Инфоурок / География / Конспекты / Сабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Сирия» (11 сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Сирия» (11 сынып)

библиотека
материалов

Қолданбалы курс

Сабақ № 15

Сыныбы 11 «А»

Күні 15.12.2015 ж.


Тақырыбы: Сирия.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сирияның географиялық орны, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығы, өнеркәсіп салалары, экономикасы туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: саяси саналыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Оқу құралдары: Оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар.

Сабақ түрі: лекция

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Пәнаралық байланыс: тарих


Сабақтың жоспары:

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Сауд Арабияның аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға берулерін тексереді, кейін кескін карталарын тексеріп, бағалайды. «Сауд Арабияның туристік объектілері» деген тақырыпқа хабарламаларын тыңдайды.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Сауд арабияның ЭГЖ-ның басты ерекшелігі қандай?

2. Шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер?

3. Сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;

4. Табиғаты мен табиғат ресурстары.

5. Ірі қалаларына мысал келтіріңдер. Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді. «Сауд Арабияның туристік объектілері» туралы хабарлама оқиды.


Жаңа сабақ:

Астанасы: Дамаск

Ауданы: 185180 км²

Халқы: 23 213 210 адам (2015ж.) 124,3 адам /км²

Ресми тілі: араб

Импорт негізі: машина және құрал-жабдық, темір және болат, тамақ, химикаттар, ағаш, ауыл шаруашылық өнімдері, фосфат, тоқыма өнімдері.

Ақша бірлігі: сирия фунты


Мемлекеттік құрылымы: республика

Сирия Таяу Шығыста орналасқан Араб мемлекеті. Оңтүстік-батысында Ливанмен, Израилмен, оңтүстігінде Иорданиямен, шығысында Иракпен, солтүстігінде Түркиямен шектеседі. Батыс жағалауын  Жерорта теңізі  сулары шайып жатыр.Жер бедері негізінен аздаған тау массивтерімен алмасып отыратын шөлейтті үстірттер. Батысы мен оңтүстігінде Антиливан және биіктігі 2814 м болатын Эш-шейх массиві орналасқан. Ірі өзені – Евфрат. Шөл мен шөлейтті жерлер басым, тек жағалық бөліктер мен тау етектерінде қайың, қарағай, кипарис, лавр ағаштары өсетін ормандар таралған. Климаты — жағалық бөліктерінде субтропиктік жерортатеңіздік, ал орталық ішкі аудандарда құрғақ континенттік климат.Қаңтардың орташа температурасы +40С-тан +120 С-қа дейін (шығысында), жағалық бөліктерінде жазда +26+330 С-қа дейін. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 100-300 мм, таулы аудандар мен Жерорта теңізі жағалауында 1000 мм-ге дейін жетеді.

Әкімшілік жағынан 13 мухафазға (губернаторлық) және солармен тең дәрежедегі Дамаск муниципалитетіне бөлінген.


Ұлттық  және діни құрамы: Сириялық Арабтар – 86%, курдтер — 6%, палестиналықтар — 3%, армяндар — 2%.

Ресми тілі – араб тілі.


Діни құрамы: ислам — 90%, христиандық — 10%

Ислам ағымдары. Сириялықтардың көбі, ислам ішіндегі — сунниттерге жатады. Бірақ басқа ағымдарды да ұстанушылар бар: шииттер, исмаилиттер және алавиттер. Мұсылман-алавиттер дінінде христиандық элементтер бар: мысалы, олар Рождество мен Пасханы тойлайды. Бұрындары алавиттерді қуғындайтын, бірақ қазір олардың арасында бай әрі атақты адамдар да көп. Сирия Президенті Хафез Асад мұсылман-алавит.

Сирия — антика кезінде бой көтерген ел, ал астанасы Дамаск оазис-қала, Барад өзені аңғарында орналасқан әлемнің ең ежелгі қалаларының бірі. Ол басты сауда жолдарының қиылысқан жерінде орналасқан. Сирия римдіктер, гректер, арабтар және түріктердің билігінде болды. І дүниежүзілік соғыстан кейін ел Франция бақылауында болды. 1946 жылы Сирия тәуелсіздік алды, бірақ Израйльмен конфликтіге келді. Негізгі халқы — исламды ұстанған арабтар. Территорияның жартысынан көп жері шөл, бірақ өзен аңғарларындағы жерлер өңдеуге жарамды.


Ауыл шаруашылығы. Сирияның аграрлық секторында еңбекке жарамды халықтың 50% шоғырланған. Территорияның 30% жыртылған жерлер, 45% жайылым алып жатыр. Құнарлы жағалық топыраққа күріш, жеміс-жидек, қант қызылшасы, зәйтүн және темекі өсіреді. Бидай мен арпаны таулы қыраттың жартылай шөл аймағын өңдеп отырғызады. Егінді жердің біршама бөлігіне мақта өсіріледі. Мал басы12 млн. қой, 1 млн. ешкі, 700 000 ірі қара.


Өнеркәсібі. Сирия өнеркәсібіне — тау-кен, тоқыма, тамақ, темекі және цемент салалары жатады. Жүн, синтетикалық және жібек мата тоқитын өндіріс орындары елдің ең үлкен қалаларының барлығында дерлік орналасқан. Дамаскіде цемент, әйнек, фармацевтік препараттар, құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар бар. Хама — металлургия орталығы.


Пайдалы қазбалары. Сирия — ірі фосфорит өндіруші әрі экспорттаушы ел. Темір, хром, марганец кені барланған, ас тұзы өндірілуде. Көбінесе, мұнай-газ өндіру саласы дамыған. Мұнай мен газдың ірі кен орындары елдің солтүстік шығысында орналасқан.

Ірі қалалары. Дамаск (l 500 000), екінші ірі қала — Алеппо (l 500000), үшінші ірі қала — Хомс (580 000).


Евфрат су бөгені. Евфрат өзені Түркиядан Иракқа ағатын жолында Сирияның солтүстік-шығыс бөлігін басып өтеді. Бұл жерде Евфрат ГЭС салынған, ол елдің барлық электр қуатының 3/4 бөлігін өндіреді. Мұнда Президент Асадтың есіміне қойылған Эль-Асад су қоймасы бар. Оның суы ирригация үшін қолданылады.

Қорытындылау: Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды.

Бағалау: Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Үйге тапсырма беру

1. Сирия

2. Кескін картамен жұмыс


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-049291

Похожие материалы