Инфоурок / Химия / Конспекты / Сабақ жоспары "Коваленттік байланыс"

Сабақ жоспары "Коваленттік байланыс"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс және зат құрылысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: химиялық байланыс, электрондық бұлттың бүркесуі, тығыз электрондық аймақ, энергия ұтымы ұғымдарын қалыптастырып, құбылыстарды оқып үйренудің негізін қамтамасыз ету.

  2. Дамытушылық: химиялық байланыстың маңызды сипаттамасы байланыс ұзындығы мен байланыс энергиясының мәнін түсіндіру.

  3. Тәрбиелік: Ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Лекция түсініктемелік конспект жазу.

Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика

II. Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша

түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау: «Валенттілік» және «тотығу дәрежесі» түсініктерінің арасында қандай айырмашылық бар?
III. Жаңа сабақ: Атом құрылысы заттардың құрылыс теориясымен, дәлірек айтқанда химиялық байланыс теориясымен тығыз байланысты. Теорияны оқыту, әдеттегідей коваленттік байланыстан басталады.

Химиялық байланыстың пайда болуы қарапайым молекула – сутек молекуласының түзілуі мысалында жақсы түсіндіріледі:


Н + Н = Н2 ^ Н0 = - 436 кДж/моль

hello_html_1e22cd58.gifhello_html_1e22cd58.gifhello_html_1e22cd58.gifhello_html_1e22cd58.gif .....

+


Радиусы 0,053 нм байланыс ұзындығы 0,074 нм


Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп, ядроларының арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар молекулалық бұлт түзіледі. Ортақ ядролардың тығыз теріс зонаға тартылуы оларды жақындастырады, байланыс ұзындығы 0,074 нм және тұрақты сутек молекуласын түзіліп, энергия ұтымына әкеледі.

Қарама-қарсы спиндері бар жұптаспаған екі s- электрондарының қосылуын кванттық ұяшықтарда сызбанұсқамен былай белгілейді:

hello_html_accefde.gifhello_html_accefde.gifhello_html_accefde.gif

S1 + S1 g 1S2


Демек, ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланыты коваленттік байланыс деп атайды.

Коваленттік байланыстың екі түрі бар: полюссіз және полюсті. Коваленттік полюссіз байланыста электрондардың жалпы жұбынан түзілген электрон бұлт – байланыс бұлты (тығыз электрондық аймақ деп аталады) екі атомның ядроларына қатысты кеңістікте симметриялы таралады. Мысалы, бір элементтің атомдарынан тұратын молекулалар: Н2, Cl2, N2, O2, F2 және т.б. Коваленттік полюсті байланыстарда бүркесу зонасы электртерістігі үлкен атомға ығысқан. Мысал ретінде газтектес хлорсутектің түзілуін қарастырайық:

® ®® ®

Н ® + ® Cl : g Н (:) Cl : немесе Н - Сl

®® ®®

Байланыс s- және p- электрондардың ортақ жұптарының түзілу есебінен пайда болады. Коваленттік байланыс электрондық орбитальдардың бүркесу тәсілі бойынша да ерекшеленеді. Коваленттік байланыстың екі маңызды сипаттамасы бар: байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді. Байланыс ұзындығы неғұрылым аз болса, химиялық байланыс соғұрылым берік болады. Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажет энергияға тең.

Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмдері бар. Донор- бұл бос электрондық бұлты бар атом, ал акцептор- бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек.

V. Қорытындылау: химиялық байланыс – ядролар арасында молекулалық бұлттың пайда болуына әкелетін екі атомның электрондық бұлттарының бүркесуі нәтижесінде түзіледі. Едәуір күшті тартылу жалпы энергияның ұтымына және молекуланың тұрақтылығына әкеледі.

Коваленттік полюссіз байланыс бір элемент атомдарынан тұратын молекулаларда түзіледі. Полюсті молекулаларда бүркесу аймағы электртерістігі үлкен атомға ығысады.


Бағалау

Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу, соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-522716

Похожие материалы