Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Сабақ жоспары Көктем еңбегі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары Көктем еңбегі.

библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы: Көктем(12.04)

Мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік беру, Абай «Жазғытұры» өлеңің мәнерлеп оқуға жаттықтыру, жаңа сөздермен таныстырып, лексикалық бірліктерді меңгерту, тақырып бойынша оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын қорыту және бекіту, оқылым, айтылым жазылым дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Сөйлеу және ойлау қабілеттеріне байланысты тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылық ой - өрісін дамыту. Сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс, жекелей жұмыстарды орындау мақсатында іскерлікке машықтандыру;

3. Тәрбиелік: Табиғаттың әсемдігін қорғауға , көктем мерекелерін білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, экологиялық мәдениет қалыптастыру;



Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған парақшалар, кесте, сөзжұмбақ,слайдтар.

Әдіс-тәсілдері: кестемен, сөзжұмбақпен, топпен, жұппен, жекелей жұмыс, интерактивті тақтада жаттығу жұмысын орындау.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу.

1.Психологиялық дайындық ( 1-ші слайд ашылады). (3 мин)

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Көктемдей таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

2.Шаттық шеңбер:

-Балалар бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.бір-бірімізді күлімсіреп,алақандарымыздың жылуы арқылы бір-бірімізбен амандасайық.Қанекей балалар саусақтар арқылы бір-бірімізге жақсы көңіл күйімізді таратайықшы!

Бір-біріне алақандарын жақындату (Балалар таңғалысы) дөңгелек пайда болады.

-Біздің шеңберге ұқсайды.

-Ол неге ұқсайды екен? (Балалар жауаптары)

Күннің шуағына.

-Балалар сендердің бүгінгі көңілдерің күннің көзіндей жарқырайды.Сондықтан күн шуақтарын сендердің есімдеріңмен атаймыз. Азиза, Максим, Наташа...

3.Ауызекі сөйлесу

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта мен кезекшімін. Қазір қазақ тілі сабағы. Сыныпта оқушылар түгел.

-Бүгін нешесі?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қазір көктем.

-Көктем айлары ата?

-Наурыз, сәуір, мамыр.

-Көктем мерекелерін ата?

-Аналар мерекесі, Наурыз мейрамы, Ынтымақ күні,Жеңіс күні.

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Бүгін ауа-райы жақсы, себебі күн жылы.

-Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер байқалады?

-Құстар ұшып келеді, қар ериді, жаңбыр жауады.

ІІ. Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.

Оқушыларды топқа бөлу кезеңі.Бұл бөлу оқушылардың төсіндегі гүлдерге байланысты,яғни раушан гүлдерді бірінші топқа,қызғалдақ гүлділерді екінші топқа отырғызу. (әр топқа спикер тағайындап,бағалау парағы туралы айту) (2 мин)

ІІІ. «Нақ сұрақ-дәл жауап»

- Балалар, қазір сендермен өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап сайысын өткізейік. Сұрақтарға дұрыс және толық жауап беру .

(әр топтың оқушысы кезек-кезек сұрақ қояды,екінші топ жауап береді)

1-топ

1. Қай жыл мезгілі келді? /көктем мезгілі келді/

2. Көктемде неше мереке бар? /көктемде 4 мереке бар /

3. 22-наурыз қандай мейрам? / Наурыз мейрамы/

4. Көктем айларын ата? / наурыз, сәуір, мамыр /

5. Ең сұлу құс? /аққу/

6. Көктемнің бірінші айы? /наурыз/

7. Көктемде ең бірінші қандай гүл шығады? / бәйшешек/

8 . Наурызда пісірілетін басты тағам? / наурыз көже/



2 -топ

1. Көктемде ауа райы қандай? / көктемде ауа райы жылы/

2. Адамдар қалай киінеді? / адамдар жеңіл киінеді/

3. Бір жылда неше ай бар? /12 ай бар/

4. Аналар мерекесі қашан? /8-наурызда/

5. Көктемде нелер ұшып келеді? /құстар ұшып келеді/

6. Көктемнің екінші айын ата. /сәуір/

7. 9-мамыр қандай мейрам? / Жеңіс күні/

8. Мамыр көктемнің нешінші айы? / үшінші айы/

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр» (сөйлемдерді аударыңдар)

1-топ

Биыл көктем ерте шықты.

Наурызда күн жылынып кетті.Қар еріді.

Сәуір айында қар қалмады.

2 -топ

Былтыр көктем жай шыққан.

Наурызда күн суық болды.

Сәуірде де күн салқын болды.

(ауызша тексеру бағалау)

ІҮ. «Жүйрік болсаң, шауып көр» (карточкамен жұмыс)

Тиісті сөздерді қой

Көктем ..........

Көктем айлары: ......, ......, .........

Көктемде ....... еріп, ..... ағады

Ауа- райы ............

Күн .............

(тақтада жауаптары көрсетіледі,бірін –бірі тексеріп,баға қояды)

Ү.Абай «Жазғытұры» өлеңімен жұмыс

Мұғалімнің сөзі: -Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем).

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе,

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге. (слайдта суреті көрсетіледі)

-Жақсы балалар, бүгінгі сабақта біз сендермен қазақ халқының біртуар кемеңгер ақыны, асыл сөздің зергері Абай атамыз туралы білімімізді жетілдіреміз. Яғни, бүгін Абайдың «Жазғытұры» өлеңімен таныса отырып, көктем мезгіліндегі өзгерістерді байқаймыз.

(Бұл кезде интерактивті тақтадан көктем көріністері көрсетіліп тұрады, слайд - шоу).

2.Ой шақыру. «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе»

- Абай кім? (Ұлы ақын,философ,ағартушы)

- Абайдың өмір сүрген жылдары? (1845-1904)

-Абайдың туған жері (Семей өңірі)

- Абай оқыған оқу орыны.(Семей медресесі).

-Абай туралы шығарманы жазған жазушы.(Мұхтар Әуезов)

-Абайдың қара сөздері нешеу?(45 сөз)

-Абайдың Пушкиннен аударған шығармасы (Татьянананың хаты,Онегиннің хаты)

- Ақын өлеңдерінің тақырыбы? (табиғат,махаббат,ел,

халық,өнер,замана т.б.)

-Абайдың табиғат лирикаларын ата (Күз, қыс, жазғытұрым, жаз)

б. Оқушылардың оқуы:

1) Іштей.

2) Шумақтап, дауыстап.

ҮІ. Сетргіту сәті «Қызыл өрік»

ҮІІ. «Сиқырлы киіз үй» (шығармашылық жұмыс)

-Ал,балалар мына киіз үйдің ішінде тапсырмалар бар. Әр топтан спикер келіп, тапсырмаларды алыңдар. Музыка әуенін тыңдай отырып, іштей табиғатпен сырласып көрейік .Не сезінгендеріңді, байқағандарыңды ойларыңа түйіп, бетке түсіріңдер.

1-топ «Көктем»тақырыбы бойынша құрастыру;

Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде қар еріп, су ағады. Су сарқырап сайларға толады. Ауа- райы жылынады. Күн ұзарады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады. Бәйшешек шығады. Көктемде самал жел соғып, табиғат оянады.

2 -топ Абайдың «Жазғытұры» өлеңі бойынша құрастыру;

(Бұл өлеңде көктемгі тіршілік туралы .Қазақ даласы, мал баққан елдің тұрмысы.Көктемгі табиғат қуанып тұр. Шуақты күн бізді шаттандырды.Құстардың көңілді сайраған дауысы естіледі. Ағаштар бір- бірімен сөйлескендей болды. Малдардың тойынғанын көрдік. Жазғытұры мезгілінде жан – жануарлар тқлдейді.)



ҮІІІ. Бекіту

1.«Кім жылдам?» ойыны

-Енді тақтаға назар аударайық. Көктемнің сендерге арналған тапсырмалары бар. Сендерге тапсырмалар алып келіпті. Кім тапсырмаларды дұрыс орындайды, сол бала сыйлық алады.

1.Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып, жылиды,

Бұл қай кезде болады? (көктем)

2.Көктемде ұшып келеді,

Жаздай концерт береді. (бұлбұл)

3. Тұмысығымен шымшып

Құрт тереді.....................

4.Көктем қай айдан басталады ?

5.Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

6.Көктемде адамдар қалай киінеді?

7.Көктемде аңдар мен жәндіктер не істейді?

8.22-наурыз қандай мейрам?

9. Көктем мерекелерін ата.

2. Бағалау: (3 мин)

-Нені білемін?

-Нені білдім?

- Нені білгім келеді?

сұрақтары арқылы сабақты қорытылау.

(Бағалау парақтары бойынша тоқталып, кімнің қалай қатысқанын айтып өту)

Сіздерге сәттілік серік болсын!

Мұғалім: Көктемде қыс бойы ақ көрпеге оранған жер беті,енді жасыл кілемдей құлпыра бастайды. Күн нұры жер –дүниені қыздыра бастайды. Басқа жеміс ағаштары гүлдейді. Айнала тегіс хош иіске бөленеді. Орман жапырақтары жаппай бүршік атып,аз күннің ішінде жасыл желек жамылады. Балалар, бізді қоршаған әлем қандай көркем.! Өсімдіктер жарық жылу, ауа және суға кенеледі. Табиғат – адам баласы үшін аяулы ана. Ол перзент үшін шуағын да, шапағатын да, байлығын да аямайды. Біздер табиғаттың перзентіміз. Сондықтанда балалар, табиғатты қорғау азаматтық парызымыз.





































Сабақтың тақырыбы: Көктемгі каникул .



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін молайту. Түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Оқушылар бағыт – бағдар бере отырып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды көркем жазуға, қазақ тілінде жатық сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі.

Жабдықтау: тақырып бойынша мазмұнды суреттер, карточкалар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу. - Сыныпты түгендеу.

ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ – жауап.



Сенің атың кім?

Сенің фамилияң кім?

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Сенің ұлттың кім?

Сенің жасың нешеде?

Сен қайда тұрасың?



Психологиялық дайындық.

- Бүгін кезекші кім?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Жылдың қай мезгілі?

- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету)

- Сабаққа дайынбыз ба?



ІІІ. Өткенді қайталау. Сұрақ – жауап.



Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс айлары қандай?

Қазір қандай ай?

Бүгін нешесі?

Бүгін ауа райы қандай?

Ауаның температурасы қандай?

ІУ. Үй жұмысын тексеру.

- сөздерді тексеру;

- мәтінмен жұмыс.

У. Жаңа сабақ

1. Жаңа тақырып бойынша әңгіме құрастыру.

2. Жаңа сөздермен танысу.



а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.

ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.

в/ Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.

3. Тапсырмалармен жұмыс.



Оқы, біліп ал.




















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров696
Номер материала ДБ-067727
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх