Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сабақ жоспары "Кім жүйрік?"

Сабақ жоспары "Кім жүйрік?"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«Кім жүйрік» сайыс


Мақсаты: Оқушылардың тілге деген қызығушылығын оятып, туған тілін қадірлеуге баулу. Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сайыс тақырыбы жазылған плакат, кеспе әріптер, сандықша, тапсырмалар жазылған карточкалар.

Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, мұғалімдер және біздің сайыскерлер! Бүгінгі біздің «Кім жүйрік» атты сайысымызға хош келдіңіздер.

Енді сіздерді сайыс ережесімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Мақал-мәтелдер жарысы».

2-кезең: «Әріптер әлемі»

3-кезең: «Алтын сандық»

4-кезең: «Жұмбақ шешу»

5-кезең: Ойын «Көңіл-күйді тап»

Психологиялық дайындық: Өсірген ой, білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мағынасын білуді.

1-кезең: «Мақал-мәтелдер жарысы». (Тіл туралы мақалдарды мәнерлеп айтуы бағаланады)


Мақсат: Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Айтпас жерде тілің тарт.

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.


Ұлан: Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.

Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.

Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.


Адия: Піл көтермегенді, тіл көтереді.

Тәрбие тілден басталады.

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.


Ұлжан: Тіл – қылыштан да өткір.

Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.

Тілсіз жерде тіршілік жоқ.


Темірлан: Тіл – тіршілік тірегі.

Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ.

Тіл – атадан қалған асыл мұра.



Эльмира: Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Әдеп басы – тіл.

Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.


Дидар: Бал тамған тілден у да тамар.

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

Басқа пәле – тілден.



Ерасыл: Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

Өнер алды – қызыл тіл.

Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.



Дания: Туған ел – тұғырың,
Туған тіл – қыдырың.

Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.

Шешеннің тілі ортақ,

Шебердің қолы ортақ.


2-кезең: «Әріптер әлемі» ( Кеспе әріптерден көп сөздер құрастыру)

Шопан, биші, ұстаз да

Ғарышкер де, ұстаз да.

Барлық, барлық жақсы да

Әріптерден басталған, -деп келесі «Әріптер әлемі» деген кезеңімізге көшейік.

3-кезең: «Алтын сандық» ( Сандық ішіндегі викториналық сұрақтарға жауап беру)

  1. Тоғыздан кейін қай сан

  2. Жылқының төлін ата

  3. С дауысты дыбыс па дауыссыз ба?

  4. Арыс сөзінде қанша буын бар?

  5. Есту мүшесін ата


  1. Бестен кейін қай сан

  2. Сиырдың төлін ата

  3. О дауысты дыбыс па дауыссыз ба?

  4. Шырша сөзінде неше буын бар?

  5. Иіс сезу мүшесін ата.


4-кезең: «Жұмбақ шешу»

Апам үшін қам жеген,

Тозаң жұтып, шаң жеген.

Үйде айдаһар,

Ондай мешкей қайда бар? (шаңсорғыш)

Бір мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

Апа, ата сөздерні

Қайсы әріптен бастаған? (А)

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары? (О)

Үйіңді қорғайды,

Үйшікте тоңбайды. (Ит)

Аналарға сыйлайтын,

Араларға сыйлайтын.

Бұл немене, балалар,

Үзуге адам қимайтын. (Гүл)

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады? (Аю)


Қорытынды:

5-кезең: Ойын «Көңіл-күйді тап» ( Қағазда жазылған көңіл-күйді пантонимикамен көрсету. Ой түю)

Қуану

Ашулану

Ойлану

Тоңу

Жылау

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, жаңағы іс-әрекеттерді көрсеткенде оңай ма әлде айтқанда ма? Сөзбен айтқанда бізге не көмектеседі? Тіл қатынас құралы екенін түсінген болармыз.


Енді әр кезеңнен жинаған ұпайларыңды санайық.

Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды сау болыңыздар!


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-421052

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>