Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Г дыбысы" (1-сынып)

Сабақ жоспары "Г дыбысы" (1-сынып)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Әліппе. Күні: 14.11.2013ж Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, сөздер, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!
Үй тапсырмасын пысықтау.
«Сен бақытты ұлансың» өлеңін жатқа сұрау( 2 - 3 оқушы)
1. Ү әрпінен келетін сөздер айту?
2. Үтік сөзін жазып көрсет?
3. Ү дыбысының жазба түріндегі бас әрпін кіші әрпін жазып көрсет?
4. Үкі сөзін жазып көрсет?
5. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
6. Ү қандай дыбыс?
- Балалар, сұрақ - жауап арқылы нені құрастырдық?
- Гүл құрастырдық.
- Барлығың гүл деп айтып көрейікші.

- Гүл

- Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

- үш әріп, үш дыбыс, бір дауысты, екі дауыссыз.
- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

- Г дыбысы
3. Жаңа сабақ
Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз. «Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту.

Шеге ше-ге таға та-ға

Шегеле ше-ге-ле тағала та-ға-ла


Шеге-құрылыс материалы.

Таға-ат аяғына тағады.


Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.


Оқулықпен жұмыс кезеңі
«Г» дыбысына берілген бағандағы сөздерді оқушыларға буындатып оқыту.
- Г дыбысы бар буындарды теріп оқыту.
“Ай мен Әтеш” ертегесін түсіндіру .

Ертеде Ай мен Әтеш көкте болған екен. Ай тентектің тентегі еді. Бірде екеуі қатты ерегеседі. Олар ортақ келісімге келе алмайды. Ай Әтешті жерге итере салады. Содан бері Әтеш Айды көргісі келмейді. Тек жарықта ғана болғысы келеді. Ал Ай болса көкте қалады.


“Ер қанаты- ат” тақырыбындағы тірек сөздерін пайдаланып оқушыларға әңгіме құрату.

Бәйге жарыс Жәңгір

Шеген тай дайындады.


Қ-ғ, к-г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтау жаттығулары орындалады.

Дауысты Ы және І дыбыстары жалғанғанда Қ дыбысы Ғ дыбысына, К дыбысы Г дыбысына айналады.

Мысалы:

Қайрақ қайрағы Көйлек көйлегі

Тарақ тарағы терек терегі

Қайық қайығы шелек шелегі


Дәптермен жұмыс кезеңі
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Ауада жазып көрсету.
- Тақтаға үлгі көрсету.


4. Сабақты қорыту
«Жоқ буынды тап» ойыны Ше..., өшір..., іл..., ір..., бәй.... (Шеге, өшіргіш, ілгіш, ірге, бәйге)

«Сөздерде неше буын бар» ойыны Ше-ген, бәй-ге, Құ-ла-гер, іл-гек, гүл.
«Буындардан сөз құра» ойыны. Әң, гі, ір, ге, ме, жі, гер, шін, кө. (Әңгіме, ірге, жігер, көгершін)


Балалар бүгінгі сабағымызды қорыта келе жиырма көлеміндегі сандарды өсу ретімен дұрыс орналастырсақ жасырын сөз шығады. 1 3 2 4 5 7 6 8 10 9 11 15 12 14 13

Жарайсың балалар.

Оқушыларды бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша және шаршы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: «Г әрпін жазу. Ай мен Әтеш ертегісін оқып түсінгенін айту».




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров160
Номер материала ДВ-252667
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх