Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Сабақ жоспары "Күрделігүлділер тұқымдасы – кең таралған өсімдіктер"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сабақ жоспары "Күрделігүлділер тұқымдасы – кең таралған өсімдіктер"

библиотека
материалов

Сынып:

Күн:

Сабақтың тақырыбы: Күрделігүлділер тұқымдасы – кең таралған өсімдіктер. 
Сабақтың мақсаты: 
Күрделігүлділер тұқымдасының құрылысы, түрлері және маңызы туралы түсіну.
Сабақтың міндеті:
Білімділік. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер түрлерінің биологиялық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. 
Дамытушылық . Оқушыларды топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру. 
Тәрбиелік. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын еске түсіре отырып, оларды қорғауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ. 
Сабақтың көрнекілігі: үлкейтілген өсімдіктер суреті, үлестірмелі материалдар, тірек-сызба нұсқасы. 
Пәнаралық байланыс: Экология, әдебиет. 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру (рефлексия, ой маржан) 
2. Үй тапсырмасын текеру (биологиялық диктант) 
3. Жаңа сабақ түсіндіру (сызба) 
4. Бекіту жұмыстары 
5. Қорытынды 
6. Үйге тапсырма 

1-кезең. Рефлексия

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)

Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?

Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.

Ой маржан 
Тақтада өсімдік суреттері ілініп тұрады. Қай өсімдік қандай тұқымдасқа жататынын анықтау.

  1. Раушангүлділер тұқымдасы-итмұрын, бүлдірген, раушан

  2. Алқа тұқымдастары-қызанақ, баклажан, картоп

  3. Шаршыгүлділер тұқымдасы –орамжапырақ, қызылша

  4. Бұршақ тұқымдастары-асбұршақ, қызыл мия

2-кезең. Үй тапсырмасын тексеруге арналған «Биологиялық диктант»

1-нұсқа

Қажетті сөздер: селбесу,желкен, жалаң қызыл мия, бұршаққап, ұсақ, бос азот

Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің негізгі ерекшелігі-тамыр түкшелері арқылы...................сіңіреді. Түйнек бактерияларымен өсімдіктің бірлесіп тіршілік етуі.......................деп аталады. Гүлдері-орташа мөлшерлі немесе.............. Күлте жапырақшасының ең ірісі.........................деп аталады. Жемісі құрғақ-....................... Медидицинада жөтелге қарсы дәрі ретінде белгілі өсімдік-.......................

2-нұсқа

Қажетті сөздер: түйнекшелер, қауырсын, асбұршақ, бұршаққап, азотты зат, тостағанша

Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер тіршілігін жойғанда топырақ...........................кенеледі. ......................өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Жапырағы күрделі жапырақты саусақ салалы немесе................. тәрізді........................бесеу біріккен жапырақшалардан тұрады. Жемісі құрғақ-....................Тағам ретінде қолданатын түрі-........................

Әр бала өзінің қасында отырған оқушымен қағазын ауыстырып, тексереді. Мұғалім дұрыс жауабын оқиды.

1 қате-5

2 қате-4

3 қате-3

Күнбағыс, түймедағы өсімдігінің сурет көрсетіп, атын атау. Балалар, бүгін міне осы өсімдіктер қандай тұқымдасқа жатады екен, танып білеміз.

3-кезең. Жаңа сабақ. 
Күрделiгүлдiлер тұқымдасының 20 мыңдай түрi бар. Оларға бiр жылдық, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, жартылай бұталар, кiшiгiрiм ағаштар жатады. Жапырақтары кезектесiп немесе қарама-қарсы орналасады, бөбешiк жапырақтары болмайды. Тұкымдастың негiзгi белгiсi: гүлшоғыры себет. Мұндай гүлдер шетiнен, ортасына карай бiртiндеп ашылады. Себеттi сырт жағынан көптеген орама жапырақшалар қоршап, бiрiнiң шетiн бiрi жауып тұрады. Жалпақ немесе дөңестеу келген себеттiң бетiнде, жекелеген ұсақ гүлдерi орналасады. Гүлдерi алуан түрлi. Олардың бiреуi үлкен және қанық боялған, екiншiсi ұсақ, көрiксiз болады. Гүлдерiнiң бәрi 4 шеңбер түзiп орналасады. Тостағаншасы үлпек айдаршаға айналып кеткен немесе жойылған. Күлтелерi 5, аталықтарының саны 5, ал аналығы 2 жемiс жапырақшасынан тұрады. Төменгi жатынды. Жемiсi — тұқымша.

Күрделiгүлдiлердiң көпшiлiгiнiң тұқымшасында айдарша (желайдары) болады. Ол жемiстердiң желмен таралуын қамтамасыз етедi.

Күлтелерiнiң құрылысына қарай, күрделiгүлдiлер : түтiкше, тiлше, жалған тiлше, құйғы тәрiздi

деп бөлiнедi.

Күрделiгүлдiлер тұқымдасына жататын кейбiр өсiмдiктердiң, мысалы, бақбақ (одуванчик - Taraxacum) себетiндегi гүлдердiң барлығы бiрдей. Гүлдiң күлтесi түп жағынан бiрiккен, ал оның жоғары бөлiгi ұзын тiлшеге ұқсайды. Сондықтан мұндай гүлдi тiлше гүл деп атайды. (31 сурет)

Тiлшенiң ұшы 5 тiсшелi болып келедi. Бұл бiрiккен күлте санын көрсетедi. Аталықтың 5 тозаңдығы түтiкке бiрiгедi. Оның iшiнде аузы қос телiмдi аналық мойны озып көрiнiп тұрады. Тостағаншасы үлпек түкшеге айналған. Үлпек айдаршаларының (желайдарының) көмегiмен жемiстерi алысқа таралады.

Тiлше гүлдiң формуласы: % ♀♂/ Т(5-0) К(5) А(5)Ж(2)

Күнбағыстың дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы. Итошаған – дәрілік өсімдікхалық медицинасындакеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін қолданылады. Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Ол - дәрілік өсімдік. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың қабынуына, сондай-ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор.

4-кезең. Жаңа сабақты бекіту. 1.Кітаппен жұмыс:

Түрі

Өсімдік

Тағамдық


Дәрілік


Сәндік


Арамшөп




2. Сәйкес сөздерді табу. 
1. Күнбағыс
а) мата бояйтын боя алады
2. Мақсыр
ә)тұқымша 
3. Жемісі
б) туберкулезді емдеу де маңызы зор 
4.Жералмұрт в) себетгүл
5. Өгейшөп г) мал азықтық дақыл 
6. гүлшоғыры д)өсімдік майын алады

3.Ұйқасын тап. 
Оқушылар ұйқас сөздерді жаңылыспай тауып өлең шумағын толықтыруы қажет. Бұл кезеңде оқушыларды поэзия тіліне жақындату мақсатында қарастыру. 
1. Көз алмай күнге алыс, 
Қарайды . . . . . . (күнбағыс). 

2. Өзіне шап-шақ 
Киген қалпағы аппақ 
Бақта өсіп тұр . . . . (бақбақ). 
5-кезең. Зертханалық жұмыс №26
6-кезең. Үйге тапсырма

1.негізгі тапсырма.121-125 бетті оқу

2.шығармашылық тапсырма. Күрделігүлділерге жататын бір өсімдікті таңдап алып суретін салып, мағлұмат жазу.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-041210

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"