Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ
Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Информатика Другие методич. материалыСабақ жоспары «Көңілді информатиктер сайысы»

Сабақ жоспары «Көңілді информатиктер сайысы»

библиотека
материалов

Сабақтың тақырбы : «Көңілді информатиктер сайысы»

Мақсаты:
– Кәсіби еңбек тәрбиесі бойынша алған білімін пысықтау, информатика тарихынан білімдерін кеңейту, әртүрлі қызықты сұрақтар қою арқылы, оқушылардың білімдерін жетілдіру;
– алгоритмдік ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, белсенділіктерін, зейіндерін дамыту;
– студенттердің бойында білімге құштарлығын, логикалық ойлауын, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Дайындық жұмысы:
1. Әр команда өздерін таныстыру үшін атын, эмблемасын және сәлемдесуін алдын-ала дайындайды.
2. Үй тапсырмасы: әзіл-ысқақ көрініс «Компьютерлер әлемі»

Қажетті көрнекіліктер: плакат, видеопроектор, буклет, реферат, футболка, шарлар.

Плакаттар:
1. Ақпараттану күнбе-күн
Өрге басып келеді.
Таппай іздеп жүргенің
Компьютерге енеді.
Интернетке қосылу –
Бір-ақ жұмыс керегі!
2. Компьютер-сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де–
Ақпараттық заманың!

Жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс кезеңдері:
1. Командалардың таныстыруы
2. Сергіту сәті
3. Капитандар сайысы
4. Білгіштер сайысы
5. Көңілді жас ақындар сайысы
6. Үй тапсырмасы
ІІІ. Қорытындылау
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: Бәріңіз маған қараңдар!
Жарысымызды бастайық.
Алуан түрлі ойларды,
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық,
Ой толғалық жүйелі,
Таңдайымызға татырлық.

Әділдікпен баға бере сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Қазылар алқасымен таныстыру

Бүгінгі «Көңілді информатиктер сайысына» 2 команда қатысады. Сайымыздың 6 кезеңі болады. Командаларға ескерту: егерде кімде-кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, мынадай үшбұрыш беріледі. Ол команданың ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді.

1. Командалардың таныстыруы (5 ұпай)
Сайысымыздың шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді: команданың аты, эмблемасы және сәлемдесуі.

2. Сергіту сәті
Әр командаға конверт беріледі. Берілген сөздердің бөліктерінен компьютерге байланысты сөздер құрастыруларыңыз керек. Оған 3 минут уақыт беріледі. Қанша сөз құрастырса, сонша ұпай аласыңдар.
Жауабы: Жү – йе – лі б – лок , с – ка – н – ер , про -це – с – с –
ор , д – рай – в – ер , ви – р – ус , п – рог – ра – м – ма , мо – д – ем

3. Капитандар сайысы
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
30 – ұпай шәкірт саған несібе – дей отырып ойынымыздың 3-ші кезеңін бастаймыз. Ойынның 3-ші кезеңі «Қанша тілді білесің?»
Сайыс шарты бойынша команда капитандары ортаға шығып, жасырылған сұрақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтады. Жауапты дұрыс орындаған ойыншыға – 30 ұпай, қазақша-орысшасын айтқан капитанға – 20 ұпай, тек қазақшасын айтса онда 10 ұпай беріледі.
1. Windows операциялық жүйе компьютерге жүйтелгеннен кейін экранда пайда болатын бастапқы терезе (жұмыс столы, Рабочий стол, Desktop).
2. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіруге арналған перне. (Қайтару пернесі, Клавиша возврата, Backspace)
3. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (Тышқан, мышь, mouse)
5. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат (кесте, таблица, chart)

4. Білгіштер сайысы
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге-бәйге бәйгелерді көріңіз, – дей отырып Білгіштер сайысын бастаймыз. Берілген қанатты сөздерге информатикадан сәйкес ұғымды анықтау керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Қанатты сөздер:
1. «Сенімді бол, бірақ тексер»
а) программада көмекші процедураның және функцияның болуын тексеру;
б) программаның орындалуының нәтижелерін тестілеу;*
в) дискіні тексеру
2. «Жіпсіз байлану»
а) компьютерлік желі
б) компьютер және операциялық жүйе*
в) программа және дискета
3. «Құлыптаулы сандықты тіс ашпаса, тіл ашар»
а) программаны ашу
б) ақпаратты талдау
в) программалау тілдерін білу*

5. Көңілді жас ақындар сайысы (4 ұпай)
Мұғалім: Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең, – демекші «Көңілді жас ақындар» сайысын бастайық. Бұл сайыстың шарты: командаларға 6 сөз беріледі, осы сөздерден өлең құрастырып шығаруларыңыз керек.

Компьютер, керемет, тамсандыру, хабар, адам, алыстан.
Бұған 5 минут уақыт беріледі.

Көрермендермен ойын.
Әзірше командалар дайын болғанша көрермендермен ойын жүргіземіз.
Ойын шарты: Әрбір көрермен жеребей алады, сонда оған қандай да бір әріп тиеді. Әр әріп компьютерде адамның жұмыс жасау деңгейін көрсетеді: Х – хакер, К – крекер, Л – лаймер, Ю – юзер, Ч – чайник.
Сіздердің міндеттеріңіз осы сөздерді өсу ретімен орналастыруларыңыз керек.
Х – хакер, компьютерлік желілерді ашып хабарламаларды ұрлаушы.
К – крекер, қолданбалы программаларды ашып хабарламаларды ұрлайды.
Л – лаймер, компьютерді пайдаланады және біледі.
Ю-юзер, компьютерде жұмыс жасау деңгейі орташа.
Ч – чайник, компьютерде жұмыс жасау деңгейі төмен.

3 Хакер Крекер

2 Лаймер

1 Юзер

0 Чайник

6. Үй тапсырмасы (5 ұпай)

Әр команда өздері дайындаған әзіл-ысқақ көрініс көрсетеді: «Компьютерлер әлемі»

ІІІ. Қорытындылау
Компьютердің әр сөзі,
Толып жатыр кәдеге.
Көңілділер сайысы,
Келіп жетті мәреге.
Келесі сөзді қазылар алқасына береміз.
Командаларды марапаттау.


Курс профессиональной переподготовки
Учитель информатики
Курс профессиональной переподготовки
Учитель математики и информатики
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация работы по формированию медиаграмотности и повышению уровня информационных компетенций всех участников образовательного процесса»
Курс профессиональной переподготовки «Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Использование компьютерных технологий в процессе обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания дисциплины «Информационные технологии» в условиях реализации ФГОС СПО по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Современные языки программирования интегрированной оболочки Microsoft Visual Studio C# NET., C++. NET, VB.NET. с использованием структурного и объектно-ориентированного методов разработки корпоративных систем»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.