Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Кешірім мен келісім"

Сабақ жоспары "Кешірім мен келісім"


библиотека
материалов



«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: Қанатова А.С

Сыныбы:4

Күні: 08.12.2014

Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім.

Мақсаты:     Оқушылардың «достық»құндылығы және «татулық»,

                     «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: 

-          кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

-          шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;

-          мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер,

                                  қағаздан жасалған бұлт, үнтаспа, жүрекшелер 

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері 

- Сәлеметсіндер ме балалар! Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, шаттық шеңберін құрайық

-Балалар, енді қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік. Бірге болған қандай тамаша! -Балалар, қолымызды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көрейікші. Біздің жүрегіміз мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы.Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады.Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмай, бір-біріміздің қолымызды беріп, қасындағы адамның бойындағы бір жақсы қасиетін айтып  жүрек жылуымен бір-бірімізбен бөлісейік.

Негізгі бөлім.                      Түсінісу                                                     

               Бір үйдегі екі адам                               Сыры неде екі жайттың?

               Ұғыспайды бір – бірін.                        Білсең айтшы, қарағым,

               Кірсе, шықса, барлық істе                 Жауап тапсаң сұрағыма

               Келіспеуі тым қиын.                          Бәрекелді жарадың!

              Екінші үйде адамдар көп,                    Сәл ойланып тұрды бала

              Тату  - тәтті  тұрады.                       Жауап берді ойланып

              Бір – бірімен тайталаспай,                «Сыры мұның – түсінісу» -

              Қас  - қабақпен ұғады.                         Деп жауабын берді анық.

Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбымен таныстырып, оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырады

Әңгімені мұғалім оқып  береді. (Оқулықтың 68 бетінде суреттері бар)

Мұғалім балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды.  

         Жолбарыс пен бұлбұлдың  әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

         Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

         Сендерде де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Дәйексөз

Балалардың жауаптарын  мұғалім дәйексөзбен түйіндейді.

-          Адамдар абайсызда бірін – бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым – қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу

-          Кешірім, келісім, татұлық атты сөздер арқылы топқа бөліну.

-          І, ІІ, ІІІ топқа бөлінеді

-          Ережені қайталау (тақтада ілініп тұрады)

ІІІ. Топтық жұмыс

      1.  Ойын – жаттығу   - берілетін уақыт  5 мин.

Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Бұлттардың астында гүлдер болады. Әр топтың бір ойыншысы тақтаға шығып бұлтты ашып гүлді таңдайды.

Олар гүлдердің жапырақшасына  достарының  көңілін  көтеретіндей сөздерді жазады. (Топта ақылдасады)

Әр топтың балалары жазған сөздерін дауыстап оқиды. Бұлттар алынып тасталады. Орнына гүлдерді жапсырып қояды. 

       2. Жағдаяттарды талдау (карточкаларды тарату) 

1.       Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

                        - Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2.      Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдина  мен тұңғыш рет  ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардың айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:

-          Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, - деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды  да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.

-          Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес па?- деді Мәдина.

        Жүректен-жүрекке.Балалар шеңберге,тұрып жүрек жылуын тарату



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-213296

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG