II.Оқушылардың қызығушылығын ояту
-Балалар,бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан
өзгеше өтеді.Біз саяхатшы Дара және оның досы Ботимен Қазақстан қалаларына
саяхат жасаймыз.
- Саяхатқа пойызбен шығамыз. Әуелі жаңа
сөздермен танысайық: барғың келе ме?- хочешь поехать?Көргің
келе ме?- хочешь посмотреть? «Оқы,қара,жаз,тексер»сратегиясы
Жаңа сөздерді қаншалықты жаттағандарыңды
тексеру үшін,Ботидің жұлдызшаларындағы сұрақтарға жауап берейік.
-Рахмет,жарайсыңдар!Жаңа сөздерді жақсы
біледі екенсіңдер .Пойызға отыруға рұқсат.Ал енді пойызға Дарамен бірге
отырайық,пойызбен бірге қимылдаймыз.Алға!
-Мынау балалар саяхат бағыты. Шиелі
ауданынан шығып, Шымкент, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Елордамыз
Астана қаласына дейін жетуіміз керек.Дара Астана қаласын көргісі келеді екен.
-Әр қаланың бізге тапсырмасы бар екен.Тапсырмаларға
дұрыс жауап берген әрбір оқушыға жұлдызшалар беріліп отырады. Дараға көмек
беру үшін тапсырмаларды бірге орындайық.
III.Жаңа сабақ
1-ші бағыт бойынша Шымкент қаласына бару керек.Шымкент қаласына бару үшін мына тапсырманы орындаймыз.
1-тапсырма. Қазақстанның қалаларын дәптерге жаз.Әр қаланы 2 топтан әр оқушы
тақтаға шығып жазады,қалғандары дәптерге жазады./жеке жұмыс/
2-ші бағыт Жамбыл қаласы.
2-тапсырма.Оқы,біл,аудар.
Тақырып бойынша берілген мәтінмен жұмыс
жасау./топпен жұмыс/ «Менің қалам» мәтініндегі бастапқы 3 сөйлемді І-топ,кейінгі
3 сөйлемді ІІтоп оқып,аударып,тиісті сөздерді орнына қойып жазады.Дарынды
оқушылар сурет бойынша әңгіме құрайды. СТО
3-ші бағыт Алматы қаласы.
3-тапсырма.Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.1- топ 3 қаланың суретіне дұрыс
сұрақ қою керек,2-ші топ дұрыс жауап беру керек.Осылай 2 топ кезектеседі
(стратегия «Телефон»)
ІІІ.Активити
4-ші бағыт Қарағанды қаласы.
4-тапсырма. «Ойлан,тап!» .Толықтырып,қалалардың атын ата
(Белый)+тау
(Красный)+орда (Черный)+ғанды
(Белый)+төбе
(Яблоко)+ты
5-ші бағыт Қызылорда қаласы
5-ші тапсырма./Жұппен
жұмыс/диалогті оқу,аудару (стратегия «Интервью»)
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.