Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Сабақ жоспары ХХІ ғасырдың жас математигі

Сабақ жоспары ХХІ ғасырдың жас математигі



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасырдың жас математиктері»

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ауызша,жазбаша есептеу қабілетін ойын

арқылы жетілдіре отырып пәнге деген қызығушылығын

арттыру.

ә) Оқушылардың қисын ,есте сақтау,ұйымдастыру, оперативтік

ойлау қабілеттерін дамыту

б)Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке,байқампаздыққа,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,үлестірмелі тапсырмалар,сандар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар 2 топқа бөлінеді

І бөлім – «Бәйге»

ІІ бөлім – «Тіл - өнер»

ІІІ бөлім – «Дода»

ІҮ бөлім – «Тапқырлық»

Ү бөлім – «Жорға»

Армысыздар құрметті ұстаз дар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Олай болса, 8 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған

«ХХІ ғасырдың жас математиктері» атты интеллектуалдық сайысымызды

бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға

«ХХІ ғасырдың жас математиктер» ойынына қатысушыларды

шақырамыз.

Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлау.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын

І бөлімін бастаймыз.


І бөлім «Бәйге».

Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек.

Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап

береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.





Сұрақтар:

  1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)

  2. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? («Әл – жебр деген араб сөзі»)

  3. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар?(12 қыры, 6 жағы)

  4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.(медиана)

  5. Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)

  6. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

  7. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)

  8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)

  9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)

  10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)

  11. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

  12. Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан? (1)

  13. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 градус)

  14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)

  15. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?(құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды)

  16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)

  17. Геометриялық жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі. (планиметрия)

  18. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)


ІІ бөлім «Тіл - өнер».

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізеді.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – дей келе,

«Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай.


  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка)


  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать),


  1. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка,)

  2. Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят)


  1. Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать)



  1. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга,)

ІІІ бөлім. «Дода»

«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың бөлімі

«Дода» бөліміне келіп жеттік.

Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл

бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір топ көрсетілген ұпайлар бойынша 1

тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

hello_html_6aac920c.gif

1 Қазақтың байырғы есептері 20 30 40

hello_html_4b449663.gifhello_html_4b449663.gifhello_html_4b449663.gifhello_html_4b449663.gifhello_html_4b449663.gif



3 «Кенгуру» есептері 20 30 40



4 Викториналық сұрақтар 20 30 40




  1. Қазақтың байырғы есептері:

20-ұпай. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? – деп атасы немересіне қарады. (бір пұт)

30-ұпай. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді.

  • Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,

  • Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? (1 бала-4, 2 бала – 18, 3 бала - 8)

40-ұпай. Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м. Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады?

(7 күнде)


  1. «Кенгуру» есептері:

20-ұпай. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?

А) 27 б) 28 с) 31 д) 33 е) 56

30-ұпай. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?

А) 6 б) 10 с) 16 д) 20 е) 32

40-ұпай. Мына сандардың ең үлкені қайсысы?

А) 999 б) 999 с) (99)9 д) 999е) 9999





4. Викториналық сұрақтар:

20-ұпай. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?(түйеқұс ұшпайды)

30-ұпай.Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тәрелкесімен алады)

40-ұпай.Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20минут ұшады да, сол жолмен қайтарда 80 мин. Ұшты . Себебін түсіндір. (1 сағ20 мин=80 минут)


ІҮ бөлім. «Тапқырлық»

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп – қисап, сан – цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім мен оларды айтып бермек үшін-деп,

hello_html_263dd6fa.gif

Ү бөлім. «Жорға»

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» Ү бөлімінде

жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)


  1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус)

  2. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)

  3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)

  4. Нәрселерді санағанда қолданылатын натурал сан. (натурал сан)

  5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)

  6. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)

  7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)

  8. Бағытталған кесінді. (вектор)

  9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)

  10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)


  1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)

  2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

  3. 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)

  4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)

  5. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

  6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)

  7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)

  8. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи-дің мәні нешеге тең? (3,14)

  9. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш. (шаршы, ромб)

  10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)


Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз -дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.


Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров108
Номер материала ДВ-418208
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх