Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары: Іс қағаздары стилі. Өмірбаян.

Сабақ жоспары: Іс қағаздары стилі. Өмірбаян.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары стилі. Өмірбаян.

Сабақ мақсаты:

Білімділік : Іс қағаздары стилі туралы ұғымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: Іс қағаздарын дұрыс әрі қатесіз толтыруға үйрету.

Дамытушылық: Іс қағаздары стилінің бір түрі –өмірбаян жөнінде толық мағлұмат беру, тәжірибеде қолдана білуге баулу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ көрнекіліктері: мультимедиялық тақта,іс қағаздары үлгілері, өмірбаян түрлері.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,іс жүргізу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіңдіру. дәптермен жұмыс, құжаттармен жұмыс.

Сабақ барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

ә)Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Үй тапсырмасы : Әдеби тілдің стильдері: ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және іс қағаздары стилі

Жаңа сабақ: Іс қағаздары стилі.Өмірбаян.

Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең.Олар ресми іс қағаздары деп те аталады. Бұлардың ресми деп аталатын себебі көбінесе бір түрде,біркелкі қалыптасқан үлгі бойынша жазылады. Ресми іс қағаздары стилінің түрлері екіге бөлінеді: жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары және мекеме,ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздары. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарына жататындар: өмірбаян, түйіндеме, өтініш, арыз, түсініктеме,хат,жеделхат,күнделік. Мекеме,ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздар: хабарландыру, анықтама, хаттама,келісімшарт, мінездеме, акт,бұйрық, міндетттеме т.б. жатады. Біздің бүгінгі өтетін сабағымыз –өмірбаян. Өмірбаян жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарына жатады. Өмірбаян-оқу орнына немесе жұмысқа орналасатын адамның жеке басының сапалық қасиетін,өміріндегі негізгі кезеңдерді нақты фактілермен көрсететін іс қағазы.Оның ерекшелігі-жеке адамға қатыстылығында.Стильдік белгісі-қысқа да тұжырымды сөйлемдер қолданылады.Айғақтар нақты санмен көрсетіледі.Өмірбаянның саяси-қоғамдық өмірбаян, жай өмірбаян және автобиографиялық түрлері бар. Саяси-қоғамдық өмірбаян жаңа қызметке келген мемлекет қайраткерін немесе көпке танымал белгілі ғалым,ақын-жазушыларды таныстыру мақсатында жазылады. Азаматтың туған жылы,қайда оқығаны, еңбек жолын қайда және қалай бастағаны,қоғамдық қызметтегі белестері,жазған еңбектері жазылады.Ғылыми дәрежелері,алған атақтары да анық көрсетіледі. Жай өмірбаянда адамның өзі құжат тапсырғалы отырған оқу орнына,не мекемеге орналасқанға дейінгі негізгі өмір жолы айтылады.Туған жылы,қайда оқығаны,қайда жұмыс істегені, білім дәрежесі, кәсіби деңгейі,мамандығы, еңбек өтілі нақты көрсетіледі және азаматтың талап-тілегі де қысқаша баяндалып өтіледі.Автобиография-өмірбаянның ерекше түрі.Бұл өмірбаянда ақын,жазушы, ғалымдар өз өмір белестері жайлы көркем әдеби тілмен естелік ретінде баяндайды.Оның автопортрет,мемуар атты түрлері бар. Өмірбаян-адамның өз өмірі мен өсу жолдары туралы баяндауы.Оны жаза білуге үлкен шеберлік қажет.Өмірбаян жазу оқушыдан ой ұшқырлығын,тіл дәлдігін,жазу шеберлігін талап етеді. Жаңа сабақты бекіту мақсатында сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Әдеби тілдің неше стилі бар? 2. Іс қағаздары стилінің ерекшелігі неде? 3.Өмірбаян қандай іс қағаз үлгісіне жатады,оның қандай түрлері бар? 4.Аймақтық компонент бойынша Қайым Мұқаметхановтың саяси-қоғамдық өмірбаянын оқу,танысу,талдау. 5. Саяси-қоғамдық өмірбаянның жай өмірбаяннан айырмашылығы неде?

Оқушылардың білімдерін бағалау. (Түсініктемемен)

Үйге тапсырма:Өмірбаян стиліне сай өз өмірбаяндарын жазып келу. Қазақ әдебиетінен ақын-жазушылардың автобиографиялық өмірбаяндарынан таңдау бойынша бір өмірбаян дайындап келу.














57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров985
Номер материала ДВ-449453
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх