Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары қмж Ж дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспары қмж Ж дыбысы мен әрпі



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m24e83b63.gifhello_html_2a94c0d6.gifhello_html_79e44697.gifhello_html_58cb4130.gifhello_html_31d2ccb8.gifhello_html_6ac0f304.gifСауат ашу

Уақыты:

Кабинет:

Каленова Ш

Сабақтың атауы

Ж ж дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауат ашу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер ,жалаушалар,кеспе әріптер, интерактивті тақта.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру,

Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға,сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. 2. Сурет арқылы заттың атын атауын білу. 3. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.  4. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман  әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :  Аралас сабақ
Сабақтың типі :  Жаңа білімді меңгерту.

Топқа бөлу

І Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, сынып ішінде жақсы көңіл күй қалыптастыру.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз.

Ренжісуді білмейміз.

Жарайсыңдар балалар. Орындарыңа жайғасыңдар.
— Балалар, біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз ерекше өтеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа жұлдызша беріліп отырады..

Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.

Ережелер :
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарға дұрыс жауап береміз
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз ойымызды ашық айтамыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтырады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес»- деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.

Ынтымақтастық атмосферасы

Өткен сабақты пысықтау.

1.«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы фасоль салынған қалташаны лақтыру әдісі арқылы өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап алайық. Мен сендерге қалташаны лақтырып сұрақ қоямын сендер сұраққа жауап беріп отырасыңдар. Олай болса ойынымызды бастайық.

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

  • Қандай болып бөлінеді ?

  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

  • Әріп дегеніміз не?

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

-дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Өткен сабаққа шолу.
- Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
- С дыбысы қандай дыбыс?
1 - тапсырма: Ойын: «Кім тапқыр?» Құрамында С дыбысы бар суреттерді табу.

«Екінші буыным қайда?» ойыны арқылы суреттегі сөздердің екінші буынын табасыңдар.




Қызығушылықты ояту


Ал енді балалар мен сендерге кішкене әңгіме айтып берейін.

Далада құмырсқа келе жатып қоңызды көріп қалады.

- Сәлем қоңыз
- ж - ж - ж Сәлем құмырсқа
- Қайдан келесің?
- ж - ж - ж - Егістен. Балаларыма тамақ әкелемін.

- жарайсың қоңыз
- Балалар, қоңыз қандай дыбыс шығарады? Бірге айтамыз. - Ж - ж - ж -

1. Ж дыбысын дыбыстату.
Ж - дауыссыз дыбыс. Оны көк текшемен белгілейміз.

Мағынаны тану




















2. Кеспе әріптен Ж- ның бас әрпі мен кіші әрпін көрсету. Тақтаға ілу.

Балалар қараңдаршы ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?

Көбелекке кәдімгі,

Қарасаңыз анықтап.

Жаны бар ж ұшып жүр,

Жапырақша қалықтап. Көбелектің суретін көрсету.

3. Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы-дауыссыз дыбыс.
4. « Сөз ойла, көп ойла ! » ойыны


Ж







Дәптермен жұмыс:

















Сергіту сәті






а) Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ж дыбысының орнын ажыратқызу.

ә) « Тез, әрі сауатты оқиық!» тапсырмасы бойынша дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту. Барлығы хормен қайталап оқиды.

б) жазужұмысы.
— Ж әрпінің баспа түрімен таныстыру.
— Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
— Ж әрпін ауада жазу.
— үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазу.

в) торкөздегі ж дыбысының орнына қарай сөз ойлап табу. (жай, жаға, жалау)

г) Сергіту сәті: 2 рет

Тербеледі ағаштар,

Жел еседі алдымнан.

Кіп- кішкентай ағаштар,

Үп- үлкен боп өседі.


Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек

Ой толғаныс

1. «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы көп суреттің арасынан Ж дыбысы бар суреттерді тауып жіпке тізу.

2. «Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша жіпке тізілген суреттегі атауларға қарап сөйлем құрастыру. Үш топ сөйлем құрастырады.

Мысалы: Жолбарыс жабайы жануар. Жүзім тәтті жеміс. Жаңғақтың сырты қатты. Жиһаз жұмсақ.


3. «Ұйқасын тап! » ойыны. Мен үш топқа үш түрлі жұмбақ жасырам топтар сол жұмбаққа ұйқас сөздерді табады.

І топқа
— Іші тоған шәрбат,                               
Дәмі қандай әйбат,                               
Үзесің бірден жүзін,                            
Оның аты- …( жүзім )  

ІІ топқа

  • Сырты қандай қатты,

  • Дәні сондай тәтті.

  • Шағып қара таңдап,

  • Оның аты- .... (жаңғақ)   

ІІІ топқа                    
-Құйрығы он қарыс,
Бұл- айбатты …(жолбарыс )
Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )



Қорытындылау:

«Алма жинау» дидактикалық ойыны арқылы сабағымызды қорытындылаймыз. – Мына алма ағашында алмалар пісіп тұр екен. Әр алманың артында сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Біз сол тапсырмаларды орындап себетке алмаларымызды жинайық.

Бағалау

- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.
- Балалар, сендер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын. Алда бізде қандай мереке келе жатыр балалар. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздікке биыл 24 жыл болады.
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекені ел тоқсан,
Атамменен барған күн.
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып мәңгілік,
Ел жанында қалған күн

































































1. Әріптер арасына жасырынған - Ж - әрпін тауып сызыңдар.
(сурет)
2. "Не артық?" Карточкадағы артық затты тап, ол неге "артық?"
(сурет)
3. Жолбарыс
Жылан
Жапырақ
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.

Сабақты қорытындылау.

«Тақырыптық түйінді сөздер»

Сөздер банкасы                               Біздің банка

 

  Ж дыбысы кездесетін сөздерді біздің банкаға көшіру.

Сергіту сәті. 
Жан-жағыма жантайдым 
Жапырақтай жалпайдым 
«Ж» дыбысын жаздым да 
Жарға қарай шалқайдым. 

Ж дыбысынан келетін қандай сөздерді үйрендік?
в) Сөйлем құрату.
«Ж» дегенім жемістер
Жасыл бақтан жеміс тер.
Жүзім, жидек көп өнсін,
Жиын - терін көбейсін.
«Ж» дыбысынан келетін қандай сөздер бар?
г) Тақтамен жұмыс:
Жапырақ - Жүзім - Жолбарыс
- Өткен сабақта қандай мәтінмен таныстық?
- Жусан. (Оқушыларға тізбектей оқыту.)
ғ)«Ой қозғау»
Жусан не екен?
Қандай өсімдік?
Жусаннан не жасалады?
4. Жаңа сабақ:
а) Жаңа сөздерді тақтадан оқытып, мағынасын түсіндіру.
1 – қатар 2 - қатар 3 – қатар
ә) Суретпен жұмыс: Жарыс туралы. Оқып беру.
б) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Жарыс, Жусан, Олжас, Жарас.

 Ойын: «Кім тапқыр?» Балалар, ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?

Көбелекке кәдімгі,
Қарасаңыз анықтап.
Жаны бар Ж ұшып жүр.
Жапырақша қалықтап.

Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?

Ал зердеге салайық
Болады екен қай әріп. (Ж) 

II.Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірім

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

III.Қызығушылықты ояту.

Ертегі «Жолбарыс пен жираф»

Ертеде орманда Бір жолбарыс өмір сүріпті.Жолбарыс аяңдап келе жатса, ағаштың қасында жираф жайбарақат шөп жеп тұр екен. Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен.Өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей жөн сұрапты.

-Ау, сорайған ,сен кім боласың?

Оқыс дауыстан шошыған жираф аяқтары дірілдеп:

«Мен бе ж-ж-ж-жи-жи-жирафпын ғой»-деп әрең тіл қатыпты.

-Атың қызық екен,ж-ж-ж-жи-жи –жираф-деп қайталап жолбарыс жөніне кетеді.Жираф та аман-есен құтылғанына қуанып: «ж-ж-жуф» деп демалады.

IY.Мағынаны тану

Жолбарысқа жираф не деп жауап берді?

Ж-ж-ж-жи-жи-жираф

Ж әрпінің таңбасын көрсету

Ж ж

-Үнді,дауыссыз дыбыс,кедергіге ұшырап қысқа айтылады.

Созып айтуға келмейді.

Жіп- 3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын.

Y.Ойын. «Буыннан сөз жаса»

Бір әрібін өзгертсең 
1) Ж әрпінен бастасақ 
Жатарыңда керекпін. 
Ж-ны алып тастасаң 
Дүйім елге қоректін (жастық-астық) 

2) Ж-дан егер бастасақ, 
Желбіреймін төбеңде 
П-дан егер бастасақ 
Сүйкімді аспын жегенде (жалау-палау) 



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров142
Номер материала ДВ-442180
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх