Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары 1 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары 1 класс

библиотека
материалов

hello_html_m65e035fe.gifhello_html_51de6a73.gifhello_html_29757c44.gifhello_html_m4b1cdec6.gifhello_html_m212c9552.gifhello_html_m79e0f7c9.gifhello_html_m212c9552.gifhello_html_7115e965.gifhello_html_m6e385693.gifhello_html_md1d6db9.gifhello_html_7ccaa051.gifhello_html_m439985ec.gifhello_html_m4cfc35c4.gifhello_html_m4c7575d6.gifhello_html_m1c0f493f.gifhello_html_m192b8ddf.gif. Ана тілі 1 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауыстылар. «Әнші»төлдер.Бөрте лақ

Сабақтың мақсаты: Дауысты жіңішке дыбыс әріптері айыра білуге үйрету. Дауысты жіңішке дыбыстарды түсіндіру. «Әнші»төлдер.Бөрте лақ өлең жолдарын мәнерлеп оқуға үйрету. Оқушылардың есте сақтауын қалыптастырып, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу

Отырғызу

Оқу құралдарын түгендеу

Психологиялық дайындық:

«5»болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп біліп,

Өсе берсін санамыз.

Өткенді қайталау:

Балалар біз қандай тақырып өттік?

Дыбыс дегеніміз не?

Сөз неден құралады?

-Дыбыс мен әріп айырмашылығы неде?

Дауысты жуан,жіңішке дыбыстар айтып шығайық?

Олай болса, «Төлдер» мәнерлеп оқимын дейді?

Балалардан «Төлдер» өлеңін жатқа сұрап шығу.

Жаңа сабақ:

Балалар дыбыс нешеге бөлінеді?

-дауысты дыбыс қалай айтылады?

дыбыс.

Жарайсыңдар, балалар!

-қанша дауысты дыбыстар?

Балалар, Дауысты жіңішке дыбыс әріптері:ә,е,ө,і,ү

Жатқа жазу

Дауысты жуан,жіңішке дыбысты жатқа жазып шығайық.

/параққа жазу,жинап алу/

Оқулықпен жұмыс

Әр түлік Төлінің өз атауы бар: түйе төлі – ботажылқы төлі – құлынсиыр төлі – бұзау, қой төлі – қозыешкі төлі –лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. Туылғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыржылқы).

Төрт — атақты төрт түлік,
Төрт түлікке тоқшылық.
Жылқы, сиыр, қой, ешкі,
Өсір бәрін көп қылып.

«Әнші»төлдер.Бөрте лақ мәнерлеп оқу.

а/мұғалім оқу

Өлеңді талдау жұмысы

Өлең бойынша сұрақтар қою.

Өлеңде неше жол бар?

-Өлең жолында не айтылған?

— негізгі ойды жинақтау/төлдер тіршілігі ,қорегі/

· Бөрте лақ өлеңін оқу/оқушыға оқыту/

· оқыту *тізбектей оқыту

*хормен оқыту

*жекелей оқыту

Ата-анамыз сендерді неліктен лағым, шөрем деп еркелетеді?

/треннинг жүргізу/

Сергіту сәті:

Балалар орындарымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Бір отырып,бір тұрып,

Қимыл жасап шығайық.

Дәптермен жұмыс:

Балалар, барлығымыз дәптерлерімізді алайық.

Бүгін қаңтардың нешесі?

Дәптерге бүгінгі күнді жазамыз.

Көркем жазу жолы

Н н Ас атасы - нан

Буын диктанты

Шопаната,Қамбарата,,Сексеката,Ойсылқара,Зеңгібаба..

Жуан дауыстыларды бір сызықпен жіңішке дауыстыларды екі сызықпен астын бояу

37-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазу

«тоқты» дыбыстық талау

Жіңішке дауысты дыбыстарды тауып,астын сызыңдар.

Қорытынды:

Балалар сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-дауысты /жуан,жіңішке/ дыбыстар

Қандай жаттығулар орындадық?

Бағалау:

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

беріледі.






















Математика 1 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы:  Есеп. Қанша артық? Қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Есеп шығару, артық туралы білімді бекіту, жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру.

Сабақтың дамытушылығы: Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді, есептерді жазуға және салыстыруға. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре  отырып шығаруда қолдану біліктігін, ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: Дұрыс есептеуге, шапшаң әрі түсініп есептеуге, сауатты жазуға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап “Шапшаң есепте”, “Кім шапшаң”

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық: Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру.

Оқушылар көздерін жұмып отырады және мұғалімді мұқият тыңдайды, әрбір сөз тіркесінің соңғы сөзін хормен айтады.

Біз сабақта … (отырмыз).

Біздің көзіміз зер сала қарайды, барлығын … (көреді).

Біздің құлағымыз мұқият тыңдайды және барлығын … (естиді).

Басымыз жақсы … (ойлайды).

Біз сабаққа … (дайынбыз).

ІІ. Үй жұмысын тексеру, пысықтау. Ауызша мысалдар шығарту, оқыту, талдату..
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІІ. Жаңа сабақ:  
Суретпен жұмыс.
Бірінші бумада 6 кітап, ал екінші бумада 4 кітап бар. Бірінші бумада неше кітап артық?
Шарты: Бірінші бумада 6 кітап 6 — 4  = 2
Екінші бумада 4 кітап

Шешуі: 6 — 4  = 2

Жауабы: 2 кітап артық.
IY. Жаңа сабақты пысықтау.
а) . № 2 - тапсырма.
Үшінші санды таңдап ал. Осы сандарды пайдаланып, тура теңдіктер құр.
5           4
ә).  Өзіндік жұмыс:
Екінші қосылғышы 4 болатын қосындылар жаз. Қосылғыштардың орындарын ауыстыр. Өрнектердің мәндерін тап.
Y.    Сергіту сәті
YI.  Тақтада жұмыс.
№ 3 – тапсырма.
Есеп құрастыр және шығар:
Қалам – 4                                                      
Қарындаш - ?, 4 - еуі артық.                                 
Шешуі: 4 + 4 = 8
Жауабы: 8 қарындаш
Мысалы: Үстелде 4 қалам және одан 4 - еуі артық қарындаш болды. Үстелдің үстінде неше қарындаш жатыр?
а). Дидактикалық ойын     « Көрші санды тап»
ә). Карточкамен жұмыс
YI. Қорытындылау.    Бағалау
YII. Үйге тапсырма беру
.   № 5, жасыл қоршау


Математика 1 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Өзіндік жұмыс № 5

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың бағдарлама бойынша игерген білім деңгейін анықтау. Оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастыру арқылы олардың сабақта алған білімін тиянақтап бекіту. Оқушының білімін тиянақтау. Натурал сандар қатарын дұрыс жазу

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту

Сабақтың тәрбиелігі: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Сан кассасы, сандар, суреттер

Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік жұмыс;

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық

1 дегенім білім,білім жарық күнің.

2 дегенім еңбек, еңбек бәрін жеңбек.

3 дегенім үміт,үмітсіз жоқ жігіт

4 дегенім талап, талмайтын қанат

5 дегенім бірлік, бірліксіз жоқ тірлік

III. Дәптермен жұмыс

Өзіндік жұмыс № 5

1. Есепті шығар:

Асханаға 8 жәшік сәбіз және одан 2 жәшігі артық қызылша түсірілді. Қанша жәшік қызылша түсірілді?

Шарты: Сәбіз – 8 жәшік

Қызылша - ?, одан 2 жәшік артық

Қанша жәшік қызылша түсірілді?

Шешуі: 8 + 2 = 10

Жауабы: 10 жәшік қызылша түсірілді.


2. Өрнектің мәнін тап.

5 + 3 = 8 2 + 8 = 10 9 – 3 = 6 9 – 2 = 7

3 + 4 = 7 4 + 6 = 10 7 – 2 = 5 6 + 3 = 9

6 + 2 = 8 8 – 1 = 7 10 – 5 = 5 8 – 4 = 4

3. Төрт тура теңсіздік жаз.

9 > 7 10 > 9 6 < 9 0 < 4

4. 7 – нің алдында келетін сандарды кему ретімен жаз.

7 6 5 4 3 2 1 0


5. Ұзындығы 7 см және 3 см болатын кесінділер сыз. Оларды салыстыр.


7 см


3см


7 см > 3 см 3 см < 7 см


IV Сабақты қорытындылау. Біз бүгін не істедік?


. Ана тілі 1 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жуан дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: Білмділігі: Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы білімдерін қалыптастыру; Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге, мәнерлеп оқуға төселдіру, әдемі, таза, сауатты жазуға үйрету.

Сабақтың дамытушылығы: Сөйлеу әрекеттерін, берілген сұраққа тиянақты жауап беру қабілетін дамыту, ауызша , жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырп сөйлеуін, сөздік қорынмолайту.шығармашылық

Сабақтың тәрбиелігі: Үй жануарларының пайдасын түсіндіру арқылы, жануарларды аялауға баулу.ұқыптылыққа, жинақтылыққажәне сауатты, әрі көркем жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тірек сызба, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу

Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

- Үйге қандай тапсырма берілді

- Ақ бұзау қай малдың төлі?

Тізбектей оқытамыз

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

- Неге ол Ақ бұзау деп аталады? - Бұзаудың енесін не деп атайды?

- Сиыр - Сиырдың адамға қандай пайдасы бар? - Кім жауап береді?

ІҮ. Мақсат қою кезең: Өткен сабақты бекіту. Сұрақ-жауап.

1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

2.Сөйлем нелерден құралады?

3.Сөз нелерден құралады?

4.Дыбыстар немен таңбаланып жазылады?

5. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Балалар, дауысты жуан дыбыстарды кім маған атап береді?

Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Оның нешеуі жуан, нешеуі жіңішке?

Ү. Жаңа сабақ Жуан дауысты дыбыстар а,о,ы,ұ. Дауысты дыбыстарды айтқан кезде өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды айтамыз. Жуан дыбысы бар сөздер жуан буынды сөздерге жатады. Алма, алмұрт, жылқы, қауын, жауын.

Салыстыру А – Ә , О – Ө , Ы – І ,Ұ – Ү .

«Жұмбақ»

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар

Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не? (сиыр)

Оқулықпен жұмыс

30 – жаттығу. Көркем жазу.

Жаңылтпашты көшіріп жазып, жуан дауыстылардың астын сызыңдар.

Қырда қырау

Қызыл ала бұзау

Тауда тарғақ

Тарғыл ала торпақ.

Сергіту сәті

31 – жаттығу. Көп ніктенің орнына жуан дауыстыны қойып көшіріп жаз.

Жұмбақ

Қ..яды екен әр шаруа

Қазығ..на құт байлап

Қанша қ..йып алсаң да,

Сарқылм...йды сүт, қаймақ.

VI. Жаңа материалды пысықтау

Сиыр өлеңін мәнерлеп оқып, оушыраға оқыту. Сиыр туралы түсінік беру

Әукім,әукім сиырым,

Мүйізінің сүйірін.

Шүгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің. Қ.Мырза Әли

VII. Бекіту Жаңылтпашты жаңылмай айт

Әй,әй, Айдарбай

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

Мақалдар

Сиырдың сүті-тілінде

Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан

Сиырды теппейді

Сүтті төкпейді

VIII. Үйге тапсырма, бағалау






























Ана тілі 1 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Төлдер. Жіңішке дауыстылар. 35 – 36 – жаттығу

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға мал төлдерінің қалай аталатыны туралы түсінік беру. Өлеңнің мазмұнымен танысады, төлдердің атауларын біледі, жіңішке дауыстыларды ажыратады, мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.

Сабақтың дамытушылығы: Малдың төлдерін біледі, оларды күтіп бағуға дағдыланады.

Жуан және жіңішке дауыстыларды ажыратады және сөйлемнен таба алады. Жіңішке дауыстыларды ажырату арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: Үй жануарларының пайдасын түсіндіру арқылы, жануарларды аялауға баулу.ұқыптылыққа, жинақтылыққажәне сауатты, әрі көркем жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекті - құралдар: қой, қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар

Пайдаланатын әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң, досым!

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге қандай тапсырам берілді?

Үйге берілген тапсырманы кім оқып, талдап береді?

III. Мақсат қою кезеңі

Балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске түсірейікші?

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?

Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?

Кім атап береді?

IV. Жаңа сабақ Тақтаға кесте ілінеді, оқушылар кестедегі өрнектерді шығара отырып, жаңа тақырыппен танысады


2 + 1

5 – 0

2 + 2

3 – 3

6 – 5

1 + 1








0

1

2

3

4

5

д

е

р

т

л

ө


«Төлдер» Ә. Асылбеков Жіңішке айтылатын сөздер

1. Әбдірахман Асылбековтің туралы таныстыру

- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:

Төлдер. Жіңішке дауыстылар 35 – 36 – жаттығу

Қой қандай жануар, мінездеме берейікші?

Қойдың төлін не деп атайды?

Қойдың қандай пайдасы бар.

Оның терісінен, не алынады?

Қой туралы өлеңдер білеміз бе?

V. Жаңа материалды пысықтау. Оқулықпен жұмыс

35 - жаттығу. Ауызша орындату. 1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Мен даланың ұлымын

Мен даланың ұлымын,

Жас түлектің бірімін.

Көкірегін аймалап,

Көктеп шыққан гүлімін.

Мен сүйемін даланы

Дәнге толы алабы.

С. Жиенбаев

2. Сөздерден а, е, ө, і, ү әріптерін оқып, олардың жіңішке болып дыбысталуын аңғарыңдар.

Дәптермен жұмыс:

Балалар, барлығымыз дәптерлерімізді алайық.

Бүгін қаңтардың нешесі?

Дәптерге бүгінгі күнді жазамыз.

Көркем жазу жолы

Н н Ас атасы - нан

36 – жаттығу. Көркем жазу. 1. Жаңылтпашты көшіріп жазыңдар.

Жаңылтпаш

Қойымыз семіз,

Қозымыз егіз.

Өзіңіз келіп,

Көрсеңіз дейміз.

2. Жіңішке айтылған сөздерде неше жіңішке дауысты дыбыс барын анықтайды.

Өлеңді талдау жұмысы: «Төлдер» Өлең бойынша сұрақтар қою.

Өлеңде неше жол, неше шумақ бар?

Өлең жолында не айтылған?

VI. Жаңа материалды пысықтау

Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері туралы түсініктерін пысықтау.

Ой қозғау.

1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)

2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)

3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)

4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)

5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)

6. Әріптен не құралады? (буын)

7. Буыннан не құралады? (сөз)

8. Сөзден не құралады? (сөйлем)

ә). Дауысты және дауыссыз дыбыстарға ажырату

  • а, у, о, ы, ұ, е, і, ә, и, ө, ү, я, ю, ё, э дауысты дыбыстар.

Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады.

  • Т, П, Н, Р, Ғ, Л, У, Ш, Й, Қ, Д, М, Б, С, Ж, Ұ, ң, К, З, Г, Х, Һ, В, Ф, Щ, Ц, Ч, ь, ъ - дауыссыз дыбыстар.

Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

VII. Бекіту. Қорытынды сұрақтар беріледі.

1.Малдың төлдерін қалай атайды?

2.Қозыны қалай шақырады?

3.Төрт түліктің пірлерін қалай атайды?

4.Тыйым сөз айт

VIII. Үйге тапсырма, бағалау. 36 – жаттығу, жауаптарына қарай,сабаққа қатысып отырған оқушылардың жауаптарына қарай бағалаймын.


Ана тілі 1 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жуан дауыстылар. Сиыр. Ақ бұзау.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру. Жуан дауысты дыбыстарды ажырату, пәнге қызығушылығын арттыру. Әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың дамытушылығы: Сөйлеу тілін,ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту, берілген сұрақтарға тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

Сабақтың тәрбиелігі: Үй жануарларының пайдасын түсіндіру, жануарларды аялауға баулу.

Әдіс - тәсілі : түсіндіру, әңгімелеу, суретпен жұмыс, сұрақ -жауап.

Көрнекілігі : төрт түлік суреттері, жылқы, сиыр мүсіні, сызбалар, мақал -мәтелдер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыпқа шолу жасау.

- Ал енді сабағымызды бастайық. Мына суретке қарай қойыңдар! Суретте не берілген?

- Киіз үй.

- Киіз үйдің құрылысын атап беріңдерші?

- Шаңырақ, кереге, уық, есік.

- Енді сол шаңырақты зерттейік.

hello_html_m746360d3.png

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)

  • Әріп деген не?

  • Сөз неден құралады?

  • Сөйлем неден құралады?

  • Сөйлем нені білдіреді? Сөйлемнің басы қалай жазылады? Соңынан не қойылады?

  • Дауысты дыбысты ата.

  • Қазақ алфавитінде неше әріп бар?





ЖЫЛҚЫ

Жылқының төлі

Жылқының пайдасы

Жылқы туралы мақал мәтелдер

Жылқының басқа малдан айырмашылығы

















«Боз бие» өлеңін тізбектей оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

§ 4. ЖУАН, ЖІҢІШКЕ ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘРІПТЕРІ

  • Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ.

28 – жаттығу. Көркем жазу. 1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар.

Сиыр.

Мінезім жайлы – сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Сырымды менің ұғып ал:

Етім – дәмді, сүтім – бал.

2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табыңдар.

Жайлы, сиырмын, байлығымын, сырымды, ұғып ал, бал.

3. Өздерің жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөз ойлап жазыңдар.

29 – жаттығу. Сөздік диктант. 1. Сөздерді оқыңдар.

Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, құрт, ірімшік.

2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды теріп жазыңдар.

Ақ бұзау.

Сиырдың пайдасы

"Ой қозғау" стратегиясы.


Сиыр атасы

j0149627

Төлі

Сиыр туралы мақал мәтелдер
















а). "Ақ бұзау" өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

ә).Жуан дауыстылармен таныстыру




Дауысты дыбыстарды хормен айту : А, О, Ұ, Ы.

б). Жуан дауысты дыбыстардан басталатын сөздерді айту

в). Сөздерді дәптерге жазу.Ауызша дыбыстық талдау жасау.

2). Сүттен қандай ұлттық тағамдар алынады?

- Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, құрт, ірімшік, уыз, сүзбе.


Сүт

құрт

май

кілегей

айран

қатық

уыз

сүзбе

қаймақ












hello_html_3f9acc4.jpghello_html_73b203f7.jpghello_html_m70d991ca.jpghello_html_9ac1a77.jpghello_html_1c6d1229.jpghello_html_m3d8fff8d.jpghello_html_11bc9681.jpg

1). Сүттің қандай пайдасы бар?

- Сүттің құрамында калий, кальций деген адамның денсаулығына пайдалы дәрумендер бар. Сүйектің дұрыс жетілуіне , ағзалармен дұрыс жұмыс жасауы үшін өте пайдалы.

Дәптермен жұмыс :

29 – жаттығу. Сөздерді оқу .

Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, құрт, ірімшік.

Жуан дауысты дыбыстардың астын сызу. Осы сөздерді қатыстырып үш сөйлем жазу.

Сергіту сәті.

ІV. Оқушылардың өлеңді тізбектей оқуы.

V.Тыйым сөздерді біліп жүрейік:

- Малды басынан ұрма.

- Малды теппе.

- Ақты төкпе.

- Малға теріс мінбе.

VI. "Ойлан тап" ойыны. Төрт түліктің шығаратын дыбысы.

VII. Жұмбақтар.

1). Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.

2). Біліп жүр ұл мен қыз-ау,

Сиыр баласы.......

3). Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

VIII. Сабаққа қорытынды жасау.

IX. Үйге тапсырма беру. Бағалау.












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров817
Номер материала ДВ-417559
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх