Инфоурок / Информатика / Статьи / Сабақ жоспары информатика пәнінен тақырыбы "Сызықтық алгоритмді программалау" 7 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сабақ жоспары информатика пәнінен тақырыбы "Сызықтық алгоритмді программалау" 7 сынып

библиотека
материалов

Сыныбы: 7

Күні: Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы:

Сызықтық алгоритмді программалау

Сілтеме

Оқулық Информатика 7-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.А.Бекетауов

Информатикадан электронды оқулық

Мақсаты:

  • Программалау тілі туралы мәлімет алады.

  • Free Pascal мүмкіндіктерін және жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді

  • Сызықты құрылған алгоритмдер мен программалар құрады, білімдері жүйеленеді

  • Есептерді шығаруға арналған сызықты алгоритмдер құрылымын қолданып, программа құрастыруға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже:

  • Программалау тілі туралы ақпараттармен танысады;

  • Free Pascal программалау ортасымен жұмыс істей алады;

  • Free Pascal тілінің мүмкіндіктерін үйренеді;

  • Сызықты алгоритмдерге программа құра біледі.

Сабақтың түрі:

Бекіту сабағы

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет материалдары, таратпа материалдар, көңіл күй дидары, топ ережесі,

Әдіс –тәсілдер:

Диалог, жеке және топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, «Кіру сұрақтары», «сәйкестендіру кестесі», стратегиялары.

Кезеңдер.

Берілетін уақыт (45 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру (2 мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу

Тренинг: «Сен қайдасың?»

  • Сәлем достым (қол беріп амандасу)

  • Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

  • Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

  • Жақсы болды (қол шапалақтайды)

- Топқа бөлу. Алгоритм, блок схема, программа топтары

- Оқушылар жағымды ахуал қалыптасырады






  • Оқушылар үлестірмеге жазылған атаулар бойынша топтасады.

ІІ. «Ой шақыру»

Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин) (Диалог әдісі,)

  • Кіру сұрақтары

  1. Компилияция үдерісі не істейді?

Компилияция – бұл программаны программалау тілінен екілік кодқа ауыстыру үдерісі.

  1. Оператор дегеніміз не?

Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс –әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі, басқаша айтқанда бұйрықты орындау қызметін атқарады.

  1. Белгілі бір символдар жиынтығы ..... деп аталады

Белгілі бір символдар жиынтығы программалау тілінің алфавиті деп аталады

  1. Идентификатор –әріптердің, цифрлардың және сызу символдарының жиынтығы.

  2. Паскаль программалау тілінің негізін қалаушы кім?

Шведцариялық ғалым Никлаус Вирт

  1. Паскаль программалау тілінің бөлімдерін ата.

Программа тақырыбы (атау), сипаттау бөлімі, опараторлық бөлім.

  1. Операторлық жақшалар қалай аталады.

Begin, end

  1. Айнымалы және негізгі сипаттамалары жайлы не білесің?

Айнымалы – программамен бөлінген жадтың ұяшығы, оған атауы бойынша жүгінуге болады. Айнымалының негізгі сипаттамалары атауы, типі, мәні болып табылады.

  1. Айнымалы типтерді ата.

Қысқа бүтіндер shortint-128 –ден 127-ге дейін

Бүтіндер -integer -32768-ден 32767

Нақты real -1,7Е38-ден 1,7Е38

Логикалық boolean : жалған және ақиқат

Символдық char

Жолдық string

  1. Мәліметтерді енгізу және мәліметтерді шығару үдерістері жайлы не білеміз?

Енгізу және шығару операторларын ата.

Мәліметтерді енгізу –бұл сыртқа құрылғыдан жедел жадқа ақпаратты тасымалдау.

Мәліметтерді шығару - кері үдеріс, мәліметтер жедел жадтан сырқты құрылғыларға беріледі.

Write, read

  1. Өрнек – бір мәнді есептеу әдісін анықтайтын тілдің синтаксистік бірлігі.

  2. Сызықтық алгоритм деп – әрекеттері бірінен соң бірі тізбектеле орынадалатын алгоритмдер айтылады.

Оқушылар үй тапсырмасын кіру сұрақтарына жауап беру арқылы орындайды


«Ой қозғау»

(17 мин)

  • Өткен тақырып бойынша әр топ сәйкестендіру кестесін толтыру.

1

Program p1;

Var A,B,X:Real;

Begin

Readln(A,B); X:=Sqr(A)+Sqr(b);

Writeln(‘Қосынды=‘,X:2:4);

End.


a)Трапеция-ның ауданы

2

Program k;

Var x,y:integer;

z: real;

Begin

z:=(sin(x)-y)/(abs(y)+cos(y));

Writeln(‘z=‘,z);

End.


b)Өрнектің мәнін есептеу

3

Program f;

Var v, t, s::integer;

Begin

readln(v, t);

s:=v*t;

Writeln (‘s=‘,s);

End;


c)Екі нақты санды қосу


4

Program R;

Var a,b,h, s::integer;

Begin

readln(a,b,h);

s:=(a+b)*h/2;

Writeln (‘s=‘,s);

End;


d)Автомобиль-дің жүрген жолы


Жауабы: 4-а, 3-d, 1-c, 2-b




  • Әр топ «сәйкестендіру кестесі» тапсырмасына орындайды, жауаптың дұрыстығын тексереді

Мағынаны тану Практикалық тапсырамалар орындау. (15 мин)


  • Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаға алгоритм, блок схема және программалар құру керек. Тапсырма толық орындалып біткеннен кейін компьютерде нәтижесін алу.

  • 1 топқа: Мемлекеттің тұрғын саны мен аумағы белгілі. Осы мемлекеттің халқының тығыздығын табыңдар

Program halik tigizdigi;

Uses crt;

Var n,s,p:real;

Begin

Clrscr;

Write (‘s,n=’); readin(s,n);

p:=n/s;

write(‘p=’,p:0:2);

readkey;

end.

  • 2 топқа: Екі x және y нақты сандар берілген. Олардың қосындасын, айырмасын, көбейтіндісін және бөліндісін табыңдар.

Program esepte;

Uses crt;

Var x,y,s,aer,p,d: real;

Begin

Clrscr;

Write (‘x,y=’)

Read(x,y);

S:=x+y;

Ayr:=x-y

P:=x*y;

D:= x/y;

Write(‘ қосынды=’,s:5:6);

Write(‘айырмасы =’,ayr:5:6);

Write(‘көбейтінді=’,p:5:6);

Write(‘ бөлінді=’,d:5:6);

Readkey;

End.

  • 3 топқа:Екі сан берілген олардың кубтарның қосындысының орташа арифметикалық ортасын табыңдар.

Program ariforta;

Uses crt;

Var a,b,sa:real;

Begin

Clrscr;

Write(‘a,b=’);

Read(a,b);

Sa:=(a*a*a+b*b*b)/2;

Writeln(‘sa=’,sa:5:6);

Readkey;

End.

  • Әр топқа жеке берілген тапсырмаларға алгоритм, блок схема, программа құруға тапсырманы орындайды

  • Оқушылар жеке компьютерде берілген тапсырманы жүзеге асырады.


«Ой қорыту». (5 мин)


Әр оқушы жеке жұмыс дәптері бойынша тапсырма беріледі.

  • 1 топ-2 тапсырма. a-integer, b-real нәтиже типін анықта

C:\Users\Комп\Pictures\img043.jpg

  • 2 топ -3 тапсырма. өрнекті математикалық формула түрінде жаз.

C:\Users\Комп\Pictures\img046.jpg

  • 3-топ 4 тапсырма. келесі операторлар орындалғанда а мәнін тап

C:\Users\Комп\Pictures\img045.jpg


  • Топтар жұмыс дәптері бойынша берілген тапсырмаға өз жауаптарын қорғайды


«Бағалау» практикасы. (2мин)

Критерийлер бойынша бағалау

критериилер

Бағасы

1

Үй тапсырмасы сұрағына берген жауабым


2

Сәйкестендіру кестесі тапсырмасының орындалуы


3

Алгоритм, блок схема, программа құруға қосқан үлесім


4

Компьютерде есептің нәтижесін алу денгейім


5

Кестелік тапсырманы орындауым . «Көршіңді тексер»



Оқушылар бағалау парағы бойынша өзін –өзі бағалайды

Рефлексия (1мин)

«Бес саусақ» тәсілі

Бас бармақ- басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды

Балан үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс істедім. Кімге көмек бердім? Кімді риза еттім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Оқушылар бес саусақ кері бйланысы бойынша сабаққа пікір білдіреді.

Үйге тапсырма.

15 параграф бойыншаесептерге программалар құру

эссе жазу.





Алматы облысы

Райымбек ауданы

«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ











Сызықтық алгоритмді программалау

7 сынып

Пәні: Информатика

Пән иесі: Қайнар орта мектебінің информатика пәні мұғаліміСмағұлова Айнұр















2015 - 2016 оқу жылы




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-520060

Похожие материалы