Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары әліппе пәнінен

Сабақ жоспары әліппе пәнінен


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 18.12.14 Мектеп: №8 орта мектеп Сынып: 1 «б» Пән: әліппе Мұғалім: Бакирова А Әдіскер: Жахметова Б.К Машықкер: Қуанышбекова Гүлсая Жеңісқызы Сабақтың тақырыбы: Жарқын жүзді ұстазым. Санамақ. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа тақырыптар бойнша толық түсінік беру. Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқу жылдамдығын арттыру. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбие беру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекіліктері: оқулықтағы және тақырыпқа байланысты суреттер Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдерме балалар! Отырыңдар! Бүгінгі әліппе сабағынан сенлерге мен беремін. Менің аты-жөнім: - Қуанышбекова Гүлсая Жеңісқызы

-Құрал -жабдықтарын түгендеу

-Партаға дұрыс отыру.

-Зейіндерін сабаққа аудару Психологиялық дайындық: - Көңіл - күйлерің қалай?
-1 Сабаққа дайынсыңдар ма?
- Өте жақсы, балалар.
ІІ. Өткенді қайталау: Оқушылардың өтілген тақырып бойынша түсініктерін анықтау

-Алғаш сауатымызды ашқан, әріптермен таныстырған қандай кітап?

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

-Алфавитте алғаш тұратын қандай әріп?

-Қандай өлеңдермен таныстық?

-Әліппе өлеңін жазған кім?

Үй тапсырмасын сұрау.

Әліппе өлеңін жатқа сұрау.

Алфавит сыры өлеңін мәнерлеп оқыту.

Жеке - жеке оқыту. ІІІ.Сергіту жаттығуын жасату

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза саусағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз. ІV.Жаңа тақырып:

Кіріспе сөз

-Біздің сауатымыз ашып, оқып, жазуға үйреткен кім?

-Мұғалімді тыңдап, айтқанын орындап отыру керек.

-Мұғалім ол қандай адам?

-Мектепте оқымаған, мұғалімнің алдынан өтпеген адам жоқ. Әр адам өзінің алғашқы ұстазын құрметтеп, есінде сақтау керек.

-Біз бүгін Ш.Смаханұлының «Жарқын жүзді ұстазым» өлеңімен танысамыз. V. Оқулықпен жұмыс:

«Жарқын жүзді ұстазым» өлеңін мәнерлеп оқу

Өлең кім жайлы?

Қ.Мырза Әлидің «Санамақ» өлеңін оқыту.

Біз санауды қай пәнде үйренеміз?

Кәне, 10-ға дейін санайықшы.

VІ. Дәптермен жұмыс:

Мұғалім туралы сөйлемдер жазғызу

Диктант жазғызу:

Алма, тоқаш, торғай, мал, торай, арман, мектеп, сана, жайна. VІІІ.Сабақты пысықтап,бекіту

Бүгінгі сабақта не өттік?

Қандай өлеңдермен таныстыңдар?

Ұстаз деген кім?

Санауды біз қандай пәнде үйренеміз?

Санамақты жазған кім? ІХ.Сабақты қорытындылау

Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды марапаттау

Жақсы жазған балалардың жазуын мадақтау Үйге тапсырма


Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров429
Номер материала ДВ-196765
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх