Инфоурок Другое Рабочие программыСабақ жоспары "Қыз Жібек жырын оқыту"

Сабақ жоспары "Қыз Жібек жырын оқыту"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жырының тақырыбы, мазмұны (Бірінші дәрістік сабақ).

            Сабақтың білімдік мақсаты: «Қыз Жібек» (тарихи) жырының тақырыптық, мазмұндық құрылымын меңгерту, тарихилығы туралы танымдық жұмыстар жүргізу.

            Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық ауыз әдебиеті мұраларына деген құрмет пен сүйіспеншілік көзқарасты дамыту, бағалай білуге баулу.

            Сабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Лирикалық туындыларға ұлттық тұрғыда талдау жүргізе білуге қалыптастыру.

            Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, жыр жинақтары, хронологиялық кестелер, слаидтар, кино-фильмнен алынған мұрағаттық деректер.

 

            Түрі: Танымдық-деректік, дәріс.

            Әдісі: Дәріс беру, талдау, зерттеу.

  1. Слаид құрылымдары арқылы жыр мазмұны дәріс түрінде меңгертіледі.
  2. Слаидтар арқылы жыр мазмұнын іштей оқып меңгеру жұмысы жүргізіледі.

 

Қысқаша жыр мазмұны слаид арқылы жіберіледі:

                                           1-слаид                                                     

Зарезервировано: Кіші жүз қарамағындағы жетіру тармағының бірі – жағалбайлы руының Базарбай деген байының есеп жетпес байлығы мен үш әйелінен тараған тоғыз ұлы болыпты. Жұрттан айбары асып тұрған тоғыз ұлы да оба ауруының кеселінен ажал тауыпты. Сол Базарбайдың сексенге келген шағында Төлеген, тоғызыншы жылында Сансызбай дүниеге келеді. 
	Төлеген он алты жасқа келгенде елге келген саудагер жас мырзаны Ақжайық өзені бойындағы алт Шектілер бойына жұмсалыпты-мыс. 
	Шекті қыздарының сұлулығын жеткізген саудагердің сөзімен теңіне асыл бұйымдар артып, анасының ақылымен 250 жорға алып, Ақжайыққа тартып кетеді.

 

 

 

 

 

 


                  

 

 

 

 

 

 

                   

                      2-слаид

Зарезервировано: 	Шекті еліне келген Төлеген қыз көрмек жасап, қаласа да, қаламаса да қыз көрсеткендерге бір жорғадан сый тартыпты. Оның бұл қылығы Шекті ханы Сырлыбайдың Қаршыға атты ақынына жетіп, ол Төлегенге жолығуға келген екен. Қаршығаның беделділігі сондай, Сырлыбай оған үлкен сенім артады екен. 
	Төлегенді ұнатқан Қаршыға Сырлыбайдың алты ұлының ортасындағы сұлу Жібекті көрсетпекке уағыдаласыпты. Ақжайық қонысына бас бұрған екеуі қалың көшке кезігіп, көш бастаған, көз жауын алар талай қыздардан өтеді. Осы Жібек деп дәмеленіп келгендердің барлығы да Жібек болмай, Төлегеннің тағатын таусумен болады. Хор қызындай сұлулардың қылығы мен назына бойы еріген Төлеген мен Қаршыға ертеңгі сәске кезінде Жібекке жетеді.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                 

 

 

 

 

 

 

 3-слаид

Зарезервировано: 	
	Алты шектінің алпыс мырзасына қызықпаған сұлу Жібек бойында азаматтық пен адалдықтың қасиетері бойына тұнған жас мырза жағалбайлы Төлегенге жүрегінің ықыласын береді. Сол кезде Қаршығаның  қылығын сыртынан естіген Сырлыбай  сыртынан қыз саудалған Қаршыға мен Төлегенді өзіне шақыртыпты. Зерделі әкенің көзқарасы Төлегенді ұнатып, қызына батасын беріпті.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                    

                                  4-слаид

Зарезервировано: 	Махаббат пен сұлу қыз қылығына мастанған Төлегенге кек, наразылық қылышын қайраушылар да алты шектінің алпыс мырзасы болып шығады. Олар уағыдаласа келе, Төлегенді өлтірмекке бел байлайды, бірақ Қаршыға мен Жібек ағаларының қаһарыган сескенген екен.
	Төлеген мырза қалыңдық ойнаумен жаздың өткенін де байқамапты. Еліне оралуға бекінген кезде Жібек түс көріп, оның жол жүруіне наразы болады. Бірақ Төлеген райынан қайтпай, атасы Базарбай, шешесі Қамқа, інісі Сансызбай барын естіртіп, қайтқан құспен бірге оралуға уәде беріп жүріп кетеді.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                     5-слаид

 

Зарезервировано: 	Ел-жұртымен сағынысып көріскен Төлегенге әкесі үлкен той жасапты, сол той үстінде кіммен, қай елмен құда болғанын, оған қашан баратынын Базарбай сұрапты. Төлеген қайтқан құспен бірге жазғытұрым баратынын айтқанда, өзінің тілегін айтыпты. Ол баласына тілегімді берсең, ендігі жылы осы уақытқа дейін бармағын, одан кейін қасыңа көп әскер қосып жіберемін деген екен. Төлеген әке тілегіне қарсы болыпты.
	Баласының қарсылығына наразыланған әке, егер Төлеген тілегімді орындамаса, әкелік теріс батамды беремін деп жариялапты-мыс.
 

 

 


               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

   

                                   6-слаид

 

Зарезервировано: 	Уақыттың жеткені – аспандағы қалықтаған қаздардың қалықтай өтуі болды. Аңсаған ғашығына жетуге асыққан  жас мырза жорғасына асығыс ер салып, жалғыз інісі Сансызбаймен қоштасып, жеңгесінің ел-жұртын айтып, өліп кетсем орнымда бол деп аманаттапты да, Ақжайық қайдасың деп жөнеле берді.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                       7-слаид

Зарезервировано: 	Асау желмен, ұшқан құспен жарысқан ғашық жүрек алдындағы ажалды да сезбеді. Жібекке ғашық Шектінің алпыс мырзасының бірі Бекежан (тарихи деректе өзге қожа Кескентерек есімді адам) қарақшыларымен жол торып жүріп, Қособа көлінің маңында Төлегенмен кездеседі. Бойына кек сақтаған шекті мырзасы айқасып алдырмаған Төлегенді жасырынып келіп, мерегендікпен маңдайдан атқан екен. Айласын асырған дұшпан ажал аузында жатқан Төлегеннің сөзіне құлақ салмай, оны шешіндіріп, бетіне топырақ салмастан жүре беріпті. Төлеген алты қазбен қоштасып бақилық болады.
 


                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

     8-слаид

 

Зарезервировано: 	Төлегенді өлтіргенін ешкімге сездірмеген Бекежан сегізінші жыл болғанда ойлайды, мен енді Жібекті алайын, төлегенді өлтіргенімді айтайын деп, той жасап жатқан Сырлыбай аулына келіп түседі. Сол тойда Жібекпен айтысып, Төлегенді өлтіргенін, оның атын алғанын мақтанышпен жеткізіпті. Ғашығының қазасын естіген Жібек, жас жүрегін езген хабардан айыға алмастан, алты ағасына Бекежанды құрбандыққа шалдырады.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                      9-слаид

Зарезервировано: 	
	
	Бұл жылдарда елдегі Сансызбай он жеті жасқа келген екен. Ер жеткен жас батыр Төлегенді сағынып, әкеден бата алып,  Шегені ертіп, Жайыққа жетеді. Ел шетіне жеткеннен  кейін, елдегі қаптаған қолды көреді де,  қой бағып жүрген қойшыдан сұрайды. Сол қойшыдан Сырлыбай елі екенін, күші басым қалмақ ханы Қорен Жібекті алмақ болып жатқанынын , Төлегеннің қаза болғанын естиді.
 

 

 

 


                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   10-слаид

 

Зарезервировано: 	
	Сансызбай азалы	Жібекке ақын Шегені жіберіп, өзінің келгенін білдіреді. Сансызбайды көрген Жібек Төлегенді көргендей болады да, қашуға уағыдаласады. Қорен қалмақтан айлаларын асырған бұлар жолға шығады. 
	Артынан қуып жеткен қалмақ ханын жас берен Сансызбай батылдығымен, қайраттылығымен жер жастандырады.
	Сөйтіп, халық салтын, аға аманатын орындаған Сасызбай отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, Жібек сұлуды алады.

                                                              

 

-          Слаид арқылы жыр мазмұны меңгертілгеннен кейін үнтаспадан жыр мақамы тыңдатылады;

-          Жыр, жыршы туралы, жырды тудырушылар мен дамытушылар туралы ұғым қалыптастырылады:

 

            Бекіту жұмыстары жыр ерекшелігі туралы түсінік жұмыстары арқылы жүргізіліп, жыр құрылымы, сюжеттік желісіне эвристикалық тұрғыдан іздену үй тапсырмасы ретінде міндеттеледі, жырды зертеушілердің еңбектерінен жаңа материалдар жинастыру тапсырылады.

 

            6-сабақтың үлгі-нұсқасы.

 

            Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» қиссасының құрылымдық ерекшелігі. (Екінші дәрістік сабақ).

            Сабақтың білімдік мақсаты: «Қыз Жібек» (тарихи) жырының, мазмұндық құрылымын, құрылыс және оқиғалық дамуын меңгерту.

            Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық ауыз әдебиеті мұраларына деген құрмет пен сүйіспеншілік көзқарасты дамыта түсу.

            Сабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Жыр, қисса, дастан құрылысы мен сюжеттік дамуына өз беттерінше талдау жүргіздіруге қалыптастыру.

            Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, ауыз әдебиет үлгілері, халықтық салт-дәстүр, жыр жинақтары, тірек кестелері, интерактивтік тақта.

            Түрі: Танымдық-деректік, дәріс.

            Әдісі: Дәріс беру, талдау, зерттеу.

 

(Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру пән мұғалімдерінің жоспарлауына сай жүргізіледі. Ұсынба: Үнтаспа арқылы сұрау, бәсең түрде сұрау, тірек тапсырмалар, перфокарталық белгілер арқылы сұрау т.б.)

 

  1. Жыр сюжеті меңгертіледі.

Зарезервировано:             ОҚИҒАНЫҢ ӨРБУІ

Төлегеннің Шекті жерінде қыз көруі.

Шекті еліне келген Төлеген қыз көрмек жасап, қаласа да, қаламаса да қыз көрсеткендерге бір жорғадан сый тартыпты. Оның бұл қылығы Шекті ханы Сырлыбайдың Қаршыға атты ақынына жетіп, ол Төлегенге жолығуға келген екен.
 


   Зарезервировано:              ОҚИҒАНЫҢ ДАМУЫ

Саудагердің Төлегенді Ақжайыққа бағыттауы.

Төлеген он алты жасқа келгенде елге келген саудагер жас мырзаны Ақжайық өзені бойындағы алт Шектілер бойына жұмсалыпты-мыс. 
	Шекті қыздарының сұлулығын жеткізген саудагердің сөзімен теңіне асыл бұйымдар артып, анасының ақылымен 250 жорға алып, Ақжайыққа тартып кетеді.

 

Зарезервировано:          ОҚИҒАЛЫҚ ШИЕЛЕНІС
Төлегеннің Жібекпен кездесуі

Алты шектінің алпыс мырзасына қызықпаған сұлу Жібек бойында азаматтық пен адалдықтың қасиетері юбойына тұнған жас мырза жағалбайлы Төлегенге жүрегінің ықыласын береді. Сол кезде Қаршығаның  қылығын сыртынан естіген Сырлыбай  сыртынан қыз саудалған Қаршыға мен Төлегенді өзіне шақыртыпты. Зерделі әкенің көзқарасы Төлегенді ұнатып, қызына батасын беріпті.
Зарезервировано:          ОҚИҒАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Төлегеннің Қаршығамен кездесуі
	Төлегенді ұнатқан Қаршыға Сырлыбайдың алты ұлының ортасындағы сұлу Жібекті көрсетпекке уағыдаласыпты. Ақжайық қонысына бас бұрған екеуі қалың көшке кезігіп, көш бастаған, көз жауын алар талай қыздардан өтеді. Осы Жібек деп дәмеленіп келгендердің барлығы да Жібек болмай, Төлеген тағатын тауысып,  Төлеген мен Қаршыға ертеңгі сәске кезінде Жібекке жетеді.
 

 


                                                            

 

 

 

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


II. ЖЫРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІН МЕҢГЕРТУ САТЫЛАРЫ.

 

  1. Жыр оқиғасы үш түрлі әдіс арқылы жүреді: хикаялау, сипаттау, сөйлету.

-          Сипаттау - көш картинасы, Жібектің сұлулығы, оның отауға барғандағы келбеті, сандалкөктің шабысы.

-          Оқиға сөйлету арқылы дамып, кейіпкерлердің ішкі ойы, сезім дүниесі, арман-тілегі өз сөздерімен монолог, диалог ретінде берілген /Жібектің түсі, Төлегеннің алты қазбен қоштасуы, Жібектің жоқтауы/.

  1. Халық поэзиясының әр алуан үлгілері қолданылған:

- естірту;

- жоқтау;

- қоштасу;

- жалбарыну;

- айтыс.

3. Сөз қолданысындағы көркемдік: әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, теңеу т.б.

4. Жыр оқиғасы кейіпкерлер тартысына құрылған.

5. Жеке тұлғаларға портрет шебер берілген.

6. Жырда шендестіру, дамыту, эллипсис қатар қолданылған.

 

      (Дамыту /градация/- көштегі қыздардың сұлулығын бір-бірінен асыра көрсету.

      Шендестіру /антитеза/- Жібектің суреттемесі:

                                         Жібектің ақтығы,

                                         Наурыздың ақша қарындай.

                                         Ақ бетінің қызылы,

                                         Ақ тауықтың қанындай).

  1. Жырда халық дәстүрі қыз көру, құда түсу, қыз ойнақ, қалың төлеу, әмеңгерлік сақталған.

 

III. Әдебиет теориясы бойынша жұмыстандыру.

ЭЛЛИПСИС /грек./ - cөйлем құрастыруда айтылуға тиісті кейбір сөздерді тастап жазу.

                  Мысалы: Асылдай болып есіліп,

                              Нұрдай болып шешіліп...

                              ...Көшті тартып барады,

                              Жібекті тапқан шешесі.

 

IY. Бекіту жұмыстары:

-          оқиға желісін даму жүйесіне қарай баяндау әдістері арқылы жүргізіледі;

-          әр бөлім бойынша немесе ұлттық дәстүрлер тұрғысынан ой толғам, сыни көзқарастар оқушылар тарапынан айтылады.

 

(Үй тапсырмасы оқытушы қалауы, дайындығына қарай беріледі)

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Қыз Жібек жырын оқыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 1869
    • DOCX 97.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куаныш Талап Таймасулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куаныш Талап Таймасулы
    Куаныш Талап Таймасулы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12688
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе