым темір, ине, қайшы, бор.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрап,бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ

IX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған.
Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі суретші Н. Д. Бартрам «Ойыншық – өмір айнасы» деген.
Ерте замандағы ойыншықтың бір түріне қуыршақ жатады. Ең көне египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған. Жұмсақ ойыншықтар көбіне піл, қоян, аю т. б жан-жануарларды тігуге болады. Қолдан тігілген ойыншық кімді де қызықтырмай қоймайды. Сондықтан үлгі сызбасын қағазға түсіру арқылы қалдық матадан жұмсақ ойыншық жасаймыз.


1. Сабақты жұмбақты шешу арқылы бастауға болады.

Тастан салған үйі бар,

Көшіп жүрген асықпай.

Қыста ұйықтап бұйығар,

Тамақ іздеп, ашықпай.

(Тасбақа)

  • Тасбақаның тіршілігі жайлы не білесіңдер? (Оқушылардың білімдерін ортаға салу)

  • Тасбақаны қандай материалдан жасауға болады?

  • табиғи материалдардан, ермексаздан, қалың матадан.


2. Оқулықтың 80-81 – беттеріндегі үлгі бойынша тасбақа жасау жұмысы жүргізіледі. Жұмыс барысында тігіс түрлерін еске түсіру керек. Бөліктерді көктеп тігу арқылы біріктіреді. Тігіс арасының бірдей мөлшерде қалып отыруына көңіл аудару.


3. 2-сабақ соңында оқушылардың жұмыстары тақтаға арасынан орын қалдырылып ілінеді. Сынып оқушылары барлық жұмысты қарап шығып, жапсырма қағазға тілегі мен бағасын жазып кетеді. К өп жақсы тілектер мен бағалар қойылған жұмыстар анықталып бағаланады. Ескертулер де ескерусіз қалмау керек.









Бекітемін__________________

Еңбекке баулу

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Қойдың жүнінен әтеш жасау59, 60 – сабақ

Сабақтың мақсаты:

  1. Жүнді өңдеу, одан әртүрлі бұйымдар жасай алу дағдыларын қалыптастыру

  2. Қазақстанның қой шаруашылығы, пайдасы жайлы білімдерінің кеңеюіне ықпал ету

  3. Ұқыптылыққа, икемділікке баулу


Сабақтың барысы:

1. Сабақтың барысында мүмкіндік болса, бейнетаспадан қой шаруашылығы жайлы деректі фильм көрсетуге болады.

Топтастыру арқылы қойдың жүнінен алынатын, жасалатын бұйымдарды еске түсіру керек.



Көрпе


Әр түрлі жұмсақ Қойдың

ойыншықтар жүнінен

жасалады драп

мәуіті

маталар

жіп иіріледі шұға

бостон

киімдер

тоқылады мата

тоқылады



2. Оқулықтың 81-82 бетіндегі нұсқауға қарай отырып, әтеш жасап үйрену. Жұмыс барысында оқушылардың инені дұрыс пайдалану ережелерін еске түсіріп отырған абзал. Айдары мен қанатын тігу кезінде жіптің ұшын қалыңдау етіп түю керектігі ескертіледі.

3. Қой және пайдасы жайлы мақал – мәтелдер айту, талдаудан жарыс ұйымдастыруға болады. Әр мақалдың мағынасын ашып, талдау жасап кеткен дұрыс.

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл – көсір.

Қой алты күн аштыққа шыдайды.

Қой семізі қойшыдан.

Қойдың сүті қорғасын,

Қойды соққан оңбасын.

4. Біз бүгін не үйрендік?

Дайын болған бұйымдарының жасалу реті жазылған қима қағаздарды бағыттардың реті бойынша тиісті орнына әкеліп қою.


5 см шудадан аузын тігу

Қызыл жүнді суға салу шүйкелеу, 10 см етіп қию, айдар жасау

Сабынды жылы су дайындау

Жүнді шүйкелеу, орау, жұмыртқа пішініне ұқсатып дайындау

1

2

3

4

5

6

Әртүрлі шудалардан 10 см етіп алу, құйрығын тігу

5. Дайын жұмыстардан көрме жасап, оқушылардың жұмысын өздеріне бағалатуға болады


Әртүрлі түстен 8 см етіп, қанатын тігу


Бекітемін__________________

Еңбекке баулу

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

61, 62 – сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойыншықтар жасау


Сабақтың мақсаты:

  1. Қозғалмалы ойыншықтың жасалу ерекшелігін меңгерту, қатырма қағазбен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, қағаз бен қатырма қағаздың түрлерімен таныстыру.

  2. Оқушылады жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және байқағыштыққа баулу.

  3. Оқушылардың қағазды үнемді, ұқыпты пайдалануына, белгілеу, өлшеу әдістерін меңгеруіне ықпал ету.


Сабақтың барысы:

1. Сабақты оқушыларға қағаз бен қатырма қағазбен жайлы түсінік беруден бастаған жөн

Қағаз – оқушыдар жұмыс жасауына ең қолайлы материал. Қағазды жазуға, газет басуға, сурет салуға, заттар орауға арналған түрлері болады.

Қатырма қағаздың қалыңдығы әртүрлі болады. Қатырма қағаз түріне, қалыңдығына қарай өңделеді. Қатырма қағаз, жай қағазға қарағанда отқа баяу жанады. Бастауыш сыныпта қатырма қағаз және қағаз түрлерін бүктеу, кесу, өлшеу, белгілеу іс - әрекеттерін меңгереді.

Сансыз ойлар бетінде

Сайрап жатыр бар тілде,

Қажетпін мен әр күнде

Өшпейді бір әрпімде.

(Қағаз)

Жұмбақты шешу арқылы жұмысымызды жалғастыруға болады.


2. Жаңа сабақ

Бүгінгі жасалатын ойыншықтың бір ерекшелігі – ол қозғалмалы ойыншық. «Мұндай қуыршақты біз қайдан көреміз?», - деген сияқты сұрақтарды қойып, қызықтыра білу.

Қозғалмалы ойыншықты қуыршақ театрына барғанда көреміз, ертегі кейіпкерлерінің қол – аяқтарын қозғап билетіп, жүріп – қозғалып өлең айтып, сөйлеп тұрғанын көреміз. Егер оқушылармен театрға барған болса еске түсіріп, кейіпкерлерін айтуға болады. Ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің өзіне ұнағанын сипаттап, мінездеме беріп кету.

  • Бүгінгі сабақта жасайтын кейіпкеріміз – қозғалмалы бақа қуыршағы.

Бақаны жасау үшін қажетті материалдарды алып, жасату. Ол үшін оқулықтың 84 – бетіндегі ойыншықты жасауға берілген нұсқауды басшылыққа ала отырып жасау.


3. Қорыту

Дайын болған қозғалмалы бақаны өздері қозғай отырып, сахналық көрініс ұйымдастыру. Мысалы: топқа бөліп әр топқа тапсырма беріп, олардың жібін тартып, қол – аяқтарын қозғап, сөйлете отырып орындауын талап ету. Әр топ бір – бірінің жұмысын бағалайды.













Бекітемін__________________

Еңбекке баулу

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Ананас жасау 63 -сабақ

Сабақтың мақсаты: Түрлі-түсті қағаздан ананас жасаудың ретімен таныстыру

Сабақтың міндеті:Баланың ақыл-ойын, ой-өрісін, қол еңбегін дамыта түсу.

Сабақтың тәрбиелік мәні:еңбек ету қабілеттерін арттыра отырып, еңбектене білуге, сүюге,

өнерлілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, баяндау, ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қайшы,түрлі-түсті қағаздар,желім,сызғыш,қалам,қылқалам

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық өткізу:

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жасап келген жұмыстарын бағалап, шолу жасау;

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Ананас туралы қосымша мәлімет:

Ананас (лат. Ananas) - жеміс Ананас — субтропиктік және тропиктік өңірлерде өседі. Піскен ананасты 8—9 градус температурада 10—12 күнге дейін сақтауға болады. Температура 7 градустан төмен болса ананас жемістері қарайып,су татып кетеді, ал 10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез пісіп кетеді де, дәмі, түсі бұзылады. Ананастың құрамында қант, органикалық қышқылдар, күл пектин және хош иісті заттар, сондай-ақ С витаминнің 20 мг проценті, каротин  провитамині), Ві және Вг витаминдері бар. Ананасты жаңа піскен күйінде де, сондай-ақ түрлі өңдеуден өткізіп те (шырын, компот ретінде) там аққа пайдалануға болады. Ол үшін ананасты тілімден немесе дөңгелектеп кеседі (кейде қант ұнтағын себеді).[1]

Ананас - бромелиялар тұқымдасына жатады. Бромелия тұқымдасына жатқанымен, ананас басқа бромелиялар сияқты эпифитті емес, яғни ылғалдылықты ауадан алып, басқа өсімдіктің үстінде өспейді, топырақта өсіп-өнеді. Отаны Орталық Бразилия. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда таралған. 8-ге жуық түрі бар. Қысқа сабақты, жапырақтары бір-біріне тығыз жанаса, сабақты айнала орналасқан. Жапырақтары семсер тәріздес ұзын сүйір, қатты, қалың, қабықты, шеттері өткір тікенді болып келеді. Табиғатта есейген өсімдіктің бойы 1 метрге, диметрі 2 метрге дейін өседі. Жапырақтарының ортасынан етті жуан негізгі сабағы шығып, сабақ басына 30-60 см-лік гүл шешек атады. Гүлдеп болған соң, жеміс береді. Жемісі 4-5 айда жетіліп өседі. Жемісінің ортасынан негізгі сабақ өсіп шығып, тәжге ұқсас жаңа қысқа сабақ, жапырақтар шығарады. Жапырақтарының біркелкі жасыл түстісі, сарғыштау, ақ жолақтары бар түрлері болады. Үй жағдайында: «Ananas comosus», «Ananаs bracteatus», «Ananas nanus» түрлерін өсіреді.

Кәдімгі өзіміз жеп жүрген ананасты, үйде жапырақ қалемшесімен өсіруге болады. Ол үшін жемісінің басында жақсы шоқтанып өсіп тұрған жапырағы бар ананасты алу керек. Қалемшені жемістің 2-2,5 см-дей бөлігімен бірге кесіп алады. Төменгі 10-15 жапырағын бір-бірлеп алып тастауға болады. Жемісінің жұмсағын тазалап алып тастайды да, марганцовка ерітіндісіне шайып, ағаш көмірін жағып, 2 күн көлеңкелі жерде кептіреді. Кепкен көшетті, бойы аласа, кеңдеу түбекке отырғызады. Суғарып, су бүркіп ылғалдандырып тұру қажет. 22-240С жылылықта, жарық жерде, 1 - 1,5 айда тамырланады.

Оқулықпен жұмыс

  • Берілген мәтінді оқып .мазмұндау

  • Ананас жасау үшін қажетті материалдар мен құрал-жабдықтармен таныстыру

Ананас жасауды ретімен суретке қарап,отырып ,таныстыру.

  • Қауіпсіздік ережелерімен таныстырып,ескертулер жасау

ІҮ. Сабақты пысықтау

Қағаздың қандай түрлерін білесңдер?

Ананастың қандай пайдасы бар?


Ү. Үйге тапсырма:Жұмысты аяқтап келу





Бекітемін__________________

Еңбекке баулу

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________


Сабақтың тақырыбы: «Алатау аясында» композициясы 64-65 -сабақ

Сабақтың мақсаты: «Алатау аясында» композициясын жасаудың ретімен таныстыру

Сабақтың міндеті:Баланың ақыл-ойын, ой-өрісін, қол еңбегін дамыта түсу.

Сабақтың тәрбиелік мәні:еңбек ету қабілеттерін арттыра отырып, еңбектене білуге, сүюге,

өнерлілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, баяндау, ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қайшы,түрлі-түсті қағаздар,желім,сызғыш,қалам,қылқалам

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық өткізу:

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жасап келген жұмыстарын бағалап, шолу жасау;

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Алатау туралы қосымша мәлімет:

  • Алатау  Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы,Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.

  • Жетісу және Iле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы.

  • Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы 35 км. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да сонда шоғырланған. Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас, тақтатастардан түзілген. Іле Алатауында жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан.


Оқулықпен жұмыс

  • Берілген мәтінді оқып .мазмұндау

/Композиция (үйлестіру) - туындының негізгі бөліктерінің белгілі бір жұйеде орналасуы. Картина композициясы тіктөртбұрышта тігінен немесе көлденеңнен орналасады. Сонымен бірге шаршыда, сопақшада, шеңберде орналасуы мүмкін.

  • Композиция жасау үшін қажетті материалдар мен құрал-жабдықтармен таныстыру

Композиция жасауды ретімен суретке қарап,отырып ,таныстыру.

  • Қауіпсіздік ережелерімен таныстырып,ескертулер жасау

ІҮ. Сабақты пысықтау

  • Композиция деген не?

  • Орындалған композицияны тағы қалай толықтыруға болады.?



Ү. Үйге тапсырма:Жұмысты аяқтап келу











Бекітемін__________________

Еңбекке баулу

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________


Сабақтың тақырыбы: «Жаз көрінісі» композициясы 66 -сабақ

Сабақтың мақсаты: «Жаз көрінісі» композициясын жасаудың ретімен таныстыру

Сабақтың міндеті:Баланың ақыл-ойын, ой-өрісін, қол еңбегін дамыта түсу.

Сабақтың тәрбиелік мәні:еңбек ету қабілеттерін арттыра отырып, еңбектене білуге, сүюге,

өнерлілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, баяндау, ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қайшы,түрлі-түсті қағаздар,желім,сызғыш,қалам,қылқалам

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық өткізу:

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жасап келген жұмыстарын бағалап, шолу жасау;

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Жаз мезгілі туралы қосымша мәлімет:

  • Жайдары  жаз басталғалы бері Табиғат-Ана құлпырып сала берді. Бұл мезгілдің арайлап атқан таңы да ғажап.

  • Күлімдеген күн шуағы барша әлемді қуанышқа бөлейді. Көктегі аспан да ешбір сызатсыз күн сәулесін одан әрі нұрландырып, барша әлемді жылуымен баурап алады. Аспанда қалықтап қанат жайған құстар да жаздың сәнін келтіріп, әдемі әнімен жер бетіндегі әр жанға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Айналаңа мән беріп қарасаң, жер жүзі жасыл орамалға оранғандай. Бақша ішіндегі гүлдер кең даланың төсін өзінің әсем бейнесі, хош иісімен баурап алған тәрізді. Таңның атысынан кештің батысына дейін дамылсыз қызған тіршілік. Жадыраған жаз мезгілінің бұл көрінісі адамзат баласына үлкен септігін тигізуде. Бар адамның көңілі көтеріңкі, жүзі жайдары. Олардан жәндіктер де қалысар емес, қыс азығын қамдауды бүгіннен-ақ бастап кеткен.

  • Бұл көрініс – жаз мезгілінің мәнін келтіретін табиғаттың тылсым күші. Суреттегідей сұлу мезгіл шынайы жүзде одан бетер көркем. Себебі, ол – ешбір бояусыз табиғаттың сыйға тартқан әсемдігі. Бұл әсемдікті жаңбыр тамшылары көріктендіре түсіп, табиғат әлемін сейілтеді. Жаңбырдың тамшылаған үнінен кейін далаға жүгіріп шығып, алысқа көз жүгіртіп қарасаң, иілген кемпірқосақты көресің. Сан түрлі түсті бойына жинаған кемпірқосақ – жаз мезгілінің әсем бейнесін әрлей түсетін табиғат тамашасы

Оқулықпен жұмыс

  • Берілген мәтінді оқып .мазмұндау

/Композиция (үйлестіру) - туындының негізгі бөліктерінің белгілі бір жұйеде орналасуы. Картина композициясы тіктөртбұрышта тігінен немесе көлденеңнен орналасады. Сонымен бірге шаршыда, сопақшада, шеңберде орналасуы мүмкін.

  • Композиция жасау үшін қажетті материалдар мен құрал-жабдықтармен таныстыру

Композиция жасауды ретімен суретке қарап,отырып ,таныстыру.

  • Қауіпсіздік ережелерімен таныстырып,ескертулер жасау

ІҮ. Сабақты пысықтау


Ү. Үйге тапсырма:Жұмысты аяқтап келу







Бекітемін__________________

Еңбекке баулу

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________


Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық сабақ 67-68 -сабақ


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқау


Сабақтың міндеті:Баланың ақыл-ойын, ой-өрісін, қол еңбегін дамыта түсу.

Сабақтың тәрбиелік мәні:еңбек ету қабілеттерін арттыра отырып, еңбектене білуге, сүюге,

өнерлілікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, баяндау, ойын.


Қажетті құрал-жабдықтар: Көрме ұйымдастыру


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық өткізу:

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жасап келген жұмыстарын бағалап, шолу жасау;

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

  • 4 сыныпта өтілген тараулар бойынша қаталау жұмыстары жүргізіледі

  • Көрме ұйымдастырылады

  1. Табиғи материалдармен жұмыс

  2. Ыдыс-аяқтар

  3. Ұлттық бұйымдар

  4. Техникалық үлгілеу

  5. Ұлттық баскиімдер

  6. Ағашпен ,сым темірмен жұмыс

  7. Тоқыма материалдарымен жұмыс

  8. Қатырмақағазбен жұмыс

ІҮ. Сабақты пысықтау

Оқушылар не үйренді?

  • өзіне-өзі қызмет етуді үйренді;

  • ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу;

  • техникалық еңбекке баулу;

  • көркем еңбекке баулу.

Ү. Үйге тапсырма : қайталау



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 09.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1007
Номер материала ДВ-045897
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх