Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сабақ жоспары: "Мүсін өнері"

Сабақ жоспары: "Мүсін өнері"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


15.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты:а) Оқушыларға мүсін жайлы жалпы түсінік беру
Оқушыларды негізгі ұғымдармен таныстыру, мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру.ә)Сабақ үстінде таза, ұқыпты, көркем сазбен еңбек етуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке үйрету, тәрбиелеу.
б)Оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сурет салудағы еңбек белсенділігін арттыру. Оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:плакат, пластилин, клеенка, картон.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап арқылы сұрау.
- Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі,Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау:
III.Жаңа сабақ Мүсін өнері:
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мүсіндеу өнері»

Мүсіндеу - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсіндеудің түрлері:
Жұмыр және рельеф.Жұмыр мүсіндеу үш өлшемдеуден тұрады. Олар кеңдік, биіктік, жуандық шығармашылығымызды айтамыз. Рельеф: - мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі.
Рельеф дегеніміз - тек бір жағынан қарағанда жазықтық бетінен жақсы көрінетін мүсінді айтады.
Барельеф- деп, жартылай сомдалған нәрсе жазықтық бетінен аз ғана шығып тұрса Баральеф болып табылады.Горольеф- жазықтық жартысынан көбірек дөңестеу шығып тұрған мүсінді айтады
Мүсінші деп - сазбалшықтан қашап жасайтын адамды айтады
Мүсіндеу техникасы - жабыстыру ою - шекіме, гольванопластика, металдау құю жатады.
Алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев 1951 жылы Харьков көркем сурет институтын бітіргеннен бері портрет портрет және монументальді сәндік мүсін төңірегінде жұмыс жасайды.
Мүсіндеу әлемді пластикалық бейнеде меңгерудің кеңістік бейнелеу өнері.
Мүсіндік бейнелеу объектісі - көбіне адам, ал кейде хайуанаттар, жансыз заттар болып келеді.
Монументтік мүсіндеу - бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ келісті де мәнерлі өз бойына үлкен жалпы адамзаттық идеяны жинақтаған ескерткіштер.
Қондырғылы (станокты) мүсіндеу көбіне портрет ретінде ұсынылады.
Қондырғылы мүсіндеуде бір топ адамдарды немесе бір адамның тұлғасын бейнелейтін жанрлық мүсіндеу едәуір орын алады.Мүсін әртүрлі материалдардан фарфордан, ағаштан, сүйектен тастан мүсіндері түрлі - түсті болып келеді.
IY. Практикалық жұмыс:
Оқушылар бүгін аттың мүсінін жасаймыз. Қазақ халқында жеті қазынаның бірі «Жүйрік ат» жылқы малын қазақ халқы аса жоғары бағалаған. Пластилинді алып жұмысты бастаймыз. Қанеки оқушылар тақтадағы яғни көрнекілік бойынша аттың мүсінін ұқыпты түрде жасаңдар.
Y. Сергіту. Ойын: Кім шапшаң?

YI.Үйге тапсырма:
Оқушылар үйге биыл «мешін» жылы болғандықтан мешіннің мүсінін жасап келеміз.



Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров428
Номер материала ДВ-440585
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх