Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Сабақ жоспары "Еңбек қорғау жалпы ережілер. Экономикалық жекешелендіру ресурстар."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Сабақ жоспары "Еңбек қорғау жалпы ережілер. Экономикалық жекешелендіру ресурстар."

библиотека
материалов

Пән:________Технология Сынып: ____9______ Күні:_______________________

Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жалпы ережілер. Экономикалық жекешелендіру ресурстар.

Мақсаты: білім беру: еңбек қорғау ережілерді қайталау

тәрбиелеу: шеберханадағы тәртіпті сақтауға тәрбиелеу

дамыту: экономикалық жекешелендіру ресурстар туралы білім кеңейту

Сабақ түрі: аралас

Пәнаралық байланыстар: ӨҚН, экономика

Материалдық-техникалық жабдықтау: ҚТЕ нұсқаулар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Амандасу, сабаққа қатысуды бақылау, жұмыс киім және сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекшілерді бекіту.

Жаңа тақырыпты мазмұндау: Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу  қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудын өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі немесе абайсызда адам өліміне апарып соқтырса, ол адамның және азаматтардын конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс болып табылады.

ШЕБЕР, ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!

Жұмыс орныңды дұрыс, таза ұста.

Құралдарды ыңғайлы, өзіңе керек жерге қой.

Жұмыс орныңды жұмыс аяғында арнаулы құралдармен, щеткамен тазала.

Шыққан қалдық пен қоқысты ерінбей сыртқа шығарып отыр.

Киімінді, бойыңды ластамауға бейімдел.

Құрал-сайман, станоктар, жұмыс орның әр уақытта таза болсын.

Құрал мен аспаптарды тек қана арналған іске пайдалан.

Пайдалану ережелерін білмейтін құралдармен жұмыс істеме.

Жұмыс кезінде құралды мұғалім көрсеткендей ұста.

Жөнделмеген немесе мұқалған аспаптармен жұмыс істеме.

Жұмыс кезінде сөйлеме.

Жұмысты орындаған кезде зейінді бол, басқа жұмысқа көңіл бөлме.


Жекешелендіру  меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. 

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.

2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды)

3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.  

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесты дамыту;

- жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

Нәтижесі: Жалпы ҚТЕ сақтау

Кіріспе нұсқау:

Оқушылардың өз бетінше жұмысы:


Күнділікті нұсқау-негізгі мақсат түрі:

Бірінші жол: жұмыс орнын ұйымдастыруды және жұмысты қабылдап алу қауіпсіздігін тексеру.

Екінші жол:еңбек амалдарын орындаудың дұрыстығын және операциялардың технологиялық бірізділігін тексеру.

Үшінші жол: орындаудың дұрыстығын тексеру. өзін-өзі бақылау, жұмысты қабылдау мен бағалау.

Қортынды нұсқау:

а) ерекше қателерді және оның себептерін талдау;

ә) әрбір оқушы жұмысының бағаларын қорыту;

б) үй тапсырмасы: ҚТЕ қайталау

Жұмыс орнын жинастыру.


Автор
Дата добавления 02.04.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров87
Номер материала ДБ-002869
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх