Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Конспекты / Сабақ жоспары "Модтфикациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Сабақ жоспары "Модтфикациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары"

библиотека
материалов

Күні: 8.04.2016ж. Сыныбы: 10 Б

Сабақтың тақырыбы: Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістерін түсіну,үйрену.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетерін, сөйлеу мәдениеттерін дамыту

Тәрбиелік:Оқушыларды өз бетінше іздене білуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Миға шабуыл, сұрағын тап , « аукцион » ойыны, мағынаны тану, бағалау.

Сабақтың оқу-жабдығы: интерактивті тақта

Сабақта қолданатын дидактикалық материалдар : слайд, стикер, плакат,маркер, үлестірме қағаздар.

Болжамдаған нәтиже: Зерек , жан- жақты ой түйе білетін, ұтымды жауап бере алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу

Топтарға бөлу

Психологиялық ақуал туғызу

2.Үй тапсырмасы

«Сұрағын тап » әдісі

«Аукцион»ойыны

3. Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеледі.Статистикалық ідісті қолдану негізінде белгілердің өзгеру шамасы пайызбен анықталады. Орыс генетигі Н.И.Вавилов тұқым қуалайтьн өзгергіштікті зерттегенде .

Модификациялык өзгергіштік. Кез келген организм накты бір орта жағдайларында дамып жетіледі. Сондыктан қоршаған орта факторлары, организмнің құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік әрекеттерін өзгертуі мумкін. Бір түрге жататын даралар арасында қандай да бір айырмашылыктың пайда болуы өзгергіштікті көрсетеді. екішпі бір өзгерістер тек сол организмнің өзінде ғана байкалып, келесі ұрпактарында көрінбеуі мүмкін. Олай болса, өзгергіштіктін тұкым куалайтын және түкым куаламайтын формаларын ажыратады. Сырткы орта жағдайларының өсеріне байланысты тұқым куаламайтын өзгерістердің қалыптасуын модификациялқ өзгергіштік деп атайды. Мысалы, бақбақ өсімдігінің тамырын екіге бөліл, біреуін жазық жерге, екіншісін тауға апарып отырғызса, екі түрлі орта жағдайында олар бір-біріне ұқсамай, өзгеше болып еседі. Тауда өскен бакбак жазык жердегі бакбаққа карағанда өте аласа, жапырақтары майда болады. Егер осы тауда өскен бақбактың тұкымдарын жинап алып, жазық жерге сепсе, одан қалыпты жағдайдағы бакбак өсіп шығады.Ал жер бетінде, жартылай суда және толығымен су астында өсетін болса, сол орта жағдайларына байланысты жапырактары өзгеріп, түрлі пішін-ге ие болады Тілті жартылай суда өсіп түрған бір есімдіктің өзінде пішіндері үш түрлі жапырак бар: судан шығып түрғандары — жебе төрізді, су бетіндегілері — жүрек тәрізді, ал су астындағы жапырактар — таспа тәрізді. Коп жағдайда модификациялык өзге-рістер организм үшін пайдалы, яғни оның тіршілік ортасына жақсы бейімделуі болып табылады. Мысалы, климаты құрғак,, ыстык аудандардың ұрғындарындатерінін, пигменттілігі жоғары келеді.


Ізденушілік жұмыс кезеңі. 

Топтар өз бойларының ұзындығын см өлшеу құралы арқылысыныптағыбойдың кездесу жиілігін анықтайды.

4.Жаңа сабақты бекіту

«Сұрақ менен жауап сенен»

Орта жағдайының әсері организім генін өзгерте алама?

Вариациялық қатар дегеніміз?

Мутация тудыратын заттар?



5.Бағалау:

6.Үйге тапсырма: Мәтінмен жұмыс
















































Биология 9-сынып 8.04.16ж

Cабақтытың тақырыбы: Адамның шығу тегі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды адамның шығу тенгі эволюциясымен таныстыру.

2. Оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілетін арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру.

3. Адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих.география

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың көрнекілігі: маймылдар миының,қолының моделдері, сызба-нұсқа, сурет.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау, топтастыру, СТО-элементтері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Бекіту

V. Үйге тапсырма беру

Жоспар

1. Антропология деген не?

2. Рудимент,атавизм сөзін мағанасын түсіндіру.

3.Адамдардың жануарларға ұқсас құрылыс дене мүшелерін атау.

4. Адамның әлеуметтік факторлдарына тоқталу.

3. Адамнын шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ұксас белгілер бар. Швед ғалымы К.Линней өзінід "Табиғат жүйесі" атты еңбегінде адам мен маймылды сүтқоректілер класының өкілі ретінде бір туыска жатқызған (1735). XIX ғасырдың бас кезіыде француз галымы Ж.Б.Ламарк адамның жерде жүруге бейімделген маймыл тектес ата-тектен шықкандығын айтты. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 ж."Адамның шығу тегі ж\е жыныстық сұрыпталу" атты еңбегінде: "Адам — тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны" деп көрсетті. Ол: "Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата тегі бір»— деген тұжырым жасады. Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі алатын орны. Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігі оның ұрықтык дамуы кезіндегі калыптасатын белгілерінен айкын көрінеді. ұрықтың алғашқы даму кезеңі — зигота бір клеткалы қарапайымдыларға ұқсаса, дамуының келесі бластула кезеңі вольвокске ұқсайды. Ұрық біртіндеп күрделеніп гаструлаға айналғанда, денесі екі қабаттан түратын ауыз қуысы ж\е ішек қуысы бар гидрага ұқсайды. Міне, осылай даму барысында ұрықтың құрылысы күрделеніп, мүшелер жүйесі калыптаса бастайды. Адам ұрығының дамуының алғашқы кезеңінде барлык хордалылар (желілілер) типінің өкілдеріндегі сияқты ұрыктық арқа жағында жүйке түтігі, оның астында хорда (желі), ал хорданың астын ала ас қорыту мүшелері орналасады. Ас корыту мүшелерінің алдыңғы кеңейген жұткыншақ бөлімнің екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Адам хордалылар типінің ішіндегі омырткалылар тип тармағына жатады. Өйткені даму барысында омыртка жотасы, екі қолы мен аяқтары қалыптасып, денесінің бауыр жағында жүрек, жүйке түтігінің алдыңғы жағынан мидың бес бөлімі түзіледі.

Адам сүтқоректілер класына жатады. Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді, балаларын сүтпен асырайды.тістері (азу тіс, ит тіс ж\е күрек тістер), дене қуысындағы көкет, құлак қалканы мен ортаңғы құлақтағы үш дыбыс сүйектері (төс, үзеңгі, балға) тек сүтқоректілерге тән белгілер екенін керсетеді. Адамның да ұрығы анасының жатырында дамып жетіледі, ұрықтың қоректенуі ұрықжолдасы (плацента) арқылы жүреді. Адамның қолындағы бас бармактың қалған 4 саусаққа карама-қарсы орналасуы ж\е саусактарда жалпақ тырнақтың болуы, бұғана сүйектерінің жақсы жетілуі, сәбилердегі сүт тістердің кейінірек тұрақты тістермен алмасуы адамның приматтар отрядына, оның ішіндегі адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жататынын көрсетеді. Адам осы отряд тармағының тартанаулы маймылдар тобына жатады. Бүл топтан адамдар түқымдасы бөлініп шыгып, өз алдына адамдар туысын құрайды. Бұл туыстың қазіргі түрі — саналы адам (Homo sapiens).

Адамның жануарлар дүниесіндегі орны

Хордалылар типі Омыртқалылар тип тармағы Сүткоректілер класы

ұрьщжолдастылар класс тармағы

Приматтар (маймылдар) отряды .

Адам тәрізді маймылдар отряд тармағы

Адамдар туысы Саналы адам түрі

Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігін дәлелдейтін рудименттік ж\е атавизмдік белгілер бар.

Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерді айтады. Рудименттік белгілерге, мысалы, соқырішек, құлақ айналасындағы бұлшық еттер, терідегі түктер, құйымшақ, т.б. жатады. Бұлардың қызмет аткармайды.

Атавизм деп арғы ата-тектін белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшекті, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал болады.

Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары. Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтерілуі биологиялық ж\е әлеуметтік факторларға байланысты деп түсіндіреді. Адамэволюциясына әсер еткен биологиялык факторлар: тұкым куалайтын езгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сүрыпталу. Алайда "саналы адам" түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рол атқарды. Олар: еңбек, сөз, қоғамдасып тіршілік ету, әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы ж\е т.б.

Адам эволюциясында еңбектіц рөлі зор. Адамның еңбек етуі еңбек құралдарын жасаудан басталады. Адамның маймылға ұқсас ата тегі еңбек құралын өзі жасап, оны бірте-бірте күрделендіріп, пайдаланып, өзінің тіршілік ортасына бейімделе келе түрлі морфол және физиол өзгерістерге ие болды. Мұның себебі: су тартылып, орман алқаптарының көлемі азайып, ашық далалы жерлер пайда болды. Ағаш басында тіршілік еткен маймылдар енді жерге түсіп, ашық алаңкай жерлерде қоректерін тауып жеп, күн көре бастады. Ашық далада жауының козіне бірден түсетін болғандыктан, олардан қашып қорғануға тура келді. Қоректік заттары өзгеріп басқа өсімдіктермен, майда жәндіктермен қоректене бастады. Осыған байланысты еңбек құралдары қажет болды. Ол құралдарды іздеп табу немесе жасау керек еді. Міне, осынын бәрі


бірте-бірте екі аяқпен тік жүріп қозғалуды кажет етті. Тік жүру адамнын дене құрылысын біршама өзгертті. Бүкіл салмақ омыртка жотасына түсетіндіктен, оган солқылдактық қасиет беретін иілімдер пайда болды. Аяктың басы жүруге серпімділік беретіндей болып өзгерді, жамбас қуысы кеңейді. Қорегінің өзгеруіне байланысты жақ сүйектері кішірейді. Тік жүрудін нәтижесінде адамның екі қолы босап, қолдың көмегімен қоректік заттарын іздеп тауып жеп, түрлі кұрал-саймандар жасап, жауынан корғана білді. Ендеше, кол — еңбек құралы ғана емес, ол — еңбектің жемісі. Ал еңбек — адам эволюциясының негізгі факторы.


Ізденіс кезеңі: постер қорғау


Топ- антропология ғылымының қалыптасуы

Топ- биологиялық факторлар

Топ- әлеуметтік факторлар


4. Мына кестені толтырыңдар.

Антропогенездің қозғаушы күштері

Биологиялық факторлар


әлеуметтік факторлар


5.Үйге:Адамның шығу тегі




























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров827
Номер материала ДБ-035015
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх