Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ жоспары: "Кешірім мен келісім." (4-сынып)

Сабақ жоспары: "Кешірім мен келісім." (4-сынып)

Скачать материал

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бірсуат орта мектебі

12 қаңтар  15 жыл

№13

Сабақтың тақырыбы:   Кешірім мен келісім.

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: «кешірімділік», қиянат жасамау туралы түсініктерін кеңейту.

Мұғалім: Сагитова Айтжамал Айтмухамбетовна

Сынып:  4                Оқушылар саны: 12

Сабақтың мақсаты:  оқушыларды достық және татулыққа, ешкімді ренжітпеуге, топ болып жұмыс жасауға үйрету;

-         кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

-         мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

 

Ресурстар: оқулық, түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері,

                                  қағаздан жасалған бұлт, үнтаспа т.б.

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Арман қанатында» әңгімелеу

 

1. Әңгімелеу (сұхбат).

 

Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырып, оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырады.

Әңгімені мұғалім айтып береді.

 

Мақтаншақ жолбарыс

Ертегі

 

Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын» , - деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.

-         Кет қазір, менің бағымнан! – дейді жолбарыс қаһарланып.

-         Біраз сайрасам қайтеді? – депті бұлбұд жалынып. Жолбарыс:

-         Мен саған сайрағанды көрсетейін! – деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті.  Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір – екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қойарға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады.

Оны көрген қарға:

-         Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың? – деп сұрайды.

-         Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным – ай ! – деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып:

-         Жүріңіз мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді инесімен оп – оңай суырып тастайды, - деп оын жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады.

-         Менің инелерім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіне бойлаған найзаны да алып береді, - деп аюдың үйіне алып барады. Аю мән - жайға қаныққан соң:

-         Е мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын.

Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті.

-         Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып –ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, - депті піл.

Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған мән – жайды түсіндіреді.

   Қолтырауын:

-         Менің тісіме тікен ілікпейді. Аану бақта бұлбұл бар. Ол - өте мейірімді құс. Барып өтін, оп – оңай алып тастайды, - депті. Бәрі жиналып бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм – мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты.

Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешіпім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын  - сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды.    

 

Сұрақтар: 

 

·        Жолбарыс пен бұлбұлдың  әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

·        Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

·        Сендерде де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

 

Дәйексөз

Балалардың жауаптарын  мұғалім дәйексөзбен түйіндейді.

-         Адамдар абайсызда бірін – бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым – қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

«Көрші» ойыны

Ойнаушылар екі-екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.

 Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» - деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», - деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» - деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін мақтайды, не бір жылы сөз айтды.

Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Оқушыларға түрлі түсті қағаздан жаслаған гүл күлтелері таратылып беріледі. Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның  көңілін  көтеретіндей жазылған сөзді іледі.

Мұғалім балаларды 3 – 4 топқа бөледі. Әр топ күлтелерден бір түсті гүл құрайды. Сонда  3 – 4 гүл жасалынады. Әр топтың балалары жазған сөздерін дауыстап оқуына болады. Бұлттар алынып тасталады.

 

Жағдаяттарды талдау

 

1.      Қали  түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

                        - Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2.     Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдина  мен тұңғыш рет  ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардың айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:

-         Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, - деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды  да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.

-         Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес па?- деді Мәдина.

        Жанар не дерін білмей, тұрып қалды.

·        Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

·        Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?

·        Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?

 

       Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады.

-         Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп, кешірім сұрап, өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді келісім дейді.

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады.

«Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет ».

 

3. Үй тапсырмасы:

Оқушылардың сабақтан түйген ойлары тапсырма арқылы бекітіле түседі.

- Дәптердегі жүрекшенің ішінде «Мен кешірім сұрай білемін...» айдарымен берілген бол жолдарға өз ойларыңды жазыңдар.

 

3.     Топпен ән айту. «Достар» әні

1.     Туған өлкем Қазақстанда,

Көңілді балалармыз.

Қол ұстасып біз мейрамда,

Шың ниетпен қуанамыз.         2 рет

2.     Салтанатты ұлы күні,

Үні болсын достық әні.

Қуанышты жақсы күйі,

Ортақ болсын шаттық жыры. 2 рет

 

 

5. Соңғы тыныштық сәті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚ ФИЛИАЛЫ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПҚ БАЙ»

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «КЕШІРІМ МЕН КЕЛІСІМ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН: САГИТОВА А.А.

БІРСУАТ ОРТА МЕКТЕБІ

 

 

 

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ

2015 ЖЫЛ

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары: "Кешірім мен келісім." (4-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2017 1960
    • DOCX 28.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагитова Айтжамал Айтмухамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9836
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 100 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе