Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ жоспары "Мен өмірді таңдаймын"

Сабақ жоспары "Мен өмірді таңдаймын"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы : «Мен өмірді таңдаймын!»

Мақсаты : 1.«Өмір» және оның мәні туралы түсінік қалыптастыру. Өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге, асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету. Адамның өмірі өз қолынында екенін түсіндіру.

2.Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту.

3.Оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу. Дұрыс өмірлік ұстанымды таңдай білуге жол ашу.

2.Адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани өсуге, мәнді де маңызды өмір сүруге ықпал ету.

Сабақ түрі: Психологиялық тренинг.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой бөлісу, сұрақ –жауап, ойын, нақыл сөздер, мысалға видео.

Сабақтың барысы:

1. «Танысу»

Психолог: Ең алдымен таныспас бұрын шаттық шеңберіне  тұрайық. Есіміміздің басқы әріпінен басталатын қасиетімізді қосып танысамыз. Мысалы, Мен салмақты Салтанатпын. Келесі оқушы жалғастырады, Сіз салмақты Салтанат болсаңыз, Мен ақкөңіл Ажармын....

Психолог сөзі: «Барлығымыз осы жарық дүниеде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ, әркімнің өмірі әрқалай? Неге? Жалпы өмір дегеніміз не?»

2. Ассоцация «Өмір». Оқушылардың ой-пікірін тыңдау, сабаққа қызығушылығын ояту.

1.Өмір - Бұл дүние емес қорғайтын, қызғыштайтын. ол біреумен бөлісу үшін Алланың берілген сыйы.

2. Өмірдегі адамның ең үлкен қателігі – қателесуден қорқуы.

3. Өмір қайғыға жасымай, қуанышқа тасымай, соңына дейін адам қалпыңнан айнымай жету үшін берілген сынақ жолы.

4. Бұл өмірде сенің құлағаның емес, тұрғаның маңызды.

5. Өмір күрес оған балалық кезіңнен дайындалу керек.

6. Өмірдің рахаты болмаса да, мәні болуы керек.

3. «Құмыра жайлы мысал» видео көрсету.

Мақсаты: Мысал көрсету арқылы адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Сонау бір алыс белгілі адамдардың үйінде, бір жас әйел қызмет жасапты. Ол өзінің қожайынына қызмет етіп келіп жатқан. Ол әр күн сайын өзенге су алуға екі құмыраны алып бара жататын, ол құмыралардың бірінде сызат бар еді, ал екіншісі бүтін құмыра еді. Әр күн сайын ұзын жолда келе жатып, жолдың шетінде үйге жеткенше алгі жарық құмырадан су ағып келетін еді. осы оқиға күн сайын қайталанатын. Ал бүтін құмыра суды үйге толық алып келетініне масаттанатын еді. Сызаты бар құмыра өзінің жол бойы суды үйге жеткенше толық күйде жеткізе алмағанына ұялатын. Екі жыл өткеннен кейін өзінің бойындағы кемшілігі үшін жас әйелге: «Сен менімен азаптанып күнде үйге су тасисын, ал мен үйге суды толық алып келе алмайтыныма ұяламын дейді», сонда әлгі әйел: «Күлімсіреп, ал сен байқамадыңба? Мен сені алып өткен жолда қандай гүлдердің жайқалып өсіп тұрғанын, мен сенің жүріп өтетін жолыңа әдейі гүлдердің ұрығын сеуіп қойған едім. Ал сен оларды күн сайын суарып өтесін. сен арқылы өскен гүлдермен мен өз қожайынымды қуантатын едім. Егер де сен осындай болмасан ол жерде осында әдемі гүлдер жайқалып өспес еді», - дейді. Әркімнің де өзінің кемшілігі бар. Бірақ та біздің өз ерекешелігіміз де бар. сенің ерекшелігің сенің жанағы құмырадағы сызатың, бірақ ол бізге ешқандайда зиян емес тек керісінше пайдасын келтірді. Бұнда ешқандай қиналудың қерегі жоқ, тек ғана әркім өз бойындағы жақсылығымен де жамандығыменде қабылдау керек.

Психолог: Бұл мысал туралы өз ойларыңды білдіріп жіберсеңдер? Өмірде сені солай қабылдау керек. Әр нәрсенің бағасын білу керек. Біреуді кемсітіп, біреуді әспеттеп, біз өз өмірімізді өзіміз қиындатамыз. Егер біз осының бәріне солай басқа ерекше көзбен қарайтын болсақ, сонда біздің өмірге деген құштарлығымыз арта түседі.

4. «Өрмекші торы» жаттығуы.

Қане, ортаға шығып шеңбер құрайық. Өмірдің мәні неде? деген сұраққа жауап беріп, жіпті келесі адамға береміз. Міне бізді өмірде байланыстырып тұған қандай көптеген құндылықтар бар екен. Алайда біз оны көрмей жатамыз. Ал енді жіпті қайта жинауымыз керек, ол үшін сіздер өмірде адам бақытты болу үшін, осы өмірде өз орнын табу үшін, дұрыс адам болып қалыптасу үшін бір – бірлеріңе не тілейсіңдер?

5. «Сиқырлы айна» жаттығу

Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділікті арттыру, өзін – өзі бағалау.

Балаға айнадағы өз бейнесіне сипаттама жасату арқылы өзіндік бағалауын анықтауға болады. Бұл айна бідің бейнеміз. Әркім айнадан біз өзімізді көреміз. Біз өзімізді қаншалықты білеміз? Бізге өзімізді – өзіміз қаншалықты мақтау оңай, немесе өзімізге өзіміздің кемшілігімізді айтқан қиын ба?

Қорытынды: Біз әркім өз-өзімізді жақсы көруіміз керек, ол адам өмірді жақсы көреді. Өзін өзі таныған адам ол өмірді таниды. Біздің өмірге деген құштарлығымыз ол қайдан басталады, ол өзімізді жақсы көруден басталады. Біз құмыра туралы мысалды тыңдағандай әркім өзімізді бар жақсылығымыз бенде жамандығымызбен де жақсы көруіміз керек, және біздің айналадағы адамдарда бізді сол күйімізде қабылдау керек. Біз де солай қабылдауымыз керек.










Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров87
Номер материала ДБ-399600
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх