Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыСабақ жоспары "Киіз үй - көшпелілердің баспанасы."

Сабақ жоспары "Киіз үй - көшпелілердің баспанасы."

Скачать материал

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

Күні:

Сыныбы: 6 «ә»

Сабақтың тақырыбы: §26. Киіз үй - көшпелілердің баспанасы.

Сабақтың мақсаты:

-Көшпелілердің тіршілігіндегі ең аса құнды,  қазақ  халқы  үшін  өмір  салты  мен  әдет-ғұрпының, дүниетанымының,  санғасырлық  мәдениетінің  жарқын  айғағы киіз үй туралы түсінік беру;

-Оқушыларды өз беттерінше өздік жұмыс жасауға, ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

-Елін , жерін сүйетін белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, өздік жұмыс

 Көрнекілік: суреттер, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

·        Оқу құралын тексеріп түгелдеу

·        Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.      Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

2.      Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер

3.      Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақ:

Киіз үй -   көшпелі  өмірге  бейімделген,  ерте  заманнан  келе  жатқан  көшпелілер  баспанасы.  Еуразия  далаларындағы  жартылай  көшпелі  және  отырықшы  халықтардың  арасына  кеңінен  тараған.  Көшіп – қонуға  лайықты  жасалады,  түйе мен  атқа  тиеу    арқылы  жеңіл  көшіріледі,  оның  киіз  туырлықтары  мен үзіктерінен  жауын  өтпейді.  Ыстық  күнде  киіз  үй  салқын  болса,  қысты  күні  керегесін  екі қабат  киізбен  қаптап,  ошақ  жағып,  жазға  дейін  отыра  беруге  болады.  Киіз  үй - өзіндік  баға жетпес  өнер  туындысы,  қазақ  халқы  үшін  өмір  салты  мен  әдет-ғұрпының, дүниетанымының,  санғасырлық  мәдениетінің  жарқын  айғағы.  Көшпенділердің  кіші  әлеміне  айналған  киіз  үй  олардың  өмірінің  көп  бөлігі  өтетін  дәстүрлі  тұрақты  мекен-жайы  болған.

Киіз  үйге  қазақ  үй,  қара  үй, боз үй  деп  үшке  бөлінеді.  Оның  себебі – батысы  мен  шығысы,  түстігі  мен  терістігі  мыңдаған  шақырымға  созылған  қазақ  жерінің  географиялық  жағдайы  киіз  үйдің  сырт  пішіні  мен  жасалу  технологиясына  да  аздаған  өзгешеліктер  енгізген. 

            Жалпы  киіз  үйдің  үлкен-кішілігін  санына  қарай  белгілейді.  Киіз  үйдің  екі, үш,  он  сегіз,  отыз  қанатқа  дейін  жететін  түрлері  болған.  Киіз  үй  керегесінің  басы  70-80-нен  360-қа  дейін  барады.  Ауқатты  қазақтардың  киіз  үйі  сегіз  қанаттан  бастап  отыз  қанатқа  дейін  баратын  өте  үлкен  және  өте  бай  жиһазды  өрнектермен  безендіріліп,  әшекейленген.  Бұларды  ақ  орда,  алтын  орда,  алтын  үзік деп  атаған.   Ал  орташа  шаруаларға  тән  алты  қанат  ақ  боз,  қоңыр  үй,  қара  лашық,  күрке  отау,  итарқа,  жолым  үй,  көтерме  туырлықты  деп  атаған. 

 ІІ.  Киіз үйді жіліктейік.

Киіз  үйдің  сүйектерін  жіліктеп  бөлетін    болсақ  1 жоғарғы  бөлігі    шаңырақ, 2 бөлігі уық, 3 кереге  және 4 ағаш есік (сықырлауық)  болып  бөлінеді. Киіз  үйдің  сүйектеріне  жеке-жеке  тоқталатын  болсақ,  киіз  үй сүйегінің  ең  жоғарғы  бөлігі – шаңырақ. 

  Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақты  қазақ  халқы  барлық  уақытта қастерлеп,  биік  ұстаған. Қанша қиын-қыстау заман  туса  да шаңырақты көшке қалдырып, отқа жақпаған.

  Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.

27AEF3D2                                                                           1-тоғын. Ол шаңырақтың негізі.

                                                                       Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.

2-күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп  жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3-беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 

4-шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың 4627D3B0ішкі жағынан өрнектейді.

  Уық – кереге  мен   шаңырақты  жалғастырып  тұрады.  Киіз  үйдің  кеңдігі  керегесіне  байланысты  болса, биіктігі  уықтың  ұзындығы  мен  қысқалығына  байланысты  болады.  Уық  саны  үйге  жайылатын  кереге  басының  санына  тең.  Осы

қосымша  сықырлауық  есіктің  үстіне  байланысатын қысқалау  келген  4-5  маңдай  уық  болады.  Оның  ұзындығы  есіктің  биіктігіне  байланысты. Иілген  уықтың  бойында  бірнеше  атаулы  бөліктер  бар.Уықтың  керегеге  байланатын  ұшын  «доғалай» (1)  дейді.  Додағайды  тесіп,  қайыстан  уықбау  (5)  тағылған.  (2)  уықтың  иілген  жерін  иығы  деп  атайды.  (3) шаңырақ  пен  уықтың  арасын  қары  деп  атайды. Ал  шаңырақтың  көзіне  қадайтын  ұшын (4) қаламы  деп  атайды,  оны  төрт  қырлы  етіп  ұштауды  қаламдау  дейді.Уықтың  иінінің  ішкі  бетін  шеберлер  бедерлеп  өрнек  салады  немесе  арнайы  өрнектелген  сүйек  жапсырады.

27AEF3D2Кереге – киіз  үй  сүйегінің  қабырғалық  бөлігі. Талдан,  жіңішке    қайыңнан  жасалады.  Кереге  көздерінің  көлеміне  қарай  тор  көзді  кереге  және  жел  көзді  кереге  болып  екіге  бөлінеді.  Тор  көзді  керегеде  уық  байлайтын  жиырма  бас,  жел  көзді  керегеде  он  жеті  бас  болады.  Кереге  жасайтын  жас  тал  мен қайыңның  қабығын  аршып,  көлеңкеде  кептіргеннен  кейін  қозға  көміп  жұмсартады. Сонан  соң  тезге  салып  түзетіп, жонады. 

Дайын болған  кереге  ағаштарын  қайтадан  тезге  салып  мүсіндейді.  Бұдан  соң  бұларды  бір-бірімен  қосып,  түйенің  немесе  өгіздің  мойын  терісінен  дайындалған  таспамен  көктеп,  жосамен  бояйды. Керегені  құрайтын  әрбір  ағашты  «желі»  деп  атайды.

3        - желінің  ең  ұзынын  керегенің  «ерісі»  деп  атайды. 

4        - одан қысқалауын  «балашық»  деп  атайды.  1 - ең  кішісін  «сағанақ»  деп  атайды.

Киіз үйдің ағаш есігін – сықырлауық  дейді. Ол киіз үй  ішіне  қарай  ашылатын  есік.  Есік  бірнеше бөліктен  тұрады.  Олар:  маңдайша,  екі  босаға, табалдырық  және  екі  жақтау  есік.

4627D3B0

Киіз  үй  есігінің  құрылысы:

1 – маңдайша;

2 – босаға;

3 – сықырлауық;

                                       4– жақтау;     

                                       5 – табалдырық;

Сықырлауықты  тақтайдан  жасайды.  Шеберлер  киіз  үй  сәулетіне  қарай  оюлы  өрнектермен,  өрнектелген  сүйекпен  жапсырмалап әшекейлейді.

9E78B0DCІІІ. Киіз  үй  жабулары. 

                              Түндік – шаңырақтың үстіне жабатын  төрт  баулы  киіз.

 Киіз үйдің арнайы                        Түндікті ашқанда,

                            Терезесі – түндік.                          «Құтылдым!» - деп қуанып,

Ашық тұрса қарайды                    Түтін ұшар аспанға,

Түнде жұлдыз үңіліп,                    Шуда құсап шұбалып.

дегендей қазіргі замандағы  кондицонерді  алатын  болсақ  ол  да  бөлме  ауасын  тазартады.  Бірақ  ол  мөлшерден  тыс  көп  пайдаланған  жағдайда  бөлме  ауасын  құрғатып, адам  ағзасына  кері  әсер  етуі  де  мүмкін.  Сонымен  қатар  оның  пайдалы  жақтарын  да  жоққа  шығаруға  болмайды.  Кондицонер  бөлме  ауасын  тазартады,  әрі  бөлме  тыныштығын  сақтауға  мүмкіндік  береді.

9E78B0DC                                       Үзік – кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі          

                                      аралықты  жауып  тұруға арналған  төрт  баулы  киіз.

Киіз  үй  бір  қызығы,

Салады еске атаны.

Ақ шапаны – үзігі,

Ақ таяғы бақаны.

  Туырлық – кереге іргесінен уықтың  ортасына            дейінгі  жерді  жауып  тұруға  арналған  алты  баулы  киіз.  Туырлықтың  іргесін  түріп,  киіз  үйдің  ішінің  аусын  тазартып  әрі  қатты  ысып  кеткен  кезде,  үй  ішін  салқындатып  алатын  да  болған.

                                           Киіз есік – сықырлауықты  жауып  тұрады. Киіз  есіктің  сырты  киіз,                                                                                                        ортасы ши, астары  жарғақ  теріден  жасалады. Шиыршықтап  түріп  қоюға  ыңғайлы.  Көбінесе  жел  болғанда  немесе  салқын  түскенде  пайдаланылады.

                           Сабақты бекіту:

                 1. Көшпелілердің баспанасы қалай аталады?

                 2. Киіз үйдің құрылысын атаңдар.

            3.Киіз үйді жіліктерін атаңдар.

                 4.Киіз үйдің жабулары қалай аталады?

 

Бағалау:

Үйге тапсырма: §26. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру, киіз үйдің суретін  салу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Киіз үй - көшпелілердің баспанасы.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 855 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 9561
    • DOCX 2.2 мбайт
    • 35 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айткужин Марат Жуматаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айткужин Марат Жуматаевич
    Айткужин Марат Жуматаевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23241
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 54 регионов

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 22 регионов

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе