Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып –Ер Тұңға "

Сабақ жоспары "Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып –Ер Тұңға "

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып –Ер Тұңға 

Сабақтың мақсаты: Біздің заманымызға дейінгі  жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы оқушыларға жаңа білім беру. «Алып- Ер Тұңға» жоқтау жырының мазмұнымен таныстыру.  Жоқтау жырының идеясы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасату.

Тәрбиелік маңызына талдау жасата отырып, ел  есімінде мәңгілік  қалған тарихи тұлғаларды дәріптеуге, үлгі- өнеге алуға шақыру.

Сабақ  түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақ әдісі: мәнерлеп оку, топтық жұмыстар, салыстыру, дәлелдеу

С.барысы:      І     Ұйымдастыру  кезеңі  (оқушыларды түгендеу, үйге берілген  Ежелгі дәуір әдебиеті  туралы жинастырған материалдарын сұрау, қорытындылау.

ІІ  Жаңа теориялық  білім беру . Біздің заманымызға дейінгі  жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы  білгендерін ортаға  салу, толықтыру.

Ой шақыру.  1.  Қандай жазу-сызулар мен аңыз –жырларды білесіздер?

2. Аңыз дегенді қалай ұғынамыз? 

3. Жоқтау деген не? Кімдерге арналған жоқтау түрлерін білесіздер?  (оқушылар түсінігін ортаға салу)

 

Оқушыларға берілетін қосымша мәліметтер

Жоқтау – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Жоқтаудың ежелгі үлгілері шумерлердің Гильгамеш туралы жырларында да, үнді эпосы “Махабхаратада” да, Гомердің поэмасы “Илиада” да, Мысыр жырларында да кездеседі. Жоқтау үлгісіндегі жырларды ежелгі грек трагедияшылары,  Рим ақындары Катулл мен Вергилий де жазған. Түркі әдебиетіндегі жоқтаудың ең көне үлгілерінің бірі – “Алып Ер Тоңғаны жоқтау”. “Бөрідей ұлып жылады, Жоқтады жыртып жағасын” дейді жырда.

Махмұт Қашқаридың жазуы бойынша, жоқтау – ежелгі түркі тайпаларының ерлік тұрмысынан туған жырлардың бір түрі. Алып Ер Тоңға (қ. Афрасиаб) түркілердің арғы тегі сақ ұлысының аты аңызға айналған билеушісі, жауларын тізе бүктірген алып батыр. Жыр мазмұнынан батырдың бейнесі, ерлік өмірі анық байқалады.

Жоқтау  жырлары мен оның үлгілері

 Жоқтау жырлары ежелгі түркі халықтарына ортақ басқа әдеби мұраларда да кездесіп отырады. Соның бірі – оғыз-қыпшақ дәуірінің (8 – 9 ғасырлар) ескерткіші “Қорқыт ата кітабындағы” Дирсеханның жалғыз ұлы Бұқашты анасының жоқтау жыры. Осындай жоқтаулар ауыз әдебиетіндегі “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр”, “Ер Тарғын” сияқты қаһармандық эпостарда, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек” сияқты ғашықтық жырларда да ұшырасады.

Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша, жоқтауды марқұм болған адамның артында қалған әйелі, қызы, қарындасы, келіні, басқа да туыстарының әйелдері айтады. Ел ішіне кең тараған жоқтау жырлары негізінен айтар ой сарыны, ұйқасы, образды сөз кестесі жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Елге қадірлі, беделді адамның қазасын лайықты жырмен жоқтау оның артындағы қалған ел-жұртына салмақты сын болған. Әдетте, жаттанды сөздермен көпке белгілі жоқтау үлгілері ондай кезде жаңаша айтылып, мазмұны жағынан толығып отырады.

Жоқтау жырларының басқа жырлардан ерекшелігі

Қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой, бауырымдап” ат қойып шауып келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі. Жаз күндері қаралы ауыл көшіп-қонғанда, үй жығып жатқанда дауыс салып жоқтау айтылады. Таң сәріден тұрып, жүк артып болып, көш жолға шығар алдында да жоқтау айтылған. Мұның бәрі – қайтыс болған адамның соңғы күндері өткен, соңғы рет жүріп-тұрған жерін, қоныстанған жұртын қимай, сол атамекені мен қайтқан адамның арасындағы үзілген байланыстың қайғысын жария етуді білдіреді. Баратын жеріне жеткенше қаралы көш жоқтау айтуды жалғастырып, сол мұңды, зарлы қалыптарымен келесі қонысқа жеткенше ешқайда бұрылмай жүре беретін. Жолда кездескен ауыл қаралы көштің қонақасын көтеріп алатын болған. Сондай-ақ жоқтау қаралы хабарды кеш алған сыйлы адамдар келгенде де айтылады. Жоқтау жырының тілі мейлінше бай болып келеді. Онда “ақылға дихан кемеңгер”, “мұхит дария суындай”, “ақылы терең мол еді”, “жапырағы алтын шынарым”, т.б. шешендік өрнектер көп қолданылады.

Жоқтау жырларының зерттелуі

 Жоқтау жырларын зерттеу 19 ғасырдан басталады. Ш.Уәлиханов оған алғаш ғыл. баға беріп, бірнеше үлгісін жазып алған. Жоқтау ауыз әдебиетінің бағалы үлгісі ретінде жинап, 1926 ж. “23 жоқтау” деп аталатын кітап етіп шығарған Ахмет Байтұрсынов болды.

19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың басындағы ақын-жыраулардың шығармаларында әр түрлі жоқтау үлгілері кездесіп отырады. Әсіресе, 20-ші ғасырдағы қиын кезеңдерде ақын-жазушылар қаламынан туған жоқтау жырлар, Ұлы Отан соғысынан оралмаған, ерлікпен өмірін қиған ұлдарына арнаған халық жоқтаулары жеткілікті. Жоқтауды Ахмет Байтұрсыновтан кейін жүйелі түрде жинап, зерттеген тілші-ғалым Т.Арынов болды. Ол қазақтың жоқтау жырларын мұқият жинастырып, “Боздағым” деген атпен кітап етіп, бастырып шығарды (1990).

Аңыз әңгімелер.

 Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.

 Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.

Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.

 

Алып Ер –Тұңға жыры туралы  мәліметтер

Алып Ер Тұңға көсем өліміне арналған жоқтау жыр. Көне парсы жырында Афрасияп (Фирдоусидің«Шаһнамасында») , зооастризм дінінң қасиетті кітабы Авестада  -Франграсийан деп атаған.  ХІ ғасырда  қашқари өзінің «Диуани- лұғати –т –түрк» кітабында жарияланған. Алып Ер –Тұңға сақ көсемі болған.

Оқушылармен орындалатын жұмыстар.

І топқа

1.     Оқулықта берілген  Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар туралы мәліметтерді оқыту, мазмұндау. Алтын Бекзаданың күміс тостағанында  :  «Аға, саған  бұл ошақ! Ошағынан безгендер , тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» деген жазулардың мағынасын  анықтау, өз ойларын дәлелдеу.

ІІ топқа

2.     Алып- Ер Тұңға туралы  мәліметтерді оқу, мазмұндау. Өздері білетін жоқтау жырлармен салыстыру.Түсініксіз  сөздердің мағынасын анықтау.

3.     ІІІ топқа

4.       Жоқтау жырды  мәнерлеп оқу, көркемдік ерекшелігін, жоқтау жырға тән ерекшеліктерді анықтау. 

Қорытынды. Алып Ер –Тұңғаның түркі тарихындағы рөлі қандай? Жырдан үзінді келтірте отырып  өз ойларын дәлелдету.

Үйге тапсырма. 1. Жоқтау жырды оқу, мазмұндау.

2. Жоқтау жырдан заманға айтылған сындарды анықтау.

3. Қазақ халқының  тарихындағы  жоқтау жырлар туралы мәліметтер дайындау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып –Ер Тұңға ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 8015
    • DOCX 19.6 кбайт
    • 21 скачивание
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орынбаева Дана Орынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орынбаева Дана Орынбаевна
    Орынбаева Дана Орынбаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26621
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе