Инфоурок Биология КонспектыСабақ жоспары "Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.Тыныс алу жолдарының аурулары және олардың алдын алу"( 8-сынып)

Сабақ жоспары "Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.Тыныс алу жолдарының аурулары және олардың алдын алу"( 8-сынып)

Скачать материал

hello_html_58258ea9.gifhello_html_m6f8b8788.gifhello_html_76321f19.gifhello_html_m4459a504.gifhello_html_m47029796.gifhello_html_m63e27022.gifhello_html_m4f969de5.gifhello_html_m4f969de5.gifhello_html_5160660d.gifhello_html_4edda62a.gifБиология

Сабақтың тақырыбы: §41.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі.Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға өкпенің тіршілік сыйымдылығы,тыныс алу мүшелерінің аурулары,тыныс алу гигиенасы,жасанды тыныс алдыру жолдары туралы білім беру.

Дамытушылық:Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілеттерін дамытып жетілдіру,сабаққа деген белсенділіктері мен қызығушылықтарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту.Ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа,салауатты өмірге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, "Өкпе құрылысы" плакат,  бейнеролик "Тыныс алу жолдары", "Первая помощь при утопление".
Қолданылған тізімі:

8-сынып "Биология" Е.Очкур,Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева.Алматы "Мектеп" 2012
9-сынып"Тәнтану" З.Жөкебайқызы,С.Сейсенбекқызы.Алматы"Рауан" 1996
"Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы"Қ.Дүйсембин,З.Алиакбарова. А.Қ.Сәтпаева "Адам физиологиясы"
А.Рақышев "Адам анатомиясы"
М.Дайырбекова "Адам анатомиясы"

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып,түгендеу.Оқушылардың жалпы сабаққа деген көңіл күйін анықтау мақсатында оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.

II.Үй тапсырмасы.

§40.Өкпенің құрылысы мен қызметі.
"Ой ашар" төмендегідей сұрақтар беру арқылы, үй тапсырмасын пысықтап алдым.

Тыныс шығару

Тыныс алу

1.Өкпенің құрылысы қандай? Ол қайда орналасқан?
2.Өкпеқап қуысы және өкпеқап сұйықтығы дегеніміз не? Олар қандай рөл атқарады?
3.Өкпе көпіршіктерінің құрылысы,қызметі қандай?
4. Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмі қандай?
5.Тыныс алу қозғалыстары қалай жүзеге асырылады?

Қабырға бұлшық еттің жиырылуы

Қабырғааралық бұлшық еттің жиырылуы





Қабырға шетінің түсуі

Қабырға шетінің көтерілуі




Төстің алға жылжуы,көкеттің түсуі

Төстің алға жылжуы, көкеттің көтерілуі

Өкпе көлемінің тарылуы

Өкпенің созылуы





Тыныс алу

Тыныс шығару




6.Кітап 147-бет , сәйкестігін анықтау кестесін дәптерлерінен тексеру.Бір оқушыға оқытып,сыныппен бірге тапсырманын дұрыс немесе дұрыс еместігін анықтап отыру.
7.
 Бейнеролик  "Тыныс алу жолдары" .
III.Жаңа сабақ.

1.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныс алғандағы сыйымдылығы (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС = 500 мл +1500мл +1500мл =3500мл
Дем алып,дем шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы(стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді).


Тыныштық күйде адам тыныс алғанда, шамамен, 500 мл ауа жұтып, сонша ауа шығарады.Ауаның бұл көлемі тыныс алу көлемі деп аталады.Егер жай тыныс ал,аннан кейін терең тыныс алса, онда қосымша тағы да, шамамен, 1500 мл ауа жұтылады.Мұны ауаның қосымша көлемі деп атайды.Жай тыныс шығарғаннан кейін адам тағы да, шамамен, 1500 мл ауа шығарады.Мұны ауаның қордағы көлемі немесе резервтік көлемі дейді.Ең терең тыныс алғаннан кейін шығарылатын ауаның ең көп мөлшері өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп аталады.Ересек адамда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 3500 мл құрайды.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын организмнің дене дамуы мен денсаулық жағдайының көрсеткіші ретінде пайдаланады.Денесі шыққан адамда , мысалы, суда жүзгіштерде ол 6-7 л-ге дейін артуы мүмкін.Оны арнайы құралмен-спирометрмен.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда айтарлықтай көбейеді.16-17 жаста өкпесінің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады (1-кесте).

1-кесте
Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы

Бала

6 жас

7 жас

10 жас

12 жас

15 жас

17 жас

Ер бала

1200

1400

1630

1975

2600

3520

Қыз бала

1100

1200

1460

1905

2530

2760


Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді (2-кесте).

2-кесте

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі

Жасы

1 минуттағы тыныс алу жиілігі,рет

1

5

15-20

20-25

25-30

30-35

44

26

20

18

16

18

2.Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі.

Тыныс алу қозғаластары орталық жүйке жүйесі арқылы реттеледі.

Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады.Тыныс алу орталықтарына сезімтал талшықтар арқылы әртүрлі рецепторлардан қозу келіп түседі.Тыныс шығарған кезде өкпе басылып, өкпе көпіршіктерінің қабырғасындағы рецепторларды тітіркендіреді.Осы жерде пайда болған қазу сезімтал талшықтар арқылы тыныс алу орталығына беріледі.Орталықта қозу жүріп,импульстер жұлын арқылы қозғалтқыш нейрондардың бойымен сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер мен көкетке жіберіледі.Олар жиырылғанда, кеуде қуысы ұлғайып, тыныс алу жүреді, яғни-тыныс шығарғаннан пайда болған тітіркенуге сәйкес рефлекс жүзеге асады.
Қоршаған ортадағы әртүрлі химиялық және механикалқ тітіркендіргіштер мұрын қуысы, көмей, кеңірдек пен бронхылардағы рецепторларды қоздырады. Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін тудырады.
Тыныстың гуморальдық реттелуінің мәні: миға келетін қандағы көмірқышқыл газы концентрациясының артуы тыныс орталығын қоздырады.Осы кезде тыныс алу жиілігі төмендейді.Олай болса, тыныс алудың реттелуі орталық жүйке жұйесі бақылауында рефлекстік түрде жүреді.. Адреналин мен тироксин гормондары да тыныс алуды жиілетеді.

3.Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны.
Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 400-ден астам улы заттар болады. Бұл заттар сілекейде еріп, асқазанға түседі де, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды. Темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын қабындырады. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ бронхиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз ете алмай газ алмасу бұзылады Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. Темекіні көп шеккен адамның өкпесі қатерлі ісікке көбірек шалдығады. Темекі құрамындағы улы зат – никотин. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Көп мөлшерде болса, адам үшін өте қауіпті, өліп кетуі де мүмкін. Темекі, әсіресе жас ағзаны тез уландырады.

4.Тыныс алу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы.
Тыныс алу мүшелерінің аурулары оларға ауру тудыратын микроорганизмдер енгенде жіне зиянды заттарды қолданғанда пайда болады.Олардың көпшілігі тұтылып, зарарсыздандырылады да, жоғарғы тыныс жолдарының сілемейлі қабығы арқылы сыртқа шығарылады.
Мүшелерге енген микроорганизмдердің бір
бөлігі тұмау, баспа,, бронхит,туберкулез сияқты әртүрлі аурулар тудыруы мүмкін.
"Ой қозғау". Бұл аурулар туралы естулерін барма? Аурудың алдын алу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Үйге алдын ала ізденуге берілген қосымша тапсырма бойынша оқушылар сөйлейді.

Қосымша тыныс алу аурулар түріне қысқаша тоқталып,оқушыларға мәлімет беріп кетемін.

Өкпені жарақаттайтын ауру – туберкулез. Туберкулез (латынша «tuberculum» – төмпешік).

Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы көтеріңкі болады. Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, қан түкіреді.
Күтіну шаралары: витаминді, қуатты тамақ ішу; бойды таза ұстау; таза ауада көп серуендеу; дәрігер белгілеген дәрілерді уақытында ішу.
Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған қауіпті жұқпалы ауру. Асқынғанда басқа аурулардың тууына себепші болады. Аурудың дене қызуы көтеріледі, түшкіреді, жөтеледі, тамақтың иісін, дәмін сезбейді. Иіс, дәм сезу мүшелеріне қатты әсер етеді. Мұрын қуысындағы капилляр қантамырларының қабырғалары кеңейіп, кілегейлі қабықшадан сұйық заттар көп бөлінеді.
Тұмаумен ауырғанда гигиенаны сақтау керек:

а) ыдыс-аяқ,төсек-орынды бөлектеу;

ә) бөлмені ауық-ауық тазалау;

б) желдеткішті ашып, таза ауа кіргізу;

в) жатып емделу және т. б.;

г) терең тыныс алу;

д) спорт, дене шынықтыру, дене еңбегімен шұғылдану.

Өкпенің қабынуы немесе пневмония-ауа жоғары тыныс жолдарында шаң-тозаңдар мен ауру тарататын микроптардан тазартылғанмен,барібір олардың бір бөлігі өкпе тіндеріне өтіп кетеді.

Бронхит-кеңірдектің шырышты қабығының қабынуынан болатын ауру.

Қоздырғышы: бактериялар мен вирустар .

Баспа(ангина)-жұтқыншақтық бадамша бездердің жіті қабынуы.Адамның тамағы ауырса,жұтынуы қиындап,дене қызуы көтеріледі,науқас әсізденіп,төсек тартып жатып қалады.Баспаның өте ауыр түрінде бадамша бездерде ақшыл сары ірің пайда болады,мұны –іріңді баспа деп атайды.Бұл әсірісе жүрек қақпақшалары мени буындар үшін өте қауіпті,себебі,мүшелерде қабыну басталып,олардың жұмыс істеу қабілеті бұзылады.Баспаны асқындырмай алдын ала дәрігерге қаралған жөн.

Себебі:асқынып кетсе,ревматизм ауруы дамуы мүмкін

Қосымша денсаулық парағын үлестіру.

5. Жасанды тыныс алдыру иіс газымен уланғанда, электр тогы немесе найзағай ұрғанда, суға кеткен адамға және басқа зардар шеккен адамға алғашқы көмек көрсету кезінде тыныс қозғалыстарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Жасанды тыныс алу жолдары:

а) аурудың басын шалқайта қатты заттың үстіне жатқызу;

ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау;

б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу;

в) суға кеткенде етпетінен жатқызып, өкпесін судан тазартып құстыру;
г) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу;

д) әрбір 5–6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу;

е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.

Жасанды тыныс алуда көрсетілетін жәрдем (бағдарша кеуде қуысын қолмен басу бағытын көрсетеді).

6.Бейнеролик: "Первая помощь приутопление" көрсетіледі.

IV.Бекіту.
“Жинақтау”  жүйесі  сынып оқушылары тақырыпқа байланысты “Менен – сұрақ,  сізден  жауап”сұрақтарды бір-біріне қоя отырып оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту жүзеге асты.

1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегенімізі не?

2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал: спирометр

3. Тыныс алу орталығын ата. Сопақша мида

4.Тыныс алу ауруларын ата. Тұмау, туберкулез, суық тию.

5.Темекінің тыныс алу мүшелеріне зияны.Бронхиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. 

6.Жасанды тыныс алдыру дегеніміз не? Адам суға кеткенде, ток соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалғанда көрсетілетін көмек

7. Тыныс алғандағы сыйымдылығы қанша? 500 мл

8. Тыныс алудың қосымша сыйымдылығы қанша?1500 мл

9. Тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы қанша? 1500 мл

10.Ересек адамда өкпенің тіршілік сыйымдылығы неше мл құрайды? 3500мл

V.Бағалау.
Бағалау көрсеткіштері.
"5-тік" баға қойылады:
1.Түсініктерді,теорияларды дұрыс түсіндіре алса.

2.Өз бетімен оқып,талдап қорытындылай алса.
3.Болмашы қатені өзі тауып түзетсе.
"4-тік" баға қойылады.

1.Толық немесе 1-2 болмашы қатемен жауап берсе, терминдерді қолдануда қате жіберсе.
"3-тік"баға қойылады.
1.Оқу материалдарын ұғып, өз бетімен меңгере алмаса.
2.Жауабы жүйесіз, үзік-үзік болса.
3.Маңызды 1-2 сұраққа жауап бермесе.
"2-лік" баға қойылады.

1.Оқу материалдарын ұқпаса, түсіндіре алмаса.
2.Білімін нақты қолдана алмаса.
3.Бір сұраққа 1-2 қате жауап берсе.
VI.Қорытынды.
Сонымен біздер бүгінгі тақырыпта өкпенің тіршілік сыйымдылығы және оның адам денсаулығы үшін бір қалыпты болуы қаншалықты маңызды екендігін білдік және тыныс алу аурулары,оларды алдың алу, жасанды тыныс алдыру жөнінде білімімізді кеңейттік.

VII.Үйге тапсырма:1)§41.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі.Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу оқу 2) 152-беттегі тест жұмысын орындап келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.Тыныс алу жолдарының аурулары және олардың алдын алу"( 8-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 119 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 5164
    • DOCX 28.7 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Капиз Мейрамуль Сайфуллиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Капиз Мейрамуль Сайфуллиевна
    Капиз Мейрамуль Сайфуллиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35016
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 459 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 164 человека

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 360 человек

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 325 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе