Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Сабақ жоспары: Mirror – айналық бейнелеу

Сабақ жоспары: Mirror – айналық бейнелеу


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып:

10

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Mirror – айналық бейнелеу

Сабақтың мақсаты:

Blender 3D модельдеу бағдарламасының Mirror – айналық бейнелеу модификаторымен таныстырып, mirror-ды тиімді қолдана отырып жоба жасай алу және логикалық ойлау қабілеттерін, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау қасиеттерін дамыту

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:

Жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі

Көрнекіліктер:

Видео, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, Венн диаграммасы

Сабақтың жүру барысы

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

Амандасу. Өз компьютерлеріне отырып, дұрыс жұмыс жасайтындығына көз жеткізу

Үй жұмысын тексеру

5 мин

  1. §25 соңында берілген «Өзіңді тексер!» тест тапсырмасын орындауға тапсырма беру.

  2. Өткен сабақта Blender бағдарламасында сығып шығару, бөлімшелер (subdivide) құралдарын пайдаланып жасаған практикалық тапсырмаларын (үстел, орындық макеті) тексеріп шығу.

  3. Тест сұрақтарының дұрыс жауабын жариялау. Қате кеткен сұрақтарды талқылау

Жұмыс компьютерінде практикалық жұмысты ашып тексерту, оқулықтағы тест тапсырмасын дәптерге орындау. Дұрыс жауап кілті бойынша көршісінің жұмысын тексеру, нәтижесін хабарлау.

Миға шабуыл

2 мин

Сұрақ: Күнделікті қолданып жүрген айнаның қандай қасиеттері бар?

Өз ойларын айтып, ассоциограмма толтыру

Жаңа тақырып

7 мин

  • Жұптарға слайд бойынша жаңа тақырыпты өзара талқылау ұсынылады.

  • Әр жұп тақырып төңірегінде бір сұрақ дайындайды

Жаңа тақырыпты жұбымен бірге оқып, талқылау. Бір сұрақ дайындау.

Бекіту

2 мин

«Жекпе-жек!» әдісі бойынша жұптар бір-біріне сұрақ қояды

Практика

21 мин

Mirror модификаторы көмегімен модельдеу: Ол үшін Blender-де алдын ала жасалған жұмыстың видеосы көрсетіледі. Практикалық жұмыс барысында кездескен ыстық батырмаларды, жаңа құралдардың қызметін қысқаша дәптерлеріне жазып алуды ескертіп отыру керек

- Видеоны мұқият қарап түсініксіз жерлері болса мұғалімнен сұрайды.

- Blender-ді іске қосады.

- Видеоны көре отырып Blender бағдарламасында практикалық жұмысты орындайды.

- жаңа түсініктерді, батырмалар мен олардың қызметтерін дәптерге жазып отырады

Бекіту

3 мин

Венн диаграммасы:

Өткен сабақты еске түсіре отырып, «Сығып шығару бөлімшесі» мен «Mirror» модификаторы ұқсастықтары мен ерекшелігін Венн диаграммасына толтыру


Рефлексия

1 мин

Білім ағашынан өзіңді белгіле.

hello_html_2507e342.png

Әркім өзінің бүгінгі сабақтан алған білімдерінің қаншалықты дәрежеде екендігін «Білім ағашындағы» қай адамға сәйкес келетіндігін таңдап бояп көрсетеді

Бағалау

1 мин

Оқушыларды жасаған жұмыстары мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау

Күнделікке бағаларын қойдырады

Үйге тапсырма

1 мин

Дәптерлеріне жазып жүрген ыстық батырмаларды, олардың қызметтерін жаттап келу.

Тақырып соңындағы тест тапсырмасына дайындалу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу














Автор
Дата добавления 26.05.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров82
Номер материала ДБ-099389
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх