Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары "Етістіктің жіктелуі"

Сабақ жоспары "Етістіктің жіктелуі"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктердің жіктелуі

Сабақтың білімділік мақсаты: Сөз таптары тақырыбынан алған

білімдерін тиянақтау. Етістіктің жекеше жəне көпше жіктелуі туралы

түсінік беру . Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы білімдерін бекіту.

Сөздік қорын молайту.

Дамытушылығы: Білім алуға қызығушылығын ояту. Шығармашылық

тапсырмалар арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау,

жаттай білу қабілетін жетілдіру. Оқушылардың бір-бірін бағалауын

ұйымдастыру.

Тəрбиелік мақсаты: Туыстық қарым- қатынасты ажырата білуге,

адамгершілік қасиеттерді сақтауға тəрбиелеу. Қоршаған ортаны, тірі

табиғатты сүюге ынталандыру.

Сабақтың əдісі: Дамыта отырып оқыту. (сыни тұрғыдан ойлау

стратегиясы) түсіндіру, талдау, іздену

Пəнаралық байланыс: математика, ана тілі, дүниетану, өзін-өзінтану пəні

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, плакат

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, дайындау.

ІІ. Психологиялық дайындық. – Балалар, сабақты бастамас бұрын, тәлім сөздермен бастайық.

1 оқушы: — Әрбір адам?

Бәрі: — Туысым, досым, жұрағат.

2 оқушы: — Әрбір сөзің?

Бәрі: — Шындық, бірлік, адалдық.

3 оқушы: — Әрбір ісің?

Бәрі: — Тірек, тірлік, адамдық.

Мұғалім: — Әрбір сабақ?

Бәрі: — Үйрену, ұғу, ұлағат.

«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды» деген екен ұлы тұлға ұлт ұстазы А. Байтұрсынов. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабағымызда бәріміз бірге ат салысып, білімдеріңді көрсетуге тырысайық!

ІІІ. Өткенді пысықтау. «Етістік» Топтастыру стратегиясы

Не істеді? Қайтті? Іс қимылды дара

Етістік



Негізгі күрделі



Туынды болымды Болымсыз

ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың жазған жұмыстарын «Туған жер» әңгімесімен оқыту.

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа сабақ. (Оқушылардың назарын тақтаға аудару)

Аяулы мекенім,

Оқимын, жетемін.

Туған жер, кей – кейде

Сағынып кетемін.

Етістіктерді тапқызу. Қай жақта айтылғанын байқату. Оқимын, жетемін, кетемін. І Жақ, жалғаулары – мын, — мін. Етістікке іс – әрекеттің қай жақта айтылғанын білдіру үшін жіктік жалғаулары жалғанатынын түсіндіру.

Етістіктерді үш жақта жекеше, көпше түрде айту.

Жекеше Көпше

Мен оқимын, жетемін, кетемін Біз оқимыз, жетеміз, кетеміз

Сен оқисың, жетесің, кетесің. Сендер оқисыңдар, жетесіңдер, кетесіңдер

Сіз оқисыз, жетесіз, кетесіз. Сіздер оқисыздар, жетесіздер, кетесіздер Ол оқиды, жетеді, кетеді. Олар оқиды, жетеді, кетеді.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс. 8- жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын табу.

9 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Мен домбыра үйірмесіне қатыса… . Сен қандай үйірмеге қатыса… ? Біз сабаққа бірге дайындала… .

ҮІІ. Шығармашылық жұмыс. Аяқталмаған мақал – мәтелдерді толықтыру.

1. Көп білсең де,

Көптен артық ……………. (білмейсің)

2. Халық айтса, қалп ……….. (айтпайды)

3. Ер өлсе де, аты ………… (өлмейді)

4. Еңбек етсең ………… (емерсің)

5. Отпен ойнама ………….. (күйерсің)

Сумен ойнама …………… (батарсың)

ҮІІІ. Ой қозғау.

ІХ. Альтернативтік тест.

1-оқушы:

1) Ойнаймын сөзі жіктік жалғауының I жақ, жекеше түрі

Ия Жоқ

2) Заттың атауын білдіретін сөздерді етістік дейміз

Ия Жоқ

3) Етістіктер септеледі ме?

Ия Жоқ

4) Етістік не істеді? не ғылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді

Ия Жоқ

5) Табыс септік кімді?, нені? деген сұраққа жауап береді

Ия Жоқ

2-оқушы

1) Етістік сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады?

Ия Жоқ

2) Қазақ тілінде 6 септік бар?

Ия Жоқ

3) Билейміз сөзі жіктік жалғауының I жақ, көпше түрі

Ия Жоқ

4) Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді

Ия Жоқ

5) Ілік септік кімнің?, ненің? деген сұраққа жауап береді

Ия Жоқ

3-оқушы:

1) Етістік сөйлемде бастауыш қызметін атқарады?

Ия Жоқ

2) Заттың санын білдіретін сөз табын етістік дейміз?

Ия Жоқ

3) Жазасың сөзі жіктік жалғауының I I жақ, жекеше түрі

Ия Жоқ

4) Көмектес септік кіммен?, немен? сұрағына жауап береді

Ия Жоқ

5) Етістік дара, күрделі болып бөлінеді

Ия Жоқ

4-оқушы:

1) Заттың сынын білдіретін сөз табын сын есім дейміз?

Ия Жоқ

2) Қазақ тілінде 7 септік бар?

Ия Жоқ

3) Атау септік кім? не? сұрағына жауап береді

Ия Жоқ

4) Сенемін жіктік жалғауының I I I жақ, көпше түрі

Ия Жоқ

5) Етістік жалпы, жалқы болып бөлінеді

Ия Жоқ

5-оқушы:

1) Етістік кім? не? деген сұраққа жауап береді?

Ия Жоқ

2) Барыс септік кімге? неге? сұрағына жауап береді?

Ия Жоқ

3) Күлемін жіктік жалғауының I I I жақ , жекеше түрі

Ия Жоқ

4) Етістікке көптік жалғауы жалғанады

Ия Жоқ

5) Етістік сөйлемде тұрлаусыз мүше болады

Ия Жоқ

Х. Қорыту. Семантикалық карта

Айтамын, келесің, бара жатыр, жаздым, оқиды, барасың, ойнады, жүгіремін, қыдырасың, шабасың, келеді, іштім,

Сөздер

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

Айтамын




Келесің




Бара жатыр




Жаздым




Оқиды




Барасың




Ойнады




Қыдырасың




Шабасың




Келеді




ХІ. Үйге тапсырма. 11 – жаттығу.

ХІІ. Бағалау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров98
Номер материала ДВ-481127
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх