Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Сабақ жоспары компьютерлік вирус /8 класс/

Сабақ жоспары компьютерлік вирус /8 класс/


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың Компьютерлік вирустар

тақырыбы: Вирустан тазарту программалары

Мақсаты: Компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану

әдістерімен таныстыру,антивирусқа қарсы программаларды

қарастыру;

Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным

қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа құралдары, компьютер,перезентация,

деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс


САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру сәті: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу, сынып журналын толтыру.

ІІ.Өткен сабақты қайталау:

1. Файлдың нақты аты бойынша іздеу қалай іске асады?

2. Файлдың атын ұмытып қалған жағдайда қалай іздейміз?

3. Файлдың құрылған күні бойынша іздеу қалай орындалады?

4. Файлды өлшемі бойынша қалай іздейміз?

5. Күнді және уақытты баптау қалайіске асады?

6. Жұмыс орнының түрін (фонын) өзгерту үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

7. Тышқанның оң жақ батырмасын негізгі батырма ету, яғни сол қолға ыңғайлы ету үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Компьютерлік вирустар. / слайд/

hello_html_5556515b.pnghello_html_m465813dd.png

Вирустардың жіктелуі. Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік.

 Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды.  Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді.  Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS жѕне т.б.) орындалушы файлдарды зақымдайды.

  Барлық жүктелетін және файлдық вирустар резидентті, яғни компьютердің оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде қауіпті жағдайлар (дискеттегі мәліметтерді өшіріп тастау, аттарын және басқа да атрибуттарын өзгерту және т.б.) тудырады. Резиденттік вирустардан емдеу қиын, зақымдалған файлдарды дискіден өшіргенмен олар компьютердің оперативті жадында қалып қояды және  файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.

hello_html_m387292a9.jpghello_html_m24a0b7d8.jpg

2. Вирусқа қарсы программалар/слайд/

   Вирустардан қорғау және зақымдалған компьютерлерді емдеу үшін антивирустық программалар қолданылады, оларды әрекеттеріне қарай блоктаушы, ревизорлар және полифагтар деп бөлуге болады.

    Ревизорлар. Ревизорлардың жұмыс істеу принципі дискіде сақталған файлдардың бақылау қосындыларын есептеуге негізделген. Бұл қосынды, сонымен бірге бұдан да басқа ақпараттар (файл ұзындығы, олардың соңғы өзгертілген уақыты және т.б.) вирусқа қарсы құралдың мәліметтер қорында сақталады.

   Полифагтар. Полифагтардың жұмыс істеу принципі файлдарды, секторларды және жүйелік жадыны және олардағы белгісіз және жаңа (полифагқа белгісіз) вирустарды тексеруге негізделген.

hello_html_m4fd8a231.jpghello_html_m1f86ceaf.jpg

ІҮ.Пысықтау сұрақтары

1.Компьютерлік вирус деген не?

2.Вирустар қайдан пайда болады?

3. Вирустың пайда болуының негізгі белгілерін атаңыз.

4. Антивирустық программалардың негізгі типтерін ата.

V. Үйге тапсырма:

6.6-7 тақырыптарды үйде оқып келу. 1.қатардағы оқушылар компьютерлік вирустардың ұқсастықтарын жазып келесіңдер ,2 қатардағы оқушылар биолгиялық ұқсастықтарын жазып келу.

VІ. Сабақты бағалау.


Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров174
Номер материала ДВ-140827
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх