Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Құлақтан кіріп бойды алар" өлеңі

Сабақ жоспары "Құлақтан кіріп бойды алар" өлеңі


библиотека
материалов



Күні

10.10.13

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар...»

Сілтеме

Әдебиет 6-сынып, қазақ тілі мен әдебиеті журналы 1\2012ж, З.Б.Жолдасова «Ізденген жетер мұратқа»

Жалпы мақсаттар



Қазақ халқының әншілік өнерін дәріптеп, халықтың ән құдыретімен тереңірек танысу.

Міндеті



  • Өлеңді мәнерлеп оқыту;

  • Өлеңнің мазмұнымен толық таныстыру;

  • Өлеңді талдай отырып, өз пікірін айту;

  • Шығармашылық дағдыларын дамыту;

Оқыту нәтижесі

Абайдың ән мен күй өнеріне сыншылдық көзқарасы, өнердің қоғамдағы рөлін, өнерден зор қуат алу идеясын ашу, халық мұрасын дамыту.

Тапсырмалар

  1. Үй тапсырмасын сұрау (Зерделеу стратегиясы)

  2. Мәтінмен жұмыс (бірге ойлаймыз стратегиясы)

  3. Өлең құрылысына талдау (СКТ)

  4. Топтық жұмыс (стикерлер тобы)

  5. Рефлексия (сұрақтар қорапшасы)

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма

Сабақ барысы


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

2 минут











5 минут






5мин










5мин




























3мин



7 мин















5мин




3 мин



5мин














2мин










3 мин











І.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.Сыныпты жұп және тақ сандар арқылы 2 топқа бөлу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылардың зейіндерін жаңа сабаққа аудару.


Бағалау өлшемдерін оқушыларға таратып береді





Үй жұмысын сұрау

«Зерделеу» стратегиясы арқылы өлеңнен үзіндіні жатқа айта отырып, салған суреттері арқылы өлеңді қара сөзбен жалғастырады.



Бейнекөрсетілім Абайдың «Көзімнің қарасы»

  • Біз нені байқап отырмыз?

  • Кімнің өлеңі?

  • Қандай өлең?

  • Абай атамыздың басқа да қандай әндерін білесіңдер?

  • Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыз Абай атамыздың әндері жайында болмақ.



ІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Мұғалім түсіндірмесі

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән-жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Ағартушы, ақын және сазгер А.Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Бірнеше тақырыпта өлеңдер шығарды. Жастарға ғылым-білім үйренуге шақырды.

Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған жиырма шақты әндері бар. Ән – көңілдің ажары. Қазақтың ойын-сауығы, қуаныш-қайғысы, шаттығы әнмен, жырмен айтылады. Ақын өнердің қоғамдық күшіне, ән мен жырдың адам өміріндегі рөліне баса көңіл бөледі. Соның бірі - Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі. Бұл – ән-күй туралы жазылған, идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған сай келген тамаша шығарма. Тақырыбы, идеясы жағынан «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңдерімен тығыз байланысты. Бұл өлең – Абайдың сөз өнерін жоғары бағалағандығының айғағы.




Мәтінмен жұмыс

  1. Оқушыларға мәнерлеп оқыту (2 топтан)


  1. «Бірге ойлаймыз» стратегиясы арқылы оқушыларға тапсырма береді.

1-топ: «Жақсы ән мен тәтті күй» қандай болуы керек?

2-топ: Әнге ақынның көзқарасы










«Сатылай кешенді талдау» стратегиясы арқылы

Өлеңді құрылысына талдау



Сергіту сәті



«Стикерлер тобы» стратегиясы арқылы оқушыларға тапсырма береді. Әрбір топқа жұмыс парағы беріледі. Парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі. Барлық топ парақтарын жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептелінеді.

  1. Абай өлеңдері туралы өз ойларын жазу










Рефлексия (кері байланыс)

«Сұрақтар қорапшасы» әдісі арқылы оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.







Бағалау критерийлері бойынша жиынтық бағасын қояды.






Үйге тапсырма

Өлеңнен үзінді жаттау






Оқушылар сандарды таңдай отырып өз топтарын тауып орналасады.


Оқушылар бағалау критерийлерімен танысады



Оқушылар үзіндіні жатқа айтады, салған суреті арқылы қара сөзбен жеткізеді.



Оқушылар сұраққа жауап береді






































  1. Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

  2. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын постерге жазып, қорғайды.

hello_html_3c448dd7.jpg




Оқушылар өлең құрылысына талдайды.






Оқушылар жұмыс парағына Абай өлеңдері туралы өз ойларын жазады.

hello_html_1b18a9be.jpg





Оқушылар сұрақтарын қорапқа қалдырады.


hello_html_m2c2b8d10.jpg



Бағалау критерийлері бойынша ұпайларын есептеп, өздерінің жиынтық бағасын шығарады.


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-328441

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG