Инфоурок Физика Другие методич. материалыСабақ жоспары, "Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы" (7сынып)

Сабақ жоспары, "Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы" (7сынып)

Скачать материал

Сыныбы: 7

Пәні: физика және астрономия

Сабақтың тақырыбы:  ІІІ тарау. Қозғалыс.  §11 Механикалық қозғалыс. Сагақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

Сабақтың мақсаты:

            Білімділік: денелердің механикалық қозғалысы, санақ денесі, санақ жүйесі және қозғалыстың салыстырмалылығы туралы мағлұматтар беру.

            Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өзбетімен ізденуге, өзіндік қор жасауға дағдыландыру.

            Тәрбиелік: кәсіби мамандыққа баулу, іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, зертханалық приборлар(тұрғы, шарик,жіп, стакан, т.б.) бағалау кестелері

Сабақтың құрылымы:

 І . Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

 ІІ. «Кім жылдам?» ойыны (үй тапсырмасын сұрау). (10 мин)

 ІІІ. «Қызықты тәжірибе» (үй тапсырмасы). (5 мин)

 ІV. «Ой қозғау» (жаңа сабақты түсіндіру). (15 мин)

 V.  «Сергіту сәті» (3 мин)

 VІ. «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту). (5 мин)

 VІІ. Бағалау. Үй тапсырмасын беру. (5 мин)

Сабақтың барысы:

 

І . Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгендеу.

 

ІІ. «Кім жылдам?» ойыны (үй тапсырмасын сұрау). (10 мин)

§10. Заттың күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

7,6

,5

,4

,3
4
,9

,1

,2

,8

 

 

 

 

 

 

 

 


1.     Температураның өзгеруіне байланысты зат қанша күйде болады?

2.     Газдар дегеніміз не?

3.     Қатты дененің қасиеті қандай?

4.     Кристалл денелер дегеніміз не?

5.     Сұйық дененің қасиеті қандай?

6.     Аморф денелер дегеніміз не?

7.     Кез келген заттың күйін қалай анықтаймыз?

8.     Күннен алыс орналасқан планеталарда температура қанша градусқа дейін жетеді?

9.     Плазма дегеніміз не?

ІІІ. «Қызықты тәжірибе» (үй тапсырмасы) . (5 мин)

«Қатты», «Сұйық», «Газ» тобының топ басшылары ортаға шығып жасайтын тәжірибелерін жеребе бойынша таңдап алады.

1 тәжірибе: Қатты денелерге тәжірибе жасаңыз.

2 тәжірибе: Сұйық денелерге тәжірибе жасаңыз.

3 тәжірибе: Газ күйіне тәжірибе жасаңыз.

ІV. «Ой қозғау» (жаңа сабақты түсіндіру) . (15 мин)

Қозғалып бара жатқан денелердің суреттерін топтамасын көрсету, «Бұл денелерге ортақ не тән?» деген сұрақ қою арқылы ой тастау. (оқушы жауабы: қозғалыс)

 

Қозғалыс                                                                           

                                  

            Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз.

            Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жатқан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалаған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз. Зейін қойып қарасақ, осы келтірілген мысалдардың барлығына ортақ құбылыс-дененің басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі болып табылады.

            Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.

            Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады. Дене тұтасымен қозғала ма?

Әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?

V.  Сергіту сәті (3 мин) – бәріміз орнымыздын тұрамыз, қолымызды алға созып, тігінен тұрамызда 3 рет отырып тұрамыз.

Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?

Оқушылар жауабы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды.

Олай болса, бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.

Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды.

Сонымен, дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелериен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Санақ денесі – қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.

           Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.

          Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін  білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.

 

                        

Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.

Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды.

Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.

 

 

VІ. «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту). (5 мин)

Қозғалып келе жатқан жолаушылар поезының вагонындағы үстелде кітап жатыр. Кітап.   1. «Қатты» тобына:  үстелге, рельске    

                          2. «Сұйық» тобына: вагонға, еденге   

                          3. «Газ» тобына:  телеграф бағаналарына, жерге қатысты тыныштықта тұра ма, әлде қозғалыста ма?

VІІ. Бағалау. (3 мин)

р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Сабақты бекіту

«Кім жылдам?» ойыны

«Қызықты тәжірибе»

Ой қозғау

Сергіту сәті

«Ойлан, тап!»

1

Қылышбай Нұржан             топ басшысы

 

 

 

 

 

2

Есенгелді Жансая

 

 

 

 

 

3

Рахи Нағима

 

 

 

 

 

4

Қали Айзина

 

 

 

 

 

5

Кеңес Ерсұлтан

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын беру. (2 мин) ІІІ тарау. Қозғалыс.  §11 Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. 8-тапсырма

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары, "Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы" (7сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 260 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2015 2672
    • DOCX 133.7 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанназарова Салтанат Нурадиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64046
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе