Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Сабақ жоспары: Логарифмдік теңдеу және теңсіздіктерді шешу 11 сынып

Сабақ жоспары: Логарифмдік теңдеу және теңсіздіктерді шешу 11 сынып

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:

сыныбы: 11

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерді шешу  

Сабақтың мақсаты :

  • Логарифмдік тепе – теңдіктерді, қасиеттерді тиімді пайдалануда және санның логарифмін табуда оқушылардың білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру;

  • Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін, дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшандыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 
I Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, сыныптың тақтаның тазалығын байқау, сәттілік тілеу) 

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айады.

Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»

  • «Ешқашанда білмеймін демеу»

  • «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

  • «Биік шыңға ұмтылу» - осдан сабақтың мағсатын шығарамыз.

Тарихи анықтама

Логарифмді ойлап тапқан және логарифмдік кесте құрастырған ғалым Джон Непер Шотландияда дүниеге келген. 16 жасында континентке кетіп, 5 жыл Европаның әртүрлі университетінде оқып, математиканы игерген. Кейін астрономия және математикамен терең айналысқан. Логарифмдік есептеулер идеясына Непер 16- ғасырдың 80- жылдарында келген, дегенмен өзінің кестесін 25 жыл есептеулерден кейін 1614 жылы ғана жариялаған. Ол «Логарифмдік керемет кестелер сипаты» деген атпен шыққан. «Логарифм» деген терминнің өзін де Непер ұсынған, ол оны «қолдан жасалған сан» деп аударған. Непердің кестелері мен идеялары тез таралып, қолданысқа түскен. «Непер ережесін» және «Непер аналогияларын» сфералық тригонометрияда кездестіруге болады.


Өткенге шолу

«Логарифдік функция» атты графикалық диктант жүргізейік. Мен сұрақтарды оқимын, ал сендер жауаптарыңды дәптерлеріңе «Иә» орнына ___, ал «Жоқ» орнына ^ белгілеңдер. Сұрақтарға жауап нәтижесінде сендерде график пайда болады.

Сұрақ- тапсырмалар(мұғалім оқиды)

  1. у=logax логарифмдік функциясы х-тің кезкелген мәнінде анықталған. (жоқ)

  2. а>0, а≠1, х>0 болғанда, у= logax функциясы логарифмдік функция болады (иә)

  3. Логарифмдік функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны болады (жоқ)

  4. Логарифмдік функцияның мәндерінің жиыны барлық нақты сандар жиыны болады (иә)

  5. у=log3x функциясы өспелі функция (иә)

  6. у=log3x функциясының графигі Ох осімен қиылысады (иә)

  7. Теріс санның логарифмі болады (жоқ)








hello_html_m17a264b4.gif














Сабақты түсіндіру / теңдік пен теңсіздікті салыстыра отырып/


1hello_html_m6f5a2fc4.gifhello_html_3b34b8d3.gif -мысал



hello_html_2586b30f.gifhello_html_44a724e7.gif

ж: -3; 3 ж: hello_html_21ceb431.gif



Есептер шығару. ҰБТ –ден үзінді..../ талапкер -2015 тест жинағында кездескен есептер/

hello_html_1fb9c055.gif



















Сабақты бекіту. Қатені тап деп аталады. Мен сендерге шығарылып тұрған есепті беремін. Сол есеп қате шығарылған ба, қате болса қандай жерден қателескенімді табыңдар.

hello_html_m50b138c4.pnghello_html_5ce72be8.pnghello_html_5ce72be8.pnghello_html_m50b138c4.pngҚорытындылау және бағалау

Бүгінгі сабақта барлық оқушы да жақсы жұмыс жасады. Енді қорытынды жасайық. Әр оқушы і өздерінің қалай жұмыс жасағаны туралы қысқаша айтып өтсін.


VIIІ Үйге тапсырма беру Талапкер-2016 /Логарифмдік теңдеуге және теңсіздіктерді шешу тақырыбына арналған тест тапсырмасы/


ІХ Мұғалім сөзі

Сіздер енді 2-3 айда мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар. Соған қатысты менің сіздерге арнаған кішкене тілегім бар. (әр оқушыға тарату)

Жас түлекке тілек

▪Өзіңнің күшіңді екі еселе, үш еселе, ал білім көлемін n-дәрежеге дейін көбейт

▪Сенің жадыңда жастық шақ тұрақты шама болып қалсын

▪Барлық өмір қателіктерінен тек оң түбір шығар

▪Сенің тағдырыңның сындық нүктелерінде min сәтсіздік пен max табыс болсын

▪Жабырқаңқы көңіл-күйді үнемі 0-ге көбейтуге тырыс

▪Миллион үміттен жақсылық күт

▪-∞-ден +∞-ке дейін бақыт

▪Өмір-бұл үлкен есеп кітабы. Тек жауабына көз салуға асықпа

▪ Егер қайғы келсе, онда ол соңғы шегі болып, ал қуаныш шексіз болсын

▪ Өмір дайындаған барлық емтихандарды тек беске тапсыр!

Қымбатты менің оқушым!

Өмірге сапар бастадың,

Болашаққа көз тастап.

Қанаты арман құсының,

Апарсын сені алысқа...



Математика пәнінің мұғалімі және класс жетекшің Жанат Байжановна


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров255
Номер материала ДВ-481493
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх