Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы"

Сабақ жоспары "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. C:\Users\Алия\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Image0206.jpg


Сабақтың мақсаты:

а) Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өмір жолына шолу жасап,

өлеңдерін мәнерлеп оқу, өлең құрылысына талдау жасау, тақырыбын ашу.

ә) Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға, ой түюге

баулу, шығармашылық қабілетін, таным-түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

б) Ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу,

адалдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Абай әлеміне саяхат. (слайд)

4. Жаңа сабақ.

5. Өлең құрылысына талдау жасау.

6. Сабақты қорыту.

7. Бағалау .

8. Үй тапсырмасы.

Сабақтың эпиграфы: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1) Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін жаттау.

Класс үш топқа бөлінген. Тақтада жыл мезгілдерінің суретімен бірге өлең жолдары беріледі. Әр топтың оқушысы қай өлеңнен алынған үзінді екенін тауып, өлеңді ары қарай жатқа айтып шығады.

2) Абай туралы әр топ газет шығарған. Әр топ өз газеттерін қорғайды.

3. Абай әлеміне саяхат. (слайд көрсетіледі)

4. Жаңа сабақ: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы.

Абай ақындықты ерекше жоғары бағалаған, құдірет тұтқан. Ол өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға Абай мүлде қарсы болды. Мысалы, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақындық өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.

Өлеңін сатып күн көрген, жағымпаз, жарамсақ ақындарға ыза болған Абай:

Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елде өлеңменен қайыр тілеп,

Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап,-


деп қатты сынайды. Ат-шапан үшін немесе болмашы тиын-тебен үшін ақындық өнерді саудаға салу, сөз қадірін кетіру арсыздық деп қарады.

Абай ақындық өнер еріккеннің ермегі емес, ол-қоғамды түзетуші ұлы күш деп қарады.

Абайдың осы ойын:

Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көңілін қойып көзін ашпақ,

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ,-


деген өлең жолдарынан айқын көруге болады.

Абай «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» өлеңінде адамның туғанынан өлгенге дейінгі өмірінің бәрі өлеңмен жалғасатынын, ұлттық салт-дәстүр атаулының (шілдехана, тұсаукесер, қыз ұзату, келін түсіру, т.б. ) өлеңсіз өтпейтінін айтады:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен

Ойласаңшы, бос қақпай елең-селең,-


Ақын өлеңдерінде теңеу мен эпитет те көп кездеседі. Мысалы «Аттың сыны» деген өлеңінде.

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.


Эпитет (айқындау)-заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз.

Абайдың жиі қолданылатын әдісі-кейіптеу. Кейіптеу- жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеу.

5. Үш топ кітапта берілген Абай өлеңдерінің құрылысына дәптерге жазу арқылы талдау жасайды.

Ұйқас түрлері тақтада көрсетілген. (кітаппен, дәптермен жұмыс)

Абайтанушы ғалымдардың пікірінше құрылған ұйқас түрлерінің кестесі


Абайға дейінгі ұйқас түрлері

Абай енгізген ұйқас турлері

1

Қара өлең ұйқасы

1

Шалыс ұйқас

2

Кезекті ұйқас

2

Егіз ұйқас

3

Шұбыртпалы ұйқас

3

Аралас ұйқас

4

Ерікті ұйқас



5

Осы күнгі ерікті ұйқас




6. Кластер әдісі бойынша «Абай кім?» деген сұраққа жауап беру арқылы сабақ қорытындыланады.

7. Бағалау .

8. Үйге тапсырма: Абай өлеңдерін жаттау.










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров644
Номер материала ДВ-338257
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх