Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Конспекты / Сабақ жоспары Қыпшақ мемлекеті.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Сабақ жоспары Қыпшақ мемлекеті.

библиотека
материалов



Күні:

Сыныбы: 10

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:§26. Қыпшақ мемлекеті.

Сабақ/ оқу мақсаты: 1. Қыпшақ хандығының шығу тегі, әуелгі кездегі тарихы, көрші тайпалармен қарым-қатынасы және басқару ісі, хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы, қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстырып, түсіндіріп, тарихи-сасяи-мәдени білімдерін көтеру;

2. Қыпшақ хандығының құрылуына ықпал еткен тарихи факторлар мен хандықтың алдына қойған тарихи міндеттерін салыстыра отырып, СКТТ бойынша оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;

3. Оқушыларды өз елінің тарихын, кең байтақ жерін, ескерткіштері мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, өздік жұмыстар орындау.

Көрнекілігі: оқулық, карта, сызбалар, интерактивті тақта, слайд.

Оқулық/әдебиет: Қазақстан тарихы /жарат.-матем.бағ./ 10 А сынып, Авт. С.Жолдасбаев, Алматы: Мектеп, 2006 (2011). Орт.ғас.Қазақстан тарихы, 7-сынып.Авт. С.Жолдасбаев, Алматы:Атамұра,2012.

Болжамдап отырған нәтиже: қарастырылып отырған тақырып бойынша білімі толық

қалыптасқан тұлға.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең:

1. Сәлемдесу, түгелдеу, сыныптың тазалығына көңіл аудару.

2. Оқушылардың оқу құралын, дайындығын тексеру.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: /әр мемлекеттің тарихына 1 оқушы шолу жасайды/.

1. 552-603 жж. Түрік қағанаты империясы.

  1. 603-704жж Батыс және Шығыс түрік қағанаты.

  2. 704-756 жж. Түркеш қағанаты.

  3. ІХ ғ.соңы -ХІғ. басында Оғыз мемлекеті.

  4. ІХ ғ.соңы -ХІғ. басында Қимақ мемлекеті.


Оқушыларға берілетін сұрақтар:

1. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті: А) 542 ж. В) 545 ж. С) 546 ж. 2. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы: А) Суяб В) Сығанақ С) Мыңбұлақ 3. Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген А) Қағанатты басқарушыға В) Қаған руынан шыққандарға С) Қарапайым халыққа 4. Батыс Түрік қағанатында “Қара бұдындар”деп кімдерді атаған А) Ақсүйектерді В) Әскерді С) Қарапайым халықты 5. Түргеш қағанаты бөлінген аймақ саны: А) 10 В) 20 С) 30 6. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған: А) Сұлу В) Білге С) Бумын 7. Түргеш мемлекетінің негізін қалаған қаған: А) Сұлу В) Құтшар С) Үшлік 8. ІХ ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел: А)Ұйғыр қағанатынан В)Енисей қырғыздарынан С)Арабтардан 9. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші: А) Ябғу В) Сюбашы С) Атабектер 10. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: А)Иранмен В)Киев Русімен С)Қытаймен 11. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан: А) Әли В) Шахмәлік С) Тоныкөк 12. Жабғудың кеңесшілерін қалай атаған: А) Күл-еркіндер В) Он оқ бұдын С) Беклербектер 13. М.Қашғари дерегі бойынша Оғыздардағы тайпалар саны: А) 20 В) 24 С) 30 14. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа: А) Қыпшақтар В) Қарлұқтар С) Оғыздар 15. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ: А) Жетісу В) Ертістің бойы С) Монғолияның солтүстік батысы

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қыпшақтардың шығу тегі.

2. Қыпшақтардың қоныстанған аумағы.

3. Қыпшақтардың этникалық құрамы.

4. «Дешті Қыпшақ» сөзінің пайда болуы.

5. Қоғамдық құрылысы мен саяси жағдайы.

6. Шаруашылығы.


1. Қыпшақтардың шығу тегі. Б.з.д. ІІ ғасырда Қыпшақ атауы Қытай деректерінде кездеседі. Ескі қытай тілінде «Кюйше» деп атаған. Ғұндардың кезінде әйгілі ру-тайпа болып, Алтайдың солтүстік жотасында қыпшақтар өмір сүрген.

Б.з.д. 2-1 мыңжылдықта Андронов, Қарасу мәдениеттері осы қыпшақ тайпаларында қалыптасып, әрі қарай жалғасқан.


Сабақ жоспары бойынша қыпшақтардың тарихын түсіндіру барысында мына кестені пайдаланамын.

Кезеңдері

Оқиға мен нәтижесі


1


Б.з.д. ІІ ғасыр


Қыпшақ атауы Қытай деректерінде кездеседі. Ескі қытай тілінде «Кюйше» деп атаған.

Ғұндардың кезінде әйгілі ру-тайпа болып, Алтайдың солтүстік жотасында қыпшақтар өмір сүрген.

2

Б.з.д. 2-1 мыңжылдықта

Андронов, Қарасу мәдениеттері осы қыпшақ тайпаларында қалыптасып, әрі қарай жалғасқан.

3

IV ғасыр

Қыпшақтар ғұндар бірлестігінде болды.

4

IV-VI ғасырлар

Яньто тайпаларын басып алып, сеяньто атты жаңа бірлестік құрды.

5

VI ғасырдың ортасы

Түрік қағанатының қол астында тәуелді болды.

6

VII ғасырдың басында

Қыпшақтар Монғолияның терістігіндегі он-теле немесе он-оғыз тайпасынан құрылған бірлестікті басқарды.

7

630 жылы

Қыпшақтар (сеяньто) Өтікенде өздерінің Сир (Қыпшақ) мемлекетін құрады.

8

VII ғасырдың басы 646 жылы

Қыпшақтар бағындарып алған оғыз тайпалары қыпшақтар мемлекетіне күйрете соққы беріп, бостандық алады.

9

691 жылы

Тоғыз-оғыз одағының басындағы ұйғырларды жеңіп, Өтікен жерін алады. Бұл аймақта 742 жылы құлағанға дейін қыпшақтар 50 жыл билік жүргізді.

10

759 жылы

«қыпшақ» сөзі көне түрік жазба деректерінде Мойыншор құлыптасында кездеседі.

11

ІХ ғасыр

Араб саяхашысы Йбн Хордад бектің VIII ғасырға жататын түркі тайпаларының тізімінде қыпшақ сөзі жазылған.

12

VIII ғасыр

Қыпшақтар Орталық Қазақстанда қоныстанады.

13

ІХ-Х ғасырлар

Қыпшақтар Қимақ қағанатының құрамына кіреді.

14

ХІ ғасырдың ортасы

Сырдария жағалауындағы Хорезм шекараларына дейін қоныстанған.

15

ХІ ғасырдың екінші жартысы

М.Қашғари жасаған картада қыпшақтар Ертістен бастап Еділ өзеніне дейінгі жерді, тіпті Маңғыстау түбегін де иеленген.

16

1096 жылы

Қыпшақтар Хорезмге шабуыл жасаған.

17

ХІ ғасыр

Орыс жылнамаларында қыпшақтарды половецтер (далалықтар) деп атаған.

18

ХІ ғасырдың басы

Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойындағы оғыздарды жеңіп, жерін кеңейтіп, санын көбейтіп отырды.

19

ХІ ғасырдың басы

Қыпшақтар күшейіп, тарих сахнасына билік жүргізуші ретінде шыға бастады.

20

ХІІ ғасыр

Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейінгі Еуразиялық Ұлы Даланы мекендеген халықтардың барлығы «қыпшақтар» деп аталды.

2. Қыпшақтардың қоныстанған аумағы: Сырдарияның орта және төменгі бөлігі, Арал мен Каспий өңірі және Есіл мен тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Қыста: Маңғыстау мен Үстірте, жазда: Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларын жайлаған. Сырдарияның төменгі ағысынан Балқаш өзені, Дунай сағасына дейінгі аралық «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деп аталған.


3. Қыпшақтардың этникалық құрамы: VII-VIII ғасырда қалыптасты. Этниалық құрамы екі бөліктен тұрды: 1-ші Батыс бірлестігі 11 тайпадан тұрды: елбөрілі, тоқсоба, йетиоба, дурут, бужағлы, шортан, қарабөрікті т.б; 2-ші Шығыс бірлестігі 16 тайпадан тұрды: тоқсоба, бөрілі, дурут, бажанақ, қара бөрікті т.б.

Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі: бөрілер болған. Бұл елбөрілілер деп те аталған. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.

Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес тайпаларда енген. Олар: қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт және ХІІ ғасырдан бастап олардың құрамында қаңлылар, қарлұқтар, жікілдер де болған.


4. «Дешті Қыпшақ» сөзінің пайда болуы. «Дешті» парсы тілінен аударғанда «дала» деген сөзді, оған қыпшақ сөзінің қосылуы «Қыпшақ даласы» деген мағынаны білдіреді. Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейінгі Еуразиялық Ұлы Даланы мекендеген халықтардың барлығы «қыпшақтар» деп аталды.

Алғашында Сырдария бойын билеген оғыздар «мазафатт әл-ғұз» аталса, қыпшақтар жаулаған соң «Дешті Қыпшақ» деп атала бастады. Ал Қазақстанның ішкі аудандарындағы қыпшақтар «андар аз-қыпшақтар» деп аталды.

Қыпшақ даласы екіге бөлінді: Еділден – Алтай, Ертіс өзеніне дейінгі аралық Шығыс Дешті Қыпшақ делінсе, Еділден- батысқа дейінгі аралық Батыс Дешті Қыпшақ даласы деп аталды.

5. Қоғамдық құрылысы мен саяси жағдайы. Хандық билік әкеден-балаға мұрагерлікпен берілді. Хан тағына елбөрілі тайпасынан шыққандар ғана сайланды. Хандық биліктің орталығы «Орда» деп аталды. Әскери басқару жүйесі «оң қанат» және «сол қанат» болып бөлінді. Оң қанаттың ордасы Сарайшық қаласы, Сол қанаттың ордасы Сығанақ қаласы болды.

Қыпшақ хандығында таптық құрылыс болды. Ақсүйек-шонжарларға: хандар, оның туған-туыстары, тархандар, басқақтар, бектер, байлар, ру-тайпа көсемдері жатты. Бұқара халық малы жоқ кедейлерден тұрды. Жер өңдеумен айналысты. Қыпшақ қоғамында құлар да болды. М.Қашғаридің айтуынша қыпшақ тілінде құлды «яланкуг» деп атаған.

Х ғасырдың аяғы ХІ ғасырдың басында Қыпшақтарға Оғыздар мен Қимақтар бағынды.


6. Шаруашылығы. Негізгі шаруашылығы: мал шаруашылығы. Төрт түлік мал өсірген. ХІІІғғ. Орта кезінде Қазақстанда болған саяхатшылар П.Карпини мен Г.Рубрук айтуынша арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартқан. Қыпшақ жылқыларын төзімділігімен, жүрдектігімен, жорғалығымен халықаралық саудада жоғары бағаланған. Ауған, Иран, Египет, Үнді жерлерінде қыпшақ жылқылары 100 динардан 500 динарға дейін сатылған. Ибн Баттутаның дерегі бойынша Қыпшақтар сиыр малын да өсірген.

Қыпшақтар егін салумен де айналысқан. ХІІ ғғ. Еврей саяхатшысы Петахья өз жазбасында қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіргенін жазған. ХIV ғасырда әл-Омари былай деп жазған: «Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні – тары, ал тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады».

Қыпшақтарда шаруашылықтың қосымша түрі аң аулау болған. Еврей саяхатшысының жазуынша, аңды садақпен аулаған. Аңшылардың мергендігін айтқан. Аң еті тамақ үшін және кейбір қымбат бағалы терілерін сату үшін ауланған және аң терілерінен қысқы жылы киім тігілген.

Қыпшақтарда тұрмыстық кәсіп қолөнер жақсы дамыған. Малдың жүні мен терісінен қажетті бұйымдарды жасаған. Сондай-ақ, қыпшақтарда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған.


Қорытынды сөз: Қыпшақ хандығы монғол шапқыншылығының салдарынан құлайды, бірақ халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырды. ХV ғасырларда Қазақ хандығы құрылған кезде қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.


Өздік жұмыс орындау:

І. Математикалық ойын. Есепті шығарып, жауабы бойынша тарихи оқиғаны анықта.

1. 1991+800-2161=630 Қыпшақтар (сеяньто) Өтікенде өздерінің Сир (Қыпшақ) мемлекетін

құрған жыл.


2. 2030:2-324=691 Тоғыз-оғыз одағының басындағы ұйғырларды жеңіп, Өтікен жерін

алады. Бұл аймақта 742 жылы құлағанға дейін қыпшақтар 50 жыл билік

жүргізді.


3. 2013*2-2930=1096 Қыпшақтар Хорезмге шабуыл жасаған жыл.


ІІ. Сатылай кешенді талдау:


hello_html_m535bafb3.gifhello_html_m4dd7383a.gifhello_html_6aaeee7.gifhello_html_61549253.gifhello_html_m7a5f6772.gifhello_html_13e0ab69.gifhello_html_m1c20ca0a.gif1. Қыпшақтардың этникалық құрамы

1.1. VII-VIII ғғ. қалыптасты

1.2. Этниалық құрамы екі бөліктен тұрды Батыс бірлестігі

11 тайпадан тұрды Шығыс бірлестігі 16 тайпадан тұрды.

1.3. Батыс бірлестігі 11 тайпа елбөрілі, тоқсоба, йетиоба,

дурут, бужағлы, шортан, қарабөрікті т.б;

1.4. Шығыс бірлестігі 16 тайпадан тұрды тоқсоба, бөрілі, дурут,

бажанақ, қара бөрікті т.б.

1.5. Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі бөрілер болған

елбөрілілер деп те аталған Қыпшақ хандары осы

тайпадан шығып отырған.

1.6. Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес тайпаларда енген қимақ,

оғыз, құман, ежелгі башқұрт ХІІ ғ. бастап құрамында

қаңлылар, қарлұқтар, жікілдер болған.


Сабақты бекіту:

1. Қыпшақтар ғұндар бірлестігінде болған уақыт:

А) Х ғасыр Ә) IV ғасыр Б) VІІ ғасыр

2. Қыпшақтар Монғолияның терістігіндегі он-теле немесе он-оғыз тайпасынан құрылған бірлестікті басқарған кезең:

А) ІХ ғасырдың басы Ә) ІІІ ғасырдың аяғы Б) VІІ ғасырдың басы

3. ХІ ғасырда Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай аталды?

А) Половецтер Ә) «мазафатт әл-ғұз» аталса Б) андар аз-қыпшақтар

4. Хандық биліктің орталығы аталды:

А) «Орда» Ә) «Оң қанат» Б) «Сол қанат»

5. Қыпшақ хандығында оң қанаттың ордасы аталған қала:

А) Түркістан Ә) Сығанақ Б) Сарайшық

6. М.Қашғаридің айтуынша қыпшақ тілінде құлды атады:

А) Тат Ә) Яланкуг Б) Мәмлүк

7. Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейінгі Еуразиялық Ұлы Даланы мекендеген халықтардың барлығы «қыпшақтар» деп аталған кезең:

А) VІІ ғасыр Ә) ХV ғасыр Б) ХІІ ғасыр

8. Қыпшақтар күшейіп, тарих сахнасына билік жүргізуші ретінде шыға бастады:

А) ХІ ғасырдың басы Ә) ХІ ғасырдың ортасы Б) ХІ ғасырдың аяғы

9. Қазақстанның ішкі аудандарын мекендеген қыпшақтардың атауы:

А) «андар аз-қыпшақтар» Ә) «мазафатт әл-ғұз» Б) «Кюйше»

10. Қыпшақтарда халықаралық саудада жоғары бағаланды:

А) Аң терісі Ә) Жылқылары Б) Сиырлары



Бағалау.


Үйге тапсырма: §26 оқу. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беру.

Қосымша деректерді пайдаланып, қыпшақтар жөнінде тарихи шығарма жазу.


Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров815
Номер материала ДВ-531556
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх