Инфоурок Информатика КонспектыСабақ жоспары "Мәтіндік құжатты редакциялау" 8 сынып

Сабақ жоспары "Мәтіндік құжатты редакциялау" 8 сынып

Скачать материал

Сынып:                8А                                    Мерзімі: 27.01.2015 ж

Сабақтың тақырыбы:   Мәтіндік құжатты редакциялау

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға құжатты редакциялау әдістерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері: Оқушыларға құжатты редакциялау әдістерімен таныстыру.

1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Тәрбиелілік:      Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін  дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру, инсерт кестесі, сұрақ-жауап.

Сабақта қолданылатын   көрнекті құралдар:    компьютер, оқулық, прктикум, слайд.

                           

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1.Сұрақ- жауап арқылы  үй тапсырмасын сұрау.

2.Инсерт кестесіндегі «Білемін» бағанын толтырады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік құжатты редакциялау

Мәтінді  редакциялау  электронды құжатқа өзгертулер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды біріктіруге немесе құжатты бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.

Редакциялау дегеніміз -  өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

Редакциялау – құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы  жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылып алынады.

1-әдіс:

1) мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырыңыз;

2.  1) Орын ауыстыру үшін : Түзету –Қию (Вырезать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы  батырмасын шертеміз.

2. 2)  көшіру үшін: Түзету – Көшіру (Копировать)  командасын орындаңыз  немесе  Стандарттық аспаптар тақтасындағы  батырмасын шертеміз.

3. курсорды  керек  (бөлікті  қойғыңыз келген) жерге апарыңыз;

4. Түзету – Қою (Вставить) командасын орындап, Стандарттық аспаптар  тақтасындағы батырмасын шерткеннен кейін бөлік құжат мәтініне алмасу буферінен қойылады.

2-әдіс:

1) мәтіннің бөлігін айқындап алыңыз;

2) бөлікке тышқанның сілтемесін апарыңыз;

3) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз.

4) тышқанның сол жақ  батырмасын жіберіңіз.

Мәтіндік құжатты форматтау

Мәтінді форматтау – құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп  нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.

Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.

Мәтінді форматтауға мыналар жатады:

·         әр түрлі қаріптерді пайдалану;

·         құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;

·         мәтінді бағандарға бөлу;

·         символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.

Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.

Қаріп параметрлерін өзгерту

Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрады.

Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.

Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте Times New Roman, Arial, Courier  және т.б.)

Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалынады:

·         Обычный – қалыпты сызылым;

·         Курсив – курсив сызылымы

·         Полужирный – жартылай қарайтылған курсив сызылым

·         Полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым

·         Өлшем (Размер)  өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады.

·         Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде – «асты сызылған» сызықтарының типтері;

·         Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген

·         Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалаушаларды қоюға болады:

·         Астын сызу (зачеркнутый) – асты сызылған мәтін бір сызықпен сызылады.

·         Астын екі рет сызу (двойное зачеркивание)- асты сызылған мәтін екі сызықпен сызылды

·         Жоғары индекс (верхний индекс)- мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді

·         Төменгі индекс (нижний индекс) – мәтін төмендеп, символ өлшемі кішірейеді

·         Интервал (Аралық)  - арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалыпты, ашылған, қысылған;

 

IV. Практикалық жұмыс

Оқушыларға тапсырма беріледі, компьютерде орындайды.

 

 

Сергіту сәті

 

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

·        Алақанды уқалау.

·        Қолды қысу

·        Білезіктен айналдыру

 

Көзге арналған жаттығулар.

·        Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

·        Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса.

·        Соншалықты айналым солға қарай жаса.

V.Қорытындылау

Оқушылар жаңа сабақта игерген білімдерін Инсерт кестесіндегі «білдім» бағанына жазады.

 

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру:    1.Мәтіндік құжатты редакциялау, форматтау.

     “Мәтіндік құжатты пішімдеу” тақырыбына сөзжұмбақ құрау

 2.Қосымша мәліметтер алып келу. Инсерт кестесінің «Білгім келеді» бағанын толтыру.

VI. Оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Мәтіндік құжатты редакциялау" 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 671 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 1670
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарханова Гульнар Мендыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6752
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 297 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 100 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 806 человек

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов