Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ жоспары Еліктеу сөздер

Сабақ жоспары Еліктеу сөздер



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Еліктеу сөздер тақырыбын модульдік технология бойынша оқыту

hello_html_e873e31.png

Жанаргүл Сабденбекова

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

Қаратомар ауылы, Жайма жалпы орта

білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі







Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың сөз таптарынан алған білімдерін толықтыру,түрлі тапсырмалар жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушылардың сөздік қорларын нығайту, мақал-мәтелдер мен даналар сөзінен халықтық тәлім-тәрбие алу.

Дамытушылық : деңгейлік тапсырмалар арқылы, әр түрлі жұмыстар жүргізу арқылы ш апшандыққа өз ойларын жүйелей білуге өз-өздерін

бағалауға дағдыландыру.

Сабақтың модулі

Бөлімі

Сабақ

саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Еліктеу сөздер жөнінде түсінік.

/лекция/

45 минут

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ



«Қарлы кесек»

ойыны

45 минут

3-сабақ

«Бой сергіту» ойыны


«Қатені тап» ойыны


25 минут

20 минут

Қорытындылау

Бөлімі


4-сабақ

Еліктеу сөзден өткенді қайталау

45 минут













Кіріспе бөлімі

1 сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру

ІІІ.Сабақтың мақсаты, жүру барысы

ІV.Тірек жүйе арқылы оқушыларға түсіндіріп,дәптерлеріне жазғызу.

hello_html_m26919fc.gifЕліктеу сөздерhello_html_19e2ef5b.gifhello_html_m37890faf.gif



hello_html_6900bd13.gifhello_html_683f446.gifhello_html_4e992d80.gifhello_html_m69453193.gifТүрлері Құрамы

Еліктеуіш Бейнелеуіш Негізгі Туынды







Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі



Лекция

Айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.Мысалы / тырс/ етті, /дыз/ ете түсті, / қолп/ ете қалды,/ сарт/ етті.т.б.Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшелігі бар.Біріншіден,бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарын есту арқылы және түрлі қимылдарға еліктеуден туған. Мысалы : /сарт / етті, / шарт/ сынды т.б.дыбысқа еліктеуді білдірсе, / жылт / етті, /қорбаң- қорбаң/ етті т.б. ір түрлі қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.Сондықтан да олар еліктеу сөздер көбінесе тіркесіп етістіктермен немесе қа, йталанып, қосарланып келіп қолданылады.

Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға ,іс-әрекетке құбылысқа еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеу сөздер еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.Еліктеуіш сөздер- табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір- бірімен қақтығысуы мен соқтығысуынан пайда болған дыбыстардан пайда болады.Оларды біз құлақпен естейміз.сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады.Мысалы : тырс етті, ыңқ етпеді т.б.

Еліктеу сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ол жағдайда көмекші етістікпен тіркесіп, сонымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді.Мысалы .тарс-тұрс етті, арс-арс етті, қарш-қарш шайнайды, шарт-шұрт сынады.

Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың қозғалысын , күйін көру арқылы сипаттайтынбейнелейтін сөздерді атаймыз.Мысалы : Селк ете қалды кең далам,

Селк ете қалды тау іші . / Ж.Жабаев /.

Бейнелеуіш сөздер-көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы : тыржың етті,бүгжең қақты.Олар да еліктеуіш сөздер сияқты қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы : қорбаң-қорбаң етті,қиқаң-қиқаң етті.т.б.

Негізгі және туынды еліктеу сөздер.1.Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі туынды және күрделітүбір болып келеді.Мысалы :тарс,сарт,гүрс,шаңқ,ырс.

2.Туынды еліктеу сөздер негізгі еліктеу сөздер мен басқа сөздерге – аң, - ең, - ың, - ің жұрнағы арқылы жасалады.

3.Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан

Немесе қосарлануынан жасалады Мысалы :борт-борт, сарт-сұрт,дір-дір, селк-селк т.б.

Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да жасалады.Мысалы : тарс-ыл, дүң-гір,дір-іл, ырс-ыл сөздері –ыл, -іл,-л,-ақ,-ек, -ғыр, -гір жұрнақтары арқылы жасалған зат есімдер болса,желб-ре, салб-ра, күрк-іре,қоқаң-дат.б еліктеу сөздерден – ыра,- іре,- ла, -ле, - да,- де жұрнақтары арқылы жасалған етістіктер.

Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздер негізгі ,туынды күйінде де, қосарланып, қайталанып күрделенген күйінде де көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Немесе етістіктің әр түрлі тұлғасында келіп, басқа да сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

Мысалы : Бақай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді. /Ғ.М /. Жаппамыз теңселіп тұрғандай, Астымыз дір-дір етеді./ Ғ.М./ Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала ырр етіп барыпбас салды. / М.Ә/ Қалт еткенді аңдып отыр.Оның сөзіне елең еткен адам болмады. Бірінші және екінші сөйлемдегі еліктеу сөздер күрделі баяндауыш болса,үшінші сөйлемдегі еліктеу- пысықтауыш, қалт еткенді-толықтауыш, елең еткен – анықтауыш қызметін атқарып отыр.

Еліктеу сөздер қайталанып, қосарланып келіп, негізгі етістікке тіркесіп қимылдың амалын, бейнесін білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы : Ардақ томп-томп желеді. Екі ұрты бұлт-бұлт қозғалады.





2 сабақ

«Қарлы кесек» ойыны.

Құрал-жабдығы.

1.Бағыттаушы парақтар

2.Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар

3.Үстеуде белгілеуге арналған сілтемелер

4.Жалпы бағалау парағы

Сыныптағы оқушылар саны-13.Сынып 3 топқа бөлінеді.А, Б,В тобы.



hello_html_m12756951.gifhello_html_m38fc1fc9.gifhello_html_164c51c6.gifhello_html_18561e13.gifhello_html_31531e0c.gifhello_html_m29f4bc1a.gifhello_html_m29f4bc1a.gif

hello_html_me754ede.gifhello_html_m29f4bc1a.gifhello_html_m29f4bc1a.gifhello_html_m29f4bc1a.gifhello_html_m29f4bc1a.gif

hello_html_m29f4bc1a.gifhello_html_m29f4bc1a.gifhello_html_m29f4bc1a.gif







А тобына « Еліктеу сөздер және оның түрлері»

Б тобына «Еліктеу сөздердің құрамдық түрлері»

В тобына «Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі»

Әр топқа бөлінген оқушылар оқулықты және қосымша әдебиетті пайдалана отырып жауап іздеп тезис түрінде жазып алады. Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң І тур жарияланады.Оқушылар бағыттау парағы бойынша жаңа орынға ауысады.Әр топ өз тақырыбын түсіндіруге 10 минут уақыт беріледі.Оқушылар өз жауабын айтқаннан кейін жақсы сөйлеген сөйлеуші көшіріліп, бағыттау парағына бағалайды.Осылай бірнеше мәрте қайталанып ,ең соңында мұғалім бағыттау парағын жинап алып, нәтижесін ортақ параққа жазады.Осы бойынша ең жақсы ойыншы , ең жақсы команда анықталады.

3- сабақ

« Бой сергіту» ойыны

Сыныпты екі топқа бөліп «Еліктеу» тақырыбы бойынша әр топ 5- сұрақтан дайындайды.Оны талдауға 5- минут береді Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес командажауаптың дұрыстығыноқулық бойынша қадағалап отырады.Сұрақтарға ең көп жауап берген топ ұтады.Екі топ бірін- бірі бағалайды.

Дайындалған сұрақтар :

«А» тобы.

1.Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай ?

2.Еліктеу сөздер мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Күрделі еліктеу сөздер қалай жасалады ?Еліктеу сөздің анықтауыш қызметінде тұрғанына мысал келтір.

4 Бейнелеуіш сөздер дегеніміз не ?

«Б» тобы.

1.Еліктеу сөздер дегеніміз не ?

2.Еліктеу сөздердің түрлері бір-бірінен қалай ажыратылады ?

3.Еліктеу сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

4.Туынды еліктеу сөздер қандай жұрнақтар арқылы жасалады 7

5.Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі.

«Қатені тап» ойыны

Бұл ойында да алдыңғы топ бойынша жарысады. Екі топ бір- біріне кем дегенде 10 жауап дайындайды.Ол жауаптарда қателер болуы керек.15-20 минут қайталап болғаннан кейін топтар тапсырмаларын алмастырып, бір- бірлерінің қателерін тауып, түзетеді.Оларды арнайы параққа жазады.

4- сабақ

Еліктеу сөзден өткенді қайталау

Құрал жабдығы :

1.Мәтін

2.Деңгейлік тапсырмалар

3.Бағалау парағы

4.Үстелді белгілеуге арналған сілтемелер



Бағалау картасы тақтаға ілініп, сол ойынша әр кезең сайын ұпай саны белгіленіп отырады. Ең жоғары ұпай-10 ұпай. Әр топтан олар топтағы жүргізуші сайлап алынады, олар топтағы оқушыларды өзі бағалайды.

1.Мәтінмен жұмыс –екі топқа мәтін беріледі. А-тобына «Балапан торғай» , В-тобына- «Қазға еліктеген қарға» деген мәтін беріледі.Оқушылар бұл мәтінді оқып шығуына 2 минут уақыт беріледі.

а/ Мәтінді мәнерлеп оқу. / топтың бар оқушысы оқып шығу керек /

ә/ Әр топ бір- бірін толықтыра отырып мазмұнын айту

б/ Мәтін ішінен еліктеу сөздердің түрлерін анықтау.

Мысалы : А тобы : Еліктеуіш – қаңқ-қаңқ, қарқ т.б

Бейнелеуіш – байпаң- байпаң, қалтаң- қалтаң т.б

В тобы : Еліктеуіш- шиқ-шиқ, дір-дір т.б

в/ Мәтіннен үстеулерді табу

2. Деңгейлік тапсырмалар ІІІ , ІІ, І деңгей тапсырмаларын дайындап әр топқа беремін, олар өз қалаулары бойынша тандап алады. Деңгей тапсырмаларының бағалануы төмендегідей :

ІІІ деңгей - «3»

ІІ деңгей - «4»

І деңгей- «5»

3.Өтілген тақырып бойынша тірек жүйе сызу./ Әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді /

Ұпай сандары бойынша екі топ бағаланады. Әр топ оқушыларын жүргізуші өзі дәлелдей отырып бағалайды.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров529
Номер материала ДВ-494746
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх