Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Әліппемен қоштасу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары "Әліппемен қоштасу"

библиотека
материалов



Сахна безендірілген ,фанфара ойналып ортаға жүргізушілер шығады:

Жүргізушілер:

1-жүргізуші: Ой ! Қандай керемет!Мына зал неткен әдемі болып кеткен!

2-жүргізуші: Ия,расында да,!Қандай ғажап!/екеуі де айналады/

1-жүргізуші: /Қолының ұшымен сахнаға зер сала қарап.../ Байқаймын ата-аналар да келген сияқты.

2-жүргізуші: Ұстаздарымыз да төрден орын алыпты./сахна төріне 3 жүргізуші шығады/

3-жүргізуші: Қыздар , сендер білмей жатырсыңдар ма? Мұнда үлкен мереке өтейін деп жатыр!

1-2 жүргізушілер: Солай ма?

3-жүргізуші: Ия, біз осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолымызға алған оқулығымыз «Әліппе» болса, бүгін сол әліппені аяқтап, алғашқы белестен асайын деп тұрмыз.

1-жүргізуші: Ендеше, осы белесті бағындырған қуаныш мерекесін бастайық!

2-жүргізуші: Әрине,бастасақ, бастайық!

1-жүргізуші:

Өлшеулі ар-намысы халқымыздың

Қорғаны адамдық пен салтымыздың

Армысыздар, аяулы ұстаздарым

Сенері сіздерсіздер халқымыздың

2-жүргізуші:

Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ балаларың

Халқыма ұрпақ берген өмір берген

Хош келдіңіз әкелер мен аналарым!

1-жүргізуші:

Біздің сынып тамаша

Көз тоймайды қараса

10 қызың мен 10 ұлың

Күнде түгел санаса!

2-жүргізуші:

Сабақтан ешкім қалмайды

Нашар баға алмайды

Шаршамайды мұғалім

Әр бала өнер таңдайды

3-жүргізуші:

Бірі сүйіп спортты

Бірі сурет салады

Талабы зор балалар

Өнерден орын табады

1-жүргізуші: Олай болса , ақылды да алғыр

2-жүргізуші:Өнерлі і де өжет

3-жүргізуші: Білімді де білгір 1 «А» сынып оқушыларын құрметпен ортаға шақырайық!

Экранда слайд бірге жүреді

«Әліппе»әнінің әуенімен оқушылар ортаға шығады. музыка тоқтағаннан кейін:

әр оқушы өзін таныстырып өлеңдерін қимылмен жасап көрсете отырып орындайды.

Жанғыр:

Жақсылыққа бастайтын

Бәрін біліп жаттайтын

Білімді қуып әрқашан

Алға қадам аттайтын

Жанғыр балаң мен болам

Мұхаммед:

Ұстаз ұғар қашанда

Дамуын әр баланың

Тіл алғыш та елгезек

Мұхаммед атты балаңмын

Дана:

Отбасымның еркелеткен

Жарқыраған жұлдызымын

Атыма затым сай келетін

Дана атты мен қызыңмын

Мадина:

Көп ертегі білемін

Көңілді боп жүремін

Таудай биік талабым

Мен Мадина боламын

Қуандық:

Мен де есті баламын

Айтқан тілді аламын

Ұстазым берген білімді

Санама құйып алатын

Мен Қуандық балаңмын

Іңкәр :

Көңілді менің әр күнім

Асығып жетем мектепке

Білсем деп соғад жүрегім

Қызығын бар әлемнің

Қанбаймын білім нәріне

Мен ізденгіш Іңкәрмін

Фатима:

Мен бақытты баламын

Мектебіме барамын

Әдемі сурет салатын

Небәрі 5 жастағы

Мен Фатима боламын

Рауан:

Ақ көңілді Рауанмын

Білімнен қуат аламын

Қуанышымын әкемнің

Мақтанымын анамның

Үміті мен атамның

Еркежан:

Еркесі едім атамның

Еркесі едім апамның

Толып биыл 7-ге

Мен де оқушы атандым

Еркелеп өскен анама

Еркежан атты қызыңмын



Еркенұр:

Сымбатыма сән киім жарасады,

Аспандағы айменен таласамын.

Өнеріме сай менің білімім де

Ерке қызбын, Еркенұр менің атым



Мөлдір:

Мен Мөлдірмін

Мөлдір судай

Таза менің көңілім

Өзім оқып кітапты

Жалынбаймын ағама

Қуанды анам оқудан

Бестік алған бағама

Ислам:

Ислам атты баламын

Таудай менің талабым

Білім қуып әрқашан

Жұлдыз болып жанамын



Жансұлтан:

Оқушымын мен бүгін

Кіп-кішкентай баламын

Көп ізденіп ,көп оқып,

Ертең-ақ өсіп толамын

Білім құмар қазірден

Мен Жансұлтан балаңмын

Диляра:

Би билеймін айнала

Менің атым Диляра

Өнерлі болам өскенде

Жұрт қараған тамсана

Аяулым:

Сабағымды жақсы оқитын

Көркем етіп жазатын

Ұстазымның қолғанаты

Аяулым атты қызбын мен

Данияр:

Шыңдай берем талабымды

Мен оқуда болам үлгі

Туған елдің ұлымын мен

Туған жердің гүлімін мен

Данияр деген мен болам!

Мансұр:

Мен бақытты Мансұрмын еркелеген

Тыңдап өскен ән мен жыр ертегі өлең

Туған жердің аймалап самал лебі

Ата-анам ,ұстаз да мәпелеген

Десбер:

Ұқсатпа мені басқаға

Есейдім ,7жастамын

Ойыншықпен қоштасып

Білімге жол бастадым

Бойым кіші болса да

Білімге құмар баламын

Мен Десбер боламын

Аслан:

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып

Қарсы алды мені ұстазым

Қадамымды құп алып

Білімге құмар жас өрен

Аслан ұлың мен болам!

Ақмаржан:

Көңілін шаттық кернеген

Ертеңге қанат сермеген

Тырмысып өрге өрлеген

Ақмаржан қызың алдыңда

«Мектебім » әні

1-жүргізуші:

Бүгін үлен салтанат

Мына тұрған балдырған

Әліппемен қоштаспақ

2-жүргізуші:

Әріптерді таныған

Сыныптағы бар балдырған

Білім жолын бастамақ

3-жүргізуші:

Шашу ,жырдан шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық!

Бұл мереке бұл тойдың

Шымылдығын ашайық!

Сахнаға ақ жаулықты ана шығып шашу шашады,

Ақ жаулықты ана:

Таудай болсын арқалаған талабың

Сезіп өткін өмірдің бұл ғажабын

1 «А»-ның бүлдіршіндеріне тілек сол

Құтты болсын аттаған мына қадамың!

1-жүргізуші: Рахмет,құрметті ата-аналар!

2-жүргізуші: Біз кешімізді жалғастырамыз

3-жүргізуші:Кешті әріптер шеруінен бастаймыз

1-жүргізуші: Дауыстылар!

Бір топ дауысты дыбыс ұстаған оқушылар алға шығып:

Мындамыз ! /а,ә,о,ө,ұ,ү,ы,і,е,и,я,ю,э,е,у/

2-жүргізуші: Дауыссыздар!/дауыссыз дыбыстар ұстаған оқушылар/

Мындамыз !

3-жүргізуші: Дыбыс емес,белгілер!

/қолына белгі ұстаған оқушылар/

Мындамыз!

1-жүргізуші: Сөз кезегін әріптерге беремін

1-оқушы:

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген ол әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

2—оқушы:

В дегенің вал болар

Толқын күшін шомылар

М-дегенің мал болар

Қадір тұтқан бабалар

3-оқушы:

Г әрпімен гүлденген

Қызғалдақты қырат тау

Ғ әрпімен бір келер

Ғылым атты ұлы тау

4-оқушы:

Д әрпінен бастасаң

Дархан,дәрия далам бар

Е-ні ұмытпас ешқашан

Елін сүйген ұландар

5-оқушы:

Ж-дегенің жөргегің

Туып өскен жерлерің

З әрпімен зердедім

Зергерлердің зергерін

6-оқушы:

И дегенің иманың

Адалдықтың асқары

К дегенің күй-дарын

Домбыраның дастаны

7-оқушы:

Ұ әріпі ұлысың

Ағайының өз елің

Ы дегенің ырысың

Орман-тоғай өзенің

8-оқушы:

О дегенің отбасы

Отан деген ұғым бар

Я дегенім Яссы

Қала болған бұрындар

9-оқушы:

Р дегенің рақым

Мейірің мен пейілің

С әрпінен тұратын

Сый-сияпаи сенімің

10-оқушы:

Ш дегенің шапағат

Тие берсін баршаға

Х дегенің сәлем хат

Қуанышың қаншама

«Әліппе»әні

1-жүргізуші: Біз осы әріптер арқылы сөз жазамыз

2-жүргізуші:Мәтіндерді оқи аламыз

3-жүргізуші: Дәріптейікші сүйікті әліппемізді!

1-оқушы:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым атасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

2-оқушы:

Жақсы кітап әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастым

Әліппемен достастым

3-оқушы:

Әліппем, менің, әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

4-оқушы:

Әліппе білім анасы

Әліппе кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы

5-оқушы:

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдар алтыннан

Әліппе білім бесігі

6-оқушы:

Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе

7-оқушы:

8-оқушы:

Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз

Мектепке біз барамыз

9-оқушы:

Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Барлық ілім білімнің

Ағасы осы әліппе

10-оқушы:

Біз жазамыз ана деп

Біз жазамыз дана деп

Біз жазамыз бала деп

Біз жазамыз Отан деп

11-оқушы:

Биік-биік таулар деп

Қызыл-жасыл баулар деп

Қаһарманды ел қазақ деп

Болашағы ғажап деп

12-оқушы:

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Сіз бен бізге нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан

Ол сүйікті әліппе

13-оқушы:

Арта берді кітапқа

Бойымдағы құмарым

Бірге жүрген қасымда

Әліппе болды сыңарым

14-оқушы:

Әсем ою өрнекпен

Көмкерілген Әліппем

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем?

15-оқушы:

Енді жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе!

16-оқушы:

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл берген әліппе

Ақыл берді мұғалім

17-оқушы:

Осылай алға аттадым

Әр әріпті жаттадым

Жаттаған сайын әріпті

Сөз құрап жаза бастадым

19-оқушы:

Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз болмайды

Адам барлық әріпті

20-оқушы:

Анам менің ,әкем де

Атам менен апам да

Шопан,ұшқыш,ғалым да

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе

Оқушылар әліппелерін алты жасарларға табыс етеді

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Біз сахнаға достарымызды шақырамыз

3-жүргізуші: Олар сіздерге әліппе беттерінен қойылым көрсетеді

1,2,3-жүргізуші бірге:Қабыл алыңыздар!

1қойылым: «Өркеш» қатысушылар:2 оқушы

2қойылым: «Кім кінәлі?»қатысушылар:5 оқушы

3қойылым: «Бір қазан сүт»3 оқушы

4қойылым: «Бақа»2 оқушы:

1-жүргізуші:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын

Болармын күні ертең мақтанышың

Білім алып тер төгем еңбек етем

Ата-ана сеніміңді ақтау үшін!

2-жүргізуші:

Ата-анамнан кейінгі

Екінші адам өмірде

Бала бол деп зейінді

Мейір құйған көңілге

Тәрбиелі білікті

Ол ұстазың сүйікті

«Мұғалім ол біздің»әні

Сахна төрінен ұстазын жетектеп жүргізушілер ортаға музыка әуенімен шығады

Мұғалім:

Бала деген шіркін-ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай екен !...

Мұғалімнің сөзінен кейін:

Ана тілін қолдарына табыс етуге кітапханашы апайды шақыру,кітапханашы апай балаларға сөйлеп ана тілі оқулығын табыс етеді

Бәрі шумен:

Бабамыздың тілі деп

Даламыздың үні деп

Ана тілін,ана тілін,

Ана тілін сүйеміз!

Мұғалім:

Бестік болсын бағаларың

Қуансын ата-аналарың

Өнер білім көп тоқып

Өсе берсін саналарың

Бәрі:

5 болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз

Музыка ойналып мұғалім барлық оқушыға «Бестік» медальонын тағады

1-жүргізуші:Біздің сыныпта барлық бала өнерлі

2-жүргізуші:Барлық бала талапты

3-жүргізуші:Барлық бала талантты

1,2,3-жүргізуші бірге: Өнерімізді қабыл алыңыздар!

Сазды бағдарлама:

1. «Мектебім» әні,орындайтын Дана

2. Іңкәр әнімен

3.Қазіргі заман биі биі /қыздар тобы/

4.Мадинаның әні

5.Қазақ биі қыздар тобы/

6. « Әдемі» әні Дана

7. Вальс /сынып оқушылары/







































































Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров103
Номер материала ДВ-517688
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх