Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "London Eye"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Сабақ жоспары "London Eye"

библиотека
материалов

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

5 «А»

Пәні:

Ағылшын тілі

Сабақтың тақырыбы:

London Eye is a symbol of modern Britain

Негізгі түйінді идея:

Ұлыбританияның жаңа символы

Оқу мақсаты:

London Eye туралы айтып, жаңа сөздер мен транскрипциямен жұпта және топта жұмыс жасайды

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Көпшілік оқушылар:

Жекелеген оқушылар:

  • - LondonEye туралы айтып береді

  • - берілген транскрипциялардың дұрыс жазылуынмәтіннен таба алады

-жасаған постерлерін ағылшын тілінде қорғай алады

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Мұғалім не істейді

Оқушылар не істейді

Ресурстар

3мин

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу

  • Кунделікті сұрақтар

  • Топқа бөлу

  • Good morning!

  • How are you?

  • Who is absent?

  • What’s the weather like today?

  • Good morning!...



2 мин


Ex.1 p.209

Тапсырманы түсіндіріп, дұрыс орындалуын қадағалайды.

Берілген транскрипцияға қарап, сөздерді дұрыс жазады

Кітап

15 мин

Негізгі бөлім

Ex.2 p.209

Джигсо әдісі арқылы мәтінді оқытып, астындағы берілген 7 сөйлемді Т/F белгілетеді.

Оқушылар топта жұмыс істеп, ламинатталған критерий арқылы топта өзара тексереді

Кітап, маркер, қағаз

2 мин

Ex.5 p.210

Транскрипция мен дұрыс жазылған сөздерді араластырып береді.

Топта сәйкестендіреді

Кітап, қағаз қиындылары

20 мин


LondonEyeтуралы постер жасау

Кітап пен ғаламтордағы мағлұматтарға сілтеме жасайды

Берілген мағлұматтарды пайдалана отырып, постер жасайды, оны қорғайды

Постер, маркер, ғаламтор

2 мин

Бағалау

Мұғалім барлық оқушыларды бағалап шығады

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді

1 мин

Үй тапсырмасы

Англиядағы досына өзінің қаласы туралы хат жазады






Түсініктеме


Оқушылар сыныпқа кіріп жатқан кезде ағылшын тілінде әдемі әуен ойнап тұрады. Мұғалім есіктің жанында алдын ала дайындалған түрлі түсті карточкаларды кірген оқушыларға үлестіріп, жақсы көңіл күймен қарсы алып, қалдарын сұрайды. Күнделікті «Сабақта бүгін кім жоқ? Бүгін нешесі? Аптаның қай күні? Ауа-райы қандай?» деген сияқты сұрақтар қойып қарсы алады. Мүғалімнің үлестірген карточкаларының екі жағында дайындалған тапсырмалар болады. Берілген карточканың бір жақ бетінде әртүрлі тілде сәлемдесу жазылып тұрады. 1 тапсырманың шарты бойынша оқушылар сынып ішінде қозғалыста жүріп, бір-бірімен әр түрлі тілде сәлемдесуі керек. Барлығы берілген тапсырманы орындап болған соң, мұғалім оқушыларының қолдарындағы карточканың 2 бетіндегі тапсырмаға көңіл аударуын сұрайды. Қолдарындағы берілген қағаздың екінші жағында орналған“London Eye”-дың 3 түрлі суреті пазл бөлшегінде беріледі. Әр оқушы қолындағы пазл бөлшегінде берілген“London Eye”-дың 3 түрлі суреттің қайсысы шығатының табу үшін суретті сәйкестендіріп жинақтайды. Пазл иелері суретті құрап болған соң, бір топ болып саналады, осылай сынып 3 топқа автоматты түрде тең бөлінеді.Осы жерде мұғалім оқушылардан қандай сурет шыққанын сұрайды. Оқушылар жауабын тыңдаған соң, мұғалім бүгінгі өтетін сабақ тақырыбымен таныстырады.

Пазл арқылы бүгінгі тақырыпты тауып, біраз ол туралы мағлұмат алған соң, келесі жаттығуда оқушылар кітапта берілген транскрипцияға қарап, дәптерлеріне дұрыс сөздерді жазулары керек. Оқушыларға топқа бөлініп отырғанымен бұл тапсырманы жекеше орындаулары тиіс.Оқушылар тапсырманы орындаған кезде мұғалім топтарды аралап жүріп, жекелеп орындап жатқан жұмыстарын сырттай бақылайды. Оқушылар берілген 1 тапсырманы аяқтап қалғандарын көріп, келесі тапсырманының орындау барысымен таныстырады.

Мұғалім кітапта берілген мәтінді оқушыларға меңгерту үшін Джигсо әдісін қолданады. Джиксо әдістемесінің шарты бойынша берілген мәтін 4 бөлікке бөлінеді, топта отырған оқушылар өзіне алған мәтін бөлігі бойынша, әр топтың бірдей бөлікке ие болған мүшелері жаңа топ құрастырады. Оқушылар берілген мәтіннің бөлігін оқып, аударып, мәтін мағынасын толық түсінуі керек. Берілген мәтін бөлігінің толық мағынасын ашқаннан кейін оқушылар алғашқы топтарына оралып, әркім өздерінің оқыған бөліктерінмағынасын басқаларына айтып беріп, берілген мәтіннің толық мазмұнын ашады. Мұғалім сол кезде сыныпты аралап жүріп, оқушылардың қалай талқылап жатқанын сырттай бақылайды. Мәтіннің мағынасы толық ашылғанын көрген мұғалім мәтіннің астында берілген 7 сөйлем арқылы, мәтін толығымен ашылғандығын тексеріп талқылайды. Болған соң, тапсырманың астында берілген сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екендігін ламинатталған критерий арқылы топта өзара тексереді. Мұғалім сырттай топтың толығымен тапсырманы орындағанын көрген соң, оқушыларға келесі тапсырманы орындауға кіріседі.

Келесі тапсырманың шарты бойынша оқытушы әр топқа араластырып жазылған транскрипция мен дұрыс сөздерді үлестіреді. Оқушылар берілген сөздер мен транскрипцияны сәйкестендіріп қағазға жапсырады, тапсырма орындалып болған соң, 3 топ бір бірінің жұмыстарымен алмасып, мұғалім интербелсенді тақтаға дайындаған транскрипция мен дұрыс жауаптарды көрсетеді. Топ мүшелері бір – бірінің тапсырманы қалай орындағандарына қарап өзара бір-бірінің жұмыстарын салыстырып тексереді.

Соңғы, қорытынды тапсырма ретінде, оқушыларға «London Eye» туралы постер жасау беріледі. Оны жасау үшін мұғалім ғаламтор мен кітаптағы мағлұматтарға сілтеме жасайды. Оқушылар берілген мағлұматтар мен көрнекіліктерді пайдалана отырып (флипчарт, маркер, кітап, ғаламтор),постер жасайды. Бұл тапсырмаға 14 минут уақыт беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жасаған жұмыстарын қорғаулары керек болады. Әр топқа өз жасаған постер жұмысын қорғауға бар-жоғы екі минут уақыт беріледі. Әр топ регламент сақтап, өз жұмыстарын қорғайды. Барлық топтар жұмыстарын қорғап болған соң, «екі жұлдыз бір тілек» арқылы кері байланыс жүргізеді.

Оқушылар кері байланыс жүргізіп болған соң, мұғалім сабақ барысында өзі бақылап, байқап көргенінің нәтижесін айтып, оқушылардың еңбегін бағалайды.

Сабақ соңында оқушыларға англиялағы досына өз елінің көрнекілігі және мақтанышы туралы хат жазуға үй тапсырмасы беріледі.









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров436
Номер материала ДБ-302937
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх